Call-center 1411

You are here

Валюта айырбастау пунктерін ұйымдастыру

Жоба сипаттамасы

Жобаның анкетасы:

Жобаның мақсаты: шетел валютасын айырбастау пунктін ашу. 
Қызметтер: қолма-қол шетел валютасын айырбастау операциялары.
Жобаның жалпы құны: 15 600 000 теңге
Өтелімділік мерзімі: 36 ай.

Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы халықтың негізгі бөлігі үшін қолма-қол түрде шетел валютасын айырбастау қызметтерін көрсету бойынша кәсіпорын ашуды қарастырады. Валюта айырбастау пункті жалға алынған жалпы аумағы шамамен 100 шаршы метр орынжайда орналасатын болады. 

Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорын айналымдарын ескере келе, қызмет етуді жеңілдетілген тәртіптегі жеке кәсіпкерлік шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады. 
Бұл бизнес-жоспар басшылықтың қызмет етуі үшін соңғы нұсқа емес, ол осындай бизнес-идеяның дамуының ықтимал мұмкіндігін ғана көрсетеді. Сондықтан  бұл жобаны жүзеге асыру барысында сату бағдарламаларының да, сондай-ақ, ұсынылатын қызметтер түрлерінің де өзгеруі мүмкін. 

Көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы

Валюта айырбастау операциялары банктік операциялардың бір бөлігі болып табылады және құзырлы органдардан лицензия алуға жатады. Аталған қызмет түріне берілетін лицензиялар ҚР Ұлттық Банкі тарапынан беріледі. 

Валюта айырбастау пунктінің ұсынатын негізгі қызмет түрі қолма-қол шетел валютасын айырбастау операциялары болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстанда шетелдік валюталардың кең таралған түрлері – американ доллары, ресей рублі, Еуропалық Одақ валютасы, қытай юаньі және ағылшын фунты болып табылады.
Аталған валюталардың бағамы ұлттық валюта – теңгеге қатысты анықталады. Валютаның бағамы Қазақстандық қор биржасында тікелей сауда-саттық жолымен анықталады және күн сайын ҚР Ұлттық банкімен белгіленеді. Тиісінше, компания берілген бағамдарға сүйене отырып, өз маржасын есепке алумен қатар, валюта айырбастаудың өз бағамын белгілейді. 

Нарық сараптамасы және маркетингтік стратегия

Бүгінгі таңда қаржы нарығы мен әлем валюталарының тұрақсыздығы ірі кәсіпорындар үшін ғана емес, қарапайым азаматтар үшін де өзекті мәселе болып отыр. Осындай тынышсыз уақытта қаржы операцияларынан шығынға ұшыраудың үлкен қаупі бар. Валютаның бағамдық құнын белгілеудің тербелістері нәтижесінде қаржы жоғалту қаупінен өз-өзін сақтандыру үшін адамдар аталған қауіптің дәрежесін азайтуға тырысады, тиісінше, айырбастау операциялары қарапайым халықтың да, бизнес субъектілерінің де өмірлерінің ажырамас бір бөлігі болып келген, ал тұрақсыз кезеңдерде аталған операциялар еселеп артады. Яғни, аталған қызмет көрсету саласындағы жұмыс ел экономикасындағы дағдарысты құбылыстарға қарамастан айтарлықтай дивиденд әкеледі.     

Ресей және Қытай сияқты ірі әлемдік державалармен тоғысып жатқан транзиттік өткізу қабілеті жоғары ел ретінде валюта айырбастау операцияларының нарығы айтарлықтай кең болып табылады. ӨР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша Қазақстанның валюта айырбастау пункттері тарапынан 2013 жылдың қараша айында жасалған айырбастау операциялары төмендегіше: 

 

Шетел валютасын сатып алу

(валютаның млн.бірлігі)

Шетел валютасын сату

(валютаның млн.бірлігі)

USD

EUR

RUR

USD

EUR

RUR

ҚР бойынша

820

44

2 345

1 793

141

5 749

Оның ішінде ОҚО

16

0

24

181

7

127

%-бен барлығы

2,0%

0%

1,0%

10,1%

5,0%

2,2%

Қазақстанда негізгі бәсекелестер болып табылатын, айырбастау операцияларын ұсынатын түрлі қаржылық ұйымдар көптеп шоғырланған. Бәсекелестердің жалпы санын екі топқа бөлу қажет: 1 топ – тікелей бәсекелестер – бұлар, валюта айырбастау пункттері, олардың саны 01.01.2013ж. 72-ні құраса, ал  2 топ – жанама бәсекелестер – екінші деңгейлі банктер мен оның филиалдары, олардың саны 01.01.2013ж. мәліметтер бойынша 38 банк және 362 филиалды құрайды.  
    Бұл жоба таңдалған орналасу жерінде валюта айырбастау қызметі нарығында белгілі бір орынды алудың барлық мүмкіндіктеріне ие компания құруды қарастырады.     
    Қызмет көрсетудің аталған сегментінде маусымдық бағыныштылық жоқ, алайда, бір жылдағы кейбір айларды валюта айырбастау операциялары нарығында бірқатар жандану байқалады. Мұндай кезеңдерге қаржылық жылдың бас мен аяғындаға жалпы экономикалық жандануды, сондай-ақ, халықтың шетелде демалуы үшін шетел валютасын сатып алуына себепші «демалыстар маусымын» жатқызуға болады. Валюта айырбастау пункттері тұтынушыларға мейлінше жағдай жасау үшін тәулік бойы және демалыс күндерінсіз жұмыс істейтін болады.

Технологиялық үдеріс

Компания қызметтерінің негізгі түрі халыққа шетелдік валютаны қолма-қол айырбастау қызметтерін ұсыну болып табылады. Тиісінше,  басты тауар шетел валютасы болып табылады, оны бастпақы кезеңде белгілі бір бағам бойынша Қазақстандық банктерден кезекті айналым үшін, яғни, сатып алу-сату үшін сатып алынады. Аталған қызмет түрі шетел валютасын сатып алу және сату бойынша екі жақты келісімді білдіретіндіктен, банктерден қосымша валютаны тұрақты сатып алып отырудың қажеті жоқ. 

Қазақстан қалаларының мейлінше перспективалық аудандарындағы өкілетті кеңселерді арттырудың және арнайы өңделген маркетингтік аспаптардың көмегімен жаңа тұтынушыларды көптеп тартудың қолайлы мүмкіндігі бар.  
    Осы жобаны жүзеге асыру үшін ең бастысы валюта айырбастау пункітінің орынжайын ҚР Ұлттық банкі талаптарына сай безендіру және аталған қызмет түріне лицензия алу мен валюта айырбастау пунктіне белгіленген нысанда тіркеу куәлігін алу қажет.

Жабдық.  Валюта айырбастау пунктін ұйымдастыру үшін келесі жабдықтар қажет: 

  • купюраларды санауға арналған автоматты машиналар, 
  • купюралардың түпнұсқалылығын анықтайтын детекторлар, 
  • кассалық аппарат,
  • бейнебақылау камералары,
  • күзет дабыл белгісі,
  • сейф, калькуляторлар, т.с.с.

Орынжайды жалға алу. Валюта айырбастау пунктін ұйымдастыру үшін ҚР Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес кейін қайта жабдықталуға жататын барлық коммуникациялары қосылған жалпы аумағы 100 шаршы м. Тұрғын немесе сауда орынжайы қажет. 
Компанияның ұйымдастырушылық құрылымы. Валюта айырбастау пунктінің жұмыс істеуіне қажетті пресоналдың жалпы саны 6 адамды құрайды. Төмендегі кестеде компанияның штаттық кестесі берілген. 

Атауы

Саны  

Айлығы, теңге

БАРЛЫҒЫ, теңге

Кассир

2

50 000

100 000

күзетші - инкассатор

2

80 000

160 000

директор

1

150 000

150 000

еден жуушы

1

30 000

30 000

Барлығы, теңге

6

 

440 000

Инвестициялық жоспар   

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды: 

Шығындардың атауы

Саны

1 бірлік бағасы. (теңге)

Сомасы

USD эквиваленті бойынша

Орынжайды жалға алу

1

150 000,00

150 000,00

1 000,00

Қайта жасақтау, жөндеу жұмыстары

1

1 500 000,00

1 500 000,00

10 000,00

Жабдықтарды сатып алу және монтаждау

1

3 000 000,00

3 000 000,00

20 000,00

Жиһаз сатып алу

1

300 000,00

300 000,00

2 000,00

Жарнамалық билбордтар

1

150 000,00

150 000,00

1 000,00

Заңды түрде рәсімдеу, лицензия алу

1

500 000,00

500 000,00

3 333,33

Айналым капиталы

1

10 000 000,00

10 000 000,00

66 666,67

Барлығы

7

15 600 000,00

15 600 000,00

104 000,00

Жабдықтарды сатып алуға, шығын материалдарына, жиһазға, жалға алу мөлшерлемесін төлеуге, жарнама жұмыстарына, персоналдың еңбекақысына және кәсіпорынды рәсімдеуге кететін бастапқы инвестициялар 15 600 000 теңгені құрайды. 
Сауда орынжайын жалға алу. Жобада қажетті коммуникациялық инфрақұрылымы бар, атап айтқанда, электр, жылу және су жүйелері, сондай-ақ, телефон байланысы желісі жүргізілген 100 шаршы метр орфнжайды жалға алу қарастырылған. Мемлекеттік реттегіштің талабына сәйкес орынжайды қайта жабдықтау жұмыстарын жүргізу қажет болады. 

 

Аумағы

Бағасы, тг./м2

Барлығы айына

Барлығы жылына

Тұрғын үйдің бірінші қабатындағы орынжай

100

1 500

150 000

1 800 000

Қызметкерлер штаты. Компанияның жалпы қызметкерлер штаты 6 адамнан тұрады, олардың еңбекақы шығындары айына 440 000 теңгені немесе валюта айырбастау пункті қызметінің бірінші жылында 5 280 000 теңгені құрайды.  

Қаржылық жоспар

Табыстар мен шығындар туралы есептің болжамы

Көрсеткіштер

1-ші қызмет жылындағы сомасы, теңге

Табыс  (сатылым)

12 550 000

Сатылымдардың өзіндік құны (шығындар), барлығы (2.1 – 2.5 бағандарының сомасы)

8 495 392

Оның ішінде:

 

Жабдықтардың жинақты материалдары мен оларға қызмет көрсету

590 000

Жарнама шығындары

230 000

Еңбекақы шығындары (салықтарды есептегенде)

5 695 392

Коммуналды төлемдерге жұмсалатын шығындар

180 000

Орынжайды жалға алу

1 800 000

Жалпы табыс/шығын (салық салуға дейінгі табыс) (1 қатар 2 қатар)

4 054 608

Салық төлемдері

376 500

Таза пайда (таза табыс)

3 678 108

Айырбастау пунктінің табысы сатылған валюталық жұптың бағамдық айырмашылығының есебінен құралады. Төмендегі кестеде негізгі валюталық жұптар бойынша операциялардың жоспарланған көлемдері келтірілген.  

Төмендегі кестеде орташа айлық табыс есебі келтірілген.

Операция түрі

Валюта-лық жұп

Валюта бірлігінің бағамдық айырмашылығы (теңге)

1-2 айдағы операциялардың орташа көлемі (валюта бірлігі)

Бағамдық айырма-шылықтан түсетін табыс, барлығы (теңге)

3-ші айдан бастап операция-лардың орташа көлемі (валюта бірлігі)

Бағам-дық айырмашылық табысы, барлығы (теңге)

Сатып алу/ сату

USD/KZT

0,3

600 000

180 000

1 000 000

300 000

Сатып алу/ сату

RUR/KZT

0,2

1 000 000

200 000

1 500 000

300 000

Сатып алу/ сату

EUR/KZT

0,5

200 000

100 000

300 000

150 000

Сатып алу/ сату

CNY/KZT

0,5

250 000

125 000

400 000

200 000

Сатып алу/ сату

GBP/KZT

1

20 000

20 000

40 000

40 000

Сатып алу/ сату

KGS/KZT

0,5

100 000

50 000

150 000

75 000

Сатып алу/ сату

JPY/KZT

1

25 000

25 000

50 000

50 000

БАРЛЫҒЫ теңгемен

 

2 195 000

700 000

3 440 000

1 115 000

БАРЛЫҒЫ USD-мен

 

2 195 000

4 667

2 340 000

7 433

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорынның негізгі ай сайынғы шығындары еңбекақы төлеу қоры болып табылады. Валюта айырбастау пунктінің жұмыс істеуіне қажетті персоналдың жалпы саны 6 адамды құрайды. 
Кәсіпкердік жалпы шығындары алғашқы екі айда ай сайын 515 мың теңгені құрайды, ал үшінші айдан бастап компанияның жалпы шығындарының көлемі 535 мың теңгеге дейін артады. Төмендегі кестеде шығындар тарауы бойынша тарқатыла көрсетілген кәсіпорын шығындары көрсетілген. 

Атауы

1-2 айдағы сомасы (теңге)

USD эквивалентінде

3-ші айдан басталатын сомасы (теңге)

USD эквивалентінде

Еңбекақы төлеу қоры

440000

2 933

450 000

3 000

Жабдықтарға қызмет көрсету

45000

300

50 000

333

Жарнама төлемдері

15000

100

20 000

133

Коммуналдық шығындар төлемдері

15000

100

15 000

100

БАРЛЫҒЫ теңгемен

515 000

3 433

535 000

3 567

Кәсіпорын жұмысының алғашқы жылы бойынша жалпы шығын көлемі тиісінше - 6 380 000 теңгені құрайды.

Әлеуметтік салық. Жобаның инициаторы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде және әр бір қызметкер үшін бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік салық төлейді. (1 852*2*12 ай + 1 852 АЕК *6 қызметкер * 12 ай =177 792 теңге).
Әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарналарын алып тастағанда жалақы сомасының 5 %-на тең (5 280 мың теңге *(1-10%)*5%=237 600 теңге).

Әлеуметтік салық, теңге

177 792

Әлеуметтік аударымдар, теңге

237 600

Бюджетке төленетін салықтар мен төлемдер. Жобаның аясында табыс көлемінің  3% көлемінде жеңілдетілген салық салу жүйесі бойынша корпоративтік табыс салығы төленетін болады -  134 100 теңге (4,47 млн. теңге * 3%).

Қаржыландырылу және мемлекеттік қолдау шаралары

ЕДБ арқылы несиелендіру. Қаржылық есептер 14% пайыздық мөлшерлемемен, 3 жылға дейінгі аралықта өтеу мерзімімен, жарты жылға мерзімін ұзартып, кейін ай сайынғы төлем жасау шарттарында несие алу қажеттілігін анықтады.   

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша микронесиелендіру – Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау Қоры жоғарыда аталған бағдарлама аясында сауда-саттық саласында қызметін жүзеге асырудан тыс, өз бизнесін ұйымдастыру немесе кеңейтуді, айналым капиталын толықтыруды 54 айдан аспайтын мерзімге  6% мөлшерлемемен несиелендіреді. 

Дереккөзі: www.kasipker.info 

 

21.07.2014