Call-center 1411

You are here

Бидай өсіру

Жоба сипаттамасы

Жоба анкетасы:
Инвестициялық жоба мақсаты: бидай өсіру.
Өнімділік: жылына 360тонна бидай.
Өнім: жаздық бидай
Жоба құны: 7 млн. теңге.
Өтімділік мерзімі: 1 жыл.

Жобаның тұжырымдамасы
Жоба 200 га егін алқабында жаздық бидай өсіруге маманданған ауылшаруашылық мекемесінің жұмысын ұйымдастыруды көздейді. Қаражат құю көлемі, өндіру жоспары мен сатылым технологиялық карталар негізінде құрастырылды.
Табиғи, әлеуметтік – экономикалық және экология – географиялық жағдайларға қарай, Оңтістік Қазақстан облысы бидайды егу мен өсіруге байланысты жобаларды жүзеге асыруға қолайлы деп берік мәлімдеуге болады.  
Бидайды егу және өсіру шаруашылықтың жалпы стратегиясы мен қабысып, келесі себептер бойынша оның кірісін көбейту факторы болады:
1.    Жоба бойынша ақшаны шығарып ала алмау тәуекелі толықтай қорқыныштар тізімінен шығарылады. 
2.   Бағалық саясат пен қолайлы жағдай жасағанда, жоба бастамашысы егіннің максималды көлемі 1 га алқаптан 25 центнер жинауға мүмкіндік алады.
3.    Жоба бастамасышы көктемгі егіс шығындарын АО НУХ КазАгро «Егiнжай» бағдарламасы арқылы қаржыландыруға мүмкіндік алады.

    Өнімнің анықтамасы
    Жаздық бидай. Астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі.
    Дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін.
Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т.б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар.
Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болады.
Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын, «тритикале» және «булгур» жармасын жасайды. Ұнтақ жармасы – өзімізге белгілі «манная крупа». «Тритикале» – будандастырылған бидай мен қарабидайдан жасалған жарма. Ұннан нан, макарон, кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады. Бидайдың масағы флористикада гүл шоғырлары мен композицияларын безендіру үшін қолданылады.
Биіктігі 40 — 130 см, тамыр жүйесі — шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры — күрделі масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында 3 — 5 гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы — ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады. Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты бидай өсіріледі.

Маркетинг жоспары және нарық анализі
Өткізу саясаты. Бидайды аудандық дирмендерге сату жоспарланып отыр. Ценовая политика. Баға белгілеу және сұраныстың негізгі параметрлері, өнімнің бағасы нарықтық негізде жүзеге асырылады.

Технологиялық процесс
Жаздық бидайды егу. Бидайды екпес бұрын тұқымы мұқият сортталады, үлкендері бөлініп алынады. Тұқымдарды жақсарту үшін оларды желдетеді, ауа жылулығы мен күн жылуына қыздырады, және  Для оздоровления семян их проветривают, подвергают воздушно - тепловому и солнечному обогреву, қатты қаракүйемен ауруға шалдығудың ескертуі үшін дәрілейді. 
Жаздық бидайды егу мерзімі аймақтық жағдайларға байланысты кр келкі белгіленуі керек. Көп жағдайда егудің ерте кезеңі тиімді саналады. 
Жаздық бидай егістігінің бапталуы мен жиналуы. 
Жаздық бидай басқа дәнділерге қарағанда ерекше күтімді керек етеді. Жерді өңдеуден басқа, арам шөптермен күрес гербицидтерді қолданумен жүзеге асырылады. 
Жаздық бидайды шілде және тамыз айларында жинайды. Жинауды бөлек түрлер бойынша жүзеге асырады балауыздың пісу фазасының басталуы және ортаңғы кезеңдерінде. Бидайдың толық пісуі кезеңіне қол жеткізгенде тікелей комбайн арқылы жинайды.Жұмсақ бидайлар тез үгітілуіне байланысты, қаттыларына қарағанда ертерек жиналады.

Жұмыс жоспары төмендегі кестеде көрсетілген:

Жұмыс атауы

Техниканың агрегаттық құрамы

Орындалу мерзімі

Айдау

МТЗ-80, МВ-6, ЗБТС-1,0

сәуір

Егу алдындағы тырмалау

МТЗ-80, СЗС-2,1

сәуір

Жердің аттамалы қабатының қопсытуы(плоскорез)

МТЗ-80, СЗС-2,1

сәуір

Ұсақтау

МТЗ-80, СЗС-2,1

сәуір

Егу

МТЗ-80, СЗС-2,1

сәуір

Аммиакты селитраны енгізу

 МТЗ-80

сәуір

Бидайды жинау

Нива комбайны, сабанның ұсақтағышы

шілде-тамыз

Бидайды тасымалдау

ГАЗ 53 автомобилі

шілде-тамыз

Жобаның тиімділігі (кіріс және шығын):

Атауы

Өлш. бірл.

Құны

1 га., кг шығыны

Жалпы шығындар, теңге

Бидай тұқымы 200 гаға

кг

50

     180,00  

1 800 000  

Аммиак селитрасы

кг

45

     100,00  

1 100 000  

Техниканы жалға алу шығындары

   

 

4 780 000  

Барлық шығын

   

 

7 680 000  

Өнімділік, тонна/га.

   

 

1,80  

Жалпы жиын, тонна

   

 

360  

Сатылым бағасы, теңге/тонна

     

30 000  

Бидайды сатудан түсетін пайда

   

 

10 800 000  

Операциалық пайда

   

 

3 120 000  

Салықтар (айналымның 3%)

     

324 000

Таза пайда

     

2 796 000

Бидай тұқымдары:

Жалпы егістік алқабы, га

200

Тұқым егудің нормасы, кг/га

180

1 кг тұқымды сатып алудың орташа құны, теңге

50

Барлық алқапқа жұмсалатын шығындар, теңге

1 800 000

Минералды тыңайтқыштар:

Енгізу нормасы 1 га/кг

                      100  

Тыңайтылатын алқап, га

                      200  

Толық қажеттілік, га

                 20 000  

1 кг.Тыңайтқыш құны, теңге

                        55  

Тыңайтқышты сатып алуға жұмсалатын барлық шығындар, теңге

            1 100 000  

Техниканы жалға алу шығындары (ГСМ шығындары қоса есептелген):

Жұмыс атауы

Қызмет құны, теңге/га

200 га жерге құны

Айдау

                  4 750  

               950 000  

Егу алдындағы тырмалау

                  2 550  

               510 000  

Жердің аттамалы қабатының қопсытуы(плоскорез)

                  1 700  

               340 000  

Күзгі ұсақтау

                  1 700  

               340 000  

Егу

                  2 200  

               440 000  

Аммиакты селитраны енгізу

                     850  

               170 000  

Ылғалды тырмалау арқылы жабу

                  1 700  

               340 000  

Қыстық бидайды жинау

                  4 900  

               980 000  

Бидайды тасымалдау, рейстер

                  3 550  

               710 000  

Барлығы

                23 900  

            4 780 000  

Салық пен бюджеттік аударымдар. Жоба бойынша корпоративті табыс салығы салық салудың оңтайландырылған жүйесі бойынша төленіп отырады, табыстың 3% - 324мың теңге (10,8млн. теңге * 3%).

Жобаны қаржыландыру мен мемлекеттік қолдау мөлшері 
«Еңбекпен қамту – 2020 бағдарламаларсын» жүзеге асыру арқылы кредиттелу. Бағдарламада ауыл тұрғындарына өз кәсібін ашуларына бюджеттік қаражат бөлу қарастырылған. Жобаларды қаржыландыру жылына 6% ставкамен, 54 айдан көп емес мерзімге беру арқылы жүзеге асырылады.
«Егінжай» АО «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» қаржыландыру бағдарламасы ауылшаруашылық өнімін өндірушілерді көктемгі суару және жинау мерзімдерінде қаржыландыруға негізделген. Несиелер 3 жылға дейінгі өтеу мерзімімен, 9,5% жылдық ставкамен, 1 000 000 теңгеден       6 000 000 теңге дейін беріледі.

Дереккөзі:   www.kasipker.info 

30.07.2014