Call-center 1411

You are here

Күніне 1000 бөлке

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытының қатысушысы Төлеубекова Бағлан – Майқайын кентінің тұрғыны 2014 жылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп шағын наубайхана ашу үшін 3,0 млн. теңге көлемінде шағын несие алды. Берілген қаражатқа құрылыс жұмыстары жүргізілді, құрал-жабдықтар алынды.

Бағлан Жасқайратқызында үрей болды оның бизнесі қалай жүреді. Оның өнімі талапқа сәйкес келе ме? Төлеубекова өз бизнес-жоспарына сенді және оның есебі мен үміті ақталды.

Бүгін ол күніне 1000 бөлке нан, 300 тоқаш өнімін шығарады. Өнімдері халық арасында сұранысқа ие, өйткені Майқайын – үлкен жұмыс кенті. Болашақта Бағлан Жасқайратқызы кондитерлік өнімдер шығару бойынша өндірісін кеңейтіп 5 млн. теңге көлемінде шағын несие алуды жоспарлап отыр.

Аймақ: 
Павлодар облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 22.01.2015