Call-center 1411

You are here

Қазіргі қоғамдық монша

Жоба сипаттамасы

Өнім анкетасы

Инвестициялық жобаның мақсаттары: ОҚО аумағында 400 ш.м. заманауи жуынатын қоғамдық монша салу.
Қызмет көрсету өнімділігі: бір кіргенде 50 адам
Өнім: Халыққа қызмет көрсету;
Жобаның құны: 9 688 700 теңге;
Өтелу мерзімі (РВР): 4,2  жыл;

Жобаның тұжырымдамасы

Жоба ОҚО-да қоғамдық монша салу мыналарды қарастырады:
- тұтынушыларға қызмет көрсету үшін заманауи жуынатын монша салу;
- жұмыскерлердің тұтыну қорын одан әрі ұлғайтуға жеткілікті заманау жуынатын қоғамдық моншаны іске қосудан түскен пайда массасын жинақтауды қамтамасыз ету.
    Кәсіпорынның сипаттамасы
Осы кешеннің қызметі халыққа қызмет көрсетуге арналған. Кәсіпорынның басты міндеті – бұл моншаға түсушілер санын арттыру, еңбек шығыны мен көрсетілетін қызмет бірлігі қаражатын түбегейлі қысқарту. Бұл істе заманауи жуыну моншасын салу есебінен табысқа қол жеткізуге болады.

Қызметтің сипаттамасы

Жоба ОҚО қаласында немесе ауданында қоғамдық монша салуды қарастырады, өйткені монша салуға ең қолайлы жағдайлар бар. Ұсынылған жоба үшін кішігірім инвестиция қажет. Жақсы әрленген, ыңғайлы жоспарланған және ыстық буы бар орта деңгейлі шағын монша салу жоспарланып отыр. Қазіргі жуынатын моншалар анағұрлым гигиеналы,  қажет болған жағдайда бірден жылдам жуынуды қамтамасыз етеді, яғни жұмысқа барынша тез дайындалу қажет. Моншаға бару денсаулықты жақсартады, ол көптеген аурулардың алдын алады, организмнен шлакты шығарады, сергітеді және көңіл-күйді көтереді.
    Қызмет көрсетудің артықшылықтары:
•    Біріншіден – клиенттерге өте көп мөлшерде қосымша қызмет көрсету ұсынылады: бұл – буға түсу, классикалық массаж, сабындап массаж жасау, стоун-терапия (жылу процедурасы, мұнда дененің белгілі бір мүшелеріне қызған тастар қойылады);
•    Екіншіден, моншада көрсетілетін қызметтердің бағасы қолжетімді;
•    Үшіншіден, моншаның орналасқан жері мен жұмыс тәртібі жергілікті тұрғындарға қолайлы.

Қызмет көрсету мен өткізу нарығын талдау

Жекеменшік моншалар көп жылдар бұрын пайда бола бастады. Алайда, соңғы үш жылда нарық толығып, маңызды өзгерістер орын ала бастады. ОҚО нарығында, негізінен, «жабық», «элиталы» VIP-моншалар мен сауналар қызмет етеді. Халқы тығыз орналасқан ауылдық жерлерде қоғамдық монша мекемелеріне деген аса зәрулік бар. Моншаның интерьері өте қарапайым, шамамен басқа қоғамдық моншалардікіне ұқсайды: буханасы үлкен, мұнда екі қабат орындық орнатылады. Жылы әрі үлкен шешініп-киінетін бөлме. Ұсынылған жобаны іске асыру ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Аудан орталықтарында орта есеппен 10-15 мың адам тұрады. Орналасатын жері келесі факторларды ескере отырып таңдалды:
- монша адам көп жүретін орталықта салынуы тиіс. Құрылыс жүріп жатқан аудан ұтымды болады.
-  жаңа жұмыс орындары ашылады.

Өндірістік жоспар

Моншаның классикалық жоспарлануы дегеніміз – бұл үш бөлме: киім шешетін бөлме, жуынатын бөлме және бухана. Ауыз бөлменің өлшемі 1 адамға кемінде 1,3-1,5 м, ені кемінде 1 м шамаға орайластырып қабылданады. Ауыз бөлме жылытылған, терезелері кең, терезе жақтаулары биік, еденнен кемінде 140 см биік болуы тиіс. Мұнда барлығы болуы тиіс: киім ілгіштен бастап, ағаш пен көмірге дейін. Ауыз бөлмеден кейін жуынатын бөлме немесе жуыну мен буға түсу үшін біріктірілген бөлме болуы тиіс. Буханадағы әр адамға кемінде 1 м аудан керек. Бухана – моншаның басты орны. Мұнда жоғары температура, біртегіс қыздыру және сыпырғы қолдану мүмкіндігі болуы тиіс. Киімнің ылғалдануын болдырмау үшін, бухананың есігі керісінше емес, ауыз бөлмеге ашылуы тиіс. Бу мен жылу шығынын азайту үшін, қорабы төмен, табалдырығы биік есік қойылады. Қабырға бойлап 1,2,3 қабатты ағаш сөрелер орналасады.  Жуыну бөлмесінен бөлектетілген буханасы бар моншаның жоспары: 1- киім ілгіш; 2 –ауыз бөлме; 3 - бухана; 4 – жуынатын бөлме; 5 - орындықтар; 6 – сөрелер; 7- жатын төсек; 8 – еіктер 9 – электр пеш-каменка; 10 - стол; 11 – шкафтар. Буханасы мен жуынатын бөлмесі орайластырылған моншаның жоспары (қаңқалы).

Маркетингілік талдау

Талдау көрсеткендей, жоба экономикалық жағдайдың (инфляция құрылымы мен қарқынының өзгеруі) және жобаның ішкі көрсеткіштерінің (сатып алу көлемінің, өнім мен қызмет көрсету бағаларының өзгеруі) ықтимал өзгерістеріне жеткілікті шамада тұрақты).
    Баға стратегиясы нарық бағасына негізделеді. Қызмет көрсетудің бастапқы бағасы осы қызмет түріне қалыптасқан бағаға орай, ішкі нарықта осы қызмет түріне арналған бағаны ескере отырып, өзіндік құнын калькуляциялау арқылы анықталады. Бұдан әрі баға саясаты жалпы танымал критерийлерге негізделеді. Бағаны анықтау кезінде, төлем түрі, көрсетілетін қызмет көлемі ескеріледі.
    Жобада бір жолғы келушілер үшін 500-ден 400 теңгеге дейін «кіру билетін» белгілеу жоспарланып отыр. Шағын моншаға 50 адам сияды. Жобаның тиімді жұмыс режиміне қол жеткізу үшін, күндіз, кешке және демалыс күндері жақсы өтілуін қамтамасыз ету керек. Монша орналасатын жердің ауданы – 400 ш.м.

Персонал

Жоба қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейді. Персоналдың тиімді саны 5 адам.

Инвестициялар және жобаны орындау шығындары

Жобадағы инвестициялық салымдардың бағыты мен көлемі, теңге

Инвестициялық салымдардың бағыты

Барлығы

Монша ғимаратын салу

8 000 000 

Жуынатын құралдар мен отыруға арналған орындықтарды алу

688 700 

Бұйымды пішіндеу үшін ағаштан жасалған технологиялық ауыстырылатын түпқоймалар алу

200 000 

Қуыс денелі құрылыс шлакоблоктарын дайындаумен айналысатын жұмысшыларға ақы төлеу

800 000 

Барлығы

9 688 700 

Жуынатын құралдар мен отыратын орындықтар сатып алуға арналған шығындар

Атауы

Саны

Бірлік бағасы, теңге

Жалпы құны, теңге

Отыруға арналған орындықтар

10

8000

80 000

Жуынатын шара

100

400

40 000

Қызметкерлерге арналған үстелдер

8

400

3 200

Киім ілетін металл шкафтар

50

8 000

400 000

Столдар

4

3 000

12 000

Үстелдер

20

1 500

30 000

Кір жуатын машина (автомат)

1

45 000

45 000

Телефон аппараты

2

3 000

6 000

Ақжайма

20

2 500

50 000

Резеңке тәпкі

50

250

12 500

Ыдыс-аяқ жиынтығы

4

2 500

10 000

Барлығы

 

 

688 700

1-ші операциялық жыл ішіндегі пайда мен залал туралы есеп

 #

Бап атауы

Бағасы/теңге

Күн/ай

Барлығы жылына,, теңге

1

Дайын өнімді өткізуден түскен табыс

500 теңге/ күніне 50 келуші

360

9 000 000

2

Өндірістік шығындар

   

3 253 000

 

Материалдар (жуғыш заттар және т.б.)

7 925 тг.

360

2 853 000

 

Материалдар ақжайма, сүлгі және т.б.)

100 000 тг.

4

400 000

 

Жалпы табыс

   

5 747 000

 

Операциялық шығындардың барлығы

   

3 195 000

3

Еңбекақы

36 000 тг./ 5 адам

12

2 160 000

4

Коммуналды шығындар мен жылу

1 500

360

633 000

5

Бөлме-жайды жалға алу

33 500

12

402 000

6

Корпоративтік табыс салығы

Табыстың 3%-ы

12

270 000

 

Таза пайда

   

2 282 000

 1. Дайын өнімді өкізуден түскен табыс: бір адамның кіру бағасы 500 тг құрайды; Айына орта есеппен 50 адам кіреді; (500 теңге*50*30*12= 9 000 000) теңге;
 2. Өндірістік шығындар: Күн сайын моншаны жуу үшін хлорға 285 тг, киім-кешек жууға 2000 тг, шай мен құрғақ жемістерді ұйымдастыруға 2000 теңге жұмсалады; (285тг.+2000тг.+2000тг.+3 640)*360= 2 853 000 теңге; Тоқсан сайын жамылғы, сүлгі сатып алынады, 100 000 теңге сомаға ақжайма (50 адамға 2 000тг); 100 000*4=400 000 теңге; Өндірістік шығындардың барлығы жылына: 2 853 000+400 000=3 253 000 теңге;
 3. Еңбекақы: 5*36000*12 ай=2 160 000 теңге (барлық салық пен шегерімдерді қоса алғанда);
 4. Коммуналдық шығындар мен жылу: 504 000+30 000+99 000=633 000 теңге; Көмірге жұмсалатын шығыстар: (100 кг көмір күніне 14 теңге/кг) 1400*360=504 000 теңге; Жарыққа жұмсалатын шығыс:2500 тг*12= 30 000 теңге; Суға жұмсалатын шығыстар (1кБм үшін 55 тг, айына 150 кБм): 8 250 тг*12=99 000 теңге;
 5. Бөлме-жайды жалға алу: 33 500 тг*12=402 000 теңге;
 6. Корпоративтік табыс салығы: 9 000 000 тг*3%=270 000 теңге;

Жобаны қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шаралары

Өзіңіздің жеке қаражатыңыз болмай, бірақ жеке бизнесіңізді ашу ниетіңіз болған жағдайда, қосымша капитал тартудың бірнеше жолы бар. Қаржыландыру нұсқалары:
ЕДБ арқылы несие алу. Қаржы есептері пайыздық мөлшерлемесі 14%, өтеу мерзімі 60 ай, өтеу мерзімі жарты жылға кешіктірілетін, содан кейін ай сайын тұрақты төлеп тұратын қарыз алу қажеттілігін айқындап отыр. Жаңа бизнес бастамалардың/жобалардың 7%-ға дейінгі сыйақыларының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асыру аясында несиелендіру. Бағдарлама ауылдық жердегі тұрғындар үшін өз ісін ұйымдастыруға бюджет қаражатын бөлуді қарастырады.

Дереккөзі: www.kasipker.info 

25.07.2014