Call-center 1411

You are here

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының Атырау облысында жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы ақпарат

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Атырау облысына 4 млн. 466 мың теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде «Атырау-Неон» жарнама агенттігі жеңімпаз болып белгіленді. Атырау қаласының басты даңғылдарында және аудан орталықтарының көшелерінде баннерлер орнатылды (барлығы 10 баннер). Халық арасында түрлі түсті буклеттер мен презентациялық буклеттер (барлығы 7400 дана), аудармалы күнтізбелер (1000 дана) жасақталып, таратылды және роллаптар қондырылды (27 дана).

         Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу конкурсынын қорытындысымен «Барыс» жарнама агенттігі жеңімпаз болып белгіленіп, «Қазақстан-Атырау» және «Таң» телеарналары арқылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы видеороликтер, жаңалықтар топтамасы, бейнефильмдер көрсетілді. 2013 жылдың 21-қарашасы мен 25-желтоқсан аралығында бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы жүгіртпе жолдар мен бейнефильм жасақталып, жоғарыда аталған телеарналардан көрсетілді.

Сонымен бірге , «NS» радиосы арқылы аудиороликтер берілді. Халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын күшейту мақсатында жыл басынан бері «Атырау», «Прикаспийская коммуна» облыстық және аудандық газет беттерінде және «Класс Тайм» республикалық газетінде бағдарламаның жетістіктері туралы мақалалар жарияланды. Ауыл, село, аудан әкімдеріне және жұмыспен қамту орталықтарының мамандарына бағдарламаға енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді түсіндіру мақсатында «Ғасыр» оқу орталығымен 16 көшпелі семинар-кеңестер ұйымдастырылды.

Жалпы облыс халқының арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Аталған жұмыстар жалғасын табады. Бағдарламамен кең көлемде қамту үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына 2014 жылға облысқа қосымша қаражат бөлінді.

Аймақ: 
Атырау облысы
13.01.2014