- Бастапқы бет
- Қатысушы жадынамасы
- НҚА
- Халықаралық тәжірибе
- Оқыту
- Байланыс деректерi
Аймақ | Жүзеге асырылған жобалар |
Барлығы | 1 |
Маңғыстау облысы | 1 |
Қарақия ауданы
|
1
|
Жобаның анкетасы:
Инвестициялық жоба мақсаты : орта деңгейдегі кіріс әкелетін, көпшілік келушілерге арналған киім тігу мен пішу қызметін ұсыну және шеберхана ашу.
Өнімділігі:
-Киімді пішу және жөндеу - 600 тапсырыс;
-Дайын киімдерді тігу - 360 тапсырыс;
-Перде тігу, пішу және басқа да жұмыстар - 180 тапсырыс
Қызметі: киім және перде тігу, жөндеу шеберханасы
Жобаның жалпы құны: 2 600 000 теңге
Өтелімділік мерзімі: 1,6 жыл
Жобаның тұжырымдамасы
Бұл тұжырымдама киім тігу және жөндеу шеберханасын ашу барысын сипаттайды. Бастаушы кәсіпкер көмегімен нарықта киім тігу және жөндеу қызметін ұсыну бойынша осы жобаның бизнес-жоспарының құрылымы жасалған. Осы бизнес-жоспарда сипатталған даму сценарийі ұсыныс сипатына ие және жалғыз деп қарастырыла алмайды. Жобада материалдарды, жабдықтарды алуға, орынжайды жалға алуға және персоналдың еңбекақысына жұмсалатын максималды шығындар қарастырылған. Шынайы шарттарда әрбір меншік иесі оларды өз қалауына қарай оңтайландыра алады.
Көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы
Ателье тапсырыс қабылдауды және одан ары клиенттердің тапсырыстары бойынша дайын киім тігуді, сондай-ақ, қосымша киімді қайта қалпына келтіру, қиыстырып келтіру және жөндеу жұмыстарын жұзеге асырады деп жоспарланған.
Дайын өнімді сату мен қызметтерді ұсынуды өз тапсырыс қабылдау пункті арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, ірі сауда орталықтарында тапсырыс қабылдау пунктін (немесе осындай бірнеше пунктті) орналастрыу арқылы қосымша клиенттерді тарту жоспарға енгізілген.
Нарық сараптамасы және маркетингтік стратегия
Бүгінгі таңда киім жөндеу және тігу қызметтерін Қазақстанда ательелер, сондай-ақ, көптеген шеберханалар ұсынып отыр.
Ательелер мен жөндеу шеберханалары ұсынатын негізгі қызметтер түрі қатарында мыналарды атауға болады:
• Киімді жөндеу (адамның дене бітіміне қарай қиыстыру, сыдырманы ауыстыру, астарын ауыстыру, жағасын жөндеу, жамау тігу, торлап тігу, т.б.)
• Киім тігу (сыртқы киім тігу, тері киімдерін тігу және басқалары)
• Тері ательесі (тондарды өзгертіп пішу, дене бітіміне қарай қиыстыру, жағасын ауыстыру, тонның төменгі жағын қайта қалпына келтіру, ұзындығын өзгерту және басқалары)
• Тері бұйымдарын жөндеу (сыдырмасын ауыстыру, қиылған жерлерін жою, дене бітіміне қарай қиыстыру және басқалары)
Аталған қызмет түрлері нарығы тиісінше, халық санының артуымен және халықтың табыс көлемінің артуымен бірге өсіп, дамып отырады.
Ательелердің қызмет нарығы көлемінің жыл сайынғы өсімі 10%-дан аса көлемді құрайды. Бұл нарықтың жеткілікті дәрежеде сегменттелгенін, бір ательелердің тек киім тігуде маманданып, екінші бірілерінің жөндеуде, ал басқаларының жоғары сұранысқа ие барлық қызмет түрлерін көрсететіндігін атап өткен жөн. Бүгінгі дағдарыс шарттарында дәл сол жөндеу қызметтері көбірек сұранысқа ие. Сонымен қатар, перделер, төсек жапқыштар және басқа да тоқыма бұйымдарын тігу бағыты да айтарлықтай сұранысқа ие және табысты болып табылады, сондықтан толық қызмет спектрін көрсету ұсынылады.
Жобаның сәттілік деңгейі жеткілікті дәрежеде жоғары деп бағаланады, өйткені кез келген елді мекенде дерлік ательенің ықтимал тұтынушылары болуға даяр адамдардың пайызы айтарлықтай жоғары болып табылады.
Өндірістік жоспар
Ательені ашудағы алғашқы қадам орынжайды іздеу болып табылады . Ательені әдетте ғимараттардың бірінші қабаттарында немесе сауда орталықтарында орналастырады Орынжайды іздеу кезінде екі нұсқа мүмкін: біріншісі - тапсырыс қабылдау мен тігін цехын біріктіру; екіншісі - тігін цехын тұрғылықты аумақтан тыс орналастырып, тапсырыс қабылдау пунктін тікелей адамдардың көп. шоғырланатын жерінде ұйымдастыру Тиімді нұсқасы -
Тапсырыс қабылдау пунктін әрі алушылар көп келетін сауда орталықтарында ұйымдастыру
Бірінші жағдайда жалға алу шығындары жоғары болады, өйткені, тігін цехы айтарлықтай үлкен орынжайды алатыны белгілі. Екінші жағдайда жалға алу бағасы төмен болады, оның үстіне сіздің клиенттеріңіздің қатарына сауда орталықтарында сатылатын қалыпты өлшемдегі киімдерді адамдардың дене бітіміне қарай қиыстыру қажет болатындар да қосылуы мүмкін.
Келесі қадам . тігін жабдықтарын сатып алу болып табылады Тігін ательесіне арналған негізгі жабдықтар - түрлі мақсатта қолданылатын тігін машиналары:. астарлап тігетін, тура тігісті, трикотаж материалдарына арналған, тері илеуші, немесе көпфукнционалды тігін машинасы мен көпоперациялы тігін станогы . Сонымен бірге қажетті заттар: әдіптеу сайманы, бу генераторы, орындықтар, айна, жарық құрылғылары, манекен, әкімгердің жұмыс орнына арналған үстел
Келесі кезең - персоналды іріктеу Ателье үшін қажетті минималды штат -. тапсырысты қабылдаушы, сәнгер-дизайнер және киім жөндеу және тігу шебері Цехқа жұмыс тәжірибесі Мол шеберлерді алған жөн, ал тапсырыс қабылдаушы өлшемдерді дұрыс ала алатын болуы қажет. Персоналды таныстардың арасынан, достарыңыздың ұсыныстары бойынша, ғаламтор сайттарынан немесе жұмысқа орналастыру агенттіктері арқылы іріктеуге болады. Келісімшарт жасау кезінде міндетті түрде тігіншінің материалдық жауапкершіліктерін түсіндіріңіз, өйткені, тұтынушылар жөндеуге өте қымбат заттарды және тігу үшін қымбат материалдарды алып келеді. Егер де тігінші тәжірибесіз болса, тіпті, одан да сорақысы, ықылассыз болса, онда ол бұзылған зат үшін жауапкершілікті толығымен өз мойнына алуы тиіс.
Тұрғын ауданда орналасқан ательенің жарнамасы ашық әрі көрнекі маңдайшаны орнату және үйлердің кіреберістерінде мен аялдамаларда хабарландыру жапсыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны - жеке кәсіпкер. Бизнесті жүргізудің мұндай нысанын таңдаудың негіздемесі қызметтің түпкі тұтынушылары жеке тұлғалар болып табылатындығы Тиісінше, бұл салықтарды қысқартуға және қойма мен бухгалтерлік есептерді жүргізуді жеңілдетеді.
Инвестициялық жоспар
Атауы |
саны |
бағасы |
барлығы |
Тігін машиналары |
5 |
150 000 |
750 000 |
Құрал-сайман, жиһаз |
1 |
600 000 |
600 000 |
Ғимаратты жалға алу |
12 |
60 000 |
720 000 |
Жарнама |
1 |
50 000 |
50 000 |
Шығыс материалдары |
1 |
75 000 |
75 000 |
Заңдық рәсімдеу |
1 |
15 000 |
15 000 |
Айына жұмсалатын қаржы |
|
390 000 |
390000 |
БАРЛЫҒЫ |
|
|
2 600 000 |
Қаржылық жоспар
Жылына жұмсалатын шығын және кіріс есебінің болжамы:
Сала атаулары |
Жылына , Те ң ге Мен |
Қызмет көрсетуден түсетін табыс |
6 420 000 |
Қызметтің өзіндік құны ( шығындар ): |
4 729 944 |
Шығыс материалдары, құрал-саймандарды жөндеу |
240 000 |
Еңбекақы төлеу шығындары ( жалдамалы жұмысшыларға ) |
3 480 000 |
Еңбекақыдан бөлінетін әлеуметтік төлем (5%) |
289 944 |
Ғимаратты жалға алу |
720 000 |
Жалпы пайда |
1 690 056 |
Салық төлеу |
192 600 |
Таза пайда ( таза табыс ) |
1 497 456 |
Өнімді таратудан түсетін табыс
Ательенің табысы келесі қызметтерді ұсынудан тұрады: киімді қиыстырып тігу, жөндеу және қайта өңдеу, дайын киімдер мен перделерді тігу, басқа да қызмет түрлері.
Киімді қиыстырып тігу мен жөндеу бойынша тапсырыстың орташа саны күніне 10 тапсырысты құрайды, әр бір тапсырыстың орташа құны. 2000 теңге Киімді тігу бағасы әр түрлі болуы мүмкін, бұл қызметкерлердің шеберлігі мен мақсатты аудиторияның табыс деңгейіне байланысты болады, бұл орташа есеппен - бір тапсырыс үшін 12 000 теңге болады.
Атауы |
Ай сайынғы тапсырыстың орташа мөлшері |
Тапсырыстың орташа құны |
Айлық кіріс |
1-жылғы нәтиже |
|
Киімді қиыстырып тігу және жөндеу |
50 |
2 000 |
100 000 |
1 200 000 |
|
Дайын киімдерді тігу |
30 |
12 000 |
360 000 |
4 320 000 |
|
Перделерді тігу, қиыстыру және басқа да жұмыстар |
15 |
5 000 |
75 000 |
900 000 |
|
БАРЛЫҒЫ (Те ң ге) |
|
535 000 |
6 420 000 |
Сауда орнын жалға алу
Осы инвестициялық жобаның шеңберінде тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан аумағы 40 шаршы метрден көп емес, кішігірім тұрғын орнын жалға алу жоспарланып отыр.
|
Аумағы |
Бағасы , тг./м2 |
Айына барлығы |
Жылына барлығы |
Тұрғын үйдің бірінші қабатындағы орынжай |
40 |
1500 |
60 000 |
720 000 |
Шығын материалдары Жіптер, аспаптар, маталар және ательеге арналған жабдықтарды жөндеу - жылына 20 мың теңге. Жылына: 12 ай * 20 000 теңге = 240 000 теңге.
Еңбекақы төлеу
Шеберханаға қажетті ең аз штат - тапсырыс қабылдаушы, сәнгер-дизайнер, киімді жөндеу және тігу шебері.
Атауы |
Саны |
Еңбекақы |
Қызметкерлерге ай сайын жұмсалатын қаражат жиыны |
Жылдық жиынтық |
Тігінші |
2 |
50 000 |
100 000 |
1 200 000 |
Тапсырыстарды қабылдаушы-өлшеуші |
1 |
40 000 |
40 000 |
480 000 |
Сәнгер-дизайнер |
1 |
150 000 |
150 000 |
1 800 000 |
Барлығы |
4 |
|
290 000 |
3 480 000 |
Әлеуметтік салық
Жобаның инициаторы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде және әр бір қызметкер үшін бір айлық еептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік салық төлейді (1 852 теңге АЕК * 2 * 12 ай + 1 852 теңге АЕК * 4 қызметкер 12 ай = 133 344 теңге).
Әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарналарын алып тастағандағы еңбекақы сомасының 5%-на тең (3 480 мың теңге * (1-10%) * 5% = 156 600 теңге).
Әлеуметтік салық, теңге |
133 344 |
Әлеуметтік төлем, теңге |
156 600 |
Бюджетке төленетін салықтар мен төлемдер
Жоба аясында салық салудың жеңілдетілген жүйесі бойынша корпоративті табыс салығы төленетін болады, табыстың 3% мөлшерінде - 192 600 теңге (6 420 000 теңге * 3%)
Жобаны қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шарасы
ЕДБ арқылы несиелендіру. Қаржылық есеп қарыз қажеттілігін 14% пайыздық мөлшерлемемен, өтеу мерзімі 72 ай, жарты жылға ұзартып, сонан соң тұрақты ай сайынғы төлеуді қарастырады.
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында несиелендіру . Бағдарламада жеке бизнесті ұйымдастыруға бюджеттік қаражатты бөлу қарастырылған.
Дереккөзі: www.kasipker.info