Call-center 1411

You are here

Антикафе ашу

Жоба сипаттамасы

Жобаның талдауы:
Инвестициялық жобаның мақсаттары: Шымкент қаласында алғашқы антикафе ашу. 
Өнім:  Қызмет көрсету саласы
Жобаның құны: 7 416 000 теңге.
Өтелу мерзімі: 1,5 жыл.

Жобаның тұжырымдамасы 

Антикафе - бұл салыстырмалы түрде елімізде жуырда ғана пайда болған мәдени демалыс орны. «Анти» сөзінің мағынасы не? Келушілер тапсырыс берілген тамаққа емес, мекемеде өткізген уақытқа төлейді. Жалпы ыңғайлы болуы үшін минутына төлеу ойластырылған. БАҚ антикафе иелерін «уақыт саудагерлері» деп атайды. Қонақтарға шай, кофе мен тәттілер тегін беріледі, ал тойымды тамақты өзімен бірге ала кіруге болады. Жалғыз шарты: алкоголь болмауы тиіс. Осы жобалардың көпшілігі коммерциялық сипатта келіп, Еуропа, Америка және Ресей елдерінде кеңінен таралған. Антикафенің тағы бір ортақ ережесі:. Бұл жерде ішпейді және темекі шекпейді, ең бастысы балағат сөздер айтылмайды 

Антикафе - үйде теледидар көріп немесе барда бір саптыаяқ сыра ішіп демалудан шаршаған, тыныш жерде жағымды компаниямен үстел ойындарын ойнап немесе проекторда кино көріп, тыныш жерде уақыт өткізгісі келетін жастарға арналған орын. Ойын мен тамақта өзімен бірге ала келуге, сондай-ақ мекеменің аспаптарын пайдалануға болады. Бірақ құмар ойындарына тыйым салынады. Белгілі бір күндері бұл жерде тақырыптық кештер, мысалы, «Мафия кеші» өткізіледі.

Жобаның сипаттамасы 

Қазіргі сәтте Шымкент қаласында көңіл көтеретін орындар көп, олыр алуан түрлі, кейде жастар үшін қаржылай қолжетімсыз болып жатады. Біздің жоба бойынша антикафеге, негізінен, жастар мен студенттер жиналатын болады. Антикафе үш бөлмеден тұрады: 

1.Қарым-қатынас бөлмесі. Бұл бөлмеде жастар түрлі ойындар ойнайды, әлдебір тақырыпты талқылайды, түрлі кездесу, тренингтер өткізеді немесе жай ғана араласады.
2.Ойын құрылғылары мен шағын кинотеатр бөлмесі. Ойын құрылғылары, Sony Playstation, жастар арасында үнемі кеңінен пайдаланылып келеді. Бұл бөлме басқа ойынханалардан атмосферасы мен қарапайымдылығы жағынан ерекшеленеді. Сонымен қатар фильмді ұжымдаса көру, кино-түн өткізу үшін келеді. Я болмаса бір шыныаяқ шай ішіп, достарымен онлайн фильм көреді және киноны талқылайды.
3.Оқу бөлмесі. Жоба бойынша Kindle оқу үшін планшет сатып алу қарастырылады. Оқуға әуесқойлар жиналып, әдеби шығармаларды талқылауы мүмкін. Бұл бөлме оқырмандар клубының пайда болуына бастау бола алады. 
Антикафенің барлық қонақтары өзімен бірге тамақ, алкогольсіз сусындар, музыкалық аспаптар алып кіре алады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, антикафенің негізгі өзегі - студенттер. Осы жобаның Шымкент қаласында перспективасы жақсы, өйткені республикамыздың басқа облыс орталықтарымен салыстырғанда, студенттер контингенті өте көп.  
Орналасуы мен бағасы осы бизнесті дамыту мен танымал етудің негізгі факторы болып табылады. Антикафеде 3 сағат болу 1000 теңгені құрайды.

Бастапқы шығындар:

Атауы

Саны

Бағасы, теңге

Жалпы құны , теңге

Sony Playstation

3

100 000

300 000

Плазмалық теледидар

3

130 000

390 000

Стол

3

80 000

240 000

Диван

6

110 000

660 000

Kindle сенсорный

10

45 000

450 000

Ноутбуктер

8

120 000

960 000

Тоңазытқыш

2

80 000

160 000

Кілем

3

50 000

150 000

Ыдыс-аяқ

1

120 000

120 000

Принтер

1

40 000

40 000

Ас үй жиһазы

1

300 000

300 000

Жөндеу

1

1 500 000

1 500 000

Барлығы

   

5 270 000

Пайда мен залалдар туралы есеп

Бап атауы

Сомасы

Қызмет көрсетуден түскен табыс

12 600 000

Жалпы және әкімшілік шығыстар

7 416 000

Әлеуметтік салық

300 744

Операциялық табыс

4 883 256

Корпоративтік табыс салығы

378 000

Таза пайда

4 505 256

Қызмет көрсетуден түсетін табыс: Күніне 35 клиентке қызмет көрсетіледі деп болжанып отыр. Барлығы болып күніне: 35*1000 теңге= 35 000 теңге, айына: 35 000 теңге*30 күн = 1 050 000 теңге, жылына: 1 050 000теңге*12 ай = 12 600 000 теңге

Жалпы және әкімшілік шығыстар:

Шығындар

айына

жылына

Еңбекке ақы төлеу  

310 000

3 720 000

Бөлме-жайды жалға алу

250 000

3 000 000

Коммуналды төлемдер (электр қуаты, су, қоқыс шығару, интернет)

30 000

360 000

Шай мен тәттілер

10 000

120 000

Жарнама шығыстары

15 000

180 000

Басқа да болжанбаған шығыстар

3 000

36 000

Барлығы

618 000

7 416 000

Еңбекке ақы төлеу:

Лауазымы

Саны

айына

жылына

Рэсэпшн

1

80 000

960 000

Менеджер

2

160 000

1 920 000

Тазалаушы

1

70 000

84 0000

Персонал бойынша барлығы

4

310 000

3 720 000

Әлеуметтік салық. Жоба бастамашысы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді (1 852 теңге АЕК * 2 * 12 ай + 1 852 теңге АЕК * 2 қызметкер *12 ай = 88 896 теңге). Міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда (3 720 мың теңге*(1-10%)*5%= 167 400 теңге), әлеуметтік аударымдар еңбекақы сомасының 5%-ына тең.

Әлеуметтік салық, теңге

133 344

Әлеуметтік аударымдар, теңге

167 400

Салықтар және бюджетке төлемдер. Жоба аясында пайдадан 3% бойынша оңайлатылған салық салу жүйесі негізінде корпоративтік табыс салығын төлейтін болады -  378,0 мың теңге (12,6 млн. теңге* 3%).

Жобаның негізгі экономикалық көрсеткіштері:

-    жобаның жалпы инвестициялық көлемі –7 416 000 теңге;
-    жылдық пайда – 4 396 800 теңге;
-    жобаның өтелу мерзімі – 1,5 жыл;
Есептеудің базалық нұсқасы өнім өндіру көлемінің өзгеруін қарастырмайды. Жоба жоба бастамасышысында жер телімінің болуын ескереді. Сату жоспарының жоспарлы көрсеткіштерін есептеу кезінде, өндірілген өнімді өткізудің бекітілген бағасы ескерілді.

Жобаны қаржыландыру

Өзіңіздің жеке қаражатыңыз болмай, бірақ жеке бизнесіңізді ашу ниетіңіз болған жағдайда, қосымша капитал тартудың бірнеше жолы бар. Қаржыландыру нұсқалары:
ЕДБ арқылы несие алу. Қаржы есептері пайыздық мөлшерлемесі 14%, өтеу мерзімі 36 ай, өтеу мерзімі жарты жылға кешіктірілетін, содан кейін ай сайын тұрақты төлеп тұратын қарыз алу қажеттілігін айқындап отыр. 
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асыру аясында несиелендіру. Бағдарлама ауылдық жердегі тұрғындар үшін өз ісін ұйымдастыруға бюджет қаражатын бөлуді қарастырады.

Дереккөзі: www.kasipker.info 

24.07.2014