- Бастапқы бет
- Қатысушы жадынамасы
- НҚА
- Халықаралық тәжірибе
- Оқыту
- Байланыс деректерi
Жобаның анкетасы:
Инвестициялық жобаның мақсаты: Жедел курьерлік қызметті ұсыну
Өнім: жедел курьерлік қызмет
Өнімділігі: айына 3 000 жеткізу қызметі
Жобаның құны: 3 683 мың теңге
Өтелімділік мерзімі: 10 ай
Жобаның тұжырымдамасы
Ұсынылып отырған инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы бизнесті ұйымдастыру, Таңдалған қызмет түрінің рентабельділігін негіздеу - жедел курьерлік қызметті ұсыну, Жедел курьерлік қызметті ұсыну бойынша жабдықтарды алумен байланысты барлық инвестициялық шығындарды өтеу.
Қызметтің сипаттамасы
Курьерлік қызмет - корреспонденциялар мен тауарларды аз уақыт аралығында тасымалдаудың дамып келе жатқан бизнесі. Курьерлік бизнес бұл қызмет түрлерінің төмен білікті немесе біліктілігі жоқ адам тарапынан орындалуы мүмкін екендігімен қызықты. Курьерлік қызмет аз болғандықтан жеткізу бағасы жоғары болады.
Нарықтың талдамасы және өнімді тарату
Курьерлік қызметті ашпас бұрын өз бәсекелестеріңізді танып алыңыз. Қазіргі пошта қызметтері Халықаралық пошта конвенциясы бекіткен ережелерді қолданады. Мәселен, ережелерге сәйкес жөнелтілетін жүктің салмағы отыз екі килограммнан аспауы тиіс екендігі қарастырылған. Егер тапсырыс құны жүз доллардан кем болса - баж салығы салынбайды. Курьерлік қызметтің жедел жеткізілімі жүк тасымалдау ережелері бойынша бірнеше тоннаға дейінгі салмақтағы тапсырыстарды тасымалдайды, сондай-ақ, барлық жөнелтілімдерге баж салығы салынады. Біздің курьерлік қызметтеріміздің көпшілігі пошта тасымалына лицензия алғысы келеді. Конвенция ұлттық пошта операторын нақты белгілеп берді. Қазақстанның аумағында немесе бір қалада жедел жеткізілім нарығына шығу айтарлықтай маңызға ие. Сонымен бірге корреспонденцияны бір қала ішінде жеткізіп отыратын фирма ашуға болады.
Жобаны іске асырудағы инвестициялар мен шығындар
Жобаға жасалатын инвестициялық қаржыландырудың бағыттары мен көлемі, теңге
Жобаға жасалатын инвестициялық қаржыландырудың бағыттары мен көлемі |
Сомасы |
Негізгі жабдықтарды сатып алу |
1 729 940 |
Шикізаттың, материалдардың, материалдық емес активтердің және басқа да материалдық-техникалық ресурстардың 1 жылға арналған өндірістік қорын жасау |
266 112 |
Өндірістік орынжайды жалға алу, 70 м2 (А) санатты орынжай |
1 686 720 |
Барлығы |
3 682 772 |
Өндірістік орынжай
Жедел курьерлік қызметтерді ұсынатын мини-цехты ашу үшін көлемі кемінде 70 шаршы метр болатын өнідірістік аумақ қажет. Статистикалық агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «А» санатты орынжайдың бір шаршы метрін жалға алу орташа есеппен айына 2 008 теңгені құрайды.
Жабдық. Жедел курьерлік қызметті ұсынуға арналған жабдықтарды сатып алуға кететін шығын:
Атауы |
дана |
Бағасы / дана |
Құны , тг |
Ноутбук Asus X550C (X550CC-XO095H) |
4 |
79 990 |
319 960 |
Скутер |
6 |
223 000 |
1 338 000 |
Лазерлі Samsung ML-2160 принтері |
1 |
15 990 |
15 990 |
Лазерлі Panasonic KX-MB2061RUB МФУ |
1 |
55 990 |
55 990 |
БАРЛЫҒЫ |
1 729 940 |
Қорлар. Жедел курьерлік қызметті ұсынуға арналған жинақты бөлшектерге кететін шығын:
Атауы |
Саны |
1 күндегі жанар-жағар май шығыны (100км 2,8 л) |
1 айдағы шығын . |
Бір жылдағы шикізат шығыны |
1 л. Бензин бағасы |
Бір жылдағы сома |
Жанар-жағар май |
6 |
1,4 |
201,6 |
2 419 |
110 |
266 112 |
1-ші операциялық жылға арналған табыстар мен шығындар туралы есеп
Тараудың атауы |
Барлығы / жылына |
Қызметтерді жүзеге асыру |
12 600 000 |
Өндірістік шығындар |
326 112 |
Жалпы пайда |
12 273 888 |
Барлық операциялық шығындар |
7 975 328 |
Жалақы |
5 340 000 |
Еңбекақы қорынан бөлінетін аударымдар |
484 764 |
Орынжайды жалға алу |
1 686 720 |
Коммуналдық қызметтер |
117 856 |
Негізгі құрал-жабдық өтелімділігі |
345 988 |
Операци ялық табыс |
4 298 560 |
Корпоративтік табыс салығы |
378 000 |
Таза пайда |
3 920 560 |
Сатылымнан түсетін табыс: Ұсынылған курьерлік қызметтің бағасы 350 теңге. . Орташа есеппен айына 3 000 курьерлік жеткізілім болатынын есептесек, бұл жылына 44 400 000 теңгені құрайды (350 * 3 000 * 12 = 12 600 000 теңге) Негізгі шығындар. Шикізат пен материалдардың бастапқы қорын сатып алуға жұмсалатын шығындар / теңге:
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Бағасы / данасы . |
Сомасы |
Интернет / провайдерлер қызметі үшін, теңге / ай. |
12 ай |
5 000 |
60 000 |
Жанар-жағар май |
2 419,2 литр |
110 |
266 112 |
Барлығы |
|
|
326 112 |
Жанар-жағар май шығындары:
Атауы |
Саны |
Бір кұндегі жанар-жағар май шығыны (100км 2,8 л) |
Бір айдағы шығын (24 жұмыс күні) |
Жанар-жағар май шығындары , литр |
1 л бензин бағасы |
Бір жылдағы сомасы |
Жанар-жағар май |
6 |
1,4 |
201,6 |
2 419 |
110 |
266 112 |
Барлығы |
2 419 |
266 112 |
Персонал шығындары. Жедел курьерлік қызметті ұсыну жөніндегі цех үшін тиімді персонал саны - 9 адам.
Өндірістік персонал сипаттамасы:
Қызметі |
Штаттық бірліктер |
Айлық жалақы , Те ң ге |
Жылдық жалақы , Те ң ге |
Бухгалтер |
1 |
75 000 |
900000 |
Менеджер |
1 |
65 000 |
780000 |
Үйлестіруші |
1 |
65 000 |
780000 |
Курьер |
6 |
40 000 |
2 880 000 |
Барлығы |
9 |
|
5 340 000 |
Еңбекақы қорынан аударылатын аударымдар , бюджетке төленетін салықтар мен төлемдер. Өз қызметі барысында жедел курьерлік қызметті ұсынушы цех еңбекақы қорынан (((5 340 000-ОПВ) * 0,05 = 240,3 мың теңге), эмиссия салығы және бюджетке басқа да аударымдар (9 * АЕК) + (2 * АЕК) = 20,3 мың теңге * 12 ай), барлығы еңбекақы қорынан жасалатын аударымдар 260,6 мың теңге әлеуметтік салық төлейді. Корпоративтік табыс салығы салық салудың жеңілдетілген жүйесі бойынша жалпы жылдық айналымның 3% (12 600 мың теңге * 3% = 378 мың теңге).
Орынжайды жалға алу . Өндірістік орынжайды ұйымдастыру үшін 70 м2 (70 шаршы м * 2 008 теңге * 12 ай = 1 686 720 теңге).
Коммуналды шығындар мен жылыту жүйесі. Коммуналды шығындар жабдықтарға арналған электр энергиясы, кәріз, ауыз су, жылыту жүйелеріне, т.б. кететін шығындарды қамтиды және жылына 117 856 теңгені құрайды:
Шығын түрлері |
Шығын көлемі |
Өлшем бірлігі |
Те ң ге / бірлік |
Сомасы |
Электр энергиясы |
80 |
кВт / сағ |
16,97 |
16 291 |
Сумен қамсыздандыру |
20 |
м3 |
131,52 |
31 565 |
Жылыту жүйесі |
70 |
м3 |
200,00 |
70 000 |
Барлығы |
117 856 |
Негізгі жабдықтардың 1 жыл ішінде өтелуі . Қызмет көрсету барысында жедел курьерлік қызметтерді ұсынушы цехтің негізгі жабдықтары тоза бастайды (20%) 1 729 940 * 0,2 = 346 мың теңге).
Жобаның негізгі экономикалық көрсеткіштері:
- жедел курьерлік қызметті ұсыну бойынша қосымша жабдықтарды сатып алу қарастырылады;
- жабдықтың құны - 1 730 мың теңгені құрайды;
- жобаға жасалатын инвестицияның жалпы көлемі - 3 683 мың теңгені құрайды;
- жобаның өтелімділігі 10 айды құрайды
Есептеудің базалық нұсқасы өнім өндірісі көлемінің өзгеруін қарастырмайды. Сату жоспарының жоспарлы көрсеткіштерін есептеу кезінде өндірілген өнімнің сатылуының белгіленген бағалары есепке алынды.
Жобаның қаржыландырылуы
Егер сіздің өз қаржыңыз жоқ, ал өз бизнесіңізді ашуға деген ынтаңыз жоғары болса, қосымша капиталды тартудың бірнеше жолдары бар. Қаржыландыру жолдары:
ЕДБ арқылы несиелендіру. Қаржылық есептер 14% пайыздық мөлшерлемемен, 18 айда өтеу мерзімімен, жарты жылға мерзімін ұзартып, кейін ай сайынғы төлем жасау шарттарында несие алу қажеттілігін анықтады.
«Жұмыспен қамту - 2020». Бағдарламасын жүзеге асыру аясында несиелендіру Бағдарлама ауылдық жерлердің тұрғындарына арналған өз бизнесін ұйымдастыру үшін бюджеттік қаржы бөлуді қарастырады.
Дереккөзі: www.kasipker.info