Call-center 1411

You are here

Жылыжай шаруашылығы

Жеке кәсіпкер Мухитов Махамбет Жолдаскалиұлы 2013 жылы “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасының ІІ бағыты бойынша шағын несие алу мақсатында құжаттарын Атырау қалалық Жұмыспен қамту орталығына тапсырды.

“Astana School of Business and Technology” ЖШС арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өтіп, жылыжай шаруашылығы мақсатына 3 млн.теңге көлемінде шағын несие алды.

Томарлы ауылының маңынан жылыжай салды. Жылыжайда жасыл өскіндерді суару голландиялық әдіспен жүзеге асырылуда. Жылыжайдың жалпы көлемі 400 шаршы метрді құрайды.

Өз ісінен пайда көріп, көкөністердің жаңа түрлерін өсіруді жоспарлап отыр. Қосымша үш жұмыс орнын құрып, 3 адамды жұмыспен қамтыды.

     

Аймақ: 
Атырау облысы
, 17.09.2014