Call-center 1411

You are here

Жарма өндірісі

Жоба сипаттамасы

Жобаның анкетасы

Инвестициялық жобаның мақсаттары: Жарма өндірісі
Өнімділігі: 778 000 тонна
Өнімдері: бидай ірі және ұсақ, кебек
Жобаның құны: 9,3 млн. тенге
Өнімділік уақыты: 3 жыл

Жобаның тұжырымдамасы

Жарма өндіру цехын ашу.Цехтын өндіретін негізгі түрлері: бидай өнімінің ірі және ұсақ жармасы, кебек. Келешекте цехтын өндіретін өнім түрлерін әрі қарай көбейтуіміз мүмкін. Цехтын орналасу аумағы жалға алынған 110 м2 бөлме болады. Жоспарланып отырған цехтын жұмысшылар тобы, өнімін тұтынушылары цех орналасқан аудан орталығының және оның жанындағы елді мекендердін тұрғындары болады. 

Өнімнің сипаттамасы

Бидайдың ірі және ұсақ жармасы қыстық бидай өнімінен жасалады. Жарма қалдықтарынан кебек өнімдері алынады. Кебектің де тиімділігі мол, ол ас қорыту процессіне дұрыс әсерін  тигізеді және де ағзадағы ауыр металлдарды, радионуклидтерді  шығарады.   

Жоспарланып отырған цех өнімдерінің ассортименті кестеде көрсетіліп тұр:

Аты

Түрі

Бидай жармасы

Ірі жарма

Бидай жармасы

Ұсақ жарма

Кебек

Кебек

Маркентигтік талдау және өткізудің стратегиясы

Жарма өнімдерін өндірудің айрықша мәнділігі төмендегі көрсетілген факторлармен сипатталады:
•    ОЭСР және ФАО-нің бірлескен болжамы бойынша 2018 жылы бидайды тұтыну көлемі 15% - ға, ал бидай өнімдерінің бағасы 10-20% -ға артады ;
•    Бидайдың 46%-і қоймаларда, ангарларды сақталады. Бұл бидайдың сапасын төмендетеді;
•    Бидай сақтау қоймаларының 30%-ы тозығы жеткендіктен істен шығуы;
Дәстүрлі товар қозғалысының арналары:
•    Товардың белгілі бір бөлігі дәстүрлі товар қозғалысы арналары бойынша  өндіруші –соңғы сатып алушы;
•    Жанама өткізу арналары – өндіруші және көтерме алушы;
Өнім құны нарықтық құнға қарай бейімделеді. Бастапқы бағасы сол сияқты өнімнің ішкі рыноктық бағасына қарай тағайындалады.

Құрылығының сипаттамасы және технологиясы

Р6 - МКЦ – 7 кіші жарма цехы бидай, АРПА, бұршақ өнімдірн өңдеу үшін арналған.Атап көрсетсек:
•    Арпадан- перловка жармасы
•    Бидайдан- әртүрлі бидай жармалары 
•    Бұршақтан- бүтін, жарылған және ақталған бұршақ өнімдері.
 Бұл Р6 - МКЦ – 7 құрылғысы көлемі кішкене, жеңіл, көп орын алмайды, электр қуатымен жұмыс істейді Бұл құрылғыда қажет емес функциялар жоқ, жұмыс қуаттылығы жоғары, сенімді қондырғы. Сондықтан оның өзіндік құны төмен.
    Бұл құрылғыны тұтынушы өз қалауынша жаңғыртуына өзгерістер енгізуіне болады. Сондықтан да бұл құрылғы кіші цехтар үшін өте қолайлы.
 

Жобаның іске асырудың шығындары және инвестициясы

Инвестицияның жұмсалуының көлемі және бағыттары, тенге

Құрылғы аты

Саны, данасы

Бағасы, теңге

Жалпы  бағасы

Р6-МКЦ-7 Кіші жарма цехы

1

8 855 000

8 855 000

Комплектілері

1

500 000

500 000

Барлығы

   

9 355 000

Пайда және шығындар есебі:

        Статья атауы

Жылдық есебі, теңге

Дайын өнімінен түсетін пайда

22 685 025

Тура шығындар – шикізат және материалдар

14 000 000

Жалпы табыс

8 685 025

Операциялық шығындар

5 061 168

Жалпы және әкімшілік шығындар

4776000

Әлеуметтік салық

285 168

Операциялық табыс

3 623 857

Корпоративтік табыс салығы

680 551

Таза табыс

2 943 306

Жобаның жүзеге асырудан түсетін табыс :

Өнім

Өндіру көлемі, кг

Бағасы, тг/кг

Жалпы табыс, тенге

Бидай жармасы №2

61 885

65

4 022 525

Бидай жармасы №3

240 000

70

16 800 000

Кебек

186 250

10

1 862 500

Барлығы

   

22 685 025

Тура шығындар –шикізат және материалдар: Бір жылда орташа алғанда  488    тонна, өнім өндіру үшін 500тонна бидай, 2-3 класс бойынша әр килограмының бағасы  28 теңге.: 500 000*28 = 14 000 000 тенге;

Жалпы және әкімшілік шығындар:

Шығындар

Өлшем бірліктері.

Айына

Жылына

Еңбек ақы

тенге

240 000

2 880 000

Жалға алған бөлме ақысы

110 м2

90 000

1 080 000

Электр қуаты

35 кВт/час

37 000

444 000

Шаруашылық тауарлар

тенге

10 000

120 000

Қондырғыны жөндеу, қарау

тенге

5 000

60 000

Банк қызметі

тенге

2 000

24 000

Жарнама бойынша шығындар

тенге

10 000

120 000

Ескерілмеген шығындар

тенге

4 000

48 000

Барлығы

 

298 000

4 776 000

Еңбекақы төлемінің расшивровкасы:

Қызметі

Штат бірлігі

Айына

Жылына

Әкімшілік басқару персоналы

Директор

1

 

0

Есепші-кассир

1

70 000

840 000

Жабдықтаушы, сату менеджері

1

60 000

720 000

Барлығы

3

130 000

1 560 000

Өндіруші персонал

     

Оператор

1

60 000

720 000

Көмекші

1

50 000

600 000

Барлығы

2

120 000

1 320 000

Персонал бойынша барлығы

5

240 000

2 880 000

Әлеуметтік салық. Жобаның инициаторы өзіне екі айлық көрсеткіші мөлшерінде әлеуметтік салық және әрбір жұмысшы үшін бір айлық көрсеткішмөлшерде салық төлейді.(1 852*2 (директор-инициатор)*12ай+ 1 852 МРП *5 жұмысшы*12ай=155 568 теңге). Әлеуметік аударымдар 5%-дан міндетті зейнеткерлік аударымдарды шегеріп тастағанға тең. яғни  (2 880 мың. теңге *(1-10%)*5%=129 600 теңге).

Әлеуметтік салық, тенге

155 568

Әлеуметтік аударымдар, тенге

129 600

Барлығы

285 168

КПН:(Жалпы табыс)22 685 025 *(жеңілдетілген салық) 3% = 680 551 теңге;

Қаржыны қаржыландыру

Егер сіздің өз қаржыңыз болмаса, бірақ өз бизнесіңізді ашқыңыз келсе сізді қаржыландырудың бірнеше жолдары бар: 

БВУ арқылы несие алу. 14% бен несие алу.6 айға дейін төлемейді де, жетінші айдан бастап ай сайын төлейді. Жаңа бизнес –инциатив жобаны қаражаттандыру , 7%-ғ дейінгі сыйақыға тең болады. 
 «Еңбекпен қамту– 2020» жобасы бойынша несие алу.Бұл жоба бойынша ауыл тұрғындары, өз ісін ашуы, жүргізу үшін бюджеттік қаражаттардан несиелендіріледі.

Дереккөзі:   www.kasipker.info 

17.07.2014