Call-center 1411

You are here

Көктөбеден бастаушы наншы

Баймұрынов Асылбек Тұрсынханұлы 2013 жылдан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушысы болып табылады. 2013 жылдың қыркүйек айында «Кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығы» ЖШС ұйымдастырған кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өтіп, сертификат алды.

2013 жылғы 6 қазанда шағын наубайхана ашу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2,4 млн. теңге сомасында 6% жылдық пайызбен 4 жылға микрокредит алды. Демалыс кезеңі 12 айды құрады. Жыл бойы құрылыс жұмыстары жүргізілді.

2014 жылғы 13 қыркүйекте Көктөбе ауылында шағын-наубайхана ашылды. Наубайханада 3 адам жұмыс істейді, 2 нан пісіруші және тазалықшы. Күніне 150-160 дана нан пісіріледі, тапсырыс берушілер болса күніне 500 нанға дейін әзірлеуге мүмкіндік бар. 

Дүкенге 45 теңгеден береді, наубайханаға келіп 50 теңгеден сатып алуға болады. Алдағы уақытта нан ғана емес, өзге де ұн тағамдарын әзірлеп шығару жоспарлануда. 

Аймақ: 
Павлодар облысы
Азық-Түлік өнімдерін өндіру
, 14.10.2014