Call-center 1411

You are here

Компьютерлік қызметтер

Жоба сипаттамасы

Жобаның анкетасы

Инвестициялық жобаның мақсаты: Жылдамдалығы жоғары Интернеті бар компьютерлік клубты ашу
Өнімділігі:  бір кіргенде 10 адамнан
Өнімі: компьютерлік қызметтер
Жобаның құны: 206млн.тенге
Өтелу мерзімі: 1,1 жыл 

Жобаның тұжырымдамасы

Бұл бизнес-жоба ақылы компьютерлік қызметтерді ұсынатын балалар мен ересектерге арналған компьютерлік клубтың іс-әрекетін ашады.

Кәсіпорынды сипаттау

Бір кіргенде 10 адамға дейін сиятын,  келушілердің кіру бағасы 200 теңге болатын жылдамдалығы жоғары Интернеті бар компьютерлік клуб-кафе  ашу жоспарлануда. Бизнесті жүргізу түрі –жеңілдетілген салық төлеу түрі мен минималды бухгалтердік есептесу негізінде жеке кәсіпкерлік. 2013 жылының жағдайы бойынша көптеген ірі қалалар компьютерлік клубтарының дамыған инфрақұрылымы бар. Қаланың ортасында, әдеттегідей, 10-нан аса компьютері бар бірнеше ірі интернет-кафесі, ал қаланың шетінде 10-30дейін компьютерге арналған бірнеше шағын клубтары.  Компьютерлік клубтардың негізгі тұтынушылары- 7 ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. Негізгі міндеті – компьютерлік білімділікті жоғарылату және халыққа офистік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беру. Қызметті ұйымдастыру жағынан  табысы жоғары және күрделілігі төмен бизнес болып табылады, сонымен қатар мамандардың біліктілігін талап етеді.  

Қызметті сипаттау

Интернетке кіру мүмкіндігін беруден түсетін пайда күндізгі уақытта тұрақты болады. Түнгі уақытта жергілікті провайдерлердің мүмкіндігіне қарай Интернетке қол жеткізу жеңілдетілген тариф (немесе түнгі пакетке тегін қосымша ретінде) бойынша қарастырылған. Клубтағы қызметтердің түрлері:

    Компьютерлік ойындар: персоналды компьютерде; локалды желі ішінде; Интернетте;
    Ғаламтор –Интернет: рефераттар, курстық жұмыстар, шығармалар, дипломық жобалар және т.б.; жаңалықтарды көру; электрондық кітапханаларға кіру; нақты уақытқа тілдесу (чат, форум, ICQ, MSN Messenger);  электрондық пошта; Интернет –телефония; видео- және аудио таспаларды тыңдау  және көру.
    Полиграфия: кең форматты басып шығару, жоғары сапалы сканерлеу, ксерокс, CD-RW дискілерге жазып беру.
    Офистік клиенттер үшін клуб «тәуліктің кез келген уақытысында барлық мәселелерді шешу орыны» ретінде өзін ұсынады.

Маркетингтік талдау және өткізу

Қазіргі таңда осындай қызметтерді көрсететін басқа кәсіпорындар халықтың қалауларын толық қанағаттандырмайды, сондықтан ұсынылып жатқан жоба бәсекеге қабілетті және келушілердің жеткілікті көлемін күтуге нақты мүмкіндігі бар деп айтуға болады.

    Көптеген пайдаланушыларда өздерінің үйдегі жеке компьютерлері бар болса да, компьютерлік қызметтерге деген сұраныс жылдан жылға өсіп келеді. Сонымен қатар, көптеген компьютерлік ойындар үшін локалды желінің бар болғаны қажет. Оған қоса, жоғары жылдамдығы бар Интернет желісіне қосылған тұрғын үйлердің желілері кеңінен тарамаған және телефон арқылы косылып тұрса да пайдаланушыны «dial-up» (33 кбит төмен)қарағанда, қосылудың жоғары жылдамдылығы қызықтырады. Бұның барлығын қазіргі таңда тек қана компьютер клубы қамтамасыз ете алады.
    Қызметтерді тұтынушы ретінде – 16-35 жас аралығындағы адамдар (жоғары сынып оқушылары, студенттер, жас мамандар). Компьютерлік клубтардың негізгі тұтынушылары – 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер. Оларды көбінесе компьютер ойындары қызықтырады. Өнімнің бастапқы бағасы ұқсас қызметтерге қалыптасқан бағасына қарай, ішкі нарықта  белгілі тауардың бағасын есепке алып өзіндік құнын есептеу жолымен анықталады.

Жобаны іске асыру шығындары мен инвестициялар

Жобаға қажетті инвестициялық салымдардың көлемі мен бағыттары

Жалпы, тенге

Конфигурация мен жұмыс станциясын сатып алу

1 357 865

Қажетті жиһазды сатып алу

200 000

Өндірістік орынды жалға алу, 50 м2

614 400

Жұмыс станцияларды электржабдықтау

25 000

Келісу іс-шаларына арналған шығындар

115 000

Жарнамаға қажетті шығындар

30 000

Ұйымдастырушылық шығындар

275 000

Барлығы

2  617 265

Ғимаратты жалға алу. Көлемі 50м 2ғимаратты Интернет-кафе ашу үшін жалға алу қарастырылады, 1м2 орташа құны– 1 024 теңге/айына

Конфигурация мен жұмыс станциясын сатып алу

Аталуы

Саны, дана

Бірлігінің бағасы, теңге

Жалпы шығындар, теңге

Компьютерлер, жинақтар

10

107 911

1 079 105

Офистік компьютер

1

102 900

102 900

Принтер-сканер-ксерокс

1

55 860

55 860

Компьютерлік клубты құру және монтаждау

 

 

120 000

Барлығы

 

 

1 357 865

Қажетті жиһазды сатып алу

Аталуы

Саны, дана

Бірлігінің бағасы, теңге

Жалпы шығындар, теңге

Үстелдер

10

4 500

45 000

Орындықтар

25

3 000

75 000

Офистік үстел

1

22 000

22 000

Оператордың үстелі

1

14 000

14 000

Қағаздарға арналған сөре

2

7 250

14 500

Материалдар үшін арналған шкаф

1

14 500

14 500

Сейф

1

15 000

15 000

Барлығы

 

 

200 000

Электржабдықтауға кеткен шығындар

Аталуы

Саны, дана

Бірлігінің бағасы, теңге

Жалпы шығындар, теңге

25 А арналған 3 тетікті жезді сым, метр

200

50

10 000

Евро розеткалар

25

200

5 000

Шамдар

10

1 000

10 000

Барлығы

 

 

25 000  

Келісу іс-шараларға қажетті шығындар

Аталуы

Саны, дана

Бірлігінің бағасы, теңге

Жалпы шығындар, теңге

СЭС келісімін рәсімдеу

1

30 000

30 000

Өрт сөндірушілердің келісімін рәсімдеу

1

30 000

30 000

Кассалық аппарат

1

25 000

25 000

Тіркелу шығындары

1

30 000

30 000

Барлығы

 

 

115 000

Байланыс арнасын құруға кеткен шығындар

Аталуы

Саны, дана

Бірлігінің бағасы, теңге

Жалпы шығындар, теңге

Штендер

1

10 000

10 000

Жарық қорабы

1

5 000

5 000

Ашылуға арналған акциялар

1

15 000

15 000

Барлығы

 

 

30 000

Жөндеу және орнату іс-шараларына қажетті шығындар  

Аталуы

Көлемі, м2

Бірлігінің бағасы, теңге

Жалпы шығындар, теңге

Косметикалық жөндеу (эспресс-декор жасау)

50

5 000

250 000

Локалды желісін монтаждау, құрал-жабдықты қалпына келтіру

50

500

25 000

Барлығы

 

 

275 000

Өндірістік жоспар

Клубтың негізгі табысы -ойын уақытын жалға беру (жалпы пайданың 80 пайызға дейін). Дегенімен, мектептегі емтихандар және ЖОО сессия кезіндегі уақытта офистік қызметтердің үлесі арта түседі (жалпы пайданың 30 пайызына дейін).Интернетке кіру мүмкіндігін беруден түсетін пайда күндізгі уақытта тұрақты болады (10-15 пайыз). 

Қаржы жоспары

1-ші операциондық жалға арналған пайда мен шығындар жөнінде есеп беру

Баптың аталуы

Жылына барлығы, тенге

Қызметтерді өткізу

4 912 000

Өндірістік шығындар

322 589

Эксплуатациялық шығындар

205800

Коммуналдық қызметтер

116789

Жалпы пайда

4 589 411

Операциондық шығындардың барлығы

2 183 313

Еңбек ақы

1 116000

Ғимаратты жалға алу

614400

Еңбек ақы қорынан бөлінулер

161340

НҚ  амортизациясы

291573

Операциондық табыс

2 406 098

Корпоративті табыс салығы

147360

Таза пайда

2 258 738

Қызмет көрсету және сатулар

Күндер

Жылдағы күндер саны

Күніне жүктелген сағаттар

Бағасы/сағ, теңге

Сомасы, теңге

Демалыс күндері

116

4

200

92 800

Жұмыс күндері

249

8

200

398 400

Барлығы 1 жылға

1 компьютерге

365

 

 

491 200

Барлығы 1 жылға

10 компьютерге

 

 

 

4 912 000

Келу коэффициенті жұмыс күндері бір компьютерге – 4 сағат, демалыс күндері – 8 сағат күніне. Компьютерді пайдалану 1 сағатының орташа құны орташа есеппен 200 теңге/сағ.

Өндірістік шығындар – Экплуатациялық шығындар

Аталуы

Барлығы, теңге

Интернет-провайдерлердің қызметі үшін

180 000

Ағымды жөндеу және профилактика

12 900

Көмекші материалдар, қосалқы бөлшектер

12 900

Барлығы

205 800

Интернет қызметтері бір интернет-кафесіне айына 15 000 теңге құрайды, сымсыз желі арқылы бұл қызмет 10 компьютерге тарайды. Ағымды жөндеу үшін және материалдарға кеткен шығындар 25 800 теңге құрайды.

Өндірістік шығындар – Коммуналдық қызметтер

Аталуы

Өлшем

 бірлігі

Шығын

көлемі

Теңге/бірлігі

Жалпы, теңге

Электрэнергиясы

кВт/сағ

8 607

11,58

99 672

Суме қамтамасыз ету

м3

45

131,00

5 895

Жылу

м3

664

16,90

11 222

Барлығы

 

 

 

116 789

Еңбекақы

Қызмет

Штаттық бірліктер

Айлық еңбекақы, тенге

Жылдық еңбекақы, тенге

Операторлар - техникалық әкімшіліктер

2

35 000

840 000

Жиннап-теруші

1

23 000

276 000

Барлығы

3

58 000

1 116 000

Қызметкерлердің интернет кафедегі іс-әрекетінің оңтайлы саны үшін 3 жұмысшы – екі кассир – техникалық әкімгер және бір сыпырушы. Операторлар техникалық және шаруашылық қызметтерін қосымша біріктіреді (шығын материалдарын сатып алу, майда жөндеу жұмыстары және клубтағы техникамен қызмет көрсету). Штат – 3 адам. 

Еңбек ақысы қорынан аударымда. 

Әлеуметтік аударым, тенге

50 220

Әлеуметтік салық, тенге

111 120

Әлеуметтік салық. Жобаны жүзеге асырушы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және әр еңбеккер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді (1 852*2 + 1 852 МРП *3 работника =9 260). Әлеуметтік төлемдер міндетті зейнетақы төлемдерін шегергеннен кейінгі еңбекақы сомасынан 5% тең (1,116 тыс. тенге *(1-10%)*5%=50 220). 

Ғимаратты жалдау. Алаңы 50 шаршы метр интернет кафені ұйымдастыру үшін айына 1024 тенге/ м2  (50 м2*1024 тенге/ м2*12 ай=614 400 тенге).
Негізгі шығындардың амортизациясы

Негізгі қаражат (НҚ)

(НҚ) Баланстық бағасы

амортизацияның %

Сомма, тенге

Жабдық

1 357 865

20%

271 573

Жиһаздың жиынтығының минималды қолданылуы

200 000

10%

20 000

Барлығы

1 557 865

 

291 573

Салықтар мен бюджетке төлемдер. Жоба шеңберінде салық төлеудің қарапайым жүйесі бойынша түсімнен 3% - 147 тыс. тенге (4,912 тыс. тенге * 3%) мөлшерінде корпоративтік табыс салығы төленеді.

Жобаны қаржыландыру 

ЕДБ арқылы қаржыландыру немесе  «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы қаржыландыру. Бағдарламада өз ісін ұйымдастыру үшін бюджеттен қаржы алу қарастырылған.  

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасында мемлекеттік гранттар мен қарыз беру, несинеі төлеудің пайызын азайту, кәсіпкерлерді оқыту және несиені кепілдендіру, ҚР кіші және орта бизнесінің даму бағыттарын қолдау мәселелері қарастырылған. Жаңа бизнес бастамашыларының/жобасының жәрдемақшасының мөлшерлемесі 7% дейін.

Дереккөзі: www.kasipker.info 

 

29.07.2014