Call-center 1411

You are here

Велосипедтерді жалға беру бойынша қызметтер

Жоба сипаттамасы

Жобаның анкетасы

Жобаның мақсаты:  Велосипедтерді жалға беру және осы спорт түріне арналған жабдықтарды ұсыну.
Өнімділігі:  Бизнес маусымдық, жалға беру пункті сәуір мен қазан айы ішінде жұмыс істейтін болады. 
Қызметтер:  Осы бизнес жоспардың аясында балаларға, жасөспірімдер мен ересектерге жалға беру қызметін, сондай-ақ тиісті жабдықтарды (арнайы киім, қорғаныш құралдары - шлем, қаптама, қолғап және т.б.) ұсынуды ұйымдастыру  
Жобаның жалпы құны: 2 955 000 теңге
Өтелу мерзімі: осы инвестицияға салынған қаражаттың өтелуі - 7,6 айды құрайды.

Жобаның тұжырымдамасы

Осы тұжырымдама велосипедтерді және тиісті жабдықтарды жалға беру пункттерін ашу үдерісін сипаттайды. Осы жоба спорт жабдығы мен тиісті құралдарды жалға беру қызметін көрсету нарығындағы ісін енді бастаған кәсіпкерлерге көмек ретінде бизнес-жоспар құрылымы негізінде жасалған. Осы бизнес-жоспарда сипатталған даму сценарийі ұсынымдық сипатқа ие болып, ол бірден-бір дұрыс жоба ретінде қарастырылмайды. Жобада жалға берілетін велосипедтер паркін сатып алуға, бөлме жайды жалға алуға, қосалқы бөшектер алуға және персоналға еңбекақы төлеуге арналған максималл шығындар қарастырылған. Шынайы жағдайда әрбір меншік иесі оларды өз қалауынша оңтайландырады. 

Өнімнің сипаттамасы

Велосипедтердің көптеген алуан түрлері бар, төменде олардың ішіндегі негізгілері көрсетілген: 

Тау велосипеді 

Тау велосипеді, сондай-ақ маунтинбайк немесе мтб - велосипед, ойлы-қырлы жерлерде жүруге арналған. Жолдан тыс жүру кезінде жоғары салмақ түсуін ескеретін болсақ, тау велосипедтері ерекше конструкцияға ие. Тау велосипедіне тән белгілер: берік рамасы, көбіне амортизациялық артқы ілмесі болады, үнемі - амортизациялық айыры, клиренсті тығындармен бір деңгейге ұлғайтуға арналған көтеріңкі кареткасы, дөңес ілмек протекторы бар жуан дөңгелек тыстары болады, берік дөңгелектерінің өлшемі 26 дюйм (559 мм).

Маунтинбайкте кем дегенде 15 жылдамдық бар, мұның өзі көтерілуді жеңілдетеді. Шеңберлі тежегіштерінің орнына, көбіне сым арқан арқылы кәдімгі жетегі бар немесе гидравликалық жетегі бар дискілік тежегіштер қолданылады.     

Негізгі типтері: Хардтейл, қосілмек, софттейл.

Гибридтік велосипед

Гибридтік немесе кростық -  Шосселік тау немесе туристік велосипетердің қоспасы . Гибридтік велосипедтер тас жолда тау велосипедтерінен жылдам, бірақ жарыс велосипедтеріне қарағанда тегіс емес жолдарда машақатсыздау болып келеді Гибридтер көбіне шосселік немесе туристік велосипедтер сияқты 700C (622 мм) өлшемді дөңгелекпен жабдықталады, бірақ дөңгелек тысы біршама енділеу болады. Гидридтердің рөлі тік, рөлі, әдетте, биіктігіне қарай реттеледі. Орындығы кейде амортизациялық тоқым астындағы қадаға орнатады. Отыруы едәуір жоғары, кейбір моделдері дискілік тежегіштерге, түрлі аксессуарларға арналған монтаждау саңылауына және жүксалғышқа ие. Гибридтік велосипедтің басты артықшылығы -  оның әмбебаптылығы Оның ТАС жолда жүріс қасиеттері жақсы
Негізгі типтері: Хардтейл, ригид. 

Туристік велосипед.

 Туристік велосипед жайлы, сенімді, тиімді және көпшілік жағдайда жүк тасымалдау үшін жасалған. Туристік велосипедтер келесі типтерге бөлінеді:  жүк тасымалдауға арналған . Туристік жабдық пен тамақ тасымалдауға арналған туристік велосипедтердің классикалық типі . Жеңіл, спорттық Жеңілдетілген туристік велосипед, негізінен, өркениет жағдайында саяхат жасауға, автомобилмен сүйемелденетін ұйымдық турларға қатысуға арналған, өйткені мұнда велосипедші өзімен бірге бүкіл туристік жабдықтарды және жүкқоймада немесе рөлде шағын сөмкені. алып жүруі тиіс болады Негізгі типтері: Ригид, хардтейл cеруендеуге арнаған велосипед.

Мұндай велосипедтер 700c дөңгелекті гибридтерінен мүлдем ерекшеленбейді, бірақ аксессуарлар саны өте көп, онымен бастапқыда гибридті велосипед жабдықталады:  . Қанат, жүксалғыш, генератор және жарықтандыру аспаптары, кейде басқыш, арттан көретін Айна және себет.
Қалалық велосипед дөңгелегінің диаметрі қалыңдығы орташа шинасымен 28 дюйм (622 мм ) немесе кейде 26 дюйм (559 мм). 

Қалалық велосипедтердің рамасы жабық немесе ашық (үстіңгі құбырсыз) болып келеді. Олар барынша жылдам жүруге немесе ойлы-қырлы жерлерде жүруге мүлдем жармайды. Бүл нағыз спорттық емес велосипедтер.
Отыруы вертикаль және өте биік, жүріс кезінде қол талмайды. Орындығын көбіне амортизациялық қадаға орнатады, мұның  . өзі жүрісті барынша жайлы етеді. Негізгі типтері: Ригид, хардтейл, софттейл

Шосселік велосипед

 
 

Асфальт жабыны жақсы жолдарда жылдам жүріске (жарыс, марафон) арнап құрастырылған велосипед. Велосипедтердің басқа түрінен анағұрлым аэродинамикалық отыруға мүмкіндік беретін иілген рөлдің ерекше пішініне, қуаты берілістерге, жеңіл салмаққа және тар дөңгелектерге ие болуымен өзгешеленеді Шосселік велосипедтің рамасы едәуір биік және қысқа, оны көміртек талшықтан, алюминийден, титаннан, магнийден және жоғары легирленген болаттың басқа да түрлеріне жасайды.

Шосселік велосипедте жарысушының отыруы төмен. Шосселік велосипедтердің шеңберлік тежегіші болады. Шосселік велосипед жылдам жүруге арналып, мәнері нашар болып келеді. 

Нарыққа талдау жасау және маркетингілік стратегия.

Қазақстанда велоспорт 1914 жылдан бастап дами бастады, бұл кезде Ақтөбе қаласында жол велосипедтерімен жарыс өткізілді. Ал 1918 жылдан бастап Қазақстанның басқа қалаларында велоспорт үйірмелері құрыла бастады. Осы сәттен бастап спартакиадалар, велокростар және т.б. ұйымдастырала бастады. 1961 ж. Ленинград велотрегінде Владимир Жарков КСРО чемпионы болған тұңғыш қазақстандық болды. 1963 ж. М. Калинкин 50 шақырымдық тас жолда жеке жарыста КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы атанды. Ал 1966 ж. В. Жарков ГДР, Польша, Чехословакия жолдары бойынша Әлем веложарысының жеңімпазы болды.  

    Қазіргі таңда біздің өз спортшыларымыз веложарыстан жеңіске жетуін жалғастырып келеді. Ең тамаша жеңіс деп, Владимир Винокурдың Қазақстанға сыйлаған «Олимпиада алтынын» айтуға болады. Қазақстан спортшылары веложарыстан Азия чемпионатында екі алтын, бір күміс және бір қола жеңіп алды. Мұның барлығы, әрине, Қазақстан халқы арасында осы спорт түрінің кең дамуына өз әсерін тигізбей қоймайды. Жыл өткен сайын велоспорт қазақстандықтар арасында кең таралып келеді. Мемлекет Қазақстанда велоспортты, жалпы спорттың барлық түрін дамытуға көп күш жұмсап келеді. 
Салауатты өмір салты сәнге айналды. Жылдың жылы кездерінде жастардың роликтік коньки мен велосипед теуіп жүргенін көп көруге болады. Шындығында, көптеген адамдар велосипед тепкілері келеді, бірақ оны сатып алуға көпшілігінің қауқары жете бермейді. Көпшілігі аптасына бір-екі рет қана велосипед тебуге мүмкіндік табады, сөйтіп, жылына 10 рет тебу үшін қымбат велосипед сатып алуға мүдделі болмайды. Сонымен қатар көпшілігі велосипедті қайда қоярын да білмей дал болып жатады. Алайда, осы адамдардың барлығы велосипедтерді жалға алуға қуана келісер еді. 
Қазақстанда велосипедтерді жалға беру велодүкендер арасында шынайы бәсекелестік туындаған кезде, 10 жылға жуық уақыттан бері пайда болды. Содан бері олардың танымалдылығы артып келеді. Велосипедті жалға беру маңызды оң қасиеттерге ие, мұның өзі велосипедті белсенді демалыс, фитнес, спорт және көлік құралы ретінде насихаттай түседі.

Технологиялық үдеріс

Велосипедтерді жалға беру тармақтарын және оларды жабдықтауды ұйымдастыру бірнеше блоктардан құралады: 

  • демонстрациялық залды орналастыру үшін бөлме-жайды таңдау мен жалға алу;
  • велосипедтер мен оның қосалқы бөлшектерін сатып алу;
  • қызмет көрсетуді жылжыту;
  • велосипед жабдықтары мен алуан түрлі велосипедтердің ассортиментін толықтыру;

     Осы инвестициялық жобаның басым міндеттерінің бірі - түрлі Жас ерекшелік категориясына арналған жалға берілетін велосипедтердің тиісті паркін ұстау  Бастапқыда қолдану әдісі бойынша түрлі сипаттамаларға ие сапалы велосипедтерді сатып алып, соңынан оларды толықтырып және жаңартып отыру керек
    Аталған велосипедтер Мен тиісті жабдықтарды фирмалық дүкендерден немесе кепілді қызмет көрсететін ресми дистрибьюторлардан алу керек. 
    Велосипедтерді жалға беру тармақтары орналасатын жерді таңдау кезінде, алғашқы кезекте спорт мекемелері мен жаппай демалыс орындарының жақындығына назар аудару керек (стадион, саябақ, ойын-сауық орталықтары, спорт секциялары және т.б.), сонымен қатар қызметті әлеуетті тұтынушылардың ортасына бағдар тұтуды да ұмытпаған жөн.  

Инвестициялық жоспар

атауы

саны

бағасы

барлығы

1

Велосипед сатып алу

40

32 500

1 300 000

2

Қосалқы бөлшектер

40

3 250

130 000

3

Бөлме-жайды жалға алу

40

40 000

480 000

4

Жарнама, жылжыту

1

70 000

70 000

5

Персоналға төлеу

2

40 000

960 000

6

Заңмен рәсімдеу

1

15 000

15 000

 

БАРЛЫҒЫ

 

 

2 955 000

Велосипедтер мен қосалқы бөлшектер алуға, жалға алу мөлшерлемесін, жарнаманы төлеу, персоналды ұстау мен кәсіпорынды рәсімдеуге қажетті бастапқы инвестициялар 2 955 000 теңге. 
Сауда бөлме-жайын жалға алу. Осы инвестициялық жоба аясында бірінші қабаттан 40 ш.м. аспайтын кішігірім тұрғын бөлмені жалға алу жоспарланып отыр.

 

Ауданы

Бағ асы , тг./м2

Айына барлығы

Барлығы жылына

Тұрғын үйдің бірінші қабатындағы бөлме-жай

40

1000

40 000

480 000

Қаржы жоспары

Пайда мен залалдар туралы есеп болжамы

Көрсеткіштер

Барлығы жылына , теңге

Түсім ( сатудан )

4 900 000

Қызметтердің өзіндік құны ( шығыстар ), барлығы ( қатарлар сомасы

1 702 096

Велосипедтерді жөндеу мен күтім жасау

130 000

Еңбекақы шығыстары (жалдамалы жұмыскерлер)

960 000

 Әлеуметтік аударымдар

132 096

Бөлме-жайды жалға алу

480 000

Жалпы пайла / шығын ( салық салынғанға дейінгі табыс) ( 1 қатар - 2 қатар )

3 197 904

Салық төлемдері

147 000

Таза пайда ( таза табыс )

3 050 904

Өнімді сатудан түскен пайдаВелосипедтерді жалға беру төлемі екі нұсқада болуы мүмкін:  сағаттық және тәуліктік. Сағат бойынша төлем нақты бір қаладағы тұрғындардың табыс деңгейіне байланысты құбылып отырады Мұның өзі Қазақстан бойынша орташа тәулігіне 500 теңгеден 3000 теңгеге дейін (тәулігіне жалға берудің орташа құны 2000 теңге деп . қабылданды)  
    Жалға беру сұранысы бойынша маусымды ауытқуларды ескереетін болсақ, жалға беруге жарамды күндердің орташа жылдық мөлшері 245 күнге тең, 10 велосипедтің орташа күн сайынғы жүктелуі жағдайында, қорытынды жалпы түсімді аламыз: 2000 х 245 х 10 = 4 900 000 теңге.

Көрсеткіштер

Өлш. бірлігі

Тәуліктік бағасы

Велосипедті жалға алудың орташа бағасы

теңге

2 000

Бір жылдағы велосипед тебуге жарамды күн саны

тәулік

245

Жалға берілген велоси педтердің орташа саны

дана

10

Қорытынды жалпы түсім

теңге

4 900 000

Тауар сатып алу шығындары. Велосипедтерді жалға беру тармағы шығыстарының негізгі бабы велосипедтерді сатып алу мен күтім жасау болып табылады. Велосипедтерді сатып алуға жұмсалатын жалпы шығын төмендегі кестеде берілген, оларға күтім жасау оларды сатып алуға жұмсалған шығындардың жалпы құнының есебінен есептеліп, ол 10%-ға, яғни 130 000 теңгеге тең болады.

Атауы

саны

құны

барлығы

Балаларға арналған велосипедтер (түрлі моделдер)

10

20 000

200 000

Жасөспірімдерге арналған велосипедтер (түрлі моделдер)

20

30 000

600 000

Ересектерге арналған велосипедтер (түрлі моделдер)

10

50 000

500 000

Барлығы

Те ң ге

 

1 300 000

Еңбекақы және бюджетке аударымдар

Лауазымы / Мамандар

Айлық оклад, Те ң ге

Саны

Жылдық оклад, теңге

Сатушы-кеңесші

4 0 000

2

960 000

Әлеуметтік салық. Жоба бастамашысы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді (1 852 теңге АЕК * 2 * 12 ай + 1 852 теңге АЕК * 2 қызметкер * 12 ай = 88 896 теңге). Міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда (960 мың теңге * (1-10%) * 5% = 43 200 теңге), әлеуметтік аударымдар еңбекақы сомасының 5%-ына тең.

Әлеуметтік салық, теңге

88 896

Әлеуметтік аударым, теңге

43 200

Бөлме-жайды жалға Алу Ай  сайынғы коммуналдық төлемі 1000 теңге/м2-ден ауданы 40 шаршы метр тұрғын немесе сауда бөлме-жайы бір жылға -480 000 теңге құрайды 
Салықтар және бюджетке төлемдер Жоба аясында пайдадан 3% бойынша оңайлатылған салық салу жүйесі негізінде корпоративтік табыс салығын төлейтін болады - 97 020 теңге (3,23 млн теңге * 3%).

Жобаны қаржыландыру

Өзіңіздің жеке қаражатыңыз болмай, бірақ жеке бизнесіңізді ашу ниетіңіз болған жағдайда, қосымша Капитал тартудың бірнеше жолы бар.

Қаржыландыру нұсқалары:

ЕДБ арқылы несие алу қаржы есептері пайыздық мөлшерлемесі 14%, өтеу мерзімі 18 ай, өтеу мерзімі жарты жылға кешіктірілетін, содан кейін ай сайын. тұрақты төлеп тұратын қарыз алу қажеттілігін айқындап отыр.  

«Жұмыспен қамту - 2020»  бағдарламасын іске асыру аясында несиелендіру Бағдарлама ауылдық жердегі тұрғындар үшін өз ісін ұйымдастыруға Президентская қаражатын бөлуді қарастырады.

Дереккөзі:  www.kasipker.info 

24.07.2014