Call-center 1411

You are here

Күнбағыс халвасы өндірісі

Жоба сипаттамасы

Жоба анкетасы.
Инвестициялық жобаның мақсаты: ОҚО аумағында алуаны өндіру бойынша цехты қосу үшін аналым қорларын сатып алу.
Өнімділігі: 132 000 кг жылына
Өнім: күнбағыс алуасы
Жобаның құны: 16 001 800 теңге.
Өтімділік мерзімі: 2,5 жыл.

Жобаның тұжырымдамасы.
Алуа қанттан, тұқымнан немесе жаңғақтан көбіктендіргіштен жасалынатын әйгілі шығыстың тәтті тағамдарының бірі болып табылады. Үгітілгіштік десерттің отаны болып Иран саналады. Мұнда біздің эрамызға дейінгі V ғасырда алуа өндірілген. Бұл елден  осы тәтті тағамды дайындаудың әртүрлі әдістері Жақын және Орта Шығыс елдерінде таралған. Алуа, араб тілінен аударғанда «тәтті» деген мағынаны білдіреді.

Нарықты талдау және өткізу стратегиясы
Алғашқы уақытта күнбағысты жеткізіп беретін сенімді контрагент-фермерді табуға болады. Нарықтағы коммерциялық тәуекел және бәсеке кіші-зауыттың іс-әрекетінде стандарттық емес жағдайлардың туындауына әкелуі мүмкін. Соған орай қысқа мерзімді басқарушылық шешімдерді қабылдау қажет, атап өткенде:
-    250-500 грамм салмақта әдемі бумаларға тоғанақтау;
-    Ұқсас өніммен салыстырғанда бөлшек сауда бағасын қолайлы етіп бекіту
-    Сауда желілерімен қызметтесу, кішігірім дүкендерге жеткізу, фирмалық сауда нүктесін түзу.
-    Жарнама ( БАҚ, билбордтар, сыртқы стендтер)
-    Мерзімді акциялар өткізу
-    Табысты іс-әрекет жағдайында  дайын өнімді шығару көлемін ұлғайтуға және ассортиментін кеңейтуге болады (мейіз, шоколад және т.б. әр түрлі салындысымен өндіру)

Халуаны өндіру технологиясы
Күнбағыс алуасын өндіруге қажетті ингредиенттер:
-    қант;
-    сірне;
-    күнбағыстың дәні
-    мия тамырының сығындысы
-    дәмдеуіш қоспалары және хош иісті заттектер: ванилин, какао ұнтағы, мейіз.
Халуаны өнеркәсіптік дайындау келесі кезеңдерден тұрады:
-    ақуыздық массаны  дайындау;
-    карамельді массаны дайындау;
-    карамельді массаны мия тамырымен бұлғау (көбіктендіргішпен);
-    алуаны илеу;
-    өлшеп орау және буып түю.

360 кг алуаны өндіру үшін қажетті шикізаттың құны

Шығындар

Саны

Құны, теңге

Күнбағыс

367 кг

43 200

Сірне

99 кг

2 475

Қант

66 кг

11 880

Мия тамыры

0,4 кг

1 800

Дәмдеуіш қоспалары

1 кг

1 925

Барлығы

 

61 280

Барлығы 1 кг  үшін – 170 теңге. Брикеттерге өнімді буу кезінде орауыш материалдың сапасына қарай материалдың өзіндік құны 3 тен 18 теңгеге дейін құрайды. Ораушы материалдың оңтайлы құны 10 теңгені құрайды.
1 килограмм алуаның өзіндік құннын (шикізат + э/энергия - орама) құрайды: 170 теңге + 8 теңге + 10 теңге = 188 теңге 1 килограмм.
Халуаны дайындауға қажетті құралдар. Ғаламторда халауны өндіру бойынша цех үшін құрал-жабдықтарды сату бойынша ұсыныстар, импорттық болсын, ресейлік өндірістер секілді,  айтарлықтай көрсетілген. Ұсыныстарды талдау барысында бағасы/өнімділігі/сапасы жағынан «Эра» ЖШҚ құрал-жабдықтары болып көрінді. «Эра» ЖШҚ компаниясының дайындау тізбегінің өнімділігі сменде (8 сағат) 960 кг алуаны дайындай алады. Тізбек толық автоматтандырылмаған, бірақ басқару үшін жеткілікті және осы бизнесті игеру үшін сәйкес келеді.

Жобаны жүзеге асыруға арналған инвестициялар және шығындар

Атауы

Саны, дана

Бағасы, теңге

Аршу машинасы

1

730 100

Айрауық машинасы

1

744 800

Калибратор

1

525 700

Астық басатын диірмені

1

1 080 600

Қуыру қондырғысы УОБ-1

1

890 750

Мұздату қондырғысы УОХ-1

1

861 450

Карамельдеуші

1

1 387 500

Алуаны араластыру үшін ванна

6

408 900

Комплектің жалпы құны

 

6 629 800

Буып-түю тізбегіне келесі жабдықтар кіреді

Атауы

Саны, дана

Бағасы, теңге

Машина, буып-түю

1

3 240 000

Этикет қағаз жабыстыру машинасы

1

750 000

Термотрансфертті принтер

1

400 000

Барлығы

1

4 390 000

Жабдықтар: 

Қаржылық жоспар

1-операциялық жылдың Пайда және шығындар есебі

Статья атауы

Барлығы 1 жылда, теңге

Дайын өнімді өткізуден түскен табыс

37 620 000

Тікелей шығын – Шикізат және материалдар

24 816 000

Жалпы табыс

12 804 000

Жалпы және әкімшілік шығындар

5 076 000

Әлеуметтік салық

262 944

Опреациялық табыс

7 465 056

Корпоративтік табыс салығы

1 128 600

Таза пайда

6 336 456

Дайын өнімді өткізуден түскен табыс. Бір айдың 22 жұмыс күні және 8 сағаттық жұмыс күнінде 500 килограмм өнімді 1 сменде немесе 11 000 килограмм айында дайындауға болады; яғни 132 000 килограмм жылына. Табысты есептеу үшін 1 килограмм алуаның құнын 285 теңге деп алу керек. Өткізу брысында 132 000 килограмм өнім және 1 килограмның құны 285 теңге болса, жылдық табыстылық 37 260 000 теңгені құрайды.
Тікелей шығын – Шикізат және материалдар. 132 000 килограмм өнімді өткізу барысында тікелей шығындар құралады: 132 000 кг *188 теңге = 24 816 000 теңге.

Жалпы және әкімшілік шығындар:

Шығындар

Айына, теңге

Жылына, теңге

Еңбек ақы

240 00

2 880 000

Ғимаратты жалдау

150 00

1 800 000

Коммуналдық төлемдер (электроэнергия, су, қоқысты шығару)

20 000

240 000

Жарнама шығындары

10 000

120 000

Өзге ескерілмеген шығындар

3 000

36 000

Барлығы

423 000

5 076 000

Еңбек ақысын ұғындыру

Қызмет

Саны, бас

айына, тенге

жылына, тенге

Жұмысшылар

2

100 000

1 200 000

Ұста

1

70 000

840 000

Tехнолог

1

70 000

840 000

Қызметкер бойынша барлығы

4

240 000

2 880 000

Әлеуметтік салық. Жоба бастамашысы екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өзі үшін және бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әрбір жұмысшыға төлейді. (1 852*2 + 1 852 АЕК *4 жұмыскер = 133 344 теңге). Әлеуметтік төлемдер міндетті зейнетақы жарнасын еңбекақыдан шегергеннен кейінгі  соммадан  5 % тең (2,880 мың теңге *(1-10%)*5% = 129 600 теңге).
Корпоративті табыс салығы: 37 620 000 теңге * 3 % = 1 128 600 теңге.

Жобаны мемлекеттік қолдау шаралары және қаржыландыру

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша микронесиелеу – бағдарлама шеңберінде өз ісін кеңейту және айналым капиталын толықтыру үшін ұйымдар несиелендіріледі (сауда аясының іс-әрекетін жүзеге асырудан басқа) мөлшері 6%, мерзімі 54 айдан көп емес.
ЕДБ арқылы несиелеу. Қаржылық есептеулер қарыздың 14%, төлеу мерзімі 18 ай, ұзарту мерзімі ОД бойынша және жарты жылға %, содан соң тұрақты ай сайынғы төлемдер болу қажеттігін анықтады. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының шеңберінде сыйақының пайыздық мөлшерін субсидиялау 7% дейін. 

Дереккөзі:   www.kasipker.info 

16.07.2014