Call-center 1411

You are here

Сафлор дәнін өсімдік майы үшін қайта өндеу бойынша кіші-цех

Жоба сипаттамасы

Жоба аңдатпасы:

Инвестициялық жоба мақсаттары: майды қайта өңдеу үшін құрал-жабдықтарды иелену және сафлор дәнін сатып алу, оны ары қарай өсімдік майына қайта өңдеу.
Өнімділігі: жылына 322 тонна.
Өнім: сафлор майы, сафлор сығындысы.
Жоба құны: 15 845 233 теңге.
Сатып алу мерзімі: 2 жыл.

Жоба концепциясы

Үздіксіз технологиялық үдерісті қамтамасыз ету үшін сафлор дәнін сатып алуды жүзеге асыру: шикізатты (сафлор дәнін) сатып алу,  сафлор дәнін жеке қуаттылықтарда ары қарай қайта өңдеу (сафлор майын өндіру) және тұтынушыға соңғы өнімді (сафлор майын) сату.

Кәсіпорынның тұтыну қорын ары қарайғы ұлғайту және өндірісті дамыту, заемдық қаржыларды дер кезінде және толық қайтару үшін жеткілікті өз құрал-жабдықтарында ары қарайғы қайта өңдеу үшін дәнді сатып алудан түскен пайда көлемінің жинақталуын қамтамасыз ету.

Өнім сипаттамасы

Бастапқы кезеңде дәнді сатып алу және май дәні мен өсімдік майын шектелген өндіру жоспарланады. Ұсынылған жоба шеңберінде кәсіпорын  сафлор дәнінен мынадай ассортименттегі өнім өндіретін болады: сафлор майы; сафлор сығындысы. Өндірілген өнімнің негізгі басымдықтары:

Біріншіден, бұл экологиялық таза азықтық өнім болады;
Екіншіден, қайта өңдеу бойынша заманауи құрал-жабдықтарды пайдалану  жоғары сапаға қол жеткізуге және шығынды азайтуға мүмкіндік береді;
Үшіншіден, зауыттың шикізат базасына жақын орналасуына байланысты, арзан шикізатті пайдалану арқасында – өндірілген өнімге қолжетімді және бәсекеге қабілетті бағалардың болуы.
Сафлор майы әлемдегі барынша пайдалы өсімдік майларының бірі болып саналады. Сонымен, мәселен, ол Германия, АҚШ, Канадасияқты дамыған елдерде жоғары бағаланады, ал Қытайда ол емдік мақсатта пайдаланылады. Күнбағыс, соя майларымен салыстырғанда сафлор майы холестерин тотығуы мен ағзадан шығуын ынталандыратын, қан тамыры жүйелерінің созылымдылығын жоғарылататын, асқазан-ішек жолдарының ферменттерін жандандыратын, әсіресе, қорғаныс механизмдерін ынталандыратын қаныққан май қышқылдарының жоғары маңыздылығымен ерекшеленеді. Сафлор майын салаттарға қосқан кезде алмастыруға болмайтын дәмімен ерекшеленеді. Ол майонездерді, соустарды даярлау үшін, ет және балық тағамдарын, ұлттық бауырсақты қуыру үшін, тандыр нан мен палау үшін пайдаланылады.

Жобаның пайдалылығы мен мақсатқа сәйкестігін негіздеу

Келісімшарт бағасы бойынша сафлор дәнін сатып алу және сафлор дәнін терең қайта өңдеу, жоғары сапалы өнім алу  Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық аудандарының іскер климатымен ырғақты үйлеседі және келесі себептер салдарынан оның табысының ұлғаю факторы болып табылады. 
Оңтүстік Қазақстан облысы қажетті шикізаттардың жеткілікті көлеміне ие: май дақылдары дәні көп. Оны тіпті қалыптасқан сатып алу бағасы бойынша да сатып ала алады. Осы жобаға инвестицияланған ақшаны қайтарып алмау ықтималдылығы толығымен жоққа шығарылады, өйткені төлем май дақылдарының дәйекті өсірілген дәндері үшін жүргізіледі.
Сауатты құрастырылған баға саясаты мен тапсырушылар үшін жағымды жағдайлар құруда жоба ынталандырушысы  дәннің максимальды көлемін даярлау мүмкіндігіне ие болады.
Даярлықтың жоғары көлемі болуында  өндірістік қуаттылықтардың жүктелушілік деңгейі жоғарылайды, оның салдары қайтарым шығындарын үнемдеу болып табылады. Қатынас шығындарына салыстырмалы үнемдеу шикізат пен даяр өнімді сатып алу мен сақтау кезінде түзіледі және өндірістің елеулі жоғары рентабельділігінің бірі болып табылады.
Май дақылдарын өндірушілер нарықтық баға бойынша жетілдірілген өнімді сата отырып, өз шығындарының орнын толтырып қана қоймай, кіріс алады, сосын топырақ құнарлылығын жақсартуға және жеке шаруашылық пен өндірістік кооперативтердің материалдық базасын нығайтуға осы қаржыларды жұмсайды.

Маркетингтік талдау және сату

Оңтүстік Қазақстан облысында өсімдік майын өндірумен «Арай», ЖШС, «Шымкентмай» АҚ, «Қайнармай» ЖШС және т.б. сияқты барынша мәнді кәсіпорындар айналысады. Нарық жағдайын ескере отырып, жоба бастамашылары маркетингтік стратегияны даярлау кезінде  келесі ережелерге сүйену қажет. 
Қолжетімді баға. Жоба авторына өсімдік майына баға барлық уақытта басқа жеткізіп берушілерге қарағанда төмен болуына ұмтылу ұсынылады. Бұл өзіндік шикізат базасы мен жоғары технологияның арқасында мүмкін болады.
Жоғары сапа. Өнімнің жоғары сапасына экологиялық таза шикізатты пайдалану (өнім өнеркәсіп аймақты өсірілмейді және пайдаланылатын су зиянды қоспаларға ие емес), сондай-ақ технологиялық үдерісті нақты сақтау мен заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, дәнді қайта өңдеу арқасында қол жеткізіледі.

Өндірістік жоспар 

Даярлық цехы – келесі сатылардан тұрады: дәнді тазалау, қабығынан ажырату, сүзгілеу, өзегін ұсақтау.
Өндіріс сызбасы

Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: дискілі қабыршақ аршушы, бөтелкелерді үрлеуге арналған құрал-жабдықтар, май нығыздағыш. Май нығыздаушы (форпрессорлы цех) – келесі сатылардан тұрады: ылғалды-жылулы өңдеуден кейін  ұсақталған дәндер ыстық қуырғышта қуырылады және май нығыздағышта май сығындыларынан ажыратылады. Шикі май ары қарай қайта өңдеу үшін рафинаттау цехына жіберіледі. Сығындысы мал жемшөбі үшін пайдаланылады.
Орналасу орнын таңдау шикізат базасына жақын жерде болуы тиіс. Кәсіпорын өндірістік және қоймалық ғимараттарды толық көлемде қамтамасыз етуі, сондай-ақ өндірілген өнімнің сатылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Құрал-жабдықтарды сатып алуға шығындар

Атауы

Саны

Бағасы, теңге

Жалпы құны, теңге

Май тығыздағыш

2

1 100 055

2 200 110

Сүзгілеу

1

1 204 500

1 204 500

Полиэтилен бөтелкелерді үрлеуге арналған құрал-жабдық

1

1 124 200

1 124 200

Қабығынан ажыратқыш

1

1 100 000

1 100 000

Барлығы

 

 

5 628 810

Май тығыздағыш пен полиэтилен бөтелкелерді үрлеуге арналған құрал-жабдық

Қабығынан ажыратқыш

Тікелей шығындар – Шикізаттар мен материалдар (1000 л сафлор майын өндірудің өзіндік құнын есептеу

Ресурс түрі

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Бағасы

Құны

Сафлор дәні

кг

4 166, 67

35

145 833

Күйдіргіш натр

кг

8, 93

70

625

Сүзгілеуші материал

П.м.

0, 38

550

209

Бу шығыны

Г.кал.

0,83

3 485

2 893

Лимон қышқылы

гр

50, 00

1

69

Күйдіргіш сода

гр

54, 00

55

2 970

Су

 

88, 15

33

2 909

Белсендірілген көмір

 

4 187, 13

20

83 740

Құрал-жабдықтарды ұстау мен пайдалануға шығындар

 

 

 

3 391

Орамдау

дана

1 000, 00

6

6 000

Барлығы

 

 

 

248 623

Сафлор майы

л

1 000, 00

187

186 477

Сығынды

кг

2 959, 33

21

62 146

1-ші операциялық кезеңдегі пайда мен шығын жөніндегі есеп

Атауы

Бір жылдағы шығын

Дайын өнімді сатудан келген пайда

30 135 000

Тікелей шығындар – Шикізаттар мен материалдар

19 579 679

Ішкі кіріс

10 555 321

Жалпы және әкімшілік шығындар

1 612 443

Әлеуметтік салық

177 369

Операциялық кіріс

8 765 509

Корпотаривті кіріс салығы

904 050

Таза пайда

7 861 459

Дайын өнімді сатудан келген пайда: Бір жылдағы орта шамамен жалпы өнім шығуы 350 тоннаны құрайды. 22% - сафлор майы және 70% - сафлор сығындысы, және барлығы орта шамамен 77 тонна сафлор майы, 245 тонна сафлор сығындысы.  Сафлор майының бір тоннасына 280 000 теңге, сығынды тоннасына 35 000 теңге баға жағдайында жалпы пайда мынаны құрайды: 280 000 теңге* 77 тонна=21 560 000 теңге (сафлор майы), 245 тонна*35 000 теңге =8 575 000 теңге (сафлор сығындысы). Жалпы кіріс: 8 575 000 теңге + 21 560 000 теңге = 30 135 000 теңге.
Тікелей шығындар – Шикізаттар мен материалдар, келесі көрсеткіштерден қалыптасады: 77 * 186 477 теңге (күнбағыс майы) + 245 * 21 310 теңге (сығынды) = 19 579 679.
Ішкі кіріс: 30 135 000 теңге – 19 579 679 теңге = 10 555 321 теңге.

Жалпы және әкімшілік шығындар

Атауы

Бір жыл ішіндегі шығын

Айлық жалақы

1 413 391

Көмір

22 691

Электр энергиясы

46 485

Өндірістік қосалқы шығындар

129 876

Шығындардың барлығы

1 612 443

Әлеуметтік салық. Жоба бастамашысы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш және әрбір жұмыскер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік салықты төлейді (1 852 теңге МРП * 2 * 12 ай + 1 852 теңге МРП * 2 жұмыскер * 12 ай = 88 896 теңге). Әлеуметтік аударылымдар міндетті түрде зейнетақы салымын алып тастай отырып, айлық жалақы жиынтығынан 5% (960 мың теңге * (1-10%)*5%=43 200 теңге).

Әлеуметтік салық, теңге

88 896

Әлеуметтік аударылым, теңге

43 200

Корпоративті кіріс салығы: (Жалпы кіріс) 30 135 000* (жеңілдетілген салық) 3%=904 050  теңге.

Жобаның негізгі экономикалық көрсеткіштері:
-    Жобаға жалпы инвестиция көлемі құрайды – 15 845 233  теңге;
-    Жылдық пайда – 7 861 459 теңге;
-    Жобаның сатып алынуы құрайды – 2,5 жыл.
Есептеудің базалық нұсқасы өнім өндіру көлемінің өзгеруін қарастырмайды. Сондай-ақ, асхана бағасы фурнитура сапасы мен басқа да көптеген жинақтаушыларға байланысты өзгеріп тұруы мүмкін.
Жобаны қаржыландыру
Егер де Сізде өзіңіздің жеке қаржыңыз болмаған жағдайда, дегенмен өз бизнесіңізді ашуды соншалықты қалайтын болсаңыз, қосымша капиталды тартудың бірнеше нұсқалары бар:
БВУ арқылы несиелеу. Қаржылық есептер 36 ай төлеу мерзімімен 14%-дық құн бағасында қарыз алу қажеттілігін айқындайды, оны жарты жылға создыруға да болады, ал сосын ай сайынғы тұрақты төлемді жүргізуге болады. «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша МСБ несиелеуінің 7%-дық құны субсидияланады.
«Жұмыспен қамту бағдарламасы - 2020» жүзеге асыру шеңберінше несие беру. Бағдарламада өз ісіңді ұйымдастыру үшін қаржы бөлу қарастырылады.

Дереккөзі:  www.kasipker.info 

18.07.2014