Call-center 1411

You are here

Үстел теннисі клубын ұйымдастыру

Жоба сипаттамасы

Жобаның анкетасы:

Инвестициялық жобаның мақсаттары: жағымды нәрсені пайдалымен тоғыстыра отырып, салауатты өмір салтымен айналысуға мейлінше көп адамдарды тартуға негізделген, осындай нұсқалардың бірі үстел теннисі болып табылады.
Өнімділігі: теннис үстелдерінің 120 сағаттық жалға берілуі.
Өнім: теннис үстелдерін жалға беруді ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсету.
Жобаның құны: 1,06 млн. теңге.
Өтелімділік мерзімі: 1,4 жыл.

Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы теннис клубын құруды және жабдықталған теннис үстелдерін жалға беруді қарастырады. Клуб жалпы аумағы шамамен 100 шаршы метр жалға алынатын орынжайда орналасады. 

Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорын айналымдарын есепке ала отырып, клуб қызметін жеңілдетілген тәртіптегі жеке кәсіпкерлік шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады. 

Өнімнің сипаттамасы

Үстел теннисі біздің елімізде көп жылдардан бері кеңінен таралып келеді. Бұл ережелері күрделі емес динамикалық ойын үлкен аумақ пен қымбат жабдықтарды қажет етпейді. 

Үстел теннисіне арналған үстелдер үш түрлі болады: 
1)    Кез келген ауа-райына арналған үстелдер ашық алаңқайға орналастыруға арналған, тасымалдауға ыңғайлы, ылғалға шыдамды. Алайда мұндай үстелдер спорттық жарыстарды ұйымдастыруға келмейді, өйткені олардың беткі жабындары жеткілікті дәрежеде секіру деңгейін қамтамасыз ете алмайды; 
2)    Әуесқойлық деңгейдегі үстелдер кез келген ауа-райына арналған үстелдерге қарағанда ылғалды көтере алмайтындықтан арзандау тұрады. Оларды ғимарат ішінде қолданады. Спорттық жарыстарға арналмаған;
3)    Кәсіби теннис үстелдері өзінің ауқымдылығымен және сенімділігімен ерекшеленеді. 
•    Барлық үстелдер жылжыту ыңғайлы болуы үшін дөңгелектермен жабдықталады. 

Жүзеге асыру орындары

Жобаны жүзеге асыру үшін теннис үстелдерін мектептерде, институттарда, үзіліс кезінде қызметкерлердің шаршауын басу мүмкіндігін беру үшін түрлі ұйымдардың холлдарында орналастырған аса тиімді болады. Үстел теннисінің ракеткасын жаңа бастағандар да, тәжірибелі ойыншылар да қуана-қуана қолдарына алады. 

Маркетинг жоспары және нарық сараптамасы

Үстел теннисі әуесқойлар арасына да, аталған спорт түрімен шын айналысатын кәсіби ойыншылар арасында да кең танымал ойын болып табылады. Күнімізде мемлекетімізде елдегі спорт түрлерінің дамуын және оның таралуын қолдайтын бірқатар бағдарламалар мен тәсілдер бар. Қазақстан халқы жыл өткен сайын спорттық өмір салтына ықылас білдіруде және спорттың алуан түрлерімен айналысу, оның ішінде үстел теннисімен айналысу сәнге айналып келеді.

Үстел теннисін барлығы дерлік ойнай алады, ол жастар арасында кеңінен таралған. Аталған қызмет түрінің нарығы, мәселен, Қытайдағы, Жапониядағы және Кореядағы сияқты аса дамымаған, сонда да нарықта аталған сегментте қызмет ұсынатын бірқатар ұйымдар бар, олар негізінен ұсақ жеке клубтар болып табылады. 
Теннис клубының келушілері –  тек өзінің көңілін ойын арқылы көтеруді қалайтындар ғана емес, спорттың осы түріне мән бере қарайтын, дамуға тырысатын, ойынның техникасын жетілдіруге тырысатын энтузиасттар.
Теннис клубтары қатысқандары үшін ойыншылардан ақы алынатын жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып отырады. Қаржының бір бөлігі жүлде қорына кетсе, екінші бір бөлігі жарысты өткізуге қажетті төрешінің жұмысының ақысына жұмсалады.  

Технологиялық үдеріс

Орынжайды жалға алу. Әуесқой теннис клубын (үстелдері орналастыру) ұйымдастыру үшін бәрінен де қаланың сауда-сауықтыру орталықтары ыңғайлы. Олардан жеке орынжайды жалға алуға немесе жеткілікті дәрежеде кең алаңқай болған жағдайда үстелдерді холлда орналастыруға болады. Үстелдерді әкімгер бақылап отырады. Үстел теннисін өз сеансын күтіп отырған кинотеатр көрермендері, немесе балаларын ойын алаңқайына алып келген ата-аналар қуана-қуана ойнайтын болады. Теннис үстелдерін өздерінің күту уақыттарын қысқартуға мәжбүр келушілердің көз алдында болатындай етіп орналастыруға тырысыңыз.

Әуесқой үстел теннисі ойынының бағасы тәулігіне 7 200 теңге немесе бір ойын сағаты үшін 300 теңге болады. 

Жабдықтар мен саймандар

Кез келген ауа-райына арналған, көше үстелдері. 

Ашық аспан аясында немесе ғимарат ішінде үстел теннисін ойнауға арналған.
Дөңгелексіз жиналмалы, кез келген ауа райына арналған теннис үстелі. 
Композициялық алюминий үстел тақтайшасы.
Ғимарат ішінде немесе ашық аспан аясында ойнауға арналған.
Үстелдің өлшемдері: 2740 * 1525мм жинақтағы металл торкөзімен бірге.
Құны 50 000 теңгеден басталады. 

 

Әуесқойларға арналған үстелдер.

Жиі қолданылатын теннис үстелі.
Ойын алаңы: 16 мм меламинді жабыны бар.
Көмкермесі: 0,45 мм ПВХ ернеулі.
Жиектемесі: полимерлі жабынды 25 мм болат.
Жиналып қалудан өздігінен кілттенетін механизм.
Өлшемі (халықаралық стандарт): Ұзындығы 274 см, Ені 152,5 см, Биіктігі 76 см.
Жиналған күйдегі өлшемдері: Ұзындығы 152,5 см, Ені 67 см, Биіктігі 189 см.
Үстелдің салмағы: 63 кг.
Құны 40 000 теңгеден басталады.

Кәсіби теннис үстелдері. 

Үстел теннисін ашық аспан аясында немесе ғимарат ішінде ойнауға арналған.
Өлшемдері (халықаралық стандарт): Ұзындығы 274 см, Ені 152,5 см, Биіктігі 76 см.
Бағасы өндіруші еліне қарай қатты өзгеріп отырады.
Құны 75 000 теңгеден басталады.

Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын инвестициялар мен шығындар 

Бастапқыда жұмсалатын қаражат төмендегі кестеде келтірілген. 

Атауы

Саны

Құны

БАРЛЫҒЫ, теңге

Торкөзді теннис үстелдері, жеткізіп беруімен және қондыруымен бірге

10

80 000

800 000

Шарларымен бірге теннис ракеткалары

20

4 000

80 000

Заңды түрде рәсімдеу

1

30 000

30 000

Басқа да заттар мен жиһаздар

1

150 000

150 000

БАРЛЫҒЫ шығындар

 

 

1 060 000

Жабдықтарды, жинақты бөлшектерді, жиһазды сатып алуға және кәсіпорынның рәсімделуіне қажетті бастапқы инвестициялар 1 060 000 теңгені құрайды.
Сауда орынжайын жалға алу. Жобада қажетті коммуникациялық инфрақұрылымы жүргізілген, атап айтқанда, электр, жылу және су жүйелері жасақталған жалпы аумағы 100 шаршы метр орынжайды жалға алу қарастырылған.  

 

Аумағы

Бағасы, тг./м2

Барлығы бір айға

Барлығы бір жылға

Орынжайды жалға алу

100

1500

150 000

1 800 000

Қаржылық жоспар

Көрсеткіштер

Бірінші жұмыс жылындағы сомасы, теңге

 
 

Табыс (сатылым)

4 320 000

 

Қызметтердің өзіндік құны (шығындар), барлығы (2 қатар сомасы.)

3 534 896

 

Оның ішінде:

 

 

Еңбекақы төлеу шығындары (жалдамалы жұмысшылар)

1 200 000

 

Әлеуметтік қажеттілікке жұмсалатын аударымдар (міндетті зейнетақы жарнасы) (жалдамалы жұмысшылардыкі)

142 896

 

Өтелетін аударымдар

212 000

 

Орынжайды жалға алу

1 800 000

 

Жарнама

180 000

 

Жалпы табыс/ шығын (салық салуға дейінгі табыс) (1 қатар – 2қатар)

785 104

 

Салық төлемдері

129 600

 

Таза пайда (таза табыс)

655 504

 

Табыстар. Үстелдер саны 10 дана, күніне орташа жалға алынатын сағат саны: 4 сағат:

Үстелдер саны

10

Жалға алудың орташа саны (сағат)

4

1 айдағы сағат саны

1 200

1 сағат құны

300

Айлық табыс

360 000

Барлық табыс

4 320 000

Персоналға жұмсалатын шығындар. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы тек клуб әкімгерін ғана қарастырады, екі ауысымды жұмыс болған жағдайда 2 адам қажет болады. 

Позициясы

Штаттық бірлік

 

Міндеті

Әкімгер

2

50 000

 - барлық ұйымдастыру мәселелері

Әлеуметтік салық. Жобаның инициаторы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және әр бір қызметкер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді. (1 852*2*12 ай + 1 852 АЕК *2 қызметкер * 12 ай =88 896 теңге).
Әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарналарын алып тастағанда жалақы сомасының 5 %-на тең. (1 200 мың теңге *(1-10%)*5%=54 000).

Әлеуметтік салық, теңге

88 896

Әлеуметтік аударымдар, теңге

54 000

Жарнамаға жұмсалатын шығындар. Төменде келтірілген кестеде таза табысты есептеу үшін клубтың бір айдағы шығындары берілген.

Шығындар түрлері

Барлық шығындар, айына теңгемен

Барлық шығындар, 1-ші жылға теңгемен

Амортизация

14 667

176 000

Жарнама

15 000

180 000

Барлығы

29 667

356 000

Амортизациялық аударымдар: 

Негізгі қаржы

Баланстық құны

Амортизация мөлшерлемесі

Амортизациялық аударымдар

Жабдықтар

1 060 000

20%

212 000

Бюджетке төленетін салықтар мен төлемдер. Жобаның аясында салық салудың жеңілдетілген жүйесі бойынша табыстың 3% - 129,6 мың теңге (4 320 мың теңге * 3%) көлемінде корпоративті табыс салығы төленетін болады.   

Жобаның қаржыландырылуы мен мемлекеттік қолдау шаралары

ЕДБ арқылы несиелендіру. Қаржылық есептер 14% пайыздық мөлшерлемемен, 3 жылда өтеу мерзімімен, жарты жылға мерзімін ұзартып, кейін ай сайынғы төлем жасау шарттарында несие алу қажеттілігін анықтады.   

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында несиелендіру. Бағдарлама ауылдық жерлердің тұрғындарына арналған өз бизнесін ұйымдастыру үшін бюджеттік қаржы бөлуді қарастырады.

Дереккөзі: www.kasipker.info 

 

 

 

21.07.2014