Call-center 1411

You are here

Кербұлақ ауылында бірінші жылыжайдың ашылуы

Бағдарламаға қатысушы – Уйкасбаева Шара Нуровна. Тұған жылы - 05.09.1967 ж.

Жұмыспен қамту орталығына келген кезде Шеңгелді округінің Кербұлақ ауылында тұратын Шара Нуровна жұмыссыз деңгейде болған.

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының 2 бағыты бойынша бағдарламаға қатысушы Ұйқасбаева Шара Нуровна 2014 жылдың 23 маусымында өсімдік өсіру саласына Кербұлақ ауылында жылыжай ашуға 2 млн. теңге шағын несие алды. Сол ақшаға керекті аппарат, редуктор, пеш және құрылыстық құрал-саймандар алынды. Оның алдында Шеңгелді ауылдық округінде жылыжай болмаған.

Ұйқасбаева Ш.Н. жеке кәсіпкер ретінде Қапшағай қалалық салық басқармасында 2015 жылдың 14 қаңтарында тіркеліп, екі жұмыс орнын ашты.

Аймақ: 
Алматы облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 19.05.2015