Call-center 1411

You are here

Ара өсіруді дамыту

Сердюк Павел Геннадьевич

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысқанға дейінгі мәртебесі – өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

         Сердюк Павел Геннадьевич 57 жаста, білімі жоғары, мамандығы инженер-механик, отбасын құрған,  ержеткен ұл, қызы бар, өз жанұяларымен бөлек тұрады, олар да әкесінің жолын қуған балшылар.

Әкесінің омарташы кәсібімен айналысуы бала Павелдың қызығушылығын оятып, 1973 жылдан бастап көмекші болуға жарайды. Жоғары сыныпта оқығаннан бастап білім алып мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрсе де, бала кезіндегі үйренген омарташы жұмысы қызықтырып, қолы бос кезінде әкесіне  қолқабыс жасап отырған.

Өткен жылдың қаңтар айында «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына енгізіліп, шілде айында қажетті екі миллион үш жүз мың теңгені алды. Алған қаражатқа аралардың жаңа омыртасын, ұяларын, тағыда басқа қажетті  қондырғыларын, жабдықтарын сатып алып жұмысын бастайды.

Жұмысының нәтижесіде жаман емес, емдік қасиетке ие болған балды сатып алушылар жеткілікті, осы арқылы екі жұмыс орнын ашып отыр.

Сонымен бірге қалалық, облыстық көрмелерге тіпті арнайы шақырумен көршілес ҚХР-ның Шәуешек қаласына ШҚО атынан көрмеге өзі өндірген бал өнімдерін шығарып, алушылардың көңілінен шыққан. Апарған балын сатып, олжалы қайтады. Келешекте денсаулыққа пайдалы, табиғи таза өнім шығарып, халықты азық-түлікпен қамтуға өз үлесін қоспақ. 

 

Мекенжайы: ШҚО, Семей қаласы, Тимирязев көшесі, 49 үй.

Байланыс телефоны: 8 72 22 50-11-95

Аймақ: 
Шығыс Қазақстан облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 18.04.2016