Call-center 1411

You are here

Мұнай сабыны - жас ғалым жаңалығы

Ендігі жобаның бірі, «Мұнай өнімдерінен сабын алу». Бұл өте ерекше және мән берер-лік жоба деп айтуға болады. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің 4 курс студенті Рақым-жан Тұрманов, химия мамандығында білім алуда. Рақымжан мұнай өнімдерінен антибактериалды хош иісті сабын жасайды. Оның жасалу жолдары, мұнайдан алынған парафинді тотықтырып алады, оларды карбон қышқылдарына айналдырады. Оларды натрий гидроксидімен әрекет¬тесті¬реді, осы әрекеттесу кезінде карбон қышқыл¬дарынан натрий тұздары алынады. Алынған тұз сабынның негізі болып табылады.
Осы негізді әрі қарай өз жерімізде өсетін хош иісті раушан, жусан секілді өсімдіктермен қосады. Барлығының экстрак¬циясын алып, сабын негізіне қосады. Жалпы лаборото¬риялық деңгейде бұндай сабынды дайындау көп уақытты қажет етпейді екен.

Аймағымызда жастар саясатын дамыту мақсатында облыстық ішкі саясат басқар¬масы, «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігі және Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің агро-биологиялық қолданбалы зерттеу орталығының бірлесе жүзеге асырып жатқан «Жастар үшін ғылыми орталық қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында ғылыми ізденістермен айналысатын облысымыздағы және қалада¬ғы мектеп мұғалімдері мен оқушыларына, яғни жас ғалымдарға ғылыми кеңестер беріп, жаңа технологияны игеремін деген жастарға жөн сілтеп келеді. Соның бір айғағы ретінде, «Қазақстан білім қоғамы жолында» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жастарына арнаған интерактивтік дәрісін насихаттау бағытында, «Жаңа әлемдегі - Жаңа техно¬логия» тақырыбында инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің өткізілуі дер едік.

Осы аптаның басында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің Студенттер сарайында инновациялық идеялар мен жобалар жәр¬меңкесі болып өтті. Аталмыш жәрмеңкенің мақсаты «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының аясында білім беру ісінің даму мәселері мен болашағын насихаттап, білім беру жүйесінде ақпарат¬тық-коммуникативтік технологияларды пайдалану болып табылады.

Айта кететіні, «Жаңа әлемдегі - Жаңа технология» тақырыбында инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында, қазіргі таңда облыс пен республика көле¬мінде өзекті мәселелердің бірі саналып отырған, жастарды ғылым жолына баулу әрі оларға дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында, зерттеушілерге ғылыми жұмыстар мен жобаларға қойылатын талап¬тар, олардың жазылу тәртібі, тақырып¬тардың өзектілігі, шы¬найылылық пен жаңалық дәрежесінің қамтылуы және тәжірибелік маңыз¬дылығы туралы облыс ғалымдары тарапынан әдістемелік кеңес беріліп, ізденушілерге ғылыми жұ-мысты бағдарлау және олар¬дың жазылу тәртібі бойынша тәжірибелік көмек берілуде. 
Жәрмеңкенің алғы сөзін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің агро-биология¬лық қол-данбалы зерттеу орталығы¬ның директоры Самалбек Қосанов баста¬ды. Өз сөзінде жастардың жаңа техноло¬гияны игеруге барлық мүмкіндіктері бар екендігін айтып және жаңа жобаларды жа¬сауда жас ғалымдарға сәттілік тіледі.

Жәрмеңкеге онға жуық жас ғалым қаты¬сып, келген қонақтарға өз жобаларын таныстырды. 
Алғашқылардың бірі болып, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің магистрі Ұлбосын Сарабекова «Жергілікті шикізат қорлары негізінде активті минералды ұнтақ алу тех¬но¬логиясы» атты жобасымен таныстырды. 
Жобаның ғылыми-техникалық маз¬мұны, активті минералды ұнтақ алу өнідірісі Ресейде және шет елдерде кеңінен тараған. Аталған активті ұнтақ жол құрылысы материалдары - асфальтты бетон және ор¬ганикалы минералды қоспалар құрамының белсенділігін арттыру мақсатында қолда¬нылады. Минералды ұнтақ тау жыныстары¬ның, соның ішінде карбонатты тау жынысын 600-700 градус температурада қыздыру арқылы алынады. Минералды ұнтақтың шикізаты жергілікті тау жыныстарынан алынатындықтан, ол экономикалық тұрғы¬дан тиімді болып келеді. Сондықтан аталған минералды ұнтақ жергілікті кәсіпорын¬дардың қызығушылығын туындатып отыр. Мысалы, Қызылорда қаласы бойынша «Автокөліктер жолдары басқармасы» осы ұнтақтың активсіз түрі өндірістік жолға қойылған. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің зертханаларында авторлар ұжымы ғылыми-эксперименттік жұмыстарды жүргізу нәтижесінде жергілікті шикізат ресурстары негізінде минералды ұнтақ алу технологиясы жасалынды. 
Негізгісіне тоқталар болсақ, өнімді іске асырудан күтілетін тиімділік, ол минералды ұнтақ алу өндірісінің технологиясын енгізу арқылы асфальтты бетон қоспаларының сапасы артады. Шикізат тасымалдау мәсе¬лесінде қаржы үнемделеді. Зерттеулердің нәтижесі тәжірибелік-өндірістік жағдайда сыналып, минералды ұнтақ қосу арқылы битум қоспаларының жабысқақтығы арта-тындығы дәлелденген. 
Мұнан соң, Қаза¬лы ауданы Әйтеке би кентінің №5 кәсіптік лицейінің арнаулы пән оқытушысы Әй¬герім Жақсылықова¬ның жобасы көпші¬лікке ұнады. Және осы жобаны одан әрі жетілдіруге «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бір-лес¬тігінің президенті Ғ.Байұлов өз көме¬гін көрсететінін ескере кетті. 
Ә.Жақсылы¬қованың ай¬туын¬ша, осы жоба ая¬сында студенттер арасында мони¬торинг жүргізгенде электронды оқулықпен оқыту әдісі арқылы студенттердің білімі 70 пайыздан 90 пайызға өскен¬дігін байқаған.
Осы орайда айта өтетін жайт, Елбасының халыққа Жолдауында «2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізі¬летін талдаулар, патенттер мен дайын техно¬логиялар түрінде нәтижелерін беруге тиіс» деп айтқан сөзі жүзеге асырылып жатқан секілді.
Ендігі жобаның бірі, «Мұнай өнімдерінен сабын алу». Бұл өте ерекше және мән берер¬лік жоба деп айтуға болады. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің 4 курс студенті Рақым¬жан Тұрманов, химия мамандығында білім алуда. Рақымжан мұнай өнімдерінен антибактериалды хош иісті сабын жасайды. Оның жасалу жолдары, мұнайдан алынған парофинді тотықтырып алады, оларды карбон қышқылдарына айналдырады. Оларды натрий гидроксидімен әрекет¬тесті¬реді, осы әрекеттесу кезінде карбон қышқыл¬дарынан натрий тұздары алынады. Алынған тұз сабынның негізі болып табылады. Осы негізді әрі қарай өз жерімізде өсетін хош иісті раушан, жусан секілді өсімдіктермен қосады. Барлығының экстракциясын алып, сабын негізіне қосады. Жалпы лаборото-риялық деңгейде бұндай сабынды дайындау көп уақытты қажет етпейді екен.   
Сонымен, «Жаңа әлемдегі - жаңа тех¬нология» тақырыбында өрбіген инновация¬лық идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде осы іспеттес жас ғалымдардың тың жоба¬лары айтылды. Және инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысқан үздік жоба иелері марапат¬талды.

Ә.АБЗАЛҚЫЗЫ

Источник http://baq.kz/regional_media/post/24890