Call-center 1411

You are here

Жүзім өсіру

Жоба сипаттамасы

Жобаның анықтамасы
Инвестициялық жобаның мақсаттары:  Жүзім өсіруде қазіргі кезде суды сақтау технологияларын қолдану Өндірімділік: 1 жылда 300 тонна.
Өнім: Жүзімнің техникалық сорты. 
Жобаның құны: 13,5 млн. тенге.
Жобаның өтімділігі: 3 жыл (2 жыл бойы бау-бақша өнім бермейді).

Жобаның концепциясы
Жоспар бойынша тамшылап суландырудан су сақтау технологиясымен мәдени көп жылдық жүзім өсіру қолға алынып жатыр, өсірудің жоғарғы деңгейде автоматтандырулар,  өнімді жинау және сақтау жүзеге асуда.

Өнім сипаттамасы
Негізгі өнім - бұл   асханалық  жүзім сорттарымен  халықты балғын түрлі мейіз өнімімен қамтамасыз ету және шампан, шараптар, асханалық және күшті шараптар мен соктар өндіріледі. Жобаның бәсекелестік артықшылықтары :
-   нарықтық жағдайға  қолайлы;
-  импорттық  жоғарғы сұраныстарға ие сондықтан да тапшы болып келеді, өнім импорттың орнын ауыстыруға бағдарланған;
-  қаржыландыру және жәрдем берудің тиімді шарттары;
-  тамшылап суландырудың арқасында өнімнің сапалы және өтімділігі тез болады.

Жүзеге асуыру орны
Жобаның жүзеге асуы үшін қолайлы аумақтар, күн энергиясы толық түсетін  жер және ұзақ вегетациялайтын уақыт  қажет.  Жүзім өсіру үшін өндірістің озық қазіргі технологиялары - және механикалық - өңдеудің кешенін пайдалану және тамшылап  суғару жүйелері қолданылады.

Маркетинг жоспары және нарықтық анықтама беру
Нарықтық анықтаманың мүмкіндігі:
-  соңғы 3 жылда өнім бағасының  өсуі 20 - 25% құрайды;
-  өнімді тез өсіру қазіргі жоғарғы технологиялардың, тамшылап суғарудың мүмкінділігінің енгізу тиімділігі;
-  импорттау ішкі нарықта жүзеге асады (жүзімнің тапшылығы 129 мың тоннаны құрайды, 1 жылда адам басына шаққанда 22 кг. түседі екен);
- өнімнің тапшы болуы олардың егістік алқабының қысқаруына байланысты; 
Өнімді өткізу арналары;
-    Өнімді сату, реализатциялау және ақырғысы сатып алушымен бітеді;
-    Өнімді көтерме бағамен сату;
Стратегия құны нарықтық бағаларына бағынады. 
Өнімнің бағасын анықтау бірінші кезекте қиындау болады, тауардың ішкі нарықтық құны калкуляция 
бойынша есептелінеді.
Ары қарай бағаның өлшемдері қоғамдық саясатпен байланысты болады. Бұдан ары бағасы: төлемақының түрімен, реализациялық есеппен байланысты.

Болжамдалған көтерме бағалары.

Аты

тенге/кг

Жүзім  сорты "Тайфи розовый"

85

Жүзім  сорты "Саперави"

25

Жүзім  сорты "Ркацители"

30

2014 жылы отырғызылған жүзімдер, 2016 жылы өнім береді деп күтілуде.

Технологиялық  процесс
Егіс алқабына инженерлік сараптамалар жасалынады, техникалық есептер беріледі жер картограммалармен өлшенеді
- Топосъемка 1 : 2000 жер бедердің қимасымен 0,5м арқылы;
- топырақ-мелиоранттық және топырақ-геологиялық қажет болған жағдайда, ал  тұздың өлшемін тексеру маңызды 1 : 5000.
Нарықтық жағдайда  тамшыдай суландырудың жүйесінің түрлері көп. Тәжірибе жасау орны және объектіні тексеру жасайды; үйлесімді жабдық таңдау; технологиялық схемасын құру; коммерциялық ұсыныстар жасау; энергокешенді жобалау; материалдардың жеткізілімі;  шеф – монтаждау жұмыстары. 
Анықтама жасаудың негізі, ЖШС «Юг-Ирригация» фирмасы құрылыстарымен тоқталды.

 

            Тамшы суландырулар жүйе                                          Фильтрлі насосты бөлігі

                        Труба                                                                 Комплект жасайтын

 

                               Тамшы суландырулар жүйелер құрылымдар қағидасы:

Жүзімді отырғызу схемасы бойынша жүзеге асады. Бұл белгі бір мөлшерінің өзінен өте үлкен көлемде жүзім өнімін алуға болады. Өнім көктем күнінің қолайлығына байланысты болады.

Инвестиция және жүзеге асыруға кететін шығындар

Көпжылдық жүзім өсіру жобасы бойынша қазіргі технологияларды қолдану бойнша тамшылап суғаруды қолданады. Бау-бақшаның жалпы көлемі 30 га құрайды, жобаланған көлемі 29,60 га. Бұл жобаны қаржыландыру келесі кесте бойынша: 

Жобаға салынған инвестициялық жұмсалымның көлемі мен бағыттары, тенге

Инветициялық жобаның бағыты

Жалпы сомма, тенге

Жабдық

5 470 600

Отырғызу материалы

2 364 000

Дайындық жұмыстары

1 505 000

Барлығы

9 339 600

Жабдық. 

Бөліктің атауы

Жалпы сомма, тенге

Тамшылап суғару жүйесі

1 636 000

Насосты құру жүйесі

1 168 000

Резервуардың құрылысы (2 шт.)

1 706 600

Тамшылап суғару жүйесін құруға кететін шығын есебі

910 000

ЛЭП құру

50 000

Барлығы

5 470 600

Көшеттеу материалы. Көшеттеу материалдарының шығын ережесі 1га - 400 екпе көшет, ал 29,6 га – 11,840 екпе көшет. Бір екпе көшеттің бағасы – 200 тенге (200 тенге/көшет.*1184 көшет = 2 364 000). 
Дайындық жұмыстары. Жерді қоршауға кететін шығындар 1 505 000 тенгені құрайды.

Тармақ атауы

1 жылда барлығы, тенге

2 жылда барлығы, тенге

3 жылда барлығы, тенге

Субсидия

10 034 933

9 633 344

Жүзім - сатудан түсетін кіріс

0

0

21 890 000

Барлығы

10 034 933

9 633 344

21 890 000

Өндірістік тікелей шығын

11 120 122

3 482 140

3 890 704

Жалпы пайда

-1 085 189

6 151 204

17 999 296

Операциялық шығын жиынтығы

1 262 956

1 262 956

2 059 804

      Жалақы  

600 000

600 000

1 320 000

Еңбекақы төлеу қорынан аударым

115 896

115 896

192 744

      Амортизациялау

547 060

547 060

547 060

Операциялық табыс

-2 266 657

4 888 248

15 939 492

Корпоративтік табыс салығы

0

0

656 700

Таза пайда

-2 266 657

4 888 248

15 282 792

Көмек қаржылар. Көмек қаржы нормалары, ауылшаруашылығында тамшылатып суару жүйесі  мәдениеті қарастырылған:

Көпжылдық отырғызу сипаттамасы

1 жылда барлығы, тенге

2 жылда барлығы, тенге

3 жылда барлығы, тенге

Көмек қаржы көлемі, тенге/га

339 018

325 451

0

29,6 га-ға көмек қаржы

10 034 933

9 633 344

0

Кірістер. Жүзімнің бұл сорты орташа есеппен 1 гектардан өнетін түсім 12 тонна.  Ақшалай түсім 21,8 млн. тенгені құрайды.

Өнімділік, тонн/га

12

Баға, тенге/тонна

61 627

Жалпы ауданы, га

29,60   

Ақшалай түсім  

21 890 000

Жүзімдікті жетілдірудің тікелей өндірістік шығын есебі 

 Шығын атауы

1 жылда барлығы, тенге

2 жылда барлығы, тенге

3 жылда барлығы, тенге

Тікелей өндірістік шығындар

11 120 122

3 482 140

3 890 704

Көшет отырғызуға шұңқыр даярлауға

1 480 000

 

 

Көшеттер

2 364 000

 

 

Көшеттерді отырғызу

2 368 000

 

 

Алдынала агротехникалық жұмыстар

1 047 648

589 946

589 946

Егін алқабына күтім жасау және егін алқабына көшет отырғызу

3 813 114

2 844 834

2 708 674

Бір рет қолданылатын тамшылатып суару шлангсы

47 360

47 360

47 360

Жинап алу

-

-

173 112

Өнімді жинау кезінде техниканы қолдану

-

 

54 612

Өнімді жинап алу кезінде жасалған еңбекақы төлемі

 

-

118 500

Жүктеу жұмыстары

 

-

80 000

Тасымалдау

 

-

118 500

Қызметкерлер шығыны. Заманауи әдіс тамшылатып суару технологиясы әдісін жүзім өндірісі шаруашылығында қолдануды ұйымдастыру кезінде жалдамалы және уақытша жұмысшылар жұмыс жасайды. Төменде өндірістік қызметкерлердің мінездемесі көрсетілген:

Қызметі

Штаттық бірлік

Айлық еңбек ақы мөлшері, тенге

Жылдық еңбек ақы мөлшері, тенге

Директор

1

40 000

480 000

Агроном

1

30 000

360 000

Бағбандар-операторлар

2

20 000

480000

Барлығы

4

 

1 320 000

Жобаның алғашқы екі жылында 2 қызметкер – бір бағбан, бір аграном қажет және қосымша уақытша жұмыс атқаратын жұмыскерлер (30 000 тенге +20 000 тенге)*12 ай = 600 000 тенге. Үшінші жылдан бастап бизнесті басқару директоры және қосымша бағбан жұмылдырылады. 
Әлеуметтік салық. Жоба бастамашысы өзіне екі айлық есептік көрсеткіш және әрбір жұмысшыға бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде 1-2 жылда  әлеуметтік салық төлейді (1 852*2*12 ай + 1 852 МРП *2 жұмысшы *12 ай = 88 896);  3 жыл - (1 852*2*12 ай + 1 852 МРП *4 жұмысшы * 12 ай =133 344 тенге).. 
Айлық еңбекақының 1-2 жылы міндетті зейнетақы аударымнан бөлек 5% әлеуметтік аударым есептелінеді 600 мың. тенге *(1-10%)*5%=27,000) және 3 жылы - (1 320 мың. тенге *(1-10%)*5% = 59 400 тенге). 

Салық аударымы

1 жылда барлығы, тенге

2 жылда барлығы, тенге

3 жылда барлығы, тенге

Әлеуметтік салық, тенге

88 896

88 896

133 344

Әлеуметтік аударылым, тенге

27 000

27 000

59 400

Барлығы

115 896

115 896

192 744

Жобаны қаржыландыру

Егер сізде өз қаржылық қорыңыз болмаса, бірақ сізде бизнес ашуға үлкен ықылас болса, онда қосымша қаржы  тартудың бірнеше нұсқасы бар.
    Қаржылық есептер көрсеткендей қарызға алынатын ақша пайызы 14% аспайтын, қарызды төлеу уақытын жарты жылға ОД және % ұзартып,  72 айда қарызды өтеу әр айға бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Жоспарлау бағдарламасы бойынша «Өсімдік шаруашылығын және азық-түлік шаруашылығын өркендету» бағдарламасы бойынша субсидия 7% пайыздық мөлшерлеме МСБ кредиті қарастырылған. 
    «Жұмыспен қамту бағдарламасы - 2020» кредиттік жиектемені жүзеге асыру. Бағдарламада жеке меншік иесі өз ісін өркендету үшін бюджеттік қаржының бөлінуі қарастырылған             
 «Егінжай» кредиттік бағдарламасы. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау» АҚ көктемгі-суару және өнімді жинау жұмыстарын орындау кезінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді қаржыландыруға бағытталған. Қарыз 3-жыл мерзімге беріледі, жылдық үстеме пайызы 9,5%, қарыз мөлшері 1 000 000 тенгеден 6 000 000 тенгеге дейін.

Дереккөзі:   www.kasipker.info

02.08.2014