Call-center 1411

You are here

Құмыра өндірісі

Жоба сипаттамасы

Жобаның анкетасы:

Инвестициялық жобаның мақсаттары: құмыра жасау шеберханасын ашу
Өнімі:  құмыра өнімдері - қыш құмыралар, магниттер, фотосуреттерге арналған жиектемелер
Өнімділігі: 1 200 қыш құмыра, 2 400 Магнит пен фотосуреттерге арналған жиектемелер
Жобаның құны: 975 мың теңге
Өтелімділік мерзімі: 5 ай

Жобаның тұжырымдамасы

Құмыра жасау өнері тек әуесқойлық қана емес, сонымен бірге, табысты бизнес те бола алады. Жобаның тұжырымдамасы құмыра жасау шеберханалық ісін ашуды қарастырады. Құмыра жасау ісінің шеберлерінің құмыра жасау шеберханасын ашып, қыш құмыралар, кіреңкелер, басқа да саз ыдыстар, сатуға арналған өндірістік көлемдегі ұқсас тауарларды өндіруіне болады.  

Қазақстандық нарықта авторлық керамика бұйымдары саласында айтарлықтай бәсекелестік байқалмайды. Бірақ келешекте маңызды бәсекелестердің пайда болу ықтималдығы жоққа шығарылмайды. Кепілдендірілген сапа, өз стилін табу және кеңінен жарнамалау коммерциялық қауіп-қатерлерді мейлінше азайтуға көмектеседі.

Өнімнің сипаттамасы

Құмыра жасау ісімен айналысу барысындағы шығарылатын өнімдер:  

1. Қыш құмыралар
2. Магниттер
3. Фотосуреттерге арналған жиектемелер

Нарық талдамасы және өнімді сату

Құмыра жасау ісімен айналысу барысындағы табысты қызметтің бағыттары: 

            1. Пішіндес бұйымдардың көтерме түрде таратылуы 
            2. Эксклюзивті дара бұйымдарды тапсырыс бойынша дайындау және сату
            3. Сауда орталықтарындағы балалар шығармашылығы бекеттері
            4. Құмыра жасау шеберлігі курстары

Нарықта сатып алушыны табу қиын емес: саз балшықтан жасалған кәдесыйлар, фотожиектемелер, тоңазытқыштар мен микротолқынды пештерге жапсырылатын магниттер, гүлдер отырғызуға арналған түрлі пішіндегі, түрлі-түсті, сан алуан дизайндегі саз балшықтан жасалған құмыралар - бұлардың барлығы да кеңінен таралған тауарлар және оларға деген сұраныс әрдайым арта түсетін болады. Бірақ ықтимал сатып алушыларды табу алғашында мәселе туғызады, кәдесыйлар сататын дүкендер мен дүңгіршектер жаңа өнімдерді бірден қабылдап кете алмайды. Тауарды қалдықсыз сату мүмкін емес, тіпті, сату нарығы бір тектес тауарлармен шектен тыс толы болуы мүмкін (мәселен, барлық дүкендер тек тоңазытқыштар мен микротолқынды пештерге жабыстыратын магниттерге толы болуы мүмкін, дәл осы кезде саз балшықтан жасалған құмыралар жетіспеуі мүмкін). Сатылу нарығы зерттеліп, өндіріс өз жолына түспейінше алғашқы кездері шығындардың болуы ықтимал.
Қыш бұйымдар өндірісі бизнесінің сәтті дамуы жағдайында кейінірек барлық тілек білдірушілерді құмыра жасау шеберлігіне баулуды ұйымдастыруға болады. Көбіне-көп күнделікті өмірдің күйбең тіршілігінен көңіл сергітіп, саз балшықпен жұмыс істеу арқылы бойын аздап еркін ұстағысы келетіндер табылады. Осының барлығын қол жетімді ақыға ұйымдастыруға болады.  

Технологиялық үдеріс 

Өндіріс технологиясы:
1.    Саз балшықты илеу – 7 мин.
2.    Бұйымды пішін арқылы немесе қолмен дайындау 10-20 мин.
3.    Кептіру – 20 мин.
4.    Күйдіру - 10-20 мин.
5.    Сурет салу

Aлдымен САЗ балшық иленеді Әр бір бұйым үшін өзінің сұрыпы қажет: ақ, қызыл, құм немесе әктас араласқан, т. с.с. . Сонан соң оны балшық илеу шеңберіне, жабыстыру тақтасына немесе пішінге бірдей бөліктерде салады . Бұйым өзінің бастапқы пішінін алып, аздап кепкен кезде оны пешке салады  

Бір қыш құмыраны дайындауға 1-2 сағат кетеді:. 10 мин . - Илеу, 7 -10 мин - Мүсіндеу және қалған уақыттың бәрінде - күйдіру. 

Шикізатқа кететін шығын:

Бұйымдар

Саз балшықтың қалыпты шығыны, гр

Бір жылдағы өндірісі

Бір жылдағы шикізат шығыны, кг

Қыш құмыралар

2

1 200

2 400

Магниттер

                        0,1   

2 400

240

Фотосуреттерге арналған жмектемелер

                        0,2   

2 400

480

Барлығы

 

 

3 120

Жабдықтар:
Муфельді пеш . Дәстүрлі муфельді пеш электр пеш жылытқыштан (білікті, спиральді, профильді), бір немесе бірнеше сатылы термореттегіштен және отқа төзімді камерадан тұратын қыздырғыш құрылғы болып табылады   . Балшық илеу шеңбері Бұйымның пішінін келтіру Мен еңбек өнімділігін арттыруға арналған айналым инерциясын қолдануға мүмкіндік беретін ыдыстар Мен керамикалық бұйымдарды пішінге салуға арналған станок. Сазилегіш. Керамика өндірісіне, атап айтқанда, керамикалық массаны араластыру, қайта өңдеу, жолы арқылы, қажет болған жағдайда бөгде қосылыстардан тазарту арқылы пішіндендіруге керамикалық массаны дайындауға арналған жабдық.

Жобаны жүзеге асыруға деген инвестициялар мен шығындар

Жабдықтар

Құны

Муфельді пеш

500 000

Балшық илеу шеңбері

300 000

Сазилегіш

150 000

Таразы  

25 000

Барлығы

975 000

Жабдықтар:

Пайда мен шығын туралы есеп

Тараудың атауы

Сомасы

Дайын өнімді сатудан түсетін табыс

3 720 000

Негізгі шығындар - Шикізат пен материалдар

780 000

Жалпы табыс

2 940 000

Барлық операциялық шығындар

404 448

Коммуналдық шығындар мен жылыту жүйесі

360 000

Әлеуметтік салық

44 448

Операци ялық табыс

2 535 552

Бюджетке төленетін салықтар мен төлемдер

111 600

Таза табыс

2 423 952

Тауарларды сатудан түсетін табыс:

Бұйымдар

Сатылу бағасы

Бір айдағы өндіріс

Бір жылдағы өндіріс

Сомасы

Қыш құмыралар

2 000

100

1 200

2 400 000

Магниттер

150

200

2 400

360 000

Фотосуреттерге арналған жиектемелер

400

200

2 400

960 000

Барлығы

 

 

 

3 720 000

Саз-балшық бұйымдарын дайындауға арналған шикізат :. балшықсаздың 12 кг-ы 3 мың теңге тұрады, тиісінше, 1 кг шикізат 250 теңге тұрады . 1200 қыш құмыраны, 2400 магнитті және 2400 фотосуреттерге арналған жиектемені өндіруге 3120 кг сазбалшық кетеді Шикізатқа деген шығын 780 мың теңгені құрайды (3120 кг * 250 теңге / кг = 780 мың теңге)

Коммуналдық қызметтер шығындары:

Коммунал дық шығындар

Бір айдағы шығын

Бір жылдағы шығын

Электр энергиясына жұмсалатын шығын

20 000

240 000

Суға жұмсалатын шығын

10 000

120 000

Барлығы

30 000

360 000

Әлеуметтік салық. Жобаның инициаторы екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде 44 448 теңге әлеуметтік салық төлейді (1 852 теңге АЕК * 2 = 3 704 теңге * 12 ай).

Бюджетке төленетін салықтар Мен төлемдер Жобаның аясында салық салудың жеңілдетілген жүйесі бойынша түсімнің 3%-ы - 111 600 мың теңге (. 3,7 млн теңге * 3%) көлемінде табыс салығы төленеді. 

Жобаның қаржыландырылуы мен мемлекеттік қолдау шаралары

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша микронесиелендіру - 2020 - жоғарыда аталған бағдарлама шеңберінде Ауыл Шаруашылығын Қаржылық Қолдау Қоры сауда саласындағы қызметті жүзеге асырудан басқа ұйымдастыруды немесе өз ісін кеңейтуді, айналым капиталын толықтыруды 6% мөлшерлемемен 54 айдан көп емес мерзімге несиелендіреді. 

ЕДБ арқылы несиелендіру. Бизнестің Жол Картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде 7%-ға дейінгі пайыздық сыйақы мөлшерлемесін қаржыландыру.

Дереккөзі:  www.kasipker.info 

 

22.07.2014