Call-center 1411

You are here

Кілт даярлау және құлып жөндеу

Жоба сипаттамасы

Жобаның анкетасы:

Инвестициялық жобаның мақсаттары: Кілттерді дайындау бойынша бизнес идея.
Қызметтері: кілттерді дайындау
Жобаның құны: 334 мың теңге.
Өтелімділік мерзімі: 3 ай.

Жобаның тұжырымдамасы

Кілттерді дайындау бойынша бизнес идея ерекше білім мен дағдыны қажет етпейді. Бизнесті бастау үшін сізге сәйкес келетін орынжайды таңдау, кілттерді дайындауға арналған станок сатып алу және жоғалған кілттерге арналған әр түрлі пішіндер сатып алу қажет.   

Кілттерді адамдардың барлығы дерлік жоғалтады. Тіпті, қандай да бір адам кілттерін ешқашан жоғалтпайтындардың сирек санатына жататын болса да, өзіне немесе отбасы мүшелеріне арнап пәтер немесе домофон кілтінің телнұсқасын жасату үшін кілт дайындау шеберінің көмегіне ең болмағанда бір-екі рет жүгінген болар. Егер сіз кілт өндірісі бизнесімен айналысуды шешкен болсаңыз, онда сіз тіптен де тұтынушысыз қалмайтыныңызды бизнес мектебі біледі.

Қызметтің сипаттамасы

Негізгі бизнес - бұл, әрине, кілттерді дайындау. Бірақ, кілттерді дайындау бойынша бизнес жоспарына қосымша ретінде келесі қызмет түрлерін ендіруге болады:   

• пышақтар мен қайшыларды қайрау;
• құлыптарды, оның ішінде автомобиль құлыптарын сату және жөндеу; 
• кілттеніп қалған автомобиль, есік және сейф құлыптарын ашу; 
• құлыптар орнату;
• аксессуарлар сату : автомобиль және есік кілттеріне арналған әшекей салпыншақтарды, шығыршық дөңгелектер мен идентификаторларды (биркаларды), кілттерге арналған қалпақшаларды сату.

Кілттер өндірісін болса, келесі түрде жіктеуге болады:
• пәтерлерге арналған кілттерді дайындау; 
• домофондарға арналған кілттерді дайындау;
• автомобильдерге арналған кілттерді дайындау;
• гараждарға арналған кілттерді дайындау;
• аса құпия кілттерді дайындау;
. • кілттерді ұзарту және қысқарту
Тиісінше, кілттердің келесі түрлеріне арналған пішіндер қажет:
• өзекті кілттер (көп таралған 2 құлпы бар есік, гараж және сейф кілттері);
• ағылшын кілттері;
• саңылаулы кілттер (басқаша атауы - вертикальді немесе лазерлі кертігі бар), олар өз кезегінде қарапайым және интерактивті болып бөлінеді (кілттің бойына магнит, қозғалмалы пластина немесе шар, т.с.с. орнатылады);
• финн кілттері (пәтерлерге арналған ең көп таралған кілттер);
• айқышты кілттер (мұндай пішіндердің түрлері өте аз);
• автомобильді кілттер, ағылшын кілттері немесе көлемді тектес болуы мүмкін , сондай-ақ, иммобилайзермен, яғни, чипті болуы мүмкін;
• контактілі (домофонды «дөңгелекшелер»).

Нарық талдамасы және маркетингтік стратегия

Ықтимал клиенттер қатарына кабинеттері көп, тиісінше, оларға қатысты кілттер саны көп болатын түрлі мекемелерді жатқызуға болады. Олар - ауруханалар, мектептер, қонақ үйлер, балабақшалар, салық органдары, т.б. Әрине, көптеген қарапайым азаматтар да кілттер дайындау қызметіне жүгінеді.

Технологиялық үдеріс

Түрлі өндірушілердің: итальян, қытай, ресей кілттерін дайындауға арналған жабдықтардың көптеген нұсқалары бар. Итальяндық қондырғылардың артықшылығы олардың жоғары технологиялылығы мен мейлінше ұзақ қолданылатындығы, ал кемшілігі - оның қымбаттылығында. Қытай жабдықтары арзан болса да, оны бір жыл пайдаланған соң-ақ ауыстыруды қажет етеді. Ең тиімдісі ресей өндірісінің жабдықтары болып табылады. Ол қымбат емес, жеткілікті дәрежеде мықты және сынған жағдайда қосалқы бөлшектерін оңай табуға болады. Бастапқы кезеңде (аталған кәсіпті сынап көру) қарапайым қондырғыны қолданған дұрыс, ал аталған бизнесті кеңейту барысында қымбат әрі жоғары нақтылықты қамтамасыз ететінін қолданған жөн. Станоктардың түрлері мен саны шебердің қандай кілт түрлерін дайындайтығына байланысты. 4 станок алу тиімді болып табылады, бірақ, біріктірілген станок алуға да болады (онда кілттердің бірден бірнеше түрін дайындауға болады).   

Егер итальяндық өндірістің станоктарын сатып алар болсаңыз, онда қымбат бағаға дайын болу қажет. Осындай бір станоктың бағасы 1000 $-дан жоғары тұрады. Мәселен, кілттерді дайындау және кодтау барысында бағдарламалық тұрғыдан басқарылатын бірегей станоктарды ұсынатын Силка фирмасының жабдықтарын сатып алуға болады. Егер жұмысты арзан, оның үстіне бұрын қолданылған қытай жабдықтарымен (осындай сападағы әмбебап станок 500-800 $ тұрады) бастар болса, онда станоктарды әр жыл сайын ауыстыруға тура келеді, өйткені олардың сапасы нашар болады.  
Жаңа бастап келе жатқан кәсіпкер үшін ең тиімдісі - ресей өндірушілерінің станоктары, бағасы 1000 $-дан төмен болады, ал сапасы жоғары деңгейде қалады. Бұл жағдайда кілттерді дайындау жөніндегі бизнес жоспар айтарлықтай аз инвестицияны қажет етеді және жабдықтың ерте істен шығуы тұрғысындағы мәселелерден құтқарады.
Кілттердің дайындаудың өзіндік құны орта есеппен бар-жоғы 10 теңгені құрайды. Бір кілтті дайындау үшін жұмыстың күрделілігіне қарай 1 минуттан 3 минутқа дейін уақыт қажет.  
Түрлі құлыптарды, оның ішінде автомобиль құлыптарын жөндеу және сату, құлыптарды орнату, пышақтар мен қайшыларды қайрау, сейфтердің, автомобильдердің, есіктердің кілттеніп қалған құлыптарын ашу сияқты кілттерді дайындаудан басқа тағы да бірқатар қызмет түрлерін ұсынуға болатынын атап өту керек.
Орынжайға қойылатын талаптар. Әрине, орынжай адамдардың көп өтетін жерінде орналасуы керек. Сондай-ақ, ол жертөледе де орналаса алады, бастысы - жарнамалық жол сілтегішті көрінетін жерге орнату қажет. Орынжайдың ауданы шамамен 4 шаршы м. Сонымен, кілт дайындау шеберханалары сауда орталықтарында, азық-түлік дүкендеріне жақын жерлерде ашылады. 
Жарнама және даму келешегі. Бизнесті жаңа бастағанда шеберхананың жарнамасына аса көңіл бөлу қажет. Көрнекі маңдайша жасату, газеттерге жарнама беру. Кейінірек тек кілт дайындау қызметімен шектеліп қалмай, сол жерден аяқ-киім, киім, пышақ қайрау, құлыптарды орнату шеберханасын, түрлі аксессуарларды сату қызметін ұйымдастыру керек.

Инвестициялық жоспар

Инвестициялық қаржы

Құны

Әмбебап станок 100 Е

256 000

Айналым капиталы

78 000

Барлығы

334 000

Жабдық.
Бұл станок тек украин және ресей нарығында ғана жақсы танылып қоймай, Еуропада, басқа да көптеген елдерде сәтті қолданыс тапқан. Сондықтан оған арналған кепілдемелік және ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсету пакеті қарастырылған. Фрезаларға кепілдеме берілмейді, олар шығындық материалдар болып табылады, олардың тозуы мен қызмет ету ұзақтығы тікелей шебердің тәжірибесі мен жұмыс істеу уақытына байланысты. 
Айналым капиталы. Өндірістік жоспар мен сату жоспарына сәйкес шикізат пен материалдарға жылына 312 мың теңге жұмсалады. Ақша қаражаттарын тиімді пайдалану мақсатында шикізат пен материалдар үш ай бұрын сатып алынып отырады (312 000/4 =78 000). 

Қаржылық жоспар

Пайда және шығындар туралы есеп 

Тараулардың атауы

Жылына барлығы

Қызметтерді жүзеге асыру

1 920 000

Шикізат пен материал шығындары

312 000

Жалпы пайда

1 608 000

Операциялық шығындар

284 448

Орынжайды жалға алу

240 000

Әлеуметтік салық

44 448

Операциялық шығындар

1 323 552

Корпоративтік табыс салығы

57 600

Таза пайда

1 265 952

Қызметтерді жүзеге асырудан түсетін табыс:

Қызмет түрлері

Күніне сатылатыны

Айына сатылатыны

Жылына сатылатыны

Бағасы

Сомасы

Кілттерді дайындау

30

600

7 200

150

1 080 000

Пышақтар мен қайшыларды қайрау

10

200

2 400

200

480 000

Аксессуарлар сату

10

200

2 400

50

120 000

Құлыптар сату

5

100

1 200

200

240 000

Барлығы

 

 

 

 

1 920 000

Шикізат пен материалдар:

Қызмет түрлері

Жылына сатылатыны

Қызмет бірлігінің өзіндік құны

Сомасы

Кілттерді дайындау

7 200

10

72 000

Пышақтар мен қайшыларды қайрау

2 400

10

24 000

Аксессуарлар сату

2 400

15

36 000

Құлыптар сату

1 200

150

180 000

Барлығы

 

 

312 000

Орынжайды жалға алу. Ыңғайлы түрде жұмыс істеу үшін ауданы кемінде 3,5-4 шаршы метр болатын орынжай қажет. Орынжайда міндетті түрде электр желісі жүргізілген болуы тиіс. 4 м2 орынжайды жалға алу (электр энергиясы шығындарын қосқанда) айына (4*5,000 теңге*12 ай = 240,000 теңге) 20 000 теңге болады. 

Әлеуметтік салық. Жобаның инициаторы екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 44 448 теңге әлеуметтік салық төлейді.  (1 852 теңге АЕК*2 = 3 704 теңге * 12 ай).

Бюджетке төленетін салықтар мен төлемдер. Жобаның аясында салық салудың жеңілдетілген жүйесі бойынша түсімнің 3%-ы -  57 мың теңге (1,9 млн. теңге * 3%) көлемінде корпоративтік табыс салығы төленеді. 

Жобаның қаржыландырылуы және мемлекеттік қолдау шаралары

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша микронесиелеу – 2020 – жоғарыда аталған бағдарлама шеңберінде Ауыл Шаруашылығын Қаржылық Қолдау Қоры сауда саласындағы қызметті жүзеге асырудан басқа ұйымдастыруды немесе өз ісін кеңейтуді, айналым капиталын толықтыруды 6% мөлшерлемемен 54 айдан көп емес мерзімге несиелендіреді. 

ЕДБ арқылы несиелендіру. Бизнестің Жол Картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде 7%-ға дейінгі пайыздық сыйақы мөлшерлемесін қаржыландыру.

Дереккөзі: www.kasipker.info 

 

 

23.07.2014