- Бастапқы бет
- Қатысушы жадынамасы
- НҚА
- Халықаралық тәжірибе
- Оқыту
- Байланыс деректерi
Жобаның анкетасы:
Инвестициялық жобаның мақсаты: Алматы-Шымкент ТАС жолы бойында кафе ашуды ұйымдастыруды қарастырады
Өнімділігі: жылына 8 400 келуші
Өнімі / Қызметі: қоғамдық тамақтандыру
Жобаның құны: 13,3 млн теңге
Өтелімділік мерзімі: 2,5 жыл
Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы Алматы-Шымкент тас жолы бойында жол жиегіндегі қызмет пунктін ұйымдастыруды қарастырады. Жол жиегіндегі қызмет пункті кафені, дүкенді, жеңіл және жүк көліктеріне арналған автотұрақты қамтиды. Пункт коммуникацияны жүргізу мен жұмыс күшін тартуға ыңғайлы болуы үшін елді мекендердің біріне жақын, бірақ осылайша тұтынушылар ретінде бағыттық автобустардың жолаушыларын тарту мақсатында қалалардан алыс қашықтықта ашылатын болады.
Өнімнің сипаттамасы
Жол бойындағы қызмет көрсету пункті кафені, дүкенді, жеңіл және жүк көліктеріне арналған автотұрақты қамтиды. Автокөлікті орналастыру үшін 12 жүк және 15 жеңіл автомобильге арналған, қоршалған және бейнебақылау орнатылған, күзетпен қорғалатын автотұрақ ұйымдастырылады. Кафе тек жеке көлігінде келе жатқан өткен-кеткен жүргізушілер мен жолаушыларға ғана емес, алыс қашықтыққа жол тартқан бағыттық автобустарға да қызмет көрсетеді. Кафенің жанындағы дүкен халық тұтынатын азық-түлік өнімдерін, сусындар мен тауарларды сататын болады.
Жүзеге асыру орны
Мүмкіндігінше Жол бойында қызмет көрсету пунктін Алматы-Шымкент тас жолындағы жанармай құю бекетіне жақын немесе сол бекеттің өзінде орналастыру ұсынылады.
Маркетинг жоспары және нарық сараптамасы
Мемлекет дамуының басым бағыттарының бірі бүгінгі даму сатысында автомобиль жолдарының құрылысы мен оларды күрделі жөндеуден өткізу болып табылады. Бүгінгі таңда құрылысы жүріп жатқан жаңа «Батыс Еуропа - Батыс Қытай». халықаралық ТРАНСПОРТ дәлізі түрлі бағыттағы салалардың дамуында бастапқы нүкте болады Қазақстандағы халықтың төменгі деңгейде шоғырлануын және көршілес елді мекендердің бір-бірінен алшақ орналасуын ескере келе, тас жолдары бойында қызмет көрсету пункттерін ашу алыс жолға шыққан жүргізушілер мен жолаушыларға демалу, тамақтану және көлік құралдарын жөндеу үшін қосымша мүмкіндік болып табылады.
Бизнестің мұндай түрі Батыс Еуропа елдерінде кеңінен таралған және әдеттегіше жанар май құю бекеттерімен бірлестірілген. Сондықтан халықаралық маңызға ие тас жолы бойында осы тектес пункттерді ашу өте өзекті үрдіс болып табылады.
Осы жобаның жүзеге асырылуын автокөлік иелеріне осындай қызметтерді ұсыну мүмкіндігі қосымша табыс көзін алып келетін жанармай құю бекеттерінің қожайындарына ұсынуға болады.
Жол бойындағы қызмет көрсету пункттерінің орналасу орнын дұрыс таңдау оның тиімділігінің кепілі болады.
Технологиялық үрдіс
Орналасу жері. Жол бойында қызмет көрсетудің болжамды пунктін коммуникациялық жүйелерді жүргізу мен жұмыс күшін тартудың ыңғайлы болуы мақсатында Шымкент қаласының елді мекендерінің біріне жақын орналастыру, бірақ, тұтынушылар ретінде бағыттық автобустардың жолаушыларын тарту үшін алысырақ қашықтықта орналастыру жоспарланып отыр. Мүмкіндігінше жол бойында қызмет көрсету пунктін жанармай құю бекетіне жақынырақ, немесе сол бекеттің жанынан ашу ұсынылады. Жол бойында қызмет көрсету пунктіне бөлінетін жер телімінің аумағы шамамен 1.000 шаршы метрді құрайды. Жол бойында қызмет көрсету пунктінің құрылысы салынатын жер не сатылып алынады, не ұзақ мерзімді пайдалану үшін жалға алынады.
Ғимараттар Мен құрылыстар Жол бойында қызмет көрсету пунктінің құрылымына келесі нысандар кіретін болады:
Жабдықтар мен құрал-саймандар. Ғимаратты салудан және жол бойында қызмет көрсету пунктінің аумағын жабдықтаудан бұрын құрылыс салынатын орыды алдын-ала дайындау мен тазалау қарастырылған.
Электрмен жабдықтау . Жол бойында қызмет көрсету пунктінің аумағы орталық электр жүйесінен тартылған электр энергиясымен қамсыздандырылады.
Сумен жабдықтау. Жол бойында қызмет көрсету пунктінің аумағында су сорғыш құрылғысының көмегімен тұтыну нүктелеріне жеткізіліп отыратын ұңғыма қазылатын болады.
Байланыс . Байланыспен қамтамасыз ету үшін жол бойындағы қызмет көрсету пункітінің Билайн немесе Kcell ұялы байланыс операторының қызмет көрсету аясында болуы жетіп жатыр.
Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын инвестициялар мен қаржы
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Шығындардың атауы |
Шығындар , тг. |
Жер , ғимараттар мен құрылыстар |
12 200 000 |
Кафе және дүкен |
12 000 000 |
Автотұрақ күзеті пункті |
200 000 |
Кафе мен дүкеннің жабдықтандырылуы |
750 000 |
Асүйге арналған жабдықтар |
250 000 |
Залға арналған жабдықтар |
300 000 |
Дүкенге арналған жабдықтар |
200 000 |
Коммуникац иялар |
250 000 |
Жарнама |
150 000 |
БАРЛЫҒЫ |
13 350 000 |
Жер телімін сатып алуға, құрылысқа, жабдықтарды, шығын материалдарын, жиһаздарды алуға, жарнамаға жұмсалатын бастапқы инвестициялар 13 350 000 теңгені құрайды.
Қаржылық жоспар
Көрсеткіштер |
Қызмет етудің 1-ші жылындағы сомасы, теңгемен |
|
Пайда (сатылымдар) |
6 820 000 |
|
Қызметтердің өзіндік құны (шығындар), барлығы (2 тармақтың сомасы.) |
1 564 640 |
|
Оның ішінде: |
|
|
Еңбекақы төлемдері шығыны (жалдамалы жұмысшыларға) |
720 000 |
|
Әлеуметтік қажеттіліктер аударымдары (міндетті зейнетақы жарнасы) (жалдамалы жұмысшылар) |
254 640 |
|
Тасымалдау және басқару шығындары |
200 000 |
|
Коммуналдық төлемдер |
240 000 |
|
Жарнама |
150 000 |
|
Жалпы табыс / шығын (салық салуға дейінгі табыс) (1тармақ-2тармақ) |
5 255 360 |
|
Салық төлемдері |
204 600 |
|
Таза пайда ( таза табыс ) |
5 050 760 |
Өнімді таратудан түсетін табыстар . Кестеде берілген кафе мен дүкеннен түскен түсімдер оларды өндіруге және алуға кеткен шығындарды алып тастағандағы таза табысты қамтиды.
Сату бағдарламаларын есептеу кезінде құнсызданумен байланысты бағаның өсуі өндіріс шығындарынан көрініс табатындықтан құнсыздану ескерілген жоқ.
Атауы |
1-ші жылдағы тапсырыстың орташа саны |
Қызметтің орташа құны |
Барлығы, 1-ші жылдағы |
|
Келушілерді тамақтандыру |
8 400 |
500 |
4 200 000 |
|
Дүкеннен түсетін түсімдер (өзіндік құнын алып тастағанда) |
8 000 |
275 |
2 200 000 |
|
Түнгі автотұрақ |
1400 |
300 |
420 000 |
|
БАРЛЫҒЫ |
тенге |
|
6 820 000 |
Қызметкерлер штаты
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы келесі негізгі ұйымдастыру бірліктерінен тұрады:
Қызмет көрсету персоналына жұмсалатын шығындар кафенің келушілері тарапынан қызмет көрсетуге төленетін% пайыздан босатылатындықтан, қызметтердің өзіндік құнының есебіне кірмейді. Штаттық кестенің жобасы төмендегі кестеде келтірілген:
Атауы |
Саны |
Ай сайынғы еңбекақы |
Бр жылдағы персонал шығындарының барлығы |
|
Әкімгер |
1 |
60 000 |
720 000 |
|
Қызмет көрсетуші персонал, оның ішінде: |
7 |
|||
Аспаз |
2 |
45 000 |
1 080 000 |
|
Даяшылар |
2 |
40 000 |
960 000 |
|
Күзетші |
1 |
40 000 |
480 000 |
|
Сатушы |
1 |
40 000 |
480 000 |
|
Тазалаушы |
1 |
30 000 |
360 000 |
|
БАРЛЫҒЫ |
8 |
4 080 000 |
Құрылыс және жабдықтау шығындары . Жол бойында қызмет көрсету пунктін ашуға арналған негізгі шығын түрлері келесі көрсеткіштерді қамтиды:
Шығындардың атауы |
Шығындар , тнг. |
Жерді сатып алу және құрылыс алаңын дайындау |
600 000 |
Ғимаратты дайын күйге дейін салу |
11 600 000 |
Асүйге арналған жабдықтар, оның ішінде: газ плиталары, тоңазытқыштар, жуғыштар, жиһаздар, ыдыс-аяқ, т.б. |
250 000 |
Залға арналған жабдықтар, оның ішінде: жиһаз, безендіру, ыдым-аяқ, т.б. |
300 000 |
Дүкенге арналған жабдықтар, оның ішінде: Жиһаз, сөрелер, стеллаждар, тоңазытқыштар, т.б. |
200 000 |
БАРЛЫҒЫ |
12 950 000 |
Әлеуметтік салық
Жобаның инициаторы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және әр бір қызметкер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді (1 852 теңге АЕК * 2 * 12 ай + 1 852 теңге АЕК * 8 қызметкер 12 ай = 222 240 теңге).
Әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарналарын алып тастағандағы жалақы сомасының 5%-на тең. (720 мың теңге * (1-10%) * 5% = 32 400 теңге).
Әлеуметтік салық, теңге |
222 240 |
Әлеуметтік аударымдар, теңге |
32 400 |
Бюджетке төленетін салықтар Мен төлемдер Жобаның аясында салық салудың жеңілдетілген жүйесі бойынша корпоративтік табыс салығы төленетін болады, табыстың 3%-ы - 204,6 теңге (6,8 млн теңге * 3%.).
Жобаның қаржыландырылуы мен мемлекеттік қолдау шаралары
ЕДБ арқылы несиелендіру. Қаржылық есептер 14% пайыздық мөлшерлемемен, 3 жылда өтеу мерзімімен, жарты жылға мерзімін ұзартып, кейін ай сайынғы төлем жасау шарттарында несие алу қажеттілігін анықтады.
«Жұмыспен қамту - 2020». Бағдарламасын жүзеге асыру аясында несиелендіру Бағдарлама ауылдық жерлердің тұрғындарына арналған өз бизнесін ұйымдастыру үшін бюджеттік қаржы бөлуді қарастырады.
Дереккөзі: www.kasipker.info