- Бастапқы бет
- Қатысушы жадынамасы
- НҚА
- Халықаралық тәжірибе
- Оқыту
- Байланыс деректерi
Жоба анкетасы:
Инвестиялық жобаның мақсаты: Фитнес клуб және тренажер залының ашылуы
Өнім / Қызметтер: Фитнес
Жобаның құны: 5 700 мың тенге
Өтелу мерзімі: 2 жыл.
Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасында ОҚО-да фитнес клубтың ашылуы қамтылған. Бұл клубқа келушілердің мақсатты тобын 14 және 60 жас аралығындағы үлкендер мен жастар құрайды. Клуб жалға алынған залда орналыстырылады.
Қазіргі бизнес жоспардың өндіріс айналымын ескере отырып, жеке кәсіпкердің қызметін жеңілдетілген түрде іске асыру ұсынылады.
Тап осы бизнес жоспар басшылықтың іске көшуінің ең соңғы нұсқасы емес. Осындай бизнес идеялардың дамуы потенциалды мүмкіндікті көрсетеді. Өндірістің қызмет көрсету жоспарында бәсекелестік басымдылықты және сатып алынатын спорттық жабдықтар мен бұйымдардың айқын ерекшеліктерін барынша ашып көрсету керек.
Өнім (Қызмет көрсету) сипаттамасы
Дене шынықтыру және сауықтыру-қазіргі таңда қызмет көрсету салаларының ерекше түріне айналған. Соңғы уақыттарда халықтың денсаулықты жақсарту мәселесінде көп қажеттіліктер туындауда, оған қоса оның әлеуметтік маңызы да зор. Осыған орай, спорттық қызмет көрсету кешендерінде ақылы қызмет саласының рөлі зор. Сондықтан да ақылы қызмет көрсету саласының сапасын арттыру да көзделген.
Халыққа ақылы қызмет көрсету саласы -. дене шынықтыру және спорт, денсаулықты нығайту және сақтау, жұмысқа жарамдылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық жабдықтар және басқа да сауықтыру мақсатында қолданылатын обьектілерге бағытталған
Ақылы спорттық қызмет көрсету құрылымының келешегі өте зор. Қазіргі таңда ақылы қызмет көрсету саласының үлесі дамуда. Оның бірден бір себебі әр түрлі бағадағы қызмет түрлерін ұсыну болып табылады.
Маркетинг стратегиясы
Заманауи компаниялардың қызмет көрсету саласы аясындағы бірден бір жетістікке жетуі қызмет көрсету сапасында болып табылады. Нарықтағы бәсекенің нығаюына байланысты қай компанияда қызмет көрсету деңгейі жоғары болса клиент сол компанияны таңдайды.
Клубтың қызмет көрсету сапасына ерекше көңіл аудару ұйғарылған. Ең әуелі әр клиентке дара тіл табу, шағымдар мен ұсыныстардың (дара тіл табысу, сауалнама жүргізу) бірі қалмастан түгел қарау және қызметкерлер құрамының клиенттермен жайдары және биязы болуы.
Клубтың ашылуынан 1 ай бұрын жарнама компаниясы өз бастамасын жүзеге асырады. Ең алдымен Интернетте жеке веб-қор ашылады, оған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарына және клуб орналасқан ауданда жарық арқылы көрсетілетін жарнамалар таратылады.
Сонымен қатар спорттық дүкендерді де ынтымақтастыққа тарту мүмкіндігі де қарастырылған. Нұсқа ретінде келесі үлгі жоспарда бар. Мәселен, егер спорттық бір бұйымды сатып алған адамның қапшығына сол спорт клубтың реквизиттері және жеңілдік көрсетілген карточка салынады. Әр келушіге карточка, жеңілдіктер және бонустық шегерім жүйесін енгізу жоспарланған.
Технологиялық үдеріс
Спорт техникасын түсінген спортшыға қандай да бір спорттық жабдықты дұрыс қолдану және жылжыту қиынға соқпайды. Жаттығу техникасын және жабдықтарды қолдана білу-бұлшық еттің дұрыс жетілуінің іргетасы болып табылады. Әр келушіге нұсқаушы 1 ай алдын ала жаттығу бағдарламасын жазып береді. Оған қоса жаттығу бағдарламасы өз нәтижесін беріп жатса, нұсқаушы қосымша тузетулер енгізуі мүмкін.
Клубтағы жаттықтырусхемасы. Келушілер (алғашқы топтар) бірінші 15-30 минут дене ширату және кардио жаттығуларын жасайды. Ал қалған уақыттарда тек нұсқаушымен бірге жұмыс жасайды.
Жабдықтар және бұйымдар (техника)
Жобаның жүзеге асуы нәтижесінде төменде көрсетілген жабдықтар алынатын болады:
Шығындардың атауы |
Саны |
Өлшеу бірлігі |
Бағасы |
Сома |
Велотренажер |
3 |
дана |
90 000 |
270 000 |
Спорттық жүгіретін жол |
3 |
дана |
250 000 |
750 000 |
Кеуде машинасы |
2 |
дана |
180 000 |
360 000 |
Атлетикалық жаттығу құрылғысы |
1 |
дана |
750 000 |
750 000 |
Аяқ арқылы сығымдап көтеру білдегі |
1 |
дана |
300 000 |
300 000 |
Тұжырылатын отырғыш |
1 |
дана |
55 000 |
55 000 |
Гантельдер тіреуі |
1 |
дана |
60 000 |
60 000 |
Көлденең вело-эргометр |
1 |
дана |
360 000 |
360 000 |
Эллипстік жаттығу құрылғысы |
1 |
дана |
500 000 |
500 000 |
Құрама білдек |
1 |
дана |
400 000 |
400 000 |
Барлығы |
|
|
3 805 000 |
Бірінші операциялық жылдың кіріс және шығыс есебі
Салалардың атауы |
Жылына, теңге |
Өткізуден алынған түсім қызметі |
10 800 000 |
Барлық жедел және тікелей шығыстар |
7 681 396 |
Еңбекақы |
2 400 000 |
Еңбекақы төлеу қорынан аударым |
208 896 |
Ғимараттың жалға берілуі |
3 600 000 |
Жарнама |
300 000 |
Тазартқыш құралдары |
72 000 |
Тұрмыстық қызметтер |
720 000 |
Негізгі құрал-жабдық өтемпұлы |
380 500 |
Операциялық кіріс |
3 118 604 |
Корпоративтік табыс салығы |
324 000 |
Таза кіріс |
2 794 604 |
Өткізуден алынған түсім қызметі
Атауы |
Келушілер саны |
Бағасы |
1 айдағы сома |
1 жылдағы сома |
Зал келушілері (абонемент) |
90 |
10 000 |
900 000 |
10 800 000 |
Жедел және тікелей шығыстар
Атауы |
1 айдағы сома KZT |
1 жылдағы сома KZT |
Ғимараттың жалға берілуі |
300 000 |
3 600 000 |
Тұрмыстық және байланыс шығындары |
60 000 |
720 000 |
Жарнама |
25 000 |
300 000 |
Тазартқыш құралдар |
6 000 |
72 000 |
Барлығы |
|
4 692 000 |
Еңбекақы төлеу:
Қызмет атаулары |
Саны |
Барлығы айына |
Барлығы жылына |
Нұсқаушы |
2 |
120 000 |
1 440 000 |
Сыпырушы |
2 |
40 000 |
960 000 |
Барлығы |
4 |
200 000 |
2 400 000 |
Әлеуметтік салық. Жоба бастамашысы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді (1 852*2 + 1 852 АЕК *4 қызметкер =88, 896 теңге). Міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда (2 400 000 теңге * (1-10%) * 5% = 120 мың теңге), әлеуметтік аударымдар еңбекақы сомасының 5%-ына тең.
Әлеуметтік салық, теңге |
88 896 |
Әлеуметтік аударымдар, теңге |
120 000 |
Негізгі құрал-жабдық өтемпұлы: 3 805 000 теңге *10%= 308 500 теңге.
Корпоративтік табыс салығы: 10 800 000 (Өткізуден алынған түсім қызметі)* 3 % = 324 000 теңге
Есептеудің негізгі нұсқасы өндірістік өнім көлемінің өзгерісін қамтымайды. Жоспарлы сатылым көрсеткішін есептеу барысында өндірістік өнімнің тиянақталған бағалары да ескерілді.
Жобаның қаржыландырылуы.
Егер сізде меншікті қаражат болмаған жағдайда да өзіңіздің жеке ісіңізді ашуға қатты ынтаңыз болса мынадай қаржыландыру түрлері бар:
ЕДБ арқылы несиелендіру. Қаржылық есептер 14% пайыздық мөлшерлемемен, 3 жылда өтеу мерзімімен, жарты жылға мерзімін ұзартып, кейін ай сайынғы төлем жасау шарттарында несие алу қажеттілігін анықтады.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында несиелендіру. Бағдарлама ауылдық жерлердің тұрғындарына арналған өз бизнесін ұйымдастыру үшін бюджеттік қаржы бөлуді қарастырады.
Дереккөзі: www.kasipker.info