Call-center 1411

You are here

Қуырылған пісте өндірісі

Жоба сипаттамасы

Жоба анкетасы

Инвестициялық жобаның мақсаты: Қуырылған күнбағыс пісте өндірісі.
Өнім: 50 гр қораптағы қуырылған күнбағыс пістесі.
Өнімділік: 264 000 қорап жылына.
Жоба құны: 2,7 млн. теңге.
Өзін-өзі ақтау мерзімі: 1-1,5 жыл.

Жоба тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы өндірісті ұйымдастыру, пайдалы және сіңімді дәстүрлі өнімді өлшеп буылған күнбағыстың қуырылған дәндерін өткізуге негізделеді.

Өнімді сипаттау

Қуырылған пісте бір асар тауарлар категориясына жатады. Басқа да бір асым тауарлардың түрі сияқты, пістеде жоғары деңгейдегі сұранысқа ие, бірақ осы сыныптағы тауарларға қарағанда (чипсы немесе кептірілген нан) қуырылған пістенің мақсатты аудиториясы кеңірек болып келеді. Бұл өнімнің кең таралуы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
1.     Жас шегінің болмауы, яғни пістені үлкен, орта жастағы және балаларда тұтынады;
2.     Тұтыну орны бойынша шегінің болмауы, яғни ғимаратта, сырт көшеде және үйде;
3.     Пістені көп көлемде тұтынғанның өзінде адам организміне  ешқандай зиянды әсерін тигізбейді.

Нарықты талдау және өнімді өткізу

Бұл бизнесте бөлшектеп сату өзекті болып табылмайды. Тоғанақталған қуырылған пістенің әлеуетті көтерме тұтынушылары болып:
1. үлкен сауда орталықтары;
2. үйге жақын жерге орналасқан үлкен емес дүкендер;
3. дүкеншелер, киосктар;
4. дистрибьюторлар және көтерме сатып алушылар.
Бұл қарастырылып отырған бизнес сегментінде бәсекелестіктің жоғары деңгейде дамуына байланысты, өнімді өткізу арналарын кеңейту бойынша іс-шаралар жоспарын мұқият қарастыру қажет.
Бағалық стратегиялар келесідей іс-шараларды ескереді: 
1. бәсекелестердің бағалық саясатын зерделеу; 
2. жеңілдіктер жүйесін пайдалану; 
3. іс-әрекеттегі заң нормаларын және шығындарды жабуды ескере отырып бағаларды қалыптастыру;
4. икемді төлем формасын ұсыну, яғни төлемдер мерзімін ұзарту жүйесін енгізу. 
Нарықтағы қуырылған күнбағыс пістесінің 1 қорабының бағасы 45 теңге деңгейінде.

Технологиялық процесс және жоспар

Қуырылған пісте өндірісінің келесідей сатыларын бөліп көрсетеді:
1. іріктеу;
2. тұздау, жуу және тазалау;
3. қуыру;
4. салқындату;
5. буып-түю.
Іріктеу сатысы пістенің ірі дәндерін майда дәндерінен айыруды көздейді. Сонымен қатар шикізатты қоқыстан тазалау жүзеге асырылады. Мұндай мақсаттарда бастапқы өнімді бірнеше түйіршіктерге бөлу қызметін атқаратын арнайы іріктеу машиналары немесе дірілдеткіштер қолданылады. Пістені жуу үшін технологиялық құрал-жабдықтарды таңдау процесінде айрықша көңілді, оның өнімділігіне, яғни өнімділіктің күтілетін деңгейі 100-150кг/сағ болу керек.
Белгілі бір тұрақты уақыт мерзімін бекіту (мысалы, 1 сағат)  тек келесідей қуыру жағдайларын орындаған кезде ғана мүмкін:
1.     шілтер отынының бірдейлігі (шүмекпен немесе редуктормен реттеледі);
2.     пістенің ылғалдылығының деңгейі бірдей болуы керек;
3.     сыртқы ортаның бірдей температурасы.
Дайын күнбағыс пістесін салқындату арнайы аппаратта жүзеге асырылады, осының арқасында еңбек өнімділігі бірнеше рет арта түседі. Содан кейін қораптау аппаратының көмегімен пістені өлшемдеу жүзеге асырылады.

Жобаны іске асыру үшін шығындар және инвестициялар
Жобаны бастау үшін ең азы төменде көрсетілгендей құралдар қажет:

Инвестициалық салымдар

Барлығы, теңгемен

Құрал-жабдықтар

515 900

Ғимаратты жалдау

900 000

Айналым құралдары

1 314 546

Барлығы

2 730 446

 

Құрал-жабдықтар. 

Құрал-жабдықтардың аталынуы

Құны, теңгемен

Шемішкені қуыру үшін аппарат (газдық)

154 770

Салқындатқыш (тазалау қызметімен)

150 080

Буып-түю кешені

211 050

Барлығы

515 900

 

 

 

 

 

 

 

Құрал-жабдықтар – қуыру табасы және қораптау машинасы. Ең арзан вариант болып қорапталған қуырылған пістенің өндірісін ұйымдастыру Қытайда жасалған құрал-жабдықтар табылады. 

 

 

Ғимаратты жалдау. Қуырылған пістені дайындау үшін ғимаратқа қойылатын талаптар, басқада азық-түлік өнімдерін дайындауға қойылатын талаптармен бірдей. Құрылыс, санитарлық нормаларын және өртке қарсы қауіпсіздігі міндетті түрде сақталынуы қажет. Өндірістік ғимарат аумағында негізгі цех, дайын емес және дайын өнімді сақтау үшін қоймалық бөлмелер орналасады. ( 30 м² кем емес).

Ғимарат

Ауданы, м2

Бағасы, тг/м2

Ай бойынша барлығы, тенгемен

Жыл бойынша барлығы, тенгемен

 "А" деңгейіндегі ғимарат

30

2 500

75 000

900 000

Айналым құралдары. 5,2 млн. теңге бағаланған күнбағыс пістесінің жылдық қажетті шикізаты 23760кг.  (электрэнергияға, қорапқа және т.б. тікелей шығындарды қосқанда). 
Қаржы құралдарын тиімді пайдалану мақсатында шикізаттарды және материалдарды 3 ай бұрын алдын-ала сатып алынады. Сәйкесінше жобаның тұрақты жұмыс істеуі үшін 1,3 млн. теңге қажет. (5,2 млн. тенге /12*3). 

Қаржылық жоспар
1 операциялық жыл бойынша шығындар және пайда туралы есеп, теңгемен:

 

Баптардың аталынуы

Жыл бойынша барлығы

Қызметтерді іске асыру

7 920 000

Өндірістік шығындар – Шикізаттар мен материалдар

2 922 480

Жалпы пайда

4 997 520

Операциялық шығындар үшін барлығы

2 220 676

Еңбекақы

1 080 000

 Ғимаратты жалдау

900 000

Еңбек ақы қорынан аударымдар

137 496

 НҚ амортизациясы  

103 180

Операциялық пайда

2 776 844

Корпоративтік пайда салығы

237 600

Таза пайда

2 539 244

Өнімді сатудан түскен пайда. Құрал-жабдықтың 1 ауысымда 50гр, 1000 қорапты қуырып және буып-түюге мүмкіндігі бар (50 кг). Осыған сәйкес ай ішіндегі 22 жұмыс күнінде  дайын өнімнің өндірімі 22000 қорабты құрайды.

Бастапқы мәліметтер

Өлшем бірлік

Маңыздылығы

Бір күндік өндіріс қуаттылығы

пакет

1 000

Әр пакет салмағы

грамм

50

Бір күндегі шикізатқа жалпы қажеттілік

кг

50

Ай ішіндегі жұмыс күндері

күн

22

Айлық өндірім

пакет

22 000

Жыл ішіндегі жалпы өнім саны

пакет

264 000

Өнімнің бірлік бағасы

тг/пакет

30

Сатудан түскен түсім

тенге

7 920 000

Өндірістік шығындар – Шығындар және материалдар. Бір пакет өнімнің өндірістік материалдарының өзіндік құны 11,07 теңгені құрайды (50). Тауар бірлігінің құнын бөлшектеп бөлу:

50 г пістенің құны (1 кг қуырылмаған пісте – 80 тенге есебі бойынша)

тенге

4

Орау үшін пакет (500 пакет үшін 1000 теңгелік 1кг шаранағы  есебінен)

тенге

2

1 буып-түйілген пісте өнімін іріктеу, қуыру бойынша оператордың жұмысы үшін

тенге

1,69

Электрэнергия, жалға және газ үшін шығындар

тенге

3,24

Коммуналдық қызметтер үшін шығындар (электроэнергия, газ, су) (1 бума пісте үшін)

тенге

0,14

Қуырылған пістені буып-түюдің өзіндік құны  

тенге

11,07

264000 қаптама қуырылған  күнбағыс пісте өндірісіне кеткен шығындар жылына  2922480 теңгені құрайды:

Бір күндік өндірістік қуат

Қаптамалар

1000

Бір айдағы жұмыс күндер

Күндер

22

Бір айдағы өнімнің жалпы саны

Қаптамалар

22000

Бір жылдағы өнімнің жалпы саны

Қаптамалар

264000

Әрбір өнім қаптамасының өзіндік құны

Теңге

11,07

Жалпы өндірістік шығындар

теңге

2922480

Жалақы. Қуырылған пісте өндірісін екі  жұмысшы басқара алады. Біреуі өзінің тікелей міндеттерімен қатар техникалық жағдайларды бақылауды жүзеге асырады. Екінші оператор бастапқы шикізатты жабдықтайтын агент пен дайын өнімді өткізу қызметтерін атқара алады.

Қыметі

Штаттық бірліктер

Айлық  оклад, теңге

Жылдық  оклад, теңге

Оператор

1

50000

600000

Сатып алу – Өткізу жөніндегі жұмысшы

1

40000

480000

Барлығы

2

 

1080000

Арнайы салық пен төлем. Жоба басшысы өзі үшін екі және әрбір жұмысшы үшін бір  айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік салық төлейді (1852*2+1852 АЕК*2жұмысшы=7408 теңге). Әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы аударымдарын алып тастағандағы жалақының 5 %-ын құрайды (1080 мың теңге*(1-10%)*5%=48600 теңге).

Әлеуметтік аударымдар

48600

әлеуметтік салық

88896

Барлығы

137496

Ғимарат арендасы. «А» санатындағы өндірістік ғимарат бағасы  айына 2500 теңге/шм, аумағы 30 шаршы метр, бір жылда 900000 теңгені құрайды.
Негізгі құралдар аммортизациясы – құрал-жабдық

Негізгі құрал (НҚ)

НҚ баланстық құны

Аммортизация %

Барлығы, теңге

құрал-жабдық

515900

20%

103180

Салықтар мен бюджеттік төлемдер. Жоба шеңберінде салық салудың жеңілдетілген жүйесі бойынша корпоративті табыс салығы төленеді, табыстан 3%-237 мың теңге (7,9 млн. теңге*3%).

Жобаны қаржыландыру
         ЕДБ арқылы несиелеу. Қаржылық есептеулер нәтижесінде 14% ставкамен, төлеу мерзімі 72 ай, НҚ бойынша төлемді  және % кейінге шегеру,содан соң ай сайынғы төлемдермен несие алу қажеттілігі анықталды. «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жөніндегі бюджеттік бағдарлама бойынша ШОБ 7% ставкамен субсидияланады.
        «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында несиелеу. Жеке істі ұйымдастыру үшін  бюджеттік құралдардың бөлінуі бағдарламамен қарастырылған.
        «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының шарттары:
        Арналу мақсатты: сауда аясындағы қызметтен басқа жеке істі ұйымдастыру және кеңейту, айналым капиталын толықтыру.
        Максималды займ сомасы: 3000000 теңге.
        Сыйақы ставкасы: жылына 6% , қолайлы сыйақы ставкасы-жылына 6,7%
        Несиелеу мерзімі: 54 ай
        Негізгі қарызды төлеу мерзімділігі: ай сайын/квартал сайын/жарты жылда 1 рет, жылына 1 рет, несиелеу мерзімі ішінде жартылай/толық мерзімнен бұрын төлеу мүмкіндігімен.
       Сыйақыны төлеу мерзімділігі: ай сайын/квартал сайын/жарты жылда 1 рет, несиелеу мерзімі ішінде нақты пайдаланылған мерзімі үшін есептелген сыйақыны төлеу мүмкіндігімен.
       Негізгі қарызды төлеу бойынша жеңілдікті кезеңі: несиелеу мерзімі ұзақтығының үштен бірінен артық емес.

Дереккөзі:   www.kasipker.info 

15.07.2014