- Бастапқы бет
- Қатысушы жадынамасы
- НҚА
- Халықаралық тәжірибе
- Оқыту
- Байланыс деректерi
Жобаның анкетасы
Мақсаты: химиялық тазалау кәсіпорнын құру
Өнімділігі : химиялық тазалау бойынша 6600 қызмет
Қызметтер: киімді химиялық тазалау және жуу бойынша қызметтер көрсету
Жобаның жалпы құны: 6,8 млн. теңге
Ақталу мерзімі: 2 жыл
Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы кім және басқа да тоқыма бұйымдарды химиялық тазалау және жуу кәсіпорнын құруды қарастырады. Химиялық тазалау жалпы алаңы шамамен 80 шаршы метрді құрайтын жалға алынған ғимаратта орналастырылады. Бұдан бөлек, айына екі рет, жақын орналасқан үш ауданға, химиялық тазалауды қажет ететін бұйымдарды қабылдау және жеткізу мақсатында шығып тұру жоспарлануда.
Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорынның айналымын ескере отырып, қызметті жеңілдетілген режимде жеке кәсіпкерлік шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.
Бұл бизнес-жоспар нақты әрекетте басшылыққа алынатын соңғы вариант болып табылмайды, ол тек осындай бизнес-идеяны дамытудың мүмкін екендігін көрсетеді. Сондықтан нақты жобаны жүзеге асыру барысында сату бағдарламасы да, көрсетілетін қызмет түрлері де өзгертілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметтерді сипаттау
. Бүгінді матаны күтудің екі шешуші әдісі бар Базалық негізіне байланысты тазалау сумен тазалауға, яғни жууға, және химиялық еріткіштер (перхлорэтилен, фреон, карбон және т.б.) пайдаланылатын сусыз (құрғақ) тазалауға бөлінеді. Бұл екі технологияның айырмашылығы буланудың әртүрлі жылдамдығында - Еріткіштердің булану жылдамдығы сумен салыстырғанда артық, сондықтан мата шуып үлгермейді, ал сумен тазалау кезінде мата отырып қалуы мүмкін.
Бұл жобада жуу бойынша да, химиялық тазалау бойыша да қызмет көрсету қарастырылған
Бұл жобада «акватазалау» технологиясын пайдалану қарастырылған. Акватазалау бұйымдарды жуу мен химиялық тазалау арасындағы өтпелі тазалау әдісі болып есептеледі. Технологияда еріткіш ретінде, перхлорэтилен немесе карбон емес, химикаттармен қатар суды пайдаланады. Акватазалау әртүрлі материалдардан жасалған бұйымдарды тазалау үшін өте қолайлы, ал стандартты технологиялар бір материалдан жасалған бұйымдарды тазалауға арналған.
Химиялық тазалауға кең ассортименттегі бұйымдар келіп түседі, олар талшықтарының құрамы, дайындау әдісі, пайдалану мақсаты мен өңделуі бойынша ерекшеленеді. Химиялық тазаланатын барлық бұйым түрлеріни келесі топтарға бөлуге болды:
- сыртқы киім;
- тері киімдер;
- гардин-тюль бұйымдары.
Нарықты талдау және маркетингтік стратегия
Химиялық тазалау тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады және болашақта дамуының үлкен әлеуеті бар табысты Бизнес болып есептеледі. Әдетте, химиялық тазалаудың пайдасы кәсіпорынның көлеміне тікелей байланысты. Нарықтық экономикаға өткеннен кейін химиялық тазалау және кір жуу кәсіпорындары коммерциялық кәсіпорындарға айналды және кәсіпорын иелерінің компанияны табысты етуге байланысты проблемалары пайда болды. Бірақ, қатардағы тұтынушылардың көпшілігінде химиялық тазалау қызметіне деген тұрақты сенімсіздік қалыптасты. Химиялық тазалау кәсіпорындарының қызметіне тек бұйымды үйде тазалау мүмкін болмаған жағдайда ғана жүгінеді.
Қазіргі уақытта химиялық тазалау және кір жуу кәсіпорындары қонақ үй, әскери мекемелер, ауруханалар, сияқты ірі ұйымдардың компоненнтері түрінде, ірі кәсіпорындардың қосалқы ұйымдары ретінде жұмыс істейді. Химиялық тазалау және кір жуу қызметтерін көрсететін жеке кәсіпорындарға келетін болсақ, жағдай келесідей: бір жағынан тұрғындардың белгілі бір бөлігінің қымбат киімдерді сатып алуға және оларды қалпына келтіру үшін химиялық тазалау қызметін пайдалану мүмкіндігі пайда болды. Екінші жағынан тұрғындардың бір бөлігі киімді химиялық тазалауға немесе жууға бергеннен жаңа киім сатып алу оңай деген пікір қалыптасқан.
Бүгінде Қазақстанда, мысалы Европамен салыстырғанда, химиялық тазалау қызметін тұрғындардың көп пайызы пайдаланбайды. Бірақ Қазақстан халқының өмір сүру деңгейі мен мәдениет деңгейі өсіп келеді. Яғни химиялық тазалау қызметіне деген сұраныс та тұрақты өседі.
Технологиялық процесс
Бұйымдарды жуу және химиялық тазалау үшін «Aquatex» маркалы жабдықты пайдалану жоспарлануда.
Жабдықпен жұмыс істеу үшін персоналды оқыту қажет. Оқыту құны жабдықтың құнына енгізілген.
Инвестициялық жоспар
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар келесілерден тұрады:
Инвестициялық салымдар |
Барлығы, теңге |
Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар |
6 380 000 |
Айналымдағы капитал |
490 200 |
Барлығы |
6 870 200 |
Жабдықты, шығындалатын материалдарды, жиһазды сатып алуға, арендалық ставканы, жарнаманы төлеуге, персоналды жалдауға және кәсіпорынды рәсімдеуге қажет бастапқы инвестициялар 6 870 200 теңгені құрайды. Жабдық
Аталуы |
Саны, дана |
Бағасы, теңге |
Сомасы, теңге |
Химиялық тазалауға арналған абдықтар, соның ішінде: |
1 |
6 000 000 |
6 000 000 |
Aquatex30 / 50 тазалау машинасы |
1 |
||
Aquatex50 кептіру жүйесі |
1 |
||
PSE дақ кетіру кабинеті |
1 |
||
AVR-S үтіктеу столы |
1 |
||
МТА роторлы үтіктеу машинасы |
1 |
||
Кір жуғыш машина |
2 |
130 000 |
260 000 |
Жиһаз |
1 |
120 000 |
120 000 |
Барлығы |
|
|
6 380 000 |
Химиялық тазалау кәсіпорнын ашу үшін үш айға алдын-ала химикаттар, жуғыш заттарды сатып алу қажет.
Жуғыш заттарды шығындау нормасы, айына |
163400 |
Қажетті айналым капиталы, 3 айға |
490200 |
Қаржы жоспары
1-ші операциялық жылға пайдалар мен шығындар туралы есеп
Табыстар мен шығындардың баптары |
Барлық шығындар теңге |
Сатудан түскен табыс |
9 576 000 |
Жуғыш заттардың өзіндік құны |
1 960 800 |
Жалпы пайда |
7 615 200 |
Операциялық шығындар |
3 777 792 |
Қаптаулар мен материалдар |
132 000 |
Еңбекақы төлеу шығындары |
2 400 000 |
ЕТҚ бойынша аударымдар |
285 792 |
Ғимаратты жалдау |
960 000 |
Таза пайда |
3 550 125 |
Өнімді сатудан түскен табыс
Тікелей шығындар |
Бағасы, теңге |
Қызметтер саны |
Сомасы, теңге |
Тоқыма бұйымдар |
750 |
200 |
150 000 |
Аң терісінен жасалған бұйымдар |
1800 |
100 |
180 000 |
Тері және былғары |
1500 |
130 |
195 000 |
Өңделген тері |
2100 |
50 |
105 000 |
Бояу |
2400 |
70 |
168 000 |
Барлық шығындар, айына |
|
|
798 000 |
Барлық шығындар, жылына |
|
|
9 576 000 |
Жуғыш заттарға жұмсалған шығындар
Тікелей шығындар |
Өлшем бірлігі |
Бұйым шығындары, теңге |
Қызметтер саны |
Сомасы, теңге |
Тоқыма бұйымдар |
кг |
250 |
200 |
50 000 |
Аң терісінен жасалған бұйымдар |
дана |
350 |
100 |
35 000 |
Тері және былғары |
дана |
250 |
130 |
32 500 |
Өңделген тері |
дана |
470 |
50 |
23 500 |
Бояу |
дана |
320 |
70 |
22 400 |
Барлық шығындар, айына |
|
|
|
163 400 |
Барлық шығындар, жылына |
|
|
|
1 960 800 |
Қаптаушы материал:
Қызметтер саны, айына |
550 |
Қызметтер саны, жылына |
6 600 |
Бір қаптаудың құны, теңге |
20 |
Барлық қаптау шығындары, теңге |
132 000 |
Қызметкерлер штаты . Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы келесі ұйымдастырушылық бірліктерден тұрады:
Өндірістік персонал келесі бағыттар бойынша маманданатын болады:
- дақты кетіру жабдығы және тазалау машинасы;
- кір жуғыш машина;
- кептіру және үтіктеу жабдықтары.
Жабдықпен жұмыс істеу үшін персоналды оқыту қажет. . Оқыту құны жабдықтың құнына енгізілген
Персоналдың сипаты және ебекақы төлеу жоспары:
Аталуы |
Штаттық бірліктер |
Айлық еңбекақысы, теңге |
Жылдық еңбекақы, теңге |
Дақты кетіру жабдығы және тазалау машинасы бойынша оператор |
2 |
40 000 |
960 000 |
Кір жуғыш машина бойынша оператор |
1 |
30 000 |
360 000 |
Кептіру және үтіктеу жабдықтары бойынша оператор |
2 |
35 000 |
840 000 |
Жинаушы |
1 |
20 000 |
240 000 |
Барлығы |
6 |
|
2 400 000 |
Әлеуметтік салық. Жобаны жүзеге асырушы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және әр еңбеккер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді (1 852 * 6 + 1 852АЕК * 2 еңбеккер = 14 816 * 12 ай = 177 792 теңге). Әлеуметтік төлемдер міндетті зейнетақы төлемдерін шегергеннен кейінгі еңбекақы сомасынан 5% тең (2 400 мың теңге * (1-10%) * 5 = 108 000 теңге).
Әлеуметтік салық, теңге |
108 000 |
Әлеуметтік төлемдер, теңге |
177 792 |
Ғимаратты жалдау . Алаңы 80 шаршы метр тұрғын үй немесе сауда ғимаратын коммуналдық төлемдерді ескере отырып, айына 1500 теңге / м2 қымбат емес жалдау ұсынылады. Арендалық төлем ай сайын компанияның айналымынан төленеді, ғимаратты жалдау бойынша алғашқы жылдың жалпы шығындары 1 440 000 теңгені құрайды.
Салықтар мен бюджетке төлемдер. Жоба шеңберінде салық төлеудің қарапайым жүйесі бойынша түсімнен 3% - (. 9,5млн теңге * 3%) 287 280 теңге мөлшерінде корпоративтік табыс салығы төленеді.
Жобаны қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шаралары
ЕДБ арқылы қаржыландыру . Қаржылық есептеулер проценттік ставкасы 14%, қайтару мерзімі 36 ай, жар жылға шегерілген, одан кейін ай сайынғы төлемдер арқылы қайтарылатын несиенің қажеттілігін көрсетті. Жаңа бизнес-бастамаларды / жобалардың проценттік ставкаларын 7% дейін субсидиялау.
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде несиелеу. Бағдарламада өз ісін ұйымдастыру үшін бюджеттік қаржыларды бөлу қарастырылған.
Дереккөзі: www.kasipker.info