Call-center 1411

You are here

Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздар үшін қысқа мерзімді ақысыз оқыту курстарына шақырады

Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы заманауи инновациялық тігін кәсіпорнына кепілді түрде жұмысқа орналастыру мақсатында – тігін жабдығының операторы мамандығы бойынша жұмыссыздар үшін, шәкіртақы төлеу негізінде қысқа мерзімді ақысыз оқыту курстарына қабылдау жүргізуде.
Сонымен қатар, Жұмыспен қамту орталығы электрші, аспазшы, кондитер мамандықтары бойынша қысқа мерзімді ақысыз курстарға қабылдау жүргізіп жатқанын хабарлайды!
Асығыңыз, орын көлемі шектеулі! Біздің мекен-жайымыз: Бейбітшілік көшесі 25, анықтама телефондары: 57-88-95, 57-89-34; ресми сайты: www.cz.astana.kz.

Регион: 
Нұр-Сұлтан қ.