Call-center 1411

You are here

2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Павлодар облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын» іске асыру

2013 жылы бойынша Павлодар облысы бойынша Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша 4072 адам жүгінді, оның ішіндегі 3987 адам Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосылды.

Әлеуметтік шарттарға 3919 адам қол қойды, оның ішінде 1275 адам өз бетінше жұмыспен айналысушы азаматтар санынан, жұмыссыздар – 2620, аз қамтамасыз етілген – 21, 29-ға дейінгі жастар – 1661, әйелдер – 1629.

Жұмыспен қамту 2020 Жол картасының  бірінші бағыты бойынша ауылдық елді мекендегі инфроқұрылымды дамытуға 2251,7 млн. теңге бөлінді, 2223,3 млн. теңге игерілді (98,7%).

Жөндеу жұмыстары барлық объектінде аяқталды, 1257 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 745 – Бағдарламаның қатысушысы.

Жұмыспен қамту 2020 Жол картасының екінші бағыты бойынша Бағдарламаның  қатысушыларына республикалық бюджеттен микрокредит беруге 1076,3 млн. теңге бөлінді. 1089,1 млн. теңге сомасында 491 адам микрокредит алды. Кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға 9,7 млн. теңге бөлінді, 9,1 млн. теңге игерілді. Кәсіпкерліктің негіздерін оқытудан 452 адам өтті. Инженерлік-коммуникациялық инфроқұрылымды дамытуға 377,2 млн. теңге бөлінді, 349,1 млн. теңге игерілді.

Жұмыспен қамту 2020 Жол картасының үшінші бағыты бойынша 2013 жылы кәсіптік оқуды ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 559,5 млн. теңге бөлінді, 558,8 млн. теңге ігерілді (99,9%).

2011-2012 жылдардан бастап кәсіби даярлауды 884 адам жалғастыруда. 

Кәсіби оқытуға 601 Бағдарламаға қатысушы кірісті (соның ішінде қайта даярлауға – 378, біліктілікті арттыруға - 223).

Кәсіби оқуды 1088 адам аяқтады (2011-2012 жылдан ауысқандарды есепке алғанда), олардың - 876 (80,5%) жұмысқа орналастырылды.

2013 жылдан бастап әлеуметтік жұмыс орындарына 895 адам орналастырылды, жастар практикасына бағдарламаның 587 қатысушысы жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 138,7 млн. теңге бөлінді, 138,4 млн. теңге игерілді (99,8%), жастар практикасын ұйымдастыру үшін 77,8 млн. теңге бөлінді және игерілді.  

2013 жылға қызметтік тұрғын үйлерді салуға республикалық бюджеттен 638,9 млн.теңге бөлінді, 607,8 млн.теңге игерілді (95,1%).

2014 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша жастарға арналған 3 жатақхана сатып алынды: Екібастұз қаласыңда (52 пәтер) және Железін ауданда (16 пәтер) қоныстандырылды, Шарбақты ауданда объекті жұмыспен қамту орталығы балансқа қоныстандыру тапсырғаннан кейін жоспарлануда.

Ертіс және Баянауыл аудандарда 15 екі пәтерлік үйі сатып алынды және қоныстандырылды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасына қатысу мүмкіндігі мақсатында, оның қатысушыларына көзделген мемлекеттік қолдау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілуде, 2013 жылы бойынша 5 мыңнан астам адамды қамтумен 170 кездесу ұйымдастырылды, теледидар мен радиодан 32 сұхбат беруі өтті, 88 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, бұқаралық ақпарат құралдары үшін 3 брифинг өткізілді. Барлық ақпараттар сайтта орналастырылады. Баспасөз БАҚ-та Бағдарламаны іске асыру мәселелері және оны түсіндіру бойынша 433 материал, электрондық БАҚ-та 320 материал жарияланды. Басқарманың сайтында – 20 материал мен кеңестер жарияланды.

Республикалық бюджеттің қаржы есебінен облыстық теледидардан Бағдарлама туралы 4 ролик көрсетілуде, облыс орталығында және барлық қалалар мен аудандардың аймақтарында 34 билборд орналасқан, баспасөз өнімдері (плакаттар, буклеттер, брошюралар және т.б.) барлық аулдық округтардың әкімдіктеріне жеткізіледі.

Содан басқа, барлық аулдық округтар әкімдеріне Жұмыспен қамту 2020 жол картасының тетіктерін түсіндіру бойынша 6 семинар өткізілді, кейін тестілеу өткізілді.  

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Работа» порталының мүмкіндіктері бос орындар жәрмеңкелерін өткізуде пайдаланылады. Сонда бейне байланыс арқылы нақты уақыт режимінде жұмыс берушілермен тікелей байланыс және жұмыс іздеу жүзеге асырылады. Сонда біздің облыс кәсіпорындарымен Алматы, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстары жұмыс берушілерінің қатысуымен осындай форматта  2 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Аймақ: 
Павлодар облысы
13.01.2014