Call-center 1411

You are here

Автожуу

Аймақтарда жобаның іске асуы

Аймақ Жүзеге асырылған жобалар
Барлығы 1
Жамбыл облысы 1
Тараз қ.
1

Жоба сипаттамасы

Өнім анкетасы:

Инвестициялық жобаның мақсаттары: Жылдам іске қосылатын автожуу ашу
Өнімділігі: 19 мың автомобилге автожуу қызметін ұсыну
Өнім: Автожуу
Жобаның құны: 11 млн. теңге
Өтелу мерзімі: 2 жыл.

Жобаның тұжырымдамасы

Жолдарда автомобиль санының арта түсуін және Ресей климатының ерекшеліктерін ескеретін болсақ, осы бизнес түрі тұрақты жоғары табыс әкелуі мүмкін. Дайын автожууды сатып алу тіптен жақсы. Оны өз бетінше салу тиімсіз. Бұл көп жұмыс көлемін және түрлі инстанциялармен келісуді қажет етеді. Өз автожуу орныңызды дамыту әлеуеті – заманауи жоғары өнімді жабдық. Есіңізде болсын, ескіні жөндеуге шығындалғанша, жаңа техниканы сатып алған жақсы. Ескі техника лайықты жуу сапасын қамтамасыз ете алмайды.

Өнім сипаттамасы

Автожуудың стандартты қызметтері:
•    машиналарды қолмен жуу;
•    жанасусыз жуу;
•    автоматты жуу;
•    кешенді жуу, химиялық тазалау;
•    қолмен тегістеу.

Нарықты талдау және маркетингілік стратегия

Шымкентте күн сайын 100 жеңіл автокөлік тіркеледі. Бірінші орында Алматы қаласы тұр. Шымкент Алматыдан бес есе кіші екенін ескеретін болсақ, ОҚО-да есепке тұрған машиналардың 90 пайызы осы Шымкентте тұрақтайды. Автомобиль саны ұлғайған сайны, қосымша автожуу орындарына сұраныс арта түседі.

Технологиялық үдеріс

Автожуу құрылысының негізгі кезеңдері. Автожуу құрылысы (монтаж) міндетті төрт бірізді кезеңнен тұрады.
1 кезең – автожуудың орналасатын жерін таңдау. Автожуу орналасатын жерді таңдау кезінде, бірқатар факторларды ескеру қажет:
•    автожуу орнын автомобильдер көп жүретін жерде таңдау керек;
•    автопарктер мен автомобиль кәсіпорындарының жақын болуы;
•    аз шығын жұмсай отырып, электрмен қамту және су құбырын жүргізу мүмкіндігі.
Егер сізде автожуу орнын салу идеясы пайда болса, онда оның орналасу орнын таңдау маңызды мәселе екенін есте сақтаңыз.
2 кезең – болашақ автожууды жобалау. Автомобиль жуатын орынды салу кезінде, жобалау кезеңі өте маңызды болып табылады. Эскиздік жоба құрылыс барысында міндетті түрде пайда болатын көптеген мәселелердің ақпараттық және графикалық шешімі болып табылады:
•    ғимаратты қалай дұрыс салуға болады?
•    жабдықты қалай орналастыру керек?
•    су мен электрді және т.б. қалай әкелуге болады. Жобалық эскиз бізге не ұсынатынын қарастырып көрелік:
•    автожуу жабдығының жиынтықталымын сипаттау;
•    сәулет-құрылыс шешімдері;
•    автожуудың жұмыс технологиясы;
•    жабдық бойынша электрмен қамтудың бөлінісі;
•    сумен қамту;
•    желдету және жылыту жүйесі.
Жобалық эскизге жұмыс қауіпсіздігімен байланысты негізгі ережелер де кіреді. Оған келесі элементтер кіреді:
•    өртке қарсы іс-шаралар;
•    еңбекті қорғау;
•    қоршаған ортаны қорғау.
Автожуудың жобасы бөлме-жайдың жоспары негізінде құрылатын немесе тапсырыс берушіге әзірленген тапсырма нұсқалары ұсынылатын өзіндік бір техникалық тапсырма болып табылады.
3 кезең – тікелей автожуудың құрылысы және оның келісілуі. Әдетте, автожуу ғимаратының құрылысы мамандандырылған құрылыс ұйымдарының көмегімен іске асырылады, олар өз кезегінде әлдебір бағыт бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған лицензиянға ие болуы тиіс.
Автожуу салынған соң, келесі бағыттар бойынша арнайы қызметтермен келісім жасалуы қажет: ІІМ бөлімі, өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемеологиялық қызмет және т.б.
4 кезең – жабдықты орнату мен монтаждау. Осы кезеңдегі жұмыс өнім берушінің ұсынған жобасына сәйкес атқарылады.
Модульдік автожуудың артықшылықтары:
•    Дайын автожуу бизнесі – дайындау, монтаждау және 1,5 ай ішінде іске қосу.
•    Орташа өтелу мерзімі - 1-2 жыл.
•    Күрделі құрылысты қажет етпейді.
•    Қарапайым кадрлық және ұйымдастыру құрылымына ие.
•    Тікелей капиталдандыру. Сіз нақты материалдық-функционалды жобаға ақша саласыз.
•    Автожууды басқа жерге көшіру мүмкіндігі бар.

Инвестициялық жоспар

Инвестиция салымы

Барлығы

3 постқа арналған автожуу кешені

8 310 000

Жабдық

1 657 250

Қосымша жұмыстар

1 551 200

Барлығы

11 518 450

Автожуу кешені:

3 постқа арналған автожуу кешені

Сомасы

1. Каркас – тегістелген және боялған қара металл

8 310 000

2. Қабырғаларының сыртқы және ішкі әрленуі – сэндвич-панелдер, түсі RAL, қалыңдығы 50 мм ППС (пенополистирол)

3. Шатыр – шатыр сэндвич-панелдерінен дайындалған еңіс. Түсі RAL,   қалыңдығы 100 мм ППС (пенополистирол)

4. Еден – ылғалға төзімді құйылма

5. Бөлменің төбесі – шатырлық сэндвич-панель

6. Терезе, есік – ПВХ

Жабдық: Автожууды ашу үшін, стандартты жабдық жиынтығы қажет: су қыздырмайтын жоғары қысымды аппарат, жуатын шаңсорғыш, су тазалау мен рециркуляциялауға арналған аппарат.

Айналымды сумен жууға арналған АВД

HD 7/18 4M *EU-I Жоғары қысымды кәсіби аппарат, өнімділігі 240-700 л/мин, 10-180 вар, 3~/400В/50Гц, 5 кВт.

Karcher, Германия

 252 250   

3 шт.

     756 750   

Шаңсорғыштар

NT 65/2 Eco Қарқынды тазалайтын жаңа сүзгісі бар ылғал және құрғатып тазалайтын қуатты шаңсорғыш, 2х56, ~2750 Вт.

Karcher, Германия

 115 500   

1 шт.

     115 500   

УКО су тазалау және рециркуляциялау жүйесі

УКО-2КМ** Тазалау құрылыстары, өнімділігі 1м³/ч, 1,5 квт, моноблокөлшемі 2,1 х 0,7 х 1,85 м

Ресей

 700 000   

1 шт.

     700 000   

Жанасусыз жуу жабдығы

¼ концентраты үшін автомобилдерді жанасусыз жууға арналған көбікжиынтық (көбік құрау класы "Н")

Karcher, Германия

  42 500   

2 шт.

       85 000   

Барлығы

 

 

 

 1 657 250   

Қосымша жұмыстар:

Қосымша жұмыстар

Барлық шығын

Іргетасы монолит (Марка Б-15) арматураланған және жұмыстар

702 000

Инженерлік желілер (электр, жылу, желдету, кәріз жүйесі)

752 000

Автожуатын постқа пандус (салынған асфальт)

97 200

Барлығы

1 551 200

Пайда мен залалдар туралы есеп

Баптың атауы

Барлығы жылына

Қызметті іске асыру

11 664 000

Тікелей және әкімшілік шығыстар

5 544 158

       Автохимия

383 520

       Еңбекақы

3 767 784

       Су

123 638

       Электр қуаты

729 216

     Жерді жалға алу

540 000

Операциялық табыс

6 119 842

Корпоративтік табыс салығы

349 920

Таза пайда

5 769 922

Жалпы табыс: есептеу негізі ретінде автожуудың бос тұру уақытын өтеу үшін 70%-ға дейін төмендетуші коэффицентті ескере отырып, орта класты жеңіл автомобильдерге арналған Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша орта чек құнын негіз етіп аламыз. Есептеуде жол талғамайтын машиналарды, өкілетті класты автомобильдер құны, сонымен қатар автожуудың қосымша қызметтері: жылтырату, химиялық тазалау, салонды жинау және т.б. ескерілмеген.

Тәулігіне жұмыс режимі,  (сағат/тәулік)

24

Бір машинаны жуға жұмсалатын орташа уақыт, мин/машина

40

Автожуу посттарының саны

3

Тәулігіне машиналардың ең көп саны

108

Төмендететін коэффициент

70%

Тәулігіне күтілетін машиналар саны

32   

Жылына саны

11 664   

Автожуудың орташа құны, теңге/машина

1 000

Жалпы түсім

11 664 000   

Автохимия және шығыс материалдары: автохимия мен жуғыш заттарды көтерме бағада сатумен шұғылданатын компаниялар автожуудың өнім берушілері бола алады. Ең алдымен автосусабын, балауыз полироль, салонды химиялық тазалауға арналған заттар көп жұмсалады. Кузовтарды сүртуге арналған шүберектерді мерзім сайын ауыстырып отыруды ұмытпаңыз.

Автохимия және шығыс материалдары

Барлығы

Автохимия (жанасусыз жууға арналған автосусабын)

184 320

Майлықтар (3000 дана + 4 жасанды жұмсақ тері)

91 200

Балауыз полироль

108 000

Барлығы

383 520

Персонал және олардың еңбекақысы. Автожуудың үздіксіз жұмыс істеуін 2 ауысымда жұмыс істейтін қызметкерлер санын жалдау қамтамасыз етеді. Айталық, бір мезгілде 3 машинаны жууға арналған автожуу үшін 3 қызметкер керек. Орындалған жұмыс көлемі үшін еңбекке ақы төлеу шығындарын тиімді ойластыру керек (әр машинадан түскен түсімнің 30%-ы). Қажет жағдайда қызметкердің орташа айлық жүктемесін ескере отырып, нақты еңбекақы белгілеуге болады.
Әлеуметтік салық. Жоба бастамашысы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді (1 852*2 + 1 852 АЕК *3 қызметкер) * 12 ай = 9,260 теңге*12 = 111,120)). Міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда 3,5 млн. теңге*(1-10%)*5%=157,464), әлеуметтік аударымдар еңбекақы сомасының 5%-ына тең.
Персоналға жұмсалатын шығын:

Күтілуші түсім

   11 664 000   

Жуушылардың мөлшерлемесі

30%

Еңбекақы шығындары

     3 499 200   

Әлеуметтік салық, теңге

157 464

Әлеуметтік аударымдар, теңге

111 120

Барлық шығын

3 767 784

Су мен электр қуатына жұмсалатын шығындар:
Орта есеппен бір машинаға 200 литр су жұмсалады. 11,664 машинаны жуу үшін 23.638 теңге қажет етіледі:

1 машинаға жұмсалатын су, м3

0,2

Жылына машиналар саны

11 664

м3 су бағасы

53

Суға жұмсалатын барлық шығын

             123 638   

Егер күніне 32 машина орта есеппен 240 кВт электр қуатын тұтынатын болса, жылына 86,400 кВт электр қуаты тұтынылады немесе 729,216 теңге шығындалады:

Электр қуаты, 240 кВт/тәулік

                    240   

Жылына энергия тұтыну, (360 күн)

                     86 400   

Төмендететін коэффициент

50%

Электр қуатының құны, теңге/кВт

                  16,88   

Жылына электр қуатына жұмсалатын шығын

             729 216   

Жерді жалға алу. 3 посттық автожууға арналған оңтайлы жер ауданы 150 м2. ОҚО-да жерді жалға алудың орташа мөлшерлемесі орта есеппен айына ...., ал жылына ...:

Жер телімі, м2

                        150   

Жалға алу мөлшерлемесі, айына теңге/м2

                        300   

Барлық жалға алу төлемі, тг/ай

                   45 000   

Барлық жалға алу төлемі, тг/жыл

                 540 000   

 

 

 

 

 

 

 

 

Салықтар және бюджетке төлемдер. Жоба аясында пайдадан 3% бойынша оңайлатылған салық салу жүйесі негізінде корпоративтік табыс салығын төлейтін болады -  350 мың теңге (11,6 млн. теңге* 3%).
Ескертпе. Экономикалық өзгерістер жағдайында нақты цифрларды атап көтсетіп, автожуудың дәл жоспарын беру қиын. Баға үнемі өзгеріп отырады, ертеңгі баға қалай өзгеретінін болжау мүмкін емес. Дегнмен, жоғарыда келтірілген өтелу есебіне орай автожуудың пайдалылығын бағалауға болады.

Қаржыландыру және жобаны мемлекеттік қолдау шаралары

ЕДБ арқылы несие алу. Қаржы есептері пайыздық мөлшерлемесі 14%, өтеу мерзімі 3 жылға дейін, өтеу мерзімі жарты жылға кешіктірілетін, содан кейін ай сайын тұрақты төлеп тұратын қарыз алу қажеттілігін айқындап отыр.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асыру аясында несиелендіру. Бағдарлама ауылдық жердегі тұрғындар үшін өз ісін ұйымдастыруға бюджет қаражатын бөлуді қарастырады.

Дереккөзі: www.kasipker.info 

24.07.2014