Call-center 1411

You are here

Кіші-наубайхана

Аймақтарда жобаның іске асуы

Аймақ Жүзеге асырылған жобалар
Барлығы 1
Шығыс Қазақстан облысы 1
Өскемен қаласы
1

Жоба сипаттамасы

Жоба сауалнамасы

Инвестициялық жобаның  мақсаттары: Тұтынушы әр уақытта жаңа дайындалған өніммен қамтамасыз ету үшін нан және ұннан пісірілген тағамдарын дайындау. 
Өнім: нан бұйымы.
Өнімділік: күніне 400 бөлке, ал жылына 144000 бөлке.
Жобаның құны: 4 млн теңге.
Өтеу мерзімі: 22,7жыл.

Жоба тұжырымдамасы
Кіші наубайхана ұннан пісірілген тағамдарын өндіру мен оны  өткізу мақсатында құрылған. Қазіргі уақытта кіші наубайхана үлкен сұранысқа ие. Жоба келесі артықшылығы бар жоғары сұрыпты ұннан жасалатын нан бұйымдары мен  тәтті тағам  бұйымдарын  шығаруды жоспарлайды:
-    жақсы дәмді;
-    тез сіңетін;
-    дәстүрлі емес рецептімен;
-    тез бұзылмайтын.
Кәсіпорынды суреттеу
Нан  мен ұннан пісірілген тағамдарын шығарумен айналысатын кіші наубайхана ашу күтіліп отыр. Тұрғындардың табысы көбейген сайын жай нанды тұтыну азайып, өнімнің дәмділігін жақсартатын  ингредит  қосылған жаңа дайындалған дәмді нан бұйымдары күннен күнге көбейіп келеді. Бизнес жүргізудің ұйымдатыру-құқықтық формасы – жеке кәсіпкер. Бизнесті жүргізудің бұл формасы салықты үнемдеп, бухгалтерияны және өзара есеп айырсуды жеңілдетеді. Нанға және ұннан пісірілген тағамдарына  деген сұраныс әруақытта жоғары болатындықтан жобаның табыстылық дәрежесі жоғары болады деп  күтіліп отыр. Бірінші кезеңде  негізгі міндет – бәскелес – тігі аз және орташа бәсекелесті тауашаны  табу. Құрал-жабдықты жеткізушілер құрал-жабдықты құрастырады, оның толық дайын болуын және персоналды оқытуды қамтамасыз етеді. 
Өнімді суреттеу
Дәстүрлі емес нан бұйымдары – калориясы аз және қосымша қосылған, қабатталған, ашытқы қосылған және бисквитті қамырдан пісірілген  нандар. Кіші наубайхананың артықшылығы – нан бұйымдарының сапасы және шығарылатын өнімдердің  көп ассортименті, одан басқа  сұраныстың өзгеруіне тез бейімделу.
Нарықты және өнім  өткізуді талдау
Нан пісіру саласы тамақ өнеркәсібінде алдыңғы қатарлы орын алады. Ұннан пісірілген тағамдары бірінші қажеттілікке ие болып келеді. Кіші наубайхана ұннан пісірілген тағамдарын   өндіру және өткізу мақсатында құрылады. Нанды тұтыну мөлшері қалыпты жағдайда тұрғындардың әр басына бір жылда 110 кг келеді. Тұрғындардың әл ауқаты өскен сайын зауытта дайындалған нанның тұтыну деңгейі төмендеп келеді, әлеуметтік   зауытта дайындалған нанның ең  көп тұтынуы әр адам басына 200 кг 1997 жылы болды. Бүгінгі күні нан бұйымдарының нарығы негізінен дәстүрлі емес нандар арқылы дамуда, дайындау рецепті  қиын  нан сұрыптарына деген сұраныс көбеюде,  осыған қарамай «көпшілік» тұтынатын   нан ұзақ мерзім бойынша тұрақты болып тұр – оның нарықтық үлесі  50 пайызды құрайды. Өнімді сатуды үйымдастыру үшін келесілерді орындау қажет:
-  Бірнеше магазиндермен өнімді жіберу туралы келісім-шарт  жасап, өнімді жеткізу  керек.
- Көтерме фирмалармен келісім-шартқа отыру керек.  Бұл нұсқа өнімді сату нарығын үйымдастырудан сізді босатады, екінші жағынан бұл үнемді, наубайхана үшін автокөлікті және қосымша персоналды ұстаудың қажеті жоқ.
- Сату орынын жеке ұйымдастыру. Бұл өте қымбат нұсқа, себебі қосымша көлік және арнайы рұқсат қажет болады. Бірақта бұл нұсқаның артықшылығы – сіз әр уақытта  өзіңіздің өніміңізді сатасыз. 

Технологиялық үдеріс және жоспар
Нан өнімдерін өндіру үшін негізгі шикізат ұн, су,тұз бен ашытқы және ерекше ингредиенттер (көкнар ұрығы, күнжіт және т.б.)  болып табылады. Ұнды алып келгенен кейін ол қоймада сақталады. Пайдаланардың алдында ол арнайы машинадағы електен өткізіледі. Содан кейін қамыр дайындайтын машинаға түседі, онда сумен,  ашытқымен және әртүрлі қосымшалармен араластырылады. Осыдан кейін қамыр жасайтын машинада 20 минуттай ұсталады.  Содан кейін қамыр бөлетін машинаға жетеді, онда бірдей бөліктерге бөлінеді. Одан әрі қамыр оны орайтын машинаға барады, онда батон және әртүрлі ұннан пісірілген тағамдар пайда болады. Онда қамырдың бір бөлігі машинаның валикімен ұзынша келген кеспе дайындалады, содан кейін рулон түрінде оралады.
Осыдан кейін  қамыр пісіп жетіліуі үшін, жұмсақ  және кеуекті болуы үшін ол бірнеше уақыт арнайы шкафта ұсталады. Осыдан кейін ол пешке түседі. Пісірілген нан лотокқа салынып, сатуға жіберіледі.
Бір дана нанды пісіру үшін 298 грамм ұн және 10 грамм қосымша ингредиенттер жұмсалады. Күніне 400 дана, жылына 144 мың дана нанды өндіруге 43000 кг ұн және 1640 кг ингредиенттер керек болады.
Бір жылда шикізат пен материалдардың шығысы:

Атауы

Шығысы-ның мөлшері, кг

Нан пісіретін бидай ұны жоғары, бірінші және екінші сұрыпты

43 000

Сығымдалған, құрғақ, сұйық нан пісіретін ашытқылар

90

Ас тұзы

280

Құрғақ сүт

420

Маргарин,

350

Ұсақ қант

350

Көкнар ұрығы, күнжіт және басқа ингредиенттер

150

Барлығы

44 640

Жобаны іске асыру үшн инвестиция және шығыстар

Жобаға жұмсалатын инвестициялық салымдардың бағыты және көлемі

Инвестициялық салымдардың бағыты

Жиынтығы, теңге

Өндірістік ғимаратты жалға алу,  50 шаршы м. ×664 теңге ×12 ай

398 400

Негізгі құрал-жабдықты сатып алу

993 483

Шикізаттың, материалдардың, материалды емес активтердің және басқа да материалды-техникалық ресурстардың өндірістік қорын жасау

2 637 000

Барлығы

4 028 883

Өндірістік ғимарат. Ұннан пісірілген тағамды пісіретін кіші наубайхана ашу үшін 50 шаршы метрден кем болмайтын аудан керек болады, ал Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша статикалық агенттің мәліметі бойынша ғимараттың шаршы метрінің жалға алынатын құны бір айға орташа 664 теңге болады.
Кіші наубайхана ашу бойынша бизнесті бастау үшін сауда нүктесінің орынын  дұрыс таңдау керек. Бұл жерде негізгі өлшем ретінде адамдардың көп болуы саналады. Сауда нүктесінің орынын таңдағаннан кейін іс-әрекетті іске асыру үшін таңдап алынған ауданда сауда жасауға болатыны туралы санитарлық эпидемиялық стансадан шешім алу керек. Жұмыс істейтін әрбір сатушының санитарлық кітапшасы болуы керек.
Құрал-жабдық.  Бизнесті ұйымдастыру келесі кезеңі құрал-жабдық алу болып табылады. Пайдалануға толық дайын болатын құрал-жабдықтың үш нұсқасы қаралған болатын:

Өндіріс

Толық дайын болғандағы құны, теңге

Қытай

1 108 070

Италия

883 455

Ресей

993 483

Кіші наубайхана үшін құрал-жабдық бағасының салыстырмалы талдауы және құрал-жабдықты таңдау өлшемі ретінде  келесідей факторлар болды:

- Баға – төменгі бағадағы жоғары өнімділік;
- Жөндеуге жарамдылығы және қызмет көрсету қажеттілігі;
- Жұмысшыларды оқыту.
Жоғарыда көрсетілген құрал-жабдық сипаттамасын ескере отырып, ресейдің құрал-жабдығын алу көзделіп отыр. Кіші наубайхана ашу үшін ұнды елегіш, нан пісіретін пеш, қамырдың иінін қандыратын шкаф, тот баспайтын табақ, қамыр илегіш, нанды пісіретін формалар.

1-сурет. Кіші наубайхана – құрал-жабдықтың орналасуы

Құрал-жабдықты орналастыру оның құнына кіреді, оны жоғары білікті технолгтар іске асырады.

Бірінші операциялық жылдағы пайда мен залал есебі

Тарудың атауы

Барлығы, теңге

Дайын өнімді сатудан түскен табыс

7 200 000

Тікелей шығындарШикізат және материалдар

2 637 000

Жалпы табыс

4 563 000

Барлығы Операциялық шығыстардың жиынтығы

3 064 402

Еңбекақы

1 500 000

Коммуналдық шығыстар және жылу

600 000

Тұрақты өндірістік шығыстар

381 382

Ғимараттың жалы

398 400

Басқа да салықтар (әлеуметтік салықты қосқанда)

184 620

Операциялық табыс

1 498 598

Корпоративті табыс салығы

216 000

Таза пайда

1 282 598

Сатудан келген түсім: Кіші наубайхананың дәм келтіретін ингредиенті бар нанның сату бағасы 50 теңге (аймаққа байланысты) болады. Орташа күніне ең аз дегенде 400 дана нан (аймаққа байланысты) сатуға болады, ол күніне 24000 теңге құрайды, ал жылына 7200000 теңге (50×400×360=7 200 000 теңге) болады
Тікелей шығындар. Егер бір күнде 400 дана нан сатылады десек, онда бір жылда жалпы нан сату көлемі 144000 дана болады.

Бір жылға шикізат пен материалдарды алу үшін кететін шығындар, теңге

Атауы

Шығыс мөлшері, кг

Баға, теңге/кг

Жиынтығы, теңге

Шикізат пен материалдардың алғашқы қорының көлемі

Нан пісіретін бидай ұны жоғары, бірінші және екінші сұрыпты

43 000

50

2 150 000

Сығымдалған, құрғақ, сұйық нан пісіретін ашытқылар

90

400

36 000

Ас тұзы

280

37,5

10 500

Құрғақ сүт

420

250

105 000

Маргарин,

350

350

122 500

Ұсақ қант

350

180

63 000

Көкнар ұрығы, күнжіт және басқа ингредиенттер

150

1 000

150 000

Барлығы

   

2 637 000

Персоналға кететін шығындар. Нан пісіретін құрал-жабдықта жұмыс істеу үшін екіден төртке дейін адам болуы керек. Ұннан пісіретін тағамдарды дайындау цехы бойынша персоналдң оңтайлы саны  3 адам (125 000×12 =     =1 500 000 тенге) болады

Өндірістік персоналдардың сипаттамасы:

Атауы

Штаттағы саны

Бір айдағы еңбекақысы, теңге

 Нан пісіруші-технолог

1

 60 000

 Сатып алатын және сататын маман

1

 40 000

 Үй сыпырушы

1

 25 000

 Жиынтығы

3

 125 000

Коммуналдық шығындар және жылу. Коммуналдық шығыстар электр энергияға (нан пісіруші пеш үшін емес), канализацияға, ішетін суға, жылуға және т.б. кететін шығындар, олар орташа бір айда 50 мың теңгені құрайды, ал бір жылда сәйкесінше 600 мың теңге болады.
Тұрақты өндірістік шығындар. Тұрақты өндірістік шығыстар технологиялық мақсаттарға жұмсалатын электрэнергиядан  (233 281 теңге), өндірістік судан (137 391 теңге) және сатып алынатын жартылай өңделген өнімдерден (10 710 теңге) тұрады. Барлық шығыстар 381382 теңгені    (233 280  +137 391 + 10 710) құрайды.
Ғимараттың жалданылуы. Кіші наубайханаға қойылатын басты талап оның ауданы болып табылады, ол құрал-жабдықты орналастыруға және ұн мен дайын өнімді тиісті жағдайда сақтауға қойманың көлемі ықшамды болу үшін жеткілікті болуы тиіс. Осы мақсат үшін ең кемінде 50 шаршы метр аудан   (50 ш.м. ×664 теңге ×12 ай = 398 400 теңге) болуы тиіс.
Салықтар және бюджетке төлемдер. Кіші наубайхана жұмыс істеу барысында әлеуметтік салық төлейтін болады.

Жобаны қаржыландыру
ЕДБ арқылы несиелеу. Қаржылық есептемелер 14 пайыздық жылдық ставка және 36 айлық өтемділік мерзімімен заем алуға, негізгі қарыз бойынша несие төлемдерін жарты жылға шегерумен алуға мүмкіншілігін көрсетіп тұр. Бұл жобаның процентік ставкасының 7 пайызын “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасына сәйкес субсидиялауға болады.
“Жұмыспен қамту -2020” бағдарламасын іске асыру арқылы несиелендіру. Бұл бағдарламамен ауыл тұрғындарына өз ісін ашуға бюджеттік қаражаттардың бөлінуі көзделген.

Дереккөзі:   www.kasipker.info 

24.07.2014