Call-center 1411

You are here

Ара шаруашылығын дамыту

Тұрсынғалий Аққозыұлы Жибраев 1966 жылғы 19 сәуірде Семей облысының Көкпекті ауданының Бигач ауылында дүниеге келген. 1997 жылдан бастап ШҚО Бородулиха ауданының Петропавловка ауылында тұрады.

2009 жылы ол омарташылықпен айналыса бастады. Жаңа іс болды, игерілмеген, сондықтан 10 ара  үйінен бастады. Бірінші мезгілде омартаның тиімділігі 100 % құрады, барлық құрал-жабдық пен ара үйлеріне жұмсалған шығын ақталды. 2010 жылдан бастап асыл тұқымды омарташылыққа көшті, 20 ара үйі санында карпат асыл тұқымды араларын сатып алды. Алайда, шаруаны ұлғайту үшін және оған қаржы мен күш жетіспеді.

Тұрсынғали «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 миллион теңге көлемінде несие алды. Бұл сомаға МАЗ автокөлік базасында 44 ара үйін, және де 50 жаңа ара үйін көшіру үшін көшпелі ара павильонын алынды. Осы алынғандардың арқасында тез және аз уақытта Прибалхаш (Алматы облысы) дәне шілде айында қарақұмық және күнбағыс гүлденген кезеңде омартаны қайтадан Петропавловка ауылдық округіне көшіруге мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта омартқада несиелендіру жеңілдігі арқасында 140 ара үйі бар, жыл сайын Украинадан асыл тұқымды аналық ара алынады, селекциялық жұмыстар жүргізілуде, ара үйі өнімділігін жоғарлатуға және облыс тұрғындарын дәмді балмен қамтамасыз ету үшін Шығыс Қазақстан облысында жағымды ауа-райы климаты жағдайлары қолданылады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының көмегімен Тұрсынғалий және оның отбасы өздерінің отбасылық тұрмысын жақсартып, кірістері мен жұмыстары бар, 2 адам жұмысқа орналастырылды. Бүгінде оның балын бүкіл ауылдастар және көрші ауылдың қонақтары біледі. Шағын бизнестің қожайыны жұмыстың көптігін айтады. 

Аймақ: 
Шығыс Қазақстан облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 05.05.2016