- Бастапқы бет
- Қатысушы жадынамасы
- НҚА
- Халықаралық тәжірибе
- Оқыту
- Байланыс деректерi
Жобаның анкетасы
Мақсаты: машина жуу қызметін жұмыс істеп тұрған компанияның және инновациялық жобаның сату тәжірибесінің көмегімен жетілдіру.
Өнімділігі: жылына 19 500 жуу.
Қызметтер: жинақы машина жуу
Жобаның жалпы құны: 4,3 млн. теңге
Ақталу мерзімі: 1,5 жыл
Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы «Фаст энд шайн» (FASTANDSHINE) кәсіби және жинақы машина жуу франшизасын қарастырады, ол ең сапалы материалдарды және сертиикатталған мамандарды пайдаланады. Бұл бизнес табысты іс болып табылады және бұл бизнестің рентабельділігі де жоғары және 70% құрайды. Орташа автомобиль жуу 1-2 жылда ақталады.
Көрсетілетін қызметтерді сипаттау
Автомобиль жуу қызметінің толық спектрі: кузовты құрғақ жуу, кілемшелерді жуу, кузовты жеңіл жылтырату, салонды тазалау.
Нарықты талдау және маркетингтік стратегия
Тұрғындардың автомобильденуінің тұрақты өсуі, жылына 15-20%, автосервистік қызметтерге, соның ішінде автомобиль жууға, деген сұраныстың өсуіне алып келеді. 2007 жылдан бері елдегі автомобильдердің саны 2,7 млн.-нан 4 млн.-ға дейін өсті. Құрғақ автомобиль жуу қызметін көрсету нүктелері ретінде үш сауда орталығы таңдалды: Мега-Шымкент СДО, Фиркан Сити СДО, Баян-Сұлу СДО.
Қызмет көрсету процесі
Fast&Shine сервисінің жұмыс істеу қағидасы өте қарапайым. Бастапқыда телефондағы диспетчер машинасын қалыпқа келтіру қажет адамдардан тапсырыс қабылдайды (машинаның тұрған жері мен нөмірін жазып алады), одан кейін ақпаратты кезекші жуушыларға жеткізеді. Автомобильдерді жинақы әдістің көмегімен құрғақ жуу бар жоғы 30 минут уақыт алады (бұл өте жылдам екендігіне келісерсіз) және мүлде суды қажет етпейді.
Жуушылардың жұмысының тағы бір варианты – қалалық ірі парковкалардағы тұрақты нүктелер (сауда орталықтары, кеңсе ғимараттары және т.б. жанында).
Fast&Shine жинақы автомобиль жуудың маңызды ерекшелігі оның суды қажет етпейтіндігінде. Біздің жуушылар пайдаланатын инновациялық химия кез келген кірді жедел және тиімді (автомобильдің кузовының бояуын сақтай отырып) кетіруге мүмкіндік береді. Сонымен, құрғақ жуу қаланың кез келген орнында орынды болып табылады (тіпті Шымкент қаласының кәдімгі автомобиль жууға тыйым салынған орындарында да).
Көбінесе автомобильдің ыртын жууға тапсырыстар келіп түседі, бірақ клиенттің қалауы бойынша жинақы жуушылар автомобильдің салонын да қалыпқа келтіріп бере алады: жоғарыда аталған зат бұл мақсатқа да сай келеді.
Инвестициялық жоспар
Инвестициялық салымдар |
Барлығы, теңге |
Франшиза |
2 533 663 |
Роялти |
608 076 |
Ғимаратты жалдау |
420 000 |
Айналымдағы қаржылар |
414 375 |
Жиһаз және техника |
338 500 |
Барлығы, теңге |
4 314 614 |
Франшиза және роялти. Франчайзинг шарты бойынша бастапқы жарна – 2,5 млн. теңге және роялти – айына 50673теңге*12 ай = жылына 608 076 теңге.
Ғимаратты жалдау. Бизнесті бастау үшін СДО жертөлесінен алаңы 1 шаршы метр шығындалатын материалдар мен касса аппаратын сақтайтын арендалық орын қажет. Қаланың үш сауда орталықтарында 1 шаршы метрден айына 5000 теңге/м2 (1 шаршы метр*айына 5000 теңге/м2*12). Қаладан кеңсе жалдау 10 м2 *5000 теңге/м2.
Ғимарат жалдау |
Алаңы, шаршы метр |
Бағасы, теңге/м2 |
Барлығы айына, теңге |
Барлығы жылына, теңге |
Сауда орталығында жалдау |
3 |
5000 |
15000 |
180 000 |
Кеңсе жалдау |
10 |
2000 |
20000 |
240 000 |
Барлығы, теңге |
|
|
35 000 |
420 000 |
Айналымдағы қаржылар. Бір жылға шикізат шығындары 1,5 млн. теңге. Қазақстанда шикізатты – жуу заттарын жеткізіп беру жүйесі қалыптасқан, және қаржыларды тиімді пайдалану мақсатында шикізат алдын-ала үш айға сатып алынады. Бизнесті бастау үшін 383 мың теңге қажет (шикізатқа деген жылдық қажеттілік 1,5 млн.теңге/4 тоқсан =383 мың теңге.
Кеңсе техникасы
Негізгі құралдар |
Саны, дана |
Құны, теңге |
Баланстық құны, теңге |
Компъютер |
3 |
70 000 |
210 000 |
Принтер |
1 |
25 000 |
25 000 |
Шкаф |
2 |
20 000 |
40 000 |
Стол |
3 |
5 000 |
15 000 |
Орындықтар |
6 |
3 500 |
21 000 |
Телефон аппараты |
4 |
5 000 |
20 000 |
Интернет модем |
1 |
7 500 |
7 500 |
|
|
|
338 500 |
Айналымдағы қаржылар. Оқыту үшін айналымдағы қаржы ретінде оқу құралы және аудио дискілер болады. Ақша қаражаттарын тиімді пайдалану мақсатында кітаптар айына бір рет жаңа студенттер түсуіне байланысты сатып алынады.
Материалдық шығындарды есептеу, жылына қызмет көрсету саны 19 500*85 теңге = 1 657 500 теңге.
Қызметтің өз бағасы |
Барлығы, тг |
Бір машинаға кететін материалдық шығындар |
85 |
Бір жылға қызмет саны |
19 500 |
Материалдық шығындардың барлығы |
1 657 500 |
Қаржылық жоспар
1-ші операциялық жылдың шығыны мен кірісі туралы есебі
Мақала атауы |
Жылдағы барлығы, тенге |
Сатылу қызметінің кірісі |
14 100 000 |
Өндірістік шығындар – шикізат және материалдар |
4 387 500 |
Жалпы табыс |
9 712 500 |
Операциялық шығындардың барлығы |
6 655 191 |
Еңбек ақы |
3 960 000 |
Ғимаратты жалдау |
420 000 |
Еңбек ақы қорынан аударым |
467 112 |
Әкімшілік шығындар |
1 200 000 |
Роялти |
608 079 |
Операциялық кіріс |
3 057 309 |
Корпоративті табыс салық |
423 000 |
Таза табыс |
2 634 309 |
Сатылым қызметінің кірісі
Жуылған машиналардың орташа саны |
Нүкте саны |
Күніне |
Айына |
Жылына |
Жуу бағасы |
Түсім |
Нарықты тауар бағасы |
3 |
20 |
1 500 |
18 000 |
700 |
12 600 000 |
Жол жүрулері |
1 |
5 |
125 |
1500 |
1 000 |
1 500 000 |
Барлығы |
|
25 |
1 625 |
19 500 |
|
14 100 000 |
Шикізат және материалдар
Қызмет үшін өз бағасы |
барлығы, тенге |
Бір машинаны жуу үшін тәсіл |
60 |
3-4 сулықтар |
25 |
Бір машинаға метериалдық шығындар саны |
85 |
Жылдық қызметтің саны |
19 500 |
Материалдық шығындардың барлығы |
1 657 500 |
Қызметкерге шығын саны |
2 730 000 |
Машинаны жууға шығын |
4 387 500 |
Бір машинаны жуу үшін қызмет бағасы 60 тенге, жуу 3-4 микрофибра шүберегі 25 тенге және қызметкерге шығын жуудан 20% 140, барлығы жууға 155 теңге. Жылына қызмет үшін саны жоғарыдағы кестеде қызметті өткізудің кірісі 19 500жуу *225 тенге=4 387 500 тенге.
Еңбек ақы және бюджетке аударым. Франшизаның нәтижелі функциялануы мобильді автожуу бойынша келесі қызметкерлер керек:
Қызметі/Мамандар |
Адам саны |
Айлық еңбекақы, тенге |
Жылдық еңбекақы, тенге |
ТЦ автомашинасын жуу үшін жұмысшылар |
6 |
30 000 |
2 160 000 |
Шығып жуып келетін жұмысшылар үшін |
2 |
30 000 |
720 000 |
Клиенттерді тарту үшін әкімгерлік |
3 |
30 000 |
1 080 000 |
Барлығы |
11 |
|
3 960 000 |
Қызмет көрсету бойынша негізгі қызметкер әкімгер клиенттерді тарту үшін 1 адам және автомашиналарды жуу үшін 8 адам белгеленген еңбекақысын алады, және әрбір жуудың 20% алады.
Әлеуметтік салық. Жоба басшысы әлеуметтік салықты өзі үшін екі айлық көрсеткіш шамасында және әрбір жұмысшы үшін бір айлық көрсеткіште төлейді (18522 + 1852 МРП11 жұмысшы 24 076 теңге12 ай ). Әлеуметтік төлемдер міндетті зейнеткерлік төлемдерді шегергендегі, жалақы сомасынан 5-ды құрайды (3,960 мың теңге(1-10)5 178 200 теңге).
Әлеуметтік салық, теңге |
178 200 |
Әлеуметтік төлемдер, теңге |
288 912 |
Әкімшілік шығындар
Әкімшілік шығындар |
Айына шығын көлемі, тенге |
Жылына барлығы, тенге |
Коммуналдық төлемдер |
7 500 |
90 000 |
Транспорт шығындары |
87 500 |
1 050 000 |
Телефон шығындары, интернет |
5 000 |
60 000 |
Барлығы |
100 000 |
1 200 000 |
Барлық әкімшілік шығындар кеңсеге қажетті және жууға шығу үшін таранспорт шығындары 125 шығу*700 тенге*12ай = 1 050 000 тенге жылына.
Амортизациялық төлемдер. Бұл ескірге мүліктер бойынша жаңасын сатып алуда қолданудағы техника және жиһаздардың амортизациясы бойынша резерв, сонымен қатар корпоративтік табыссалығы бойынша салықтың салынуын төмендету үшін қолданылады, өйткені салықтың салынуының қарапайым кестесі қолданылады, амортизация сомасына табысты төмендету қажеттілігі жоқ.
Жиһаз және техника |
Баланстық құны, тенге |
Амортизация мөлшері |
Амортизациялық аударым, тенге |
Компьютер |
210 000 |
25% |
52 500 |
Принтер |
25 000 |
25% |
6 250 |
Шкаф |
40 000 |
20% |
8 000 |
Стол |
15 000 |
20% |
3 000 |
Орындықтар |
21 000 |
20% |
4 200 |
Телефон аппараты |
20 000 |
20% |
4 000 |
Интернет модем |
7 500 |
25% |
1 875 |
Микрофибр шүберегі |
112 800 |
40% |
45 120 |
Барлығы, тенге |
451 300 |
|
124 945 |
Роялти = Франшиза құны * 2% * 12 ай = 2,5 млн. *2%*12 ай=608 мың теңге
Бюджетке төленетін салықтар мен төлемдер. Жоба аясында салық салудыңжеңілдетілген жүйесі бойынша корпоративті табыс салығы төленеді, ол табыстан 3% құрайды – 423 мың теңге (14,1 млн.теңге*3%).
Жобаны қаржыландыру
ЕДБ арқылы несиелеу. Қаржы есептемелер нәтижесінде займ алу қажеттілігі туындады, оны 14% ставкасымен, өтелу мерзімі – 18 ай, жарты жылға төлеуді жылжытып, содан соң ай сайын нақты төлемдерді жасаумен іске асыру қажет.Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау жаңа бизнес жобаларға 7 пайызға дейін қарастырылған.
«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында несиелеу. Бағдарлама негізінде ауылдық жердегі тұрғындарға өз ісін ашып ұйымдастыру үшін бюджеттік құралдарды бөлу қарастырылған.
Дереккөзі: www.kasipker.info