Call-center 1411

You are here

Кондитерліктің ашылуы

Атырау облысы Балықшы ауылдық округі Құрсай ауылының тұрғыны Нұржан Салтанат Амантұрлықызы 2014 жылы Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасы туралы толық мәлімет алды. Мемлекеттік бағдарламаның жергілікті жерде жүзеге асырылып жатырғанын, оның ішінде кәсіпкерлік ашу мақсатында қаражат берілетіндігін естіген Салтанат Амантұрлықызы жеке кәсіп ашуды көздейді. 2014 жылы кәсіпкерлік негізінде тегін оку курсынан өтіп, 2015 жылы шағын аспаздық дәмхана салу мақсатында “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ы Атырау филиалы арқылы 3 миллион теңге шағын несие алды. Өткен жылдың 29 маусымында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Қазір түрлі тәтті тағамдар дайындап, өз кәсібін жүргізуде, сонымен қатар 4 жұмыс орнын ашты.

Аймақ: 
Атырау облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 18.04.2016