Call-center 1411

You are here

Күнбағыс дәнін өсімдік майы үшін қайта өндеу

Жоба сипаттамасы

Жобаның жоспары

Инвестициялық жобаның мақсаты: Күнбағыс тұқымдарын сатып алу, оларды өңдеп өсімдік майын алатын құрылғыны сатып алу
Жобаның орналасу орны: Шикізат өндірілетін жердің қасында
Өнімі: Күнбағыс майы
Өндірімділігі: Бір жылда 88 тонна күнбағыс майы және  66 тонна шрот
Жобаның құны: 7 ,9 млн. теңге
Жобаның өтімділігі; 3 жыл

Жобаның концепсиясы

-  Келісілген баға бойынша күнбағыс тұқымдарын сатып алу, оны өңдеп жоғарысапалы сұранысқа ие өнім алу;

- Үзіліссіз технологиялық процесс үшін күнбағыс тұқымдарын сатып алу, соңғы өнімді тұтынушыға жеткізу; 
- Үүсетін пайданы көбейту, әрі қарай өндірісті ұлғайту, нәтижесінде несиені толық қайтарып пайда табу.

Өнімнің сипаттамасы

Біріншіден - бұл экологиялық таза өнім . 

Екіншіден, жаңа жабдықты, құрылғыны пайдалану нәтижесінде сапалы өнім алу, шығынды мейілінше азайту
Үшіншіден,өнімнің бағасын қол жетімді ету, бағаның бәсекеге қабілеттілігі.
Күнбағыс майы – күнбағыс тұқымынан алынатын өсімдік майы  әлемдегі ең пайдалы майлардың бірі болып саналады.
Басқа өсімдік майларынан салыстырғанда күнбағыс майы адам ағзасындағы холестеринді шығаратын, қаң тамырларының жұмысын жақсартып адамның қорғаныс механизмдер жұмысын жақсартады. Күнбағыс майында холестерин жоқ. Дәмділігі жағынан да теңдесі жоқ май. Бұл күнбағыс майын салаттарға қосу үшін, майонез, соустар дайындау үшін және тағамнын бар түрін дайындау үшін қолданады.

Маркентингтік талдау және өнімді өткізу

Нарықтық жағдайларды ескере отырып жобаның инициаторы мынандай маркентингтік стратегияны қолданады:

1.Қолжетімді баға. Жобаның авторы әр уақытта өз өнімінің бағасы басқа ұсынушыларға қарағанда төмендеу болуына көздейді. Бұған ол өзінің шикізатын қолдану, және жаңа технологияны пайдалану арқылы қол жеткізеді.
2.Жоғары сапа. Жоғары сапаға ие болу үшін экологиялық таза, сапалы шикізатта пайдалану (шикізат сол өңірде өсіріледі, пайдаланылатын су иаза, еш қоспасыз болады) және жаңама технологияны қолдану .

Күнбағыс майын өндіру  технологиясы. Қазақстан нарығында рафинадталған, иісі жоқ, ерекше дәмі жоқ күнбағыс майы сұранысқа ие. Сондықтан да көптеген кәсіпорындар дәл сондай майда өндіреді. Бұл майды өндіру технологиясы мынандай:

1. Майды сығу –Жоғары қысымда жүргізеді. Алдын ала тұқымды арнайы құрылғыда қыздырады 110° қа дейін, яғни термообработка жасайды. Ал егер де кәсіпорында майды сығу салқын түрде пресстеу арқылы жүгізілсе, онда тұқымды қыздырмайды. Майды сығуда алынған Жмых мал шаруашылығында қолданылады. Сондықтан, Жмыхты сату арқылы кәсіпорын қосымша табыс табады.

2.   Майдың рафинациясы- мынадай кезеңдерде болады: 
•    Тазарту немесе центрифугалауды қорғау нәтижесінде механикалық қоспаны жою.
Бұл кезеңде рафинация рафинатталмаған күнбағыс майын алады;
•    Өсімдік майын ыстық сумен өңдеу фосфатидтарды жоюға көмектеседі;
•    Майлы қышқылдарды тазарту рафинатталған иісіздендірілмеген күнбағыс майын алуға көмектеседі;
•    Иіссіздендіру дақтарды, ұшатын біріктіргіштерді, иісті жойады және өсімдік майын ашық түсті етеді;
•    Мұндай үрдісте қатыру – балауыздарды жояды.  

3. Дайын тауарды қораптау және маркілеу.

Атауы 

Саны

Баға, теңге

Ортақ құн,  теңге

Майды пресстеуші  

2

1 650 000

3 300 000

Тазартушы  

2

1 204 500

2 409 000

ПЭТ-  шөлмек үрлеуге арналған жабдық    

1

1 124 200

1 124 200

Қабыршақтағыш

1

1 100 000

1 100 000

Барлығы

 

 

7 933 200

ПЭТ-  шөлмек үрлеуге арналған жабдық                                                        Майды пресстеуші                                               Қабыршақтағыш               

 

Өзіндік құнның калькуляциясы.  

Ресурс түрі

Өлшем бірлігі

Өнімнің 1000 келәсіне шығынның шамасы

Ресурстың бір данасының құны, тенге

Ресурстың құны, тенге

Күнбағыс  тұқымы

кг.

2 500

45

112 500

Күйдіргіш натрий Едкий натрий

кг.

8,93

70

625

Тазартушы мата

п.м.

0,38

550

209

Элетроқуат

кВт/с.

206,6

15

3099

Будың шығыны

г.кал.

0,83

3 485,00

2 893

Лимон қышқылы

грамм

50

1,375

68,75

Каустикалық  сода

грамм

54

55

2 970,00

Су

 

88,15

33

2 908,95

Көмір

 

 

 

3852

Белсендіргіш көмір

 

4 187,13

20

83 740

Жұмысшылардың еңбекақы төлемі

 

 

 

6 762,30

Төлемақыдан аударымдар

 

 

 

669,771

Құрылғыны қойдыру мен жабдықтауға арналған шығындар

 

 

 

3 391

Қораптау

дана

1 000,00

6

6 000,00

Өндірістік өзіндік құн

 

 

 

229 688

Күнбағыс майы

 

1 000,00

207

207 000

Күнбағыс шроты

 

2 916,67

23

23 000

Барлығы, 1000 литр күнбағыс майының өзіндік құны 229 688 тенге.

Жобаның тиімділігін анықтайтын,есептеудің негізінде негізгі көрсеткіштер алынды.

Қаржылық жоспар

1-ші операциалық жылға кірістер мен шығыстар есебі:

Баптар атауы

Барлығы жылға, тенге

Дайын өнімді өткізуден түскен табыс

27 962 000

Тікелей шығындар – Шикізат және  материалдар

19734000

 Жалпы кіріс

8 228 000

Жалпы әкімшілік шығындар 

4 090 000

Әлеуметтік салық

348 516

Операциялық кіріс

3 789 484

Корпоративтік табыс салығы

838 860

Таза табыс

2 950 624

Дайын өнімді өткізуден түскен табыс. Өнімнің жылға шығатын жалпы көлемі орташа 154 тоннаны құрады, күнбағыс майы  орташа есеппен 88 тонна, 66 тонна күнбағыс шроты. Күнбағыс майының құны 1 тоннаға 290000 тенге, 37000 тенге 1 тонна күнбағыс шроты, жалпы кіріс: 290 000*88=25 520 000 тенге (күнбағыс майы ), 66*37 000= 2 442 000 тенге (күнбағыс шроты). Жалпы кіріс: 25 520 000 тенге+2 442 000 тенге= 27 962 000 тенге.
Тікелей шығындар - Шикізат және  материалдар. Клесідей көрсеткіштен ұсталымдар қалыптасады: Шығындар келесідей көрсеткіштермен қалыптасады: 88*207 000 тенге (өңделген күнбағыс майынң көрсеткіші) + 66*23 000 тенге ( өңделген күнбағыс тронының көрсеткіші) = 19 734 000 тенге.

Жалпы және әкімшілік шығындар.

Аталуы

Жылдық шығындар, тенге

 Еңбекақы

3 300 000

Көмір

90 000

Электроэнергия

300 000

Өндірістік үстеме  шығындар

400 000

Барлығы:

4 090 000

Еңбекақы

Қызметі

Штаттық бірліктер

Айлық еңбекақы, теңге

Жылдық еңбекақы, тенге

Бухгалтер-кассир

1

45 000

540 000

Инженер - механик (слесарь)

1

35 000

420 000

Цех қызметшісі

3

45 000

1 620 000

Күзетші

2

30 000

720 000

Барлығы

7

285 000 

3 300 000

Әлеуметтік салық. Жоба басшысы әлеуметтік салықты өзінің 2 айлық көрсеткішін және әр қызметкердің айлық көрсеткіші бойынша көрсетеді. (1 852*2 (директоржоба басшысы) * 12 ай. + 1 852 АЕК *7 қызметкер*12 ай. = 200 016 тенге). Әлеуметтік шығндар  5%  зейнетқы көрсеткішін алып тастағанда (3 300 мың. тенге *(1-10%)*5% = 148 500 тенге).

Әлеуметтік салық, теңге

200 016

Әлеуметтік шығындар, теңге

148 500

Барлығы

348 516

Жобаны қаржыландыру.

Егер сіздің жеке бизнесңізді ашуға құлшынысыңыз болып, бірақ оған қаржыңыз болмаған жағдайда қосымша капиталды тартудың бірнеше әдісі бар:
БВУ арқылы несиелеу.  Қаржылық займ 14 пайызбен 84 айға беріледі. 6 ай көлемінде қарызды қайтармауға болады.  Займды ай сайын мерзімнен кешіктірмей төлеу қажет.  
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы негізінде несие алу. Бағдарламада ауыл тұрғындарының жеке шаруашылықпен айналысуы үшін бюджеттен қаражат бөлу қарастырылған.  

Дереккөзі:    www.kasipker.info 

 

18.07.2014