Call-center 1411

You are here

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыт бойынша ақпарат 31.12.2013 жыл

Екінші бағыт: «Тірек ауылдарын және кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру».

Бұл мақсаттар үшін облыстың республикалық бюджетінен 7068,3 млн.тенге бөлінді, соның ішінде: оқыту – 168,3 млн.тенге, шағын несие – 6600 млн.тенге, инженерлік-коммуникациялық инфрасруктураны орналастыру және дамыту – 300 млн.тенге.

  1. Кәсіпкерлік негіздерін оқыту. 

2013 жылы кәсіпкерлік негіздері жобаларын сүйемелдеу және оқытуға жоспарланған шығындар 168,3 млн.тенгені құрады.  Оқытуды конкурстық негізде мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес, «Каз Бизнес-Консалтинг» ЖШС кәсіпкерлікті қолдау сервистік орталығы белгіленген ұйыммен жүргізілді.

Бүгінгі күні облыстың барлық аумақтарынан 2507 қатысушылар оқытылды. Кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 92,1 млн.тенге қаржы бөлінді және 100 %-ға  игерілді.

«Каз Бизнес-Консалтинг» ЖШС пилоттық режимде 1971 адамға жобаларды сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетті. Барлық облыс аудандарында және қалаларда, сондай-ақ 15 тірек ауылдарында жобаларды қолдау орталықтары ашылды.

  1. Шағын несиелеу.

2013 жылдың 30 қантарындағы аймақтық комиссияның №1 отырысындағы хаттамаға сәйкес, екі аймақтық уәкілетті орган анықталды:

- «ҰҚ «ӘКК Ертіс» АҚ 6,0 млрд.тенге несиелеу соммасымен;

- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ШҚФ 600 млн.тенге несиелеу соммасымен.

Ағымдағы жылы «ҰҚ «ӘКК Ертіс» АҚ соңғы қарыз алушыларын шағын несиелеу, ағымдағы жылдың маусым және желтоқсан айларында өткізілген конкурстың қорытындылары бойынша, несиелеу серіктестіктері арқылы таратылды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ШҚФ қаржылық агенттік мәртебесі бар, соған байланысты, соңғы қарыз алушыларды қаржыландыру конкурссыз және несиелеу серіктестіктерін құрусыз таратылды.

2013 жылғы 22 сәуірдегі аймақтық комиссияның №2 отырысындағы хаттамаға сәйкес, соңғы қарыз алушылар үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлеме бекітілді:

- «ҰҚ «ӘКК Ертіс» АҚ несиелеу серіктестіктері арқылы - 7,0 %;

- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ШҚФ - 6,72%.

Қазіргі кезде «ҰҚ «ӘКК Ертіс» АҚ арқылы жасалған келісім шарттарға сәйкес, 93 несие серіктестіктерімен 6000,0 млн.тенге соммасында келісім шарттар жасалды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ШҚФ арқылы 273 қатысушыға 600,0 млн.тенге соммасына несие берілді. Игерілу 100 %  көрсетті. 

3. Инженерлік-коммуникациялық инфрасруктураны дамыту.  

Облыста 2013 жылға инженерлік-коммуникациялық инфрасруктураны орналастыру және дамыту үшін, 9 ауданға 300 млн.тенге қаражат бөлінді.  Қатысушылар саны 114 адам.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 295,1 млн.тенге немесе жылдық жоспардың 98,4% игерілді.

 

Аймақ: 
Шығыс Қазақстан облысы
06.01.2014