Call-center 1411

You are here

Пиязды көк пияз алу үшін өсіру

Жоба сипаттамасы

Жобаның анкетасы:
Инвестициялық жобаның мақсаты: пиязды өсіру
Өнімі: көк пияз
Өнімділігі: жылына 3,6 тонна
Жобаның құны: 756 200 теңге  (бірретік шығыстар +1 өнімдік цикл)
Қайтымдылық мерзімі: 1 жыл

Жобаның тұжырымдамасы

Көк пиязды өсіруді келесідей сөздердің жиынымен түсіндіруге болады:аз шығынды, табысты, технологиялық шығыны төмен, жоғары біліктілікті қажет етпейтін жұмысшылар сыныбына арналған бизнес, энергияның жұмсалуының төмендігі, еңбек жұмсалымы төмен және орташа.

Өнімнің сипаты

Пияздың талшықтары пияздың өзіне қарағанда дәрумені көп болады.  Көктемде ағзадағы дәрумен жетіспеушілігі кезінде көк пиязға көп көңіл бөлу керек.  100 г талшықтарында  ересек адамға қажетті аскорбин қышқылының бір күндік шамасы болады. Құрамына В дәрумендері мен каротин де кіреді. 
Көк пияздың пайдалы қасиеттерінің бірі оның вирустық инфекцияларды  қорғай алуы болып табылады. Оған құрамындағы фитонциттердің болғандығы себепші. Көк пияз қосылған салат ОРЗ мен тұмаудан сақтайды. Көк пиязда хлорофилл бар. Ол қан құрылуына пайдалы. 
Көк пияздың  жас талшықтары адамның тәбетін ашып, кез келген астың ажарын кіргізеді. Көк пияздың қасиеті астың тез сіңуі мен қорытылуына әсер етеді. 
Ішек-қарын жүйесінің кейбір ауруларына ғана оны қолдануға тыйым салынады. 
Көк пияз ас дайындауда кеңінен қолданылады. Көк пияздан жасалынған салат пайдалы, ол қажетті дәрумендерді қамтамасыз етеді. Көк пиязбен жұмыртқа қосылған бәліштер аса танымал ас болып табылады. 
Көк пиязды тек жерде ғана емес, сондай-ақ пәтерлердің терезелерінің алдында құтыларда да өсіреді. Оны сатып алу қазіргі кезде кез келген жерде мүмкін. Оны ұзақ сақтау мүмкін емес, себебі ол өзінің пайдалы қасиетін жоғалтады. 

Гидропоника арқылы көк пиязды өсіру технологиясы

Соңғы бес жылда гидропоника  танымал болып келеді, себебі бұл құрал-жабдықтың өзіндік құны төмендеуде. Әртүрлі насостардың, пластик трубалардың, сыйымдылығы гидропоникаға қажетті ыдыстардың  бағасының төмендеуі байқалуда.  Кеңес уақытын еске алсақ, сулы мақтаны пиязшыққа бүркеп қойып, екі аптадан соң көк пияздың өсіп, аналардың  балаларына көк пиязбен ас әзірлейтіндігі ойымызға оралады. Міне, осы гидропониканың көне түрі десек болад. Ал қазіргі кезде гидропоника аграрлық жоғары технология.Израиль елі өз көкөністері мен жемістерінің 80пайызын  дәл осы гидропоника арқылы өсіреді. 
Пияз гидропоника арқылы өсіруге ыңғайлы болып табылады. Тыңайтқыштың қажеті жоқ. Көк пияз талшықтарының шығару 22 күннен 16 күнге қысқарады. Стелаждық технологияны қолдану мүмкіншілігін болуы.
Тұқым өндіруші танымал негізгі шетелдік компаниялар мыналар: «Агровей» ЖШС (Bejo Zaden B V компаниясының ҚР-дағы дилері), «Бейо тұқым» ЖШС (Nunhems BV компаниясының ҚР-дағы дилері,Голландия)   
Голландия), «Агриматко» ЖШС (ENZE ZADEN B.V. компаниясының ҚР-дағы дилері, Голландия), «Ринда» ЖШС (SEMINIS B.V. компаниясының ҚР-дағы дилері, Голландия және SAKATA компаниясы, Жапония), «Рийк Цваан» ЖШС (RIJK ZWAAN компаниясының ҚР-дағы өкілі, Израиль), «Лидер-Агро» ЖШС (GAVRISH компаниясының ҚР-дағы дилері, Ресей).
Өндірісті қала төңірегінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Бұл дайын өнімді жеткізу мәселесімен қатар, жұмыс күші мәселесін де шешуді мүмкін етеді. Табиғи факторлардан толық тәуелсіздік пен барлық маусымға сай болуы.
Осы бизнес-жоспарда көк пиязды гидропонды технология көмегімен өсіру қарастырылған. Бөлмеге қажет ететін шығындар ескерілмейді. Бұдан басқа, бизнес-жоспарда бүкіл гидропонды құрал-жабдық құнының құрылымы көрсетіледі. Онда материалдар, автоматтандыру дәрежесі секілді факторлар ескеріледі. Бөлме ретінде 50 шаршы метрге тең өз меншігіндегі ғимарат алынған. 50 шаршы метр ауданында толыққанды 80 және 90 шаршы метр көлемді стеллаждар мен құрал-жабдықтар орналастыруға болатынын ескеру қажет.
Біздің есептеулеріміз үшін 80 шаршы метр ауданды қолданамыз. Бизнес-жоспарды есептеудің тағы бір шарты – ол бизнес қала маңындағы жеке үйде немесе ауылдық жерде іске асырылуы.

Гидропон әдісімен көк пияз өндірудің бір жолғы шығындары

Шығын баптары

Саны

Бағасы

Сомасы

Ескерту

Шам құны, 50 дана

50

500

25 000

80 шаршы метр ауданды жарықтандыру үшін күндізгі жарықты немесе эконом шамдарын қолдануға болады. Шамның басқа түрі қымбат болып келеді. Есептеуде мен эконом шамдарды пайдаландым.

Желілер құны, 120 м

120

35

4 200

 

Жарықтандыру, басқа да шығын

1

10 000

10 000

Сөндіргіш, патрон, бекіткіш, монтаж құралдарының құны

Гидропоника үшін 2-қабатты стеллаждар (ваннасыз)

 

 

100 000

Әдетте пайдаланылатын бөлмеге байланысты

Стеллаждар үшін ванналар

 

 

90 000

 

Жұмыс үстелі

1

30 000

30 000

Көк пиязды отырғызу, өңдеу, тазалау және қаптауға қажет операцияларды жүргізетін үстел

Гидропонды құрал-жабдық (автоматсыз)

1

45 000

45 000

Бұл сорғыш, компрессор, құбыршектердің қажет мөлшері

Бөлмені жөндеу жұмыстары

1

1

300 000

 

Қосымша гидропонды құрал-жабдық

1

60 000

60 000

Автомат жүйесі, компьютерлік басқару үшін қажет программалық бағдарлама

Шығындар, барлығы (теңге)

 

 

664 200

 

80 шаршы метрге өсірілетін көк пияздың өзіндік құны

Шығын баптары

Саны

Бағасы

Сомасы

Ескерту

Көшет материалдары, шалқан

640

40

25 600

80 шаршы метр ауданда отырғызу үшін 640 кг шалқан пияз қажет болады (шаршы метріне 8 кг кетеді деп есептесек)

Жарықтандыру

 

 

2 000

80 шаршы метр ауданды жарықтандыру үшін күндізгі жарықты немесе эконом шамдарын қолдануға болады. Шамның басқа түрлері қымбат келеді.

Жылыту (газ/текше метр)

1 600

24

38 400

Бөлмені үрлі әдістермен жылытуға болады, бірақ 18 градустан жоғары температураны арттырудың қажеті жоқ, өйткені сабақты көктетуге лайықты температура 16-18 градус деп саналады

Су/текше метр

80

200

16 000

Су көп қажет етіледі, өйткені ол жарым-жартылай буланып кетеді, сол себепті оны толықтырып отыру керек

Шағын жөндеу жұмыстары

1

10 000

10 000

Шағын жөндеу жұмыстарына кететін ақша шығындары: шам, сым желілерін, гидропоника жүйелерін ауыстыру және т.б.

Шығындар, барлығы (теңге)

 

 

92 000

 

Қаржы жоспары

Жылдық пайда мен залалдар туралы есептіліктің болжамы

Шығын баптары

Жылына, теңге

Өнім сатудан түскен түсім

1 260 000

Өнімнің өзіндік құны (шығындар)

276 000

Жиынтық пайда

984 000

Еңбекақы қорынан аударымдар

44 448

Корпоративті табыс салығы

37 800

Таза пайда

901 752

Өнім сатудан түскен түсім:
Қойылған шарттардың орындалуы жағдайында және гидропонды құрылғыларды қолдану кезінде көктеген сабақ түріндегі дайын өнім алынады. Дайын өнім жылына үш рет шығады (1 200 кг). Барлығы: 350теңге (сату бағасы) * 1 200 кг * 3 рет жылына = 1 260 000 теңге.
Өнімнің өзіндік құны:
Көк пиязды өсірудің бір өндіріс циклінің өзіндік құны 92 000 теңге. Жылына үш рет өнім алу жоспарланып отыр. Барлығы: 92 000 теңге * 3 цикл = 276 000 теңге.
Еңбекақы қорынан аударымдар:
Жоба бастаушы екі айлық есепті көрсеткіш мөлшерінде өзі үшін әлеуметтік салықты төлеп отырады: 1 852 теңге АЕК * 2 * 12 ай = 44 448 теңге.
Бюджетке төленетін салықтар мен төлемдер. Жоба аясында корпоративті табыс салығы оңайлатылған салық салу жүйесі бойынша, яғни түсімнен 3% - 37,8 мың теңге (1,26 млн.теңге * 3%), төленіп отырады. 
Жобаны қаржыландыр

Меншікті қаражатыңыз жетіспеген жағдайда, бірақ өз бизнесіңізді бастау ықыласыңыз болса, қосымша капитал тартудың бірнеше нұсқалары бар. Қаржыландыру нұсқалары:
ЕДБ арқылы несие алу. Қаржы есептеулері пайыздық мөлшерлеме 14% шартымен алынған қарыз қаражат қажеттілігін анықтады. Өтелу мерзімі – 18 ай, жеңілдетілген мерзім – жарты жыл, өтеу төлемдері ай сайын.
«Жұмысбастылық бағдарламасы - 2020» шеңберінде несие алу. Бағдарламада ауыл тұрғындарының өз бизнесін ұйымдастыру үшін бюджет тарапынан қаражаттың бөлінуі көзделген.

Дереккөзі:   www.kasipker.info 

29.07.2014