Call-center 1411

You are here

Ара шаруашылығын дамыту

Қасымбаев Валерий 2011 жылдан бастап «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытының «Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» компонентінің қатысушы болып табылады, ара шаруашылығын кеңейтуге шағын несие алды. Жобаның жүзеге асырылуы үшін «Апимондия» несиелік серіктестігі құрылды. Валерий Мұхтарұлы Қасымбаев несиелік серіктестіктің төрағасы болып табылады. Жоба Өскемен қаласының «Пасека» ШҚ базасында іске асырылуда. Жұмысқа 6 адамды қабылдады.

2012 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында несиелік серіктестік кеңейтілді және «Омарталарды кеңейту, ара үйлерін асырау негізінде ара шаруашылығының экологиялық таза өнімдерін өндіру» үшін қосымша несие алынды. 7 жұмыс орнын құрды.

2014 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында несиелік серіктестік кеңейтілді және «Балды блистерлік тоғанаққа өлшеп құю бойынша автоматтық сызықтарды енгізу, балауызды қайта өңдеу және бос балауызды өндіру бойынша зауытты құру» үшін қосымша несие алынды.          20 жұмыс орнын құрды. Барлық қатысушылар кәсіпкерлік негіздерінде оқытудан өтті, шағын несиені қайтару төлем жүргізудің бекітілген тәртібіне сәйкес уақытылы жүргізілуде.

Аймақ: 
Шығыс Қазақстан облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 21.09.2015