Call-center 1411

You are here

Қақталған ет өндірісі

Аймақтарда жобаның іске асуы

Аймақ Жүзеге асырылған жобалар
Барлығы 7
Алматы облысы 7
Панфилов ауданы
7

Жоба сипаттамасы

Жоба анкетасы

Инвестициялық жоба мақсаттары: Қақталған ет өндіру бойынша цех ашу. 
Өнімділігі: Қақталған қой еті - 7 920 кг, және қақталған сиыр еті - 9 000 кг жылына.
Өнім: Қақталған қой және сиыр еті.
Жоба құны: 10,6 млн. тенге.
Өтімділік мерзімі: 4 жыл.

Жоба тұжырымдамасы

Жоба тұжырымдамасы ОҚО-да қақталған ет өнімдерін өндірі бойынша цех ашуды көздейді. Ет және  ет өнімдері нарығының негізгі субъектілері болып төмендегілер табылады:
•    шаруа қожалықтары;
•    ет өндіретін жеке шаруашылықтар мен ауылшаруашылық кәсіпорындары;
•    ет, ет өнімдерін өндіру және өткізу үрдісін жүзеге асыру үшін жағдай жасайтын ет өнеркәсібі кәсіпорындары мен нарық инфрақұрылымы кәсіпорындары.
Жоспарлан кәсіпорынның мақсатты тобы болып келесідей қызметті тұтынушылар табылады:     
•    қағамдық тамақтану кәсіпорындары, облыс және жақын аймақтағы аудан тұрғындары. 
Өнім сапасын құраушылар:
•    өндіру, қораптау, сақтау, тасымалдау және өткізу барысында гигиеналық талаптарды орындау.
Өнім барлық ветеринарлық және санитарлық нормаларға сай болуы керек:
•    тоңазытылған, бірақ мұздатылған емес, етті пайдалану (соңғы өнім сапасын жақсартады);
•    дәмдеуіш қоспалар сәйкестік сертификаттарымен қамтамасыз етілуі керек;
•    отандық және шетелдік өндірістің еттік шикізаты өнеркәсіптік өңдеуге ветеринарлық сәйкестік құжаттарымен бірге қабылданады;
•    жоғарытехнологиялық және жаңашыл қондырғыларды пайдалану.
Цех жалға алынған 120 шаршы метрлі ауданды бөлмеге орналастырылады.

Өнімнің сипаттамасы

Қақталған ет деп сойылған жануардың тұздалған немесе белгілі-бір термиялық өңдеуден өткет төшкесін айтамыз. Олардың азықтық құндылығы жоғары (260-630 ккал/100 г) және өте дәмді болады. Еттің түрлеріне байланысты қақталған сиыр не қой еті болады. Еттің термиялық өңдеуден өткен тәсіліне байланысты қақталудың шикісүрлі, қайнатылған, сүрлі-қайнатылған, сүрлі-пісірілген, қуырылған түрлері болады. Азықтық және дәмдік құндылығына байланысты қақталуды сорттарға бөледі. Төшкенің пайдаланылатын бөлігіне және өнделу түріне байланысты – окорока, рулеттер, түрлі сүрленулер. Сүрленген ет натуралды өнім болып табылады, өйткені оларды дайындау үшін өндіру барысында сусыздандырылған ет пайдаланылады. Сондықтан да, олардың құрамында негізгі шикізаттың азықтық құндылығының көп мөлшері сақталған. Өнімнің бір түрін дайындау жоспарлануда – сүрленген сиыр еті, 200 гр., 400 және 500 гр. қаптауда. 

Маркетингтік талдау және өткізу

Ет өнімдеріне деген сұраныс тек тұтыну қажеттіліктерімен ғана емес, сонымен қатар оларды сатып алу мүмкіндіктерімен де айқындалады. Ет және ет өнімдері нарықтарындағы табыстың деңгейін өсіру барысында келесідей өзгерістер болуы мүмкін. Қосымша қаражат көп мөлшерде азық-түлік сатып алуға жұмсалмайды. Төменгі табыс деңгейінде ең маңызды болып азық-түлік бағасы мен саны табылады. Жоғары табыс деңгейінде сапаға, әртүрлілігіне, дәмдік қасиетіне, өнімді безендіруге деген талап күшейе түседі.
Ауқатты азаматтар, көбіне, өнімнің құрамындағы қоспаларға, оның құрамы мен натуралдылығына, денсаулыққа пайдалылығына назар аударады. Ет және ет өнімдері нарығын дамыту стратегиясының жүзеге асырылуының екі жолы бар:
Бірінші жолы – инерциялық жол, мұнда өткен жылғы статистикалық мәліметтер негізінде айқындалатын өсудің баяу қарқыны орын алған.
Екінші жолы – индустриалды-инновациялы, мемлекеттің қолдауы мен аграрлық саясатты белсендендіру барысында жаңа өнімдердің, инновациялық технологиялардың енгізілуі және күнделікті пайдалануына негізделген.
Ет ресурстарын арттыру мәселесі олардың өндірістің барлық кезеңдеріндегі резервтерімен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және ет өнімдерін өткізумен байланысты.
Соңғы жылдары көптеген елдерде белгілі-бір аймақтарда кәсіпорындарды кластерлерге біріктіру қалыптасқан. Қазақстанда тарихи қалыптасқан мамандануға, табиғи-климаттық жағдайларға, ет өнімдерін өндіру мен тұтынудың дәстүріне байланысты ет кластерін құрудың мүмкіндігі бар. Оның іс-әрекет етуінің тиімділігі ет өнімдері өндірісі көлемінің артуымен, олардың сапасының жоғарылауымен, өндіріс шығындарының төмендеуімен және соған орай, бағаның төмендеуімен, инфрақұрылымның жақсаруымен, тұрғындардың жұмысбастылығы мен табыстарының артуымен, кәсіпорындардың жаңа жоғары сапада өзара тығыз байланыстылығымен байланысты көрінеді.   
Жаңа кәсіпорындарды Қазақстанда жоғары сапалы өнім ұсынушы жоғарытехнологиялы және жаңашыл өндіріс ретінде орнықтыру қажет. 
Алғашқы кезеңде, өнім шыққанға дейінгі 1-2 ай алдын, PR компания өткізу қажет, яғни жаңа мал шаруашылығы өнімі өндірісінің басталуы жайында жергілікті басылымдарға мақала жариялау және отандық тауарөндірушілердің жарнамасын жасау керек.
Сұранысты қалыптастыру мен өткізуді ынталандыру төмендегідей жайттардан жоспарланып отыр:   
- сапалы өнім;
- басқалармен салыстырғанда бағаның төменгі деңгейі; 
- тәжірибиелі мамандар;
- жаңашыл қондырғылар;
- сұранысты ынталандыру бағдарламасын жүзеге асыру.

Сүрленген ет дайындау технологиясы

Сүрлену – бұл өнімге хош иіс беретін және консервациялық әрекет ететін өнімді жылулық өңдеудің түрі. Сүрленуге түскен өнімдер сүрлеу түтінінің бактериостатикалық заттарын өздеріне сіңдіреді және жартылай сусыздандырылады, соның арқасында олардың сақтау мерзімі ұзартылады. 
Сүрлеудің салқын және ыстық түрі болады, сонымен қатар тісіру әсеріне жақын келетін тез сүрлеу түрі болады. Бұған қоса сүрлену әсеріне қол жеткізу үшін арнайы ароматизатор – сұйық түтін – пайдаланылады. 
Ыстық сүрлеу кезінде өнім 45-120°C температурада бірнеше сағат бойы түтінмен тағам толықтай кулинарлық дайын болғанға дейін өңделеді. Бұл өңдеудің жылдам әрі қарапайым тәсілі, өнім бірден тұтынуға дайын болады, сондықтан да ол, көбіне, күнделікті өмірде жиі қолданылады. 
Суық сүрлеу кезінде өнімді өңдеу салқындау температурада, 19-25°C, бірнеше сағат бойы жүргізіледі, көбіне күндіз. Суық сүрлеудің алдында өнім алдыменен алдын-ала өңдеуге түседі, мысалы, тұздауға. Түтіннің ықпал етуін жылдамдату үшін электросүрлеуді пайдаланады, яғни электрлі токпен иондалған сүрлеу түтінінің бөлшектері электрлік жазықтықта мақсаттыбағытта қозғалады да өнімнің беткі қабатына орналасады (яғни, бетіне сіңеді). Сүрленген өнімге ерекше дәм мен иіс беретін заттарға фенол және оның туындылары жатады, сонымен қатар альдегидтік және смолалық заттардың фракциялары, құмырсқа және уксус қышқылдары жатады.
   Тікелей шығындар – Шикізат пен материалдар (Көтерме сатып алу)

 

Шикізат пен

материалдар

Өлшем бірлігі

Бағасы,

тенге

Шығын

нормасы

1 кг соммасы,

тенге

Қой еті

кг.

900

1,07

963

Сиыр еті

 

800

1,07

856

Опилкалар

кг.

25

0,16

4

Дәмдеуіштер

кг.

8 500

0,01

85

Сүрленген қой еті (өзіндік құны)

1 кг

   

1 052

Сүрленген сиыр еті (өзіндік құны)

1 кг

   

945

Жобаны жүзеге асыру шығындары және инвестициялау 

Атауы

Саны, дана

Барлығы, тенге

Сүрлеу қондырғысы

1

728 000

Copeland мұздатқыш қондырғысы

1

742 000

Комплект утвари

1

385 000

ГАЗель (б/п)

1

2 500 000

Барлығы

4

4 355 000

 

Сүрлеу қондырғысы                                                                                                                               Copeland мұздатқыш қондырғысы

Қаржылық жоспар 

1 жылдағы табыс пен шығындар есебі:

Статья атауы

Барлығы (жылына), тенге

Дайын өнімді өткізуден түскен табыс

29 556 000

Тікелей шығындарШикізат пен материалдар

16 836 840

Жалпы табыс

12 719 160

Жалпы және әкімшілік шығындар

8 352 000

Әлеуметтік салық

519 864

Операционды табыс

3 847 296

Корпоративтік табыс салығы

886 680

Таза пайда

2 960 616

Дайын өнімді өткізуден түсетін табыс:

     Көрсеткіш

Өлшем бірлігі, кг

1 кг бағасы, теңге

Соммасы, теңге

Сүрленген қой еті

7 920

1 800

14 256 000

Сүрленген сиыр еті

9 000

1 700

15 300 000

Барлығы

   

29 56 000

Тікелей шығыстар - Шикізат пен материалдар: Орта есеппен алғанда 7 920 кг қой еті мен 9 000 кг сиыр етін өткізу барысында калькуляция бабына сәйкес шығындар келесідей болады: 7 920 кг * 1 052 теңге + 9 000 кг * 945 теңге = 16 836 840 теңге.

Жалпы және әкімшілік шығындар:

Шығындар

айына

жылына

Еңбекақы

510 000

6 120 000

Өндірістік бөлмені жалға алу (100 м2 * 770 тг/м2)

77 000

924 000

ОЖЖ (1 машинаға)

55 000

660 000

Электроэнергия (қуаты 4,8 кВт)

14 000

168 000

Қораптау шығыны

11 000

132 000

Шаруашылық тауарлар

11 000

132 000

НҚ қызмет көрсету және жөндеу

7 000

84 000

Жарнама шығындары

11 000

132 000

Барлығы

696 000

8 352 000

Еңбекақы құрамы:

Қызметі

Штаттық бірлік

Айлық жалақы, тенге

Жылдық жалақы, тенге

Әкімшілік-басқару персоналы

Директор

1

 

0

Есепші-кассир

1

70 000

840 000

Өндіріс бастығы

1

70 000

840 000

Жабдықтаушы

1

60 000

720 000

Сату бойынша менеджер

1

60 000

720 000

Барлығы

5

260 000

3 120 000

Өндірістік персонал

Оператор

1

70 000

840 000

Қасапшы

1

60 000

720 000

Көмекші

1

60 000

720 000

Барлығы

8

270 000

3 240 000

Қызмет көрсетуші персонал

     

Жүргізуші

1

50 000

600 000

Персонал бойынша барлығы

9

510 000

6 120 000

Әлеуметтік салық. Жобаның иесі өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде және әрбір жұмысшы үшін бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік салық төлейді (1 852*2 + 1 852 АЕК *9 жұмысшы) 12 айға = 244 464 тенге). Әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы төлемдері шегерілген еңбекақы мөлшерінің 5%-ын құрайды (6,120 мың тенге *(1-10%)*5% = 275 400 тенге).
КПН:  (Жалпы табыс) 29 556 000 *(оңайтылған салық) 3% =886 680 тенге. 

Жобаны қаржыландыру

Егер де сіздің өзіңіздің қаражатыңыз болмаса, бірақ та өз ісіңізді ашуға деген қалауыңыз болса, онда қосымша капитал тартудың бірнеше жолдары бар. Қаржыландыру жолдары:
БВУ арқылы несиелеу. Қаржылық есептеу 14% пайыз мөлшерінде, қайтару мерзімі 60 ай, НҚ бойынша және %-ын жарты жылға төлем мерзімін кері шегеру мүмкіндігімен, ал кейіннен ай сайынғы төлеумен займ алудың қажеттілігін көрсетті. «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама бойынша ШОБ несиелеудің 7% пайыздық мөлшерлемесі субсидияланады. 
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру ауқымында несиелеу. Бағдарлама бойынша ауыл өңірінің тұрғындары үшін өз жеке істерін ашуды ұйымдастыруға бюджеттен қаражат бөлінген.

Дереккөзі:   www.kasipker.info     

15.07.2014