Call-center 1411

You are here

Тұт жібегін өндіру

Жоба сипаттамасы

Жоба сауалнамасы

Бизнес-жоспар мақсаты: Тұт жібек құртын өсіру

Өнім: Тұт жібек құрты

Өнімділігі: жылына 500 кг тірі піллә

Жоба құны: 17003499 теңге

Инвестицияны қайтару уақыты: 2,6 жыл

Жоба тұжырымдамасы

Тұт жібек құртын өсіру-жібек құртының негізгі қорегі өсетін суғармалы жер аудандарында дамыған. Бұрыннан жібек құртын өсірумен Қазақстанның Оңтүстік бөлігі айналысады. Табиғи-климаттық жағдай ауылшаруашылығының бұл саласын дамытуға қолайлы болып келеді. Пілләні үй жағдайында да өсіруге болады, тек күн сәулесі мен температураның режимін сақтау керек. Жібек құртының пілләсін өсіру барысы көп еңбекті қажет етеді, бірақ қиын емес.

Жібек құртын өсірумен айналысу үшін келесілер қажет:

1. Тұт жібек құртының дернәсілі немесе көбелегі;

2. Тұт ағаштарының бақшасы. Бұл ағаштың жапырақтарынсыз жібекті өсіру мүмкін емес. Жібек құртының дернәсілдері тұт ағашының жапырақтарымен қоректенеді;

3. Инкубаторлар, мұнда балаңқұрттар дүниеге келеді. Өсіру үшін қажетті температураны сақтау қажет.

4. Тұт жібек құртының жібек жңптерін орайтын арнайы арыстар қажет.
Жіптің негізгі өндірушілері мен экспорттаушлары Қытай, Корея, Индия және Жапония. әлемдік нарықта жібек құртының ұрығының бағасы1 кг 600 $-дан $ 1000 дейін ауытқып отырады, ал Өзбекстанның жеткізіп берушілері оны 1 кг 500 $ сатады. Материал бірлігінің бағасы кестеде көрсетілген.

Жібек құртын өндірудің аналық материалын алу шығындары

Атауы

Бірлік бағасы, теңге

Қорапшы саны

Шығынның жалпы соммасы, теңге

Бастап үш күндегі ұрықтың жұмытқалары

150 000

10

1 500 000

Ең жақсы жібек ақшыл-сұр көбелектің кішкентай жұлдызқұртынан өндіріледі, ол тұт ағашының ақ жапырақтарымен қоректенеді. 

Өнімнің сипаттамасы

Тұт жібек құрты немесе жібек құрт-жұлдызқұрт және көбелек жібек өндірісінде басты экономикалық рөл ойнайды. Жұлдызқұрттар тек тұт ағашының жапырақтарымен ғана қоректенеді. Жақын түрі-жабайы тұт ағашы - шығыс Азияда өседі: Қытайдың солтүстік обл-да және Ресейдің оңтүстік теңіз жағалауларында.

Тұт ағашының жібек құрттары буынаяқты жәндіктер классына кіреді. Бұл жібек құрт үй жәндіктерінің мысалы бола алады. Адамдар жібек құртын үй жәндігі ретінде мыңдаған жылдардан бері өсіріп келеді, ол өзінің жабайы қасиетін жоғалтып енді табиғи жағдайда өмір суре алмайды. Оның бірнеше бейімділік қасиеті артып, оны өсіру жағдайлары жеңілдеген. Мысалы: тұт жібек құртының көбелектері ұшу қабілетін жоғалтқан, әсіресе аз қимылдайтын аналықтары. Сонымен қатар жұлдызқұрттарда аз қимылдайды.
      Тұт жібек құрты жалғыз толықтай қолға үйретілген үй жәндігіне айналған жәндік (Қытайдағы барлық құрттар қолға үйретілген, табиғатта жабайытүрде кездеспейді). Аналықтары ұшуды да ұмытып қалған. Үлкен жәндіктер ақшыл қанатты 6см дейін жететін толық көбелектер. Тұт жібек құрты басқа да көбелектер секілді толықтай өзгеру арқылы дамиды. Тұт жібек құртының көбелегінің қанаттары 40-тан 60мм жайылады. Оның денесі мен қанаттарының түсі кір ақшыл, азды немесе көптіашық бұлыңғыр жолақтары бар болып келеді. Сыртқы көрінісіне қарай тұт жібек құртының аналығын аталығынан ажырату оңай. Аталыққа қарағанда оның қарны салмақты әрі мұрттары аз жетілген болып келеді.
     Өсірудің технологиялық үрдісі тұт жібек құртының балақұрттарыналған соң оларбірден арнайы қоректік заттармен араластыру қажет (жұмыртқаларының дамуына инкубаторда 10 күндей тұруы керек). Олар жақсы желдетіліп және 24-25 градус темтературада тұруы керек. Ол жерге тұт ағашының жапырақтары салынады. 
Тұт жібек құрттары салқынқандылар тобына кіреді. Оның темтературасы айналасындағы ауаның температурасына байланысты болады. Балақұрттардың температурасы және өсуі организіміне әсер ететін химиялық реакциялар одан одан темтератураның артуы тездетіледі, бірақ темтератураның өзгеруіне организмнің әсері 20-27 градус көлемінде сақталады. Одан арғы температураның жоғарылауы балаң құрттың организіміне кері әсер етеді. 
Тұт жібеек құртының балаң құртының денесі жұмсақ, целиндрлі. Тері қаптамамен қапталған. Ол бас, кеуде және қарыннан тұрады. Тұт жібек құрты балаң құрт кезеңінде тез өседі. 30-35 күнде балаңқұрт дене салмағын 10000 есе арттырады. Балаң құртының дамуы барысында 5жастан өтеді, ол 4рет түлейді. Түлеу кезінде балаң құрт өзін жібек жіптеріменқандай да бір жерге бекітіп ұйықтауға кетеді. Жібек өндірушілерінің айтуынша оны түлеу ұйқы үрдісі деп атайды. Бұл уақытта балаңқұрт қимылсыз, оның алдыңғы бөлігі көтеріңкі, ал бұл уақытта жаңа тері қаптамасы қалыптаса бастайды. Әрбір түлеу кезінде балаң құрт тар болып қалған қаптамасын тастайды. Біраз уақыт өткен соң жаңа тері қаптамасы қатайғанда аяғын іліп қоректенуге кіріседі. Әр жастағы балаңқұрт салмағы, көлемі және бас капсуласыныңтүсі, сырт келбеті бойынша да өзгеріп отырады.
1жас балаңқұрттың түсі қара, ұзындығы 0.7мм, салмағы 6-7грамм, басы кірпіш қоңыр түсті ені 1.5мм. Бұл жаста балаңқұртжақсы қимылдап шкафтардың үстінде сырғанап жүруі мүмкін. 
2жас. Түсі сарғыш жасыл, ұзындығы 1,5-1.9см, салмағы 0,8-0.9граммбасы сұр қоңыр түсті, ені шамамен 2.5мм.
3жас. Түсі сары жасыл, 3-3.5ұзындығы см, салмағы 2-2.5грамм, басы сарғыш жасыл қара нүктелерімен, ені 4.5мм. Бұл жаста құрттарда арқасының үстіндегі қолдарында жылтырақтар пайда болады.
4жас. Түсі сарғыш жасыл, ұзындығы 5-6см, салмағы 6-7грамм басының түсі сұрғылт қоңыр қара нүктелерімен, ені 9мм, жылтырақтар саны артқан.
5жас. Түсі жасыл, ұзындығы 9-10см, салмағы 12-17грамм, басының түсі сұрғылт қоңыр, қара нүкте. Ені 9мм. Қолдарының бояуы бұлыңғыр.
Жұлдызқұртттың басы тек түлеген кезде өседі, басының капсуласы барлық жас бойы өзгеріссіз болады, соған қарап оның жасын ажыратуға болады.
Жапырақты дайындау. Ұрықты тиімді орналастыру уақытын анықтау және оның ары қарай өсуі үшін бірнеше факторлар бар: алдыңғы жылдардағы ауа райын таңдау, өсімдіктерді бақылау, олардың кейбірі жібектен бұрын ашылады, ондай өсімдіктер белгі беруші болып табылады. Жібек құртының жапырақтары пайда болғанша, олар 10-12күн бұрын гүлдейді. Ең тиімдісі орташа температура 5градустан жоғары болу керек. Оңтүстік аудандарда қажетті температураның суммасы 190-210градус болуы керек. 
Жұлдыз құрттарды қоректендіру үшін жапырақ күннің салқын уақытында жиналады, ең жақсысы таң азанда шық қайтқан соң және кешке шық түскенге дейін. Алдыңғы 2 жастағы жұлдыз құрттар үшін қорек жапырақтарды шымшу арқылы дайындалады және жапырақтың үстіңгі жағынан 2-3 қалдырады, себебі оларсыз шыбық ары қарай өспей қалады. Үлкен жастағы құрттар үшін қорек толықтай қырқу арқылы жасалады. Алдыңғы жастағы құрттар үшін жиналған жапырақтар салқын жерде еденде сақталу керек. Үлкен жастағы жұлдыз құрттарды шыбықтармен қоректендіргенде қоректерді тұрғызып үстіне дымқыл майлықтар жауып сақтайды. Көктемде 1кг піллә алу үшін 15-17кг жапырақ қорегі қажет, ал жазда 19кг дейін керек. Жоспарлы есепте 1кг піллә алу үшін жапырақтар шығынын 20кг дейін есептеу керек.
Тұт жібек құртының қорегіндегі төсеніштерін ауыстыру. Қоректендіру барысында төсеніштердің бетінде жапырақтың қалдықтары қалып қояды және құрттардың мәжістері мен қабықтары да калады. Төсеніш озәнше жылый береді, оның бетінде инфекциялар жиналып қалады. Ондай кездерде жібек құрттарды күту қиындап кетеді, сондықтан төсеніштерді ауыстырып отыру керек. Балаң құрттардың 1 жасында төсеніштерді ауыстырмайды, себебі құрттарды жоғалтып алудан қашады. 2-3 жаста төсеніштерді ауыстыру әр жас сайын жүргізіледі, ал 4-5 жаста жиналғанына қарай ауыстырады. Жұлдыз құрттардың 4 жасында төсеніштерін алынған арқылы жүреді, үлкендерінде сырғымалы стелаждың жанына қойылады, тұт ағашының бұтақтарына перпендикуляр түрде орнатылады. Жұлдық құрттардың жылжуынан кейін. Сырғауылды көтеріп төсеніштерді алып тастайды. 
5 жастағы жұлдыз құрттарды қоректендіруде майда жапырақтарды төсеніштерін ауыстыру арқылы жүргізіледі. Ауыстырылған төсенішті міндетті түрде жағып жіберу керек.
Құрттарды өсіру және піллә алу уақыты. Жыл сайын наурыз айының соңы мен сәуір айының басында жібек құрттарды өсіру науқаны басталады. Бұл уақыт 45 тәулікке созылады. Құрттарды қоректендіруге көптеген тұт ағашының жапырақтары қажет болады. Тұт ағашының жапрықтарының қажеттілігін есептеу үшін өндірілетін піллә санын 20-ға көбейту арықлы анықталады. 

Қаржылық жоспар 

Жобаға салынатын күрделі қаржылардың көлемі

Материалдардың атауы

Өлшем бірлігі

шығын

1 өнім бір.бағасы

500кг барлық шығыны, теңге

Тұт жібек құртының ұрықтарын алу

қорап

10

150000

1500000

Жапырақтар шығыны

кг

10000

300

3000000

Электрэнергиясының шығыны

кВт / сағ

270

12,96

3499

Піллә алуға шығындар

 

25000

500

12500000

 

Барлығы

 

 

 

17003499

Өнім бірлігінің өзіндік құнының калькуляциясы. Өнімнің калькуляциясының объекті болып тұт жібек құртының пілләсі болып табылады. Өндірістік шығыны 1 кг. Ұрықтардың өзіндік құны асыл тұқымды пілләлардан алынатын ұрықтарға байланысты. 
Шикі пілләлардың өзіндік құны оның өзіндік құнынан және алу бағасынан, инкубация шығындарынан, құрттарды қоректендіруден тұрады.
Тұт жібек құрттарын өсірудің өзіндік құнының калькуляциясы

Материалдардың атауы

Өлшем бірлігі

шығын

1 өнім бір.бағасы

500кг барлық шығыны, теңге

1кг жібек құрттың шығыны

Ұрықтың бағасы

Қораб

10

150000

1500000

3000

Жапырақтар шығыны

Кг

10000

300

3000000

6000

Электрэнергия шығыны

кВт / сағ

270

12,96

3499

7

Піллә алуға шығындар

теңге

25000

500

12500000

25000

Жұмысшылардың еңбек ақысы

теңге

50

60000

3000000

6000

Еңбек ақыдан бөлінулер

теңге

 

 

330000

660

Өндірістік шығындар

теңге

 

 

6000000

12000

Өндірістік өзіндік құн

теңге

 

 

26333499

52667

Шығындар уақыты

теңге

 

 

2332030

4664

Өнімнің толық өзіндік құны

теңге

 

 

28665529

57331

Өнімнің бағасы

теңге

 

 

36750000

73500

Пайда

теңге

 

 

8084471

16169

Пайда және рентабельділік. Тұт жібек құрты жақсы күтімді талап етеді. Балаң құрттарды алған соң оларды арнайы 24-25 градустық желденетін жерге орналастырады. Инкубаторда 10 күн тұрған соң балаң құрттар 8 см дейін өседі. Тұт жібек құртын өсіру ұзақ уақыт алмайды 1 айдан соң жібек құрттар пілләсін жібекке орай бастайды. Оның ұзындығы 1 км дейін жетеді. 100кг тұт жібек құртының пілләсінан шамамен 9 кг өте қымбат жібек шығады. 
Пайда көлемін жоспарлау

Атауы

Бірлік бағасы

Саны, кг

Жалпы бағасы, теңге

Жібек құрттың пілләсі

73500

500

36750000

Әлеуметтік салық
Жобаның жобалаушысы әлеуметтік салықты екі айлық көлемі есебінде өзіне және жұмысшының бір айлық жалақысы көрсеткіші ретінде төлейді. (1852 теңге МРП * 2 * 12 ай +1852 теңге МРП * 6 жұмысшы 12 ай = 177792). Әлеуметтік салықтар жалақының 5% және пенсиялық салым (3000 теңге * (1-10%) * 5% = 135000теңге)

 

Әлеуметтік салық

177792

Әлеуметтік бөлінулер

135000

Барлығы

312792

Қаржылық жоспар

Пайда және залал есебі

Мақала атауы

Жалпы жылына, теңге

Пайда

36750000

Өзіндік құн

17003499

Жалпы пайда

19746501

Ауыспалы шығындар

11644822

Еңбек ақы

3000000

Тұрақты администрацялық шығындар

2332030

Тұрақты өндірістік шығындар

6000000

Әлеуметтік салық

312792

Жалпы табыс

8101679

Корпоратив салығы

1102500

Таза пайда

6999179

Жобаның тиімділік есебі: 17003499 теңге / 6467577 теңге = 2,6 жыл. Қайтарым уақыты 32 ай немесе 2,6 жыл, осы уақытта өндірістік қызметтен таза пайда жобаның инвестициясын жауады.

Жобаны қаржыландыру 

БВУ бойынша несиелеу қаржылық есебі 14 пайыздық қарызды жылдың соңына дейін 60 ай өтеу мерзімімен жылдың соңына дейін жылжыту арқылы ай сайын төленеді. Бюджеттік бағдарлама бойынша «Өсімдік шаруашылығы және азық-тұлікпен қамтамасыз ету» 7 пайыздық субсидия беріледі. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы негізінде несие беріледі. Бұл бағдарлама шағын бизнепен айналысытаныдарға беріледі.   АО НУХ КазАгро компаниясы қаржыландыру көзі болып табылады. 2020 - Жол картасы бағдарламасы - мемлекеттік гранттар және қарыздар беруге арналған. Жаңа бизнес жобалар 7 пайыздық несиемен қаржыландыралыда.

Дереккөзі:    www.kasipker.info 

16.07.2014