Call-center 1411

You are here

Аяқжол плиткасын шығаратын цехтың ашылуы

Жанат Зейнелғабиденұлы Ибраев, 1977жылы  туған, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы Ленинград ауылының тұрғыны.Үйленген бір ұлын тәрбиелеуде.

Жанат Зейнелғабиденұлы, ұзақ жылдар бойы жүк көлігінде жүргізуші болып жұмыс істеген, бірақ жұмыс орнын қысқартуына байланысты жұмыстан шығуға мәжбір болды.

Жұмыссыз қалғаннан кейін ол 2015 жылы  Жұмыспен қамту орталығына өзінің ісін ашу үшін шағын несие алу мәселесі жөнінде жүгінді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушы ретінде «Даму» қорында кәсіпкерліктің негіздеріне оқудан өтті.

Ол барлық керекті құжаттар мен кәсіптік жоспарды жинап  «Ауыл шаруашылығы қаржылық қолдау қорына» ұсынды. Қормен жоба қаралғаннан кейін, 3,0 млн.теңге сомада  несие алды.

Алған қаражатқа жабдықтар, материалдар сатып алды, тратуар плиткалары, бордюр және де құдыққа салынатын кольцалар жасап шығаратын цех ашты.

Бүгінгі күнде цех өнімдеріне Ленинград және жақын ауылдардан сұраныс артуда.

Онымен қоса Жанат Зейнелғабиденұлыауылдың екі тұрғынын жұмысқа орналастырды.

Жанат Зейнелғабиденұлы өзінің жеке ісімен айналысуға мүмкіндігі үшін «Жол картасы 2020» бағдарламасына алғысын білдіреді.

Аймақ: 
Солтүстік Қазақстан облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 12.02.2016