Call-center 1411

You are here

Макарон өнімдірінің өндірісі

Жоба сипаттамасы

Жобаның анкетасы
Инвестициялық жобаның мақсаты: макорон өнімдерінің өндірісі.
Өнім: макарондық өнімдер, қорапталған
Өнімділігі: 79 тонна жылына
Жобаның құны: 4 млн.тг.
Өтімділік мерзімі: 2 жыл

Жобаның тұжырымы
Осы тұжырымдама макарон өнімдерін өндіретін типтік компанияны құруын анықтайды. Бұл жоба макарон өнімдерінің нарығының жаңа бастаушы ойыншыларына көмек ретінде бизнес-жобаның құрылымына сәйкес құрылған. Ұсынылып отырған даму жолы тек ұсыныс ретіндегі мінездемеге ие және оны тек жалғыз дұрыс жол деп қабылдамау керек. Бұл жобада жихаздарға, персоналға және өнімнің жылжуына максималды шығындар көзделген. Іс жүзінде әр-бір меншік иесі өз алдына оларды тиімдірек жайластырады. Сонымен қатар, барлық есептеулер қала ішінде жұмыс істейтін кәсіпорын үшін жүргізілген, алайда басқа жағдайлар үшін тиісті түзетулер жүргізілуі керек.
Жобада суреттелген және үдерістерде пайдаланылатын барлық жихаздар, көлік және шығындалатын материалдар қазіргі заман талаптарына жауап береді және пайдалануға ұсынылады.

Өнімнің сипаттамасы
Осы жобаның нәтижесінде тауардың бір түрі – макарон өнімдерінің ассортименті сатылатын болады. Макарон өнімдері – бидай ұны мен судан дайындалған қамырдың құрғатылып, трубка түрінде немесе басқада нысандардағы өнім түрінде форматталып, қалдық ылғалдығы 13 пайыздан аспайтындай етіп құрғатылған және де тиісті сақтау шарттарында бір жыл ішінде сақталып өзінің сапа көрсеткіштерін бұзбайтын өнімге айтамыз. Олар және де 19 пайыздық қалдық ылғалдықтағы, сату шарттары 24 сағаттан 3 тәулікке дейінгі жартылай өнім түрінде де дайындалуы мүмкін. Макарон өнімдері бұл бағалы азық өнімі, олардың басқалар өнімдердің алдында ерекше артықшылықтары бар:
•    өз қасиеттерін жоғалтпай отырып сақтау мерзімі 1 жылға дейін;
•    дайындалудағы жылдамдығы мен жайлығы;
•    жоғары азық бағалығына ие (оның 100 г құрғақ өнімінен дайындалған ас, адам организімінің тәулік ішінде қажет етілетін ақуыз бен көмірсутектің 10 пайызын қанағаттандырады);
•    макарон өнімдеріндегі ақуыз бен көмірсутектің қоректендіргіш заттарының жоғары меңгерілуі байқалған.

Нарықты талдау және маркетингтік стратегия
“TNS Gallup Media Asia” компаниясымен жүргізілген “Media Market Index1” зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып, Қазақстанда макарон өнімдерін 97 пайыз тұрғындар тұтынады. 
Макарон өнімдерінің тұтыну маркалары мен ол жөніндегі тұрғындардың біліміне талдау жасайтын болсақ отандық өндірушілердің арасында “Султан” маркасы алдыңғы қатарларда. Бұл марканы макарон өнімдернін тұтынушылардың 91 пайызы білетін болды. Ал макарон өнімдерін тұтынушы 81 пайыз тұрғындар “Султан” маркасын таңдайды екен. Алдағы 5 үздіктердің қатарын “Әділ” маркасындағы макарон өнімдері құрайды екен оның білім және тұтыну көрсеткіштері 13 және 5 пайыздарды көрсетіп тұр.
Макарон өнімдерін белсенді тұтыну оларды сатып алушылардың арасында кейбір әдеттердің қалыптасуына алып келді. Мысалы, тұтынушылардың жартысы макарон өнімдерін қораптарда сатып алуға үйренген. Тұтынушылардың 25,4 пайызы болса макарон өнімдерін керекті мөлшерін таразыдан тартып сатып алып жүр, ал 24,8 пайызы бұл жөнінде ерекше көзқарастары жоқ екенін айтып өтті.
Өнімнің сатылуы.  Компанияның коммерциялық қызметі төлем қабілеті бар тұтынушыларға бағытталуы және олармен ұзақ мерзімді келісім-шарттық қатынастарға негізделуі керек. 

Баға стратегиясы.  Баға старатегиясы келесі іс-шараларды көзделуін қарастырады:
•    бәсекелестердің баға стратегиясын үйрену;
•    жеңілдіктер жүйесін пайдалану;
•    бағаларды өз шығындарының толық жабылуы мен іс-жүзіндегі заңнамаға сәйкес қалыптастыру;
•    өзгермелі төлем нысандарын кеңінен пайдалану – төлемді кешіктіру жүйесін енгізу.

Технологиялық үрдіс
Өндірістің технологиялық үрдісі келесі схемада көрсетілген. 

Шикізат пен жеткізулер.  Негізгі шикізат – ұн. Ұнды сатып алу оған деген қажеттілікке негізделеді, дегенмен үш күндік міндетті қор көзделген.

Өндірістік үрдістің инфрақұрылымы электр энергияны, ішімдік суды, газды және будың пайдалануын көздейді. Ішімдік сумен технологиялық үрдіс толығымен қалалық су жүйесінен қамтамасыз етіледі. Цех аумағында жайластырылған бугенераторы, буға деген технологиялық қажеттілікті толығымен қамтамассыз етеді.
Электр энергияның шығындары 1 тонна өнімге жылдың мезгіліне байланысты  225 кВт/сағытынан 250 кВт/сағатына құрайды.
Қораптағыш материалдар, қораптар. Өнімдерді қораптау үшін қораптардың келесі түрлері пайдаланылады:
a) ұсақ қораптар (қораптағыш пленкасы мен кіші қораптағыштар)
b) ірі қораптар (полипропилендік қаптар, крафт қаптар мен гофра-қаптар).
Қораптар мен ыдыстар белгілі уақытта тұтыну қажеттілігіне сәйкес сатып алынады.
Шикізатқа қойылатын талаптар – өнімнің түріне қарай дән маңыздылығы 26-28 пайыздық наубайханалық ұн. Қораптарға қойылатын талаптар: қалыңдығы 40 микроннан аспайтын пленка, екі қабатты арасында суреті бар полипропилен; беріктігі 180 кг. жүктемеге шыдамды гофро-қораптағыш, арнайы затпен қоректендірілген төрт қабатты қағаз крафт-қаптар. Қораптардың барлық түрлеріне олардың жарамдылығын және азық түлік өнеркәсібінде пайдалануға рұқсат беретін гигиеналық қорытындылар қажет.
Ұнды дайындау.  Бұл кезең келесі операцияларды қамтиды: өлшеу, араластыру, елеу және негізгі ингредиенттің магниттік тазалануы. Негізгі шикізаттың әр-түрлі партияларын араластырғанда олардың бір сұрыпты болғаны жөн, ол оның сапалық көрсеткіштерін жақсартуына өз әсерін тигізеді. Ұнды сақтау үрдісінде қоймалардағы бір ауа температурасын сақталуын үнемі күзете алмаймыз. Сондықтан ұнды араластыру арқылы қажетті ылғалдықты шикізатты алуға мүмкіндік береді. Кері жағдайда, вакуумдық пресстің жұмысындағы, ал кейбір жағдайларды технологиялық тізбектің барлығындағы тоқтауларға алып келуі мүмкін.
Ұнды елеу.  Қапылыста ұнның ішінде қалған бөлек заттар шығарылуы тиіс (бұтақша, бүр, жіптер, қағаздар, құрғатылған ұнның түйірлері).
Магниттік тазалау.  Жихаз ішінде арнайы магниттер көмегімен металл қоспаларының ұсақтары жойылады, олар ұн ішіне өндіріс немесе көлікпен тасымалдау кезінде түсіп қалуы мүмкін.
Макарондық қамырдың дайындалуы. Макарондық қамырдың құрамы – ұн өнімдерінің өндірісінде пайдаланылатын әр түрлі нұсқалардың ішіндегі ең қарапайым болып келеді. Көп жағдайларда жалғыз ингредиенттері ретінде тек ұн мен су пайдаланылады. Егер әр-түрлі қоспалар қосылатын болса (жұмыртқалар, бояулар), өнімнің өзіндік құны қымбаттай бастайды, ал ол өз кезегінде өндіріс рентабелділігін төмендетеді. Макарондық қамырдың қоспасы кезінде, ұнға судың минималды мөлшері қосылады. Алғашқы оның түрі ұсақ бейнелі құрылымға ие болады, әрі қарай сығымдалу кезеңінде ол біркелкі массаға айнала бастайды және өнімнің нысанын қалыптастыруға септігін тигізеді.  
Ингредиенттерді мөлшерлеу және араластыру. Илеу үздіксіз іс әрекеттегі қамыр бұлғауыштарда  іске асырылады, олар көпшілігінде вакуумды пресстердің құрамына кіреді. Олар көпастаулы типті болатынын ескеру керек (сағатына 150 кг астам өнім өндіргенде қолданылады). Рецептураға  сәйкес ұн мен су құрал-жабдыққа мөлшерлегіштер   арқылы келеді. 
Қамырды нығыздау және қалыптау. Қамырды нығыздау және өнімдерді тікелей қалыптау шнекті вакуумдық престерде жүзеге асады. Ұн мен су қамыр бұлғауышқа кірер саңылаудан үздіксіз ағынмен жіберіледі де бұлғауыш күректермен араластырылады. Қамыр арнайы саңылау арқылы сығымдау құралының шнегіне түседі, ол айналып, қамырды сығымдайтын жерге қарай жылжытуға әсер етеді. Бұл жерде ол сығымдалып, тығыз массаға айналады. Сығымдау және қалыптау үдерісін жеңілдету үшін қамырдың температурасын жылытуға болады – бұл оны жұмсартып икемді етеді. Вакуумды өңдеудің мәні ауа көпіршіктерін шығару болып табылады. Матрицада қалыптаудан кейін, дайын макарон өнімдері алынады. Қамырдың  ысып кетуін болдырмау және оның иілгіштігін сақтау үшін суық су беріледі.
Шикі макарон өнімдерін бөлшектеу. Бұл үдеріс дайын қамыр сығымдалғаннан соң іске асырылады, ол үрленіп, жеке  бөлшектерге туралып, жайғастырылуы тиіс. Кептіру пресінің жылдамдығы, шикізат шығыны және макаронның сыртқы түрі осы операциялардың орындалу сапасына байланысты.  Содан соң дайын өнімдер кептіруге дайындалады. Макарондардың жабысып қалуын болдырмау үшін және дәлірек кесу үшін олар үрленеді.
Дайын макарон өнімдерін  орау және сақтау.  Дайын өнімді бөлшектеп қалталауға дейін ол картон қораптарда 4-5 сағат ұсталады, содан соң ғана оны қалталауға болады. Заманауи құрал-жабдықтың кейбір үлгілерінде гидротермиялық технология қолданылады – суытқыш бар жағдайда, қалталауға бірден кірісуге болады.  Макарон өнімдерін қалталап (1 кг-ге дейін) және өлшеп шығаруға болады.   Бірінші жағдайда қалталау материалы есебінде картон қораптары, қағаз және целлофан пакеттері  пайдаланылады. 
Шағарылатын өнімнің жоғары сапасына қол жеткізу үшін  тәжірибелі технорлогты жұмысқа тарту керек, ол өз кезегінде технологиялық үдерісті және өнімнің құрамын қадағалап отырады. Оның кәсіби біліктілігінен кіші зауыттың бәсекелестігі және жалпы бизнестің табыстылығы   тәуелді болады. 
Макарон өнімдерін өндіру бойынша  кіші фабриканы ұйымдастыру үшін ресейлік құрал-жабдықты алған жөн, ол осы операциялардың орындалуын қамтамасыз етеді. Ол импорттық құрал-жабдыққа қарағанда (мысалы, белгілі итальяндық) бірнеше есе арзан келеді.    

Инвестициялық жоспар 

Инвестициялық салымдар

Жиыны, теңге

Құрал-жабдық

14444520

Ғимаратты жалға алу

1605600

Айналым құралы

1039500

Барлығы

4089620

Құрал-жабдыққа шығындар.  Макарон өндірісін  ұйымдастыру үшін келесі құрал-жабдықтар алу қажет:   

 

Құрал-жабдықтар

Құны, теңге

Ұн елегіш

42210

Қамыр бұлғауыш

107870

Макарон пресі

844200

Кептіру шкафы

145390

Орау машинасы

304850

Жиыны

1444520

Ғимаратты жалға алу. Өндірістік цех алаңына қойылатын талап – ол технологиялық  тізбекті орнату және ұн мен дайын өнімді тиісті жағдайда сақтау үшін кішігірім қойманы орналастыруға жеткілікті болуы тиіс. Қойма ғимараттары үшін 150 шаршы метрден кем емес алаң бөлу ұсынылады. 

 

Ауданы

Құны, тг/м2

Жиыны айына, тенге

Жиыны жылына, тенге

«В» сыныпты ғимарат

150

892

133800

1605600

Айналым құралдары. Макарон өнімдерін өндіру үшін негізгі ингредиенттер ретінде ұн мен су қолданылады. 1 кг дайын өнімге 950 грамм бастапқы шикізат (ұн) қажет. Айына макарон өндірісінің жоспарлы көлемі  6600 кг: 300 кг*22 жұмыс күні, мұнда 300 кг- бір күндік өнім өндіру мөлшері, 22 күн – 1 айдағы жұмыс күні. Ақша қаражаттарын тиімді пайдалану үшін шикізат пен материалдар 3 айға алдын-ала алынады. Өндіріс барысында шикізатты жоғалтулар   5 %. 6600*3*50*1,05 = 1039500 теңге 

Қаржы жоспары 
Табыстар мен шығындар есебі

 

Мақала атаулары

 

Жылына барлығы, теңге

Түсім

10444183

Өндірістік шығындар-шикізат және материалдар

4158000

Жалпы пайда

6286183

Барлығы операциялық шығындар

3549400

Еңбекақы

1200000

Мекеменің жал ақысы

1605600

Еңбекақы қорынан бөлінулер

142896

Коммуналдық қызмет

312000

НҚ амортизациясы

288904

Операциялық кіріс

2736783

Корпоративті табыс   салығы

3133325

Таза пайда

2423458

Қызмет көрсетуден табыстар. Оралған  макарон өнімдерінің 1кг бөлшек сауда бағасы 132 теңге. Өндірілген макаронның сатылуы 100 % болған жағдайда,  1 жылдағы  жалпы түсім: 6600 кг/айына*132тенге*12 ай  =  10,4 млн.тенге 

Макарон өнімдері, тенге/кг

131,871

Өндіріс көлемі, кг

79200

Түсім, тенге

10444183

Шикізат пен материалдар. Макарон өнімдерін өндіру үшін негізгі ингредиенттер ретінде ұн мен су қолданылады. Айына 6600 кг макарон өндіру үшін 6930 кг ұн қажет. 1 кг  ұнның бағасы 50 тенге болса, жылдық шығын сомасы 4158000 тенге болады.

Еңбекақы және бюджетке аударымдар. Мини-зауыттың тиімді іс-әрекеті үшін келесі персонал қажет:

 

Қызметі/Мамандар

Штаттық бірлік

Айлық оклад, теңге

Жылдық оклад, теңге

Технологиялық тізбекке қызмет көрсетуші жұмысшылар

1

30000

36000

Технолог

1

70000

840000

Барлығы

2

 

1200000

Әлеуметтік салық. Жобаның  бастамашысы екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өзі үшін және бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әр жұмысшы үшін әлеуметтік салық төлейді (1852АЕК*2 + 1852АЕК*2 жұмысшы) * 12 ай  = 88896 тенге). Әлеуметтік салық еңбекақыдан міндетті әлеуметтік бөлінулерді шегерген сомадан  5 % болады. (1200 мың тг*(1-10%)*5% = 54000 теңге).

Әлеуметтік салық, теңге

54000

Әлеуметтік бөлінулер, теңге

88896

Ғимаратты жалға алу. Өндірістік ғимарат алаңы 150 шаршы метр айына 892 тг/м2, жылына   - 1605600 теңге.
Коммуналдық қызметтер:

 

Әкімшілік шығындар

Айлық шығын мөлшері, тенге

Барлығы, жылына, тенге

Коммуналдық төлемдер

10000

120000

Көлік шығындары

12000

144000

Орау пакеттері

4000

48000

Барлығы

26000

312000

Амортизациялық аударымдар

Негізгі құрал

Баланстық құны

Амортизация мөлшері

Амортизациялық аударымдар

Құрал-жабдық

1444520

20%

288904

Бюджетке салықтар мен төлемдер. Жоба шеңберінде салық салудың қарапайым жүйесі бойынша корпорапивтік табыс салығы төленеді, түсімнен 3 % мөлшерінде - 313 мың теңге (10,4 млн* 3%). 

Қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шаралары.
«Жұмысбастылық - 2020»  бағдарламасы бойынша - Өз ісін кеңейту немесе айналым капиталын толықтыру үшін (сауда аясындағы қызметті іс асырудан бөлек) Ауылшаруашылығын Қаржылық Қолдау Қоры  ұйымды 6% мөлшермен 54 айдан аспайтын мерзімге микронесиелеуді іске асырады. 
Екінші  деңгейлі банктер арқылы несиелендіру. Қаржылық есептеулер қарыздың 14%, төлеу мерзімі 18 ай, ұзарту мерзімі ОД бойынша және жарты жылға  %, содан соң тұрақты ай сайынғы төлемдер болу қажеттігін анықтады. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының шеңберінде сыйақының пайыздық мөлшерін субсидиялау 7% дейін. 

Дереккөзі:   www.kasipker.info 

24.07.2014