Call-center 1411

You are here

Классикалық нан квасын өндіру

Жоба сипаттамасы

Жоба анкетасы

Инвестициялық жобаның мақсаты:ОҚО аумағында квастың айналым құралы әдісін жасап шығару цехын іске қосу және ішкі нарықта жүзеге асыру.
Өнімділік: жылына 4 800 литр.
Өнім: классикалық нан квасы.
Жобаның құны: 1 698 000 тенге.
Сатылым уақыты: 0.5 жыл.

Жоба тұжырымдамасы
Квас жарнаманы қажет етпейді. Біздің халық совет үкіметі кезінен шөлін осы қара бидай наны дәмі шығатын көбікті сусынмен қандыруға әдеттелген. Бұл табиғи өнімді тәтті газдалған бояғыштар мен дәмдеуіштер қосылған сумен салыстырғанда – ерекше. Сыра жабдығымен бейімделуіне сәйкес (ПЭТ-бөтелкелер, термоКЕГалар) сусынды сату үшін, квас бір ғана қажеттіліктен – талай сату кезінде бұзылылатын үлкен антисанитарлық бөшкелерден айрылды.
Табиғи дәмді квас өз сараланымын алкогольсіз сусындар нарығында көтере алады, сондықтан нан квасын өндіру – кіші және орта кәсіпкерлікке өте қызықты ой болып табылады. 

Нарық талдауы және өтім стратегиясы
Өнімді біз суррогаттылардан емес тек табиғи квастан қарастырамыз. «Тірі» өнімде тұтынушыларды тартуда және жарнамада ұтымды пайдалануда көптеген құндылықтар бар, бір ғана маңызды келеңсіздік бар ол – сақтаудың ерекше температурада сақтау тәртібі және таратудың белгілі уақыты. Бұндай квас қоймада көп сақтала қоймайды, сондықтан өнімді дайындамас бұрын, өткізудің белгіленген келісімін біліп алған жөн. Сатылымды әмбебап дүкендер жүйесі арқылы, бөлшектеп сату дүкені және сатылу нүктелерінде сатқан дұрыс, сондықтан өндірісті ашпас бұрын, бәсекелестің бағасын, баға саясатын, таңдалған өнімнің сатылу жағдайын және басқа да серіктестікті білу керек. 

Квас өндірісінің технологиялық үрдісі
Суды даярлау.  Табиғи квасты дайындау үшін санитарлы-гигиеналық ережелерге сай ауыз суы қажет. 
Сыра ашытқысын дайындау. Квас ашытқы тұнбасын алу үшін қара бидай ұнынан және қант қызылшасы негізінде жасалған арнайы квас брикеті қолданылады. Брикетке қайнаған су құяды (4 кг. брикетке 30 л су). Ашытатын сыйымдылыққа дайындалу тәсіліне сәйкес квас ашытқысының концентраты және қант қосылады (ферменттелген қара бидай ашытқысы). Содан соң 100 л жылы су (35°С жуық) және дрожы араласқан  қоспа  құйылады. 
Ашу. Дрожжы қоспасын қосқаннан соң ашытқыны жақсылап араластырады, ашытылатын аппаратты мықтап жабады. Ашытудың температурасы ( 30°С) және уақыты (12 сағ. кем емес) қойылады.
Пісу. Тым ашыған сұйықтықты фильтр арқылы сүзгіден өткізеді, ауа кірмейтіндей сыйымдылыққа құяды (пластмассалы азық бөшкелері, КЕГалар, бөтелкелер) одан әрі пісу үшін. Қорап анықталған белгілі деңгейдегі қысымға төзімді болуы керек. Квас күн сәулесі түспейтін қараңғы бөлмеге жайластырылады, онда ол бөлме температурасында 4 сағат ұстап тұрылады. 
Салқындату. Квас піскен соң және сусынның көмір қышқылмен қанығуынан соң, ыдыстарды мұздатқышқа жайластырады.
Сату. Табиғи  ашытылған квасты сол жерде пісіп жетілген ыдысымен сатуға қойылады.
Классикалық 1 л нан квасына шикізаттың шығыны:
•    квастық брикеттер – 0,0465 кг х 650 теңге = 30,225 теңге;
•    квастық ашытқының концентраты  – 0,01163 кг х 310 теңге = 3,6053 теңге;
•    қант – 0,0581 кг х 220 теңге = 12,782 теңге;
•    ашытқы – 0,00058 кг х 150 теңге = 0,087 теңге;
•    электрэнергия – 0,00233 кВт х 13 теңге = 0,03029 теңге;
Сонымен 1л квастың өзіндік құны – 46,73 теңгені құрады.

Инвестициялар және жобаны іске асыруға кеткен қаражаттар

Жихаздардың аталуы

Саны, бірлік

Бағасы, теңге

Ашыту аппараты

1

120000

Мөлшерлеу контейнері

1

35000

Краны бар күбі (50 л), квасты сату үшін арналған

4

32000

Квас температурасын сақтауға арналған салқындатқыш қаптама

1

12000

Пробкаларды жабуға арналған шуруповерт

1

25000

Бөтелкелерді сақтауға арналған термоқорап

1

17000

Квастық ашытқының концентратына арналған күбі (50 л)

1

2000

Мұздатқыш

1

70000

Барлығы

 

313000

Қаржылық жоспар
Бірінші операциялық кезең бойынша пайда және залалдар есебі

Баптардың атауы

Барлығы жылына, теңге

Дайын өнімді сатудан түскен табыс

11 376 000

Тікелей шығындар – шикізат пен материалдар

3 843 000

Жалпы табыс

7 533 000

Жалпы және әкімшілік шығындары

2 988 000

ЕТҚ-нан шегерімдер

202 920

Операциялық табыс

4 342 080

Корпоративті табыс салығы

341 280

Таза табыс

4 000 800

Дайын өнімді сатудан түскен табыс. 200 литрді күніне өндіру кезінде (бір ашытқы қондырғысы), бір айдағы өнім құрайды (24 жұмыс/күні):
•    құймалы квас – 2400 л х 175 теңге = 420 000 теңге;
•    бөтелкеге құйылған квас 2400 л х 220 теңге = 528 000 теңге
Барлығы жылына: 12 х (420 000 теңге + 528000 теңге) = 11 376 000 теңге.
Тікелей шығындар – Шикізат пен материалдар: 1л құйылмалы квастың өзіндік құны – 46,73 теңге. Барлығы жылына: 46,73 теңге х 2400л х 12 ай =  1 345 824 теңге. Бөтелкеге құйылған квастың барлығы (1,5л және 2 л ПЭТ бөтелкенің қақпағы мен этикеткасымен бірге құны – 40 теңге) – 86,73 теңге. Барлығы жылына: 86,73 теңге х 2400л х 12 ай = 2 497 824 теңге. Бір жылдағы тікелей шығындар: 1 345 824 теңге + 2 497 824 теңге = 3 843 648 теңге.

Жалпы және әкімшілік шығындары

Шығындар

Барлығы жылына, теңге

Еңбекақыны төлеу

2 040 000

Алаңы 60 м2 бөлмені жалға алу

720 000

Жылыту

84 000

Коммуналдық төлемдер (су, қоқыс шығару)

60 000

Жарнамаға шығындар

48 000

Басқада көзделмеген шығындар

36 000

Барлығы

2 988 000

Еңбекақы төлемдерін ашу

Қызметі

Штаттық бірлік

Айлық оклад, теңге

Жылдық оклад, теңге

Оператор

1

60 000

720 000

Оператордың көмекшісі

1

50 000

600 000

Лаборант

1

60 000

720 000

Персонал бойынша барлығы

3

170 000

2 040 000

Бір айдағы еңбекақы төлемдеріне шығындар сомасы 170 000 теңгені құрайды. 
Әлеуметтік салық. Жобаның инициаторы өзі үшін және істетіп жатқан әр бір жұмыскер үшін екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік салық төлейді ((1852 х 2 + 1852 АЕК х 3 жұмыскер ) х 12 ай = 111 120 теңге). Әлеуметтік аударымдар жалақының 5 пайызынан міндетті зейнетақы жарналарын шегеріп тастағанға тең (2 040 мың тг. х (1-10%)х5% =91800 теңге).
Корпоративтік табыс салығы. (Операциялық табыс) 11 376 000 теңге х 3% =341 280 теңге.

Жобаны қаржыландыру
Егер сізде өз қаражаттарыңыз жоқ болса бірақ өз бизнесіңізді ашуға үлкен ұмтылысыңыз болса, онда қосымша капиталды тартудың бірнеше нұсқасы бар. Қаржыландыру нұсқалары:
ЕДБ арқылы несиелеу. Қаржылық есептемелер 14 пайыздық жылдық ставка және 18 айлық өтемділік мерзімімен заем алуға, негізгі қарыз бойынша несие төлемдерін жарты жылға шегерумен алуға мүмкіншілігін көрсетіп тұр. Бұл жобаның процентік ставкасының 7 пайызын “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасына сәйкес субсидиялауға болады.
“Жұмыспен қамту -2020” бағдарламасын іске асыру арқылы несиелендіру. Бұл бағдарламамен ауыл тұрғындарына өз ісін ашуға бюджеттік қаражаттардың бөлінуі көзделген.

Дереккөзі:   www.kasipker.info 

 

25.07.2014