Call-center 1411

You are here

Қиярды консервілеу

Жоба сипаттамасы

Жобаның анкетасы
Инвестициялық жоба мақсаттары: ОҚО-да ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру бойынша цех ашу үшін айналым қаражаттарын сатып алу,  және дайын өнімді  ішкі  және сыртқы базарларда шығарылуын жүзеге асыру..
Өнімділігі: жылына консервіленген өнім 65 мың банка.
Өнім: ауыл шаруашылық өнімін консервілеу (қиярлар).
Жоба құны: 11 млн. теңге.
Өтімділіктің мерзімі: 5 жыл.

Жоба тұжырымдамасы:
    Жоба тұжырымдамасы ОҚО-да ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, консервілік азық-түліктер өндіру бойынша цех ашуды көздейді және дайын өнімді  ішкі  және сыртқы базарларда шығарылуын жүзеге асыру.
 Өнімнің сипаттамасы
      Алғашқы кезеңде өнімнің шектеулі ассортиментін шығаруды жоспарлайды, консервіленген көріністе өтімді маринналған қиярлар өндіріледі. 
       Жобаның бәсекелік артықшылықтары
-Экологиялық таза жергілікті шикізат өнімі
-Сақтауға қолайлы
-түрлі консерванттарды  және қосымша тағамдарды пайдалануды технология қолданбайды. 
Маркетингтік анализ және өткізу
Нарықтық мүмкіндіктің анализы:
- консервілік көкөністерге халықтың әл-ауқатының өсуі мен сұраныстын артуына байланысты  түпкілікті өседі
- Қазақстанда өсірілген көкөніс және жеміс жидек өнімі 15% ОҚО  құрайды.
Тауарқозғалысынын дәстүрлі арналары:
- Тауарды өткізуді тауарқозғалысынын тікелей арналары арқылы бір бөлігін  өндіруші - ақырғы алушы схемасы бойынша жүзеге асыру;
- Өткізудің жанама арналары өндіруші – көтерме  алушы схемасы бойынша;
   Базардың бағасы негізінде  бағалық стратегия құрылады. Алғашқы бағасы өнімнің аналогиялық бағасына, өзіндік құнның калькуляциясының есебімен ішкі нарықтағы тауардың түріне қарай анықталады. Кейінірек бағаның саясаты жалпы әйгілі өлшемдерге байланысты құрылады. Бағаларды анықтау кезінде: төлемақының түрі, шығарылған өнімнің көлемі есептелінеді.

Технологиялық үрдіс
Көкөністі өңдеу әдісін төмендегідей топтарға бөлуге болады:
- биохимиялық - қышқылдатылған, тұздатылған, бұқтырылған;
- физикалық-термостерильдеу, кептіру, салқындату;
- механикалық-картоптан крахмал өндіру және т.б.
      Көкөністің шикізат сапасы көптеген жағдайларға байланысты. Бұл жағдайлар: шикізаттың сапасы, сорт ерекшеліктері, шикізатты өндеу операцияларының технологияларын сақтау, рецептурасы, өнімді салатын тара түрі, дайындау сапасы. Жоғарыда аталған факторлардан бөлек көкөністің сорт ерекшеліктерінде маңызы зор жоғары сапалы өнімді дайындау үшін тек ерекше сорттары ғана қолданылады. Тұздалған қиярдың сапасына қиярдың сорты үлкен әсер етеді. Сорттарға байланысты технологиялық өзгешеліктер бар: көкөніс ноқаты, қияр, тамат, фасоль, пияздың қолдану пайызы. Шикізат сапасын жақсарту мақсатында қолданылады.
1. Шикізатты консервілеуге дайындау. Шикізатты дайындауда консервілеудің жалпы операцияларына төмендегілер жатады. 
- сорттау
- жуу
- тазалау және майдалау
- термикалық процесс (бланшировка – өте жиі қолданылады)
- тара дайындау
- стерилдеу немесе пастерлеу
- фасовка
- қақпақпен жабу
- суыту
- дайын өнімді сақтау
Консервілеуге арналған шикізат жақсы және жаңадан піскен, таза шіріген жерлері жоқ болуы шарт. 
2. Сорттау. Сорттау мақсаты – сапасы бірдей, жақсы піскен, өлшемі бірдей және жасылдығы бірдей болуы керек. Шырын және пюре дайындау үшін бұл талаптар қажет емес. Жоғары сапалы консервілерді дайындау үшін көкөністердің және жеміс-жидектердің пісу сапасының маңызы зор. 
3. Жуу. Шикізатты ішуге арналған таза және мұздай сумен жуады, шаңын, батпағын таза кетіргенге дейін, және вегетация кезінде қолданылған химикаттардың қалдықтарын кетіру мақсатында. Жуу кезінде шикізаттың үстіндегі кейбір микроорганизмдерді жуылып кетеді. Сыртында бүршіктері бар қатты кір жеміс-жидектерді, көкөністерді кранның астында жұмсақ щеткамен жуу қажет. Кейбір кезде алдын-ала кір көкөністерді суға салып қою керек. Көкөністің таза жуылуы – консервілердің жақсы сақталуына кепілдік болады. 
4. Кептіру. Жуылған жеміс-жидектің көкөністің суын сорғытып, кептіріп алу қажет. Бұл үшін сито, дуршлаг, қағаз жайылған противень, таза сүлгі қолданылады. 
5. Тазарту және майдалау. Көкөніс, жемістерді тазарту кезінде  қажет емес жерлерін алып тастайды-қабығын, дәнегін, тамырын, шіріген жерлерін, т.б. Айва, алма және алмұртты қақ жарып немесе 4-ке бөліп, дәнектерінен тазартып, консервілейді. Терісінің астында ең пайдалы заттары орналасқан, сол себептен қабығынан жұқа ғана  тазарту қажет. Шикізат өнімдерін тек тот баспайтын пышақпен өңдеу қажет. Алма, алмұрт, айваны бөлшектеу үшін арнайы құрал қолданған дұрыс, бірдей бөлшекке бөлінуге және қажет емес дәнектерін алып тастау үшін. Кейбір жемістерді алдын ала ыстық сумен жуады, мысалы, помидор, қара өріктің  терісі жеңіл алынады.
6. Қақпақпен жабу. Стандартты шыны банкілерді консервілеу үшін лактелген  темір қақпақтар, резиналары бар шыны қақпақтар қолданылады. Герметикалық мақсатты  банка мен қақпақтың арасында домалақ резина қолданылады. Бұл көкөніс, жеміс-жидек консервілеудегі ең көп қолданылатын және қауіпсіз әдіс. 
   Консервілеуге қышқылдануға қарсы лактелген темір  қақпақтарды қолданған дұрыс. Лактелмеген ақ қақпақтар қышқыл жеміс-жидектерді консервілеуге тиімсіз, себебі олардың қышқылы қақпақты қарайтып, мысалы компотқа көк сияның түсін және қышқыл дәм беруі мүмкін.

1 банка консервіленген қиярдың өзіндік құны: 

Шығын мақаласы

Жалпы, тенге

Шикізат (қияр)

35

Банкіге дәмдеуіштер

3

Банка СКО-83-3000 (немесе тип III -83-3000)

60

Темір қақпақ СКО-82 немесе Твист-офф -83

7

Заттаңба қағазы

4

Барлығы

109

Консерві өнімінін әр банкісіне 1,25 кг ға  28 тенге шығын жұмсалынады, 65 мын. банкі өнім өндіру үшін  1,8 млн.тенге жұмсалынады.

Жобаны іске асыру үшін инвестиция және шығындар  
Жобаға инвестициялық салым бағыты және көлемі, тенге

Инвестициялық салым

Жалпы, тенге

Ғимарат жалдау

796 800

Жабдықтар

3 310 924

Стеклотарлар сатып алу, бақыр жапқыштардың және заттаңба

4 744 996

Дәмдеуіштер  сатып алу

234 500

Қияр сатып алу

1 820 000

Барлығы

10 907 220

Ғимарат  жалы. Өндірістік ғимарат 100 шаршы  метрден  664 теңгеге дейін шаршы  метр. 

Жабдық. Кіші – заводта жеміс-жидек өнімінің консервілеуіне 3,3 млн. Теңге тұрады.

 

Бақыр қақпақтарды  және заттаңбаларды, стеклотара сатып-алу: 

Материалдың атауы

Банкалердің, саны,

Баға

Жалпы шығындардың соммасы,  тенге

Шиша банка сыйымдылығы  2  л.

65 000

60

3 900 000

Бақыр қақпақтар, данасы.

65 000

7

455 000

Заттаңба, данасы.

65 000

4

260 000

Қорап (бір қорапта 6 банка)

10 833

12

129 996

Барлығы

 

 

4 744 996

Стеклотара шығындары:

Татымдылықтар

Саны, кг

Баға

Жалпы шығындар, тенге

Қош иісті бұрыш

200

50

10 000

80%-  уксусты кислота (эссенция)

950

180

171 000

Тұз

4 000

10

40 000

Лавр жапырағы

30

450

13 500

Барлығы

 

 

234 500

Шикізатты сатып алу. Консерві өніміне әр банкіге  1,25 килограммға  28 теңге жұмсалады, ал 65 мың банка өнімін өндіру үшін 1,8 млн. теңге жұмсалады.

Қаржы жоспары
1 жылға пайда және шығын есебі: 

Мақаланың атауы

Жылына барлығы, тенге

Дайын өнімнен түсетін табыс

12 025 000

Тікелей шығындар - Шикізат және  материалдар

7 085 000

Жалпы табыс

4 940 000

Жалпы және әкімшілік шығыны

2 178 000

Әлеуметтік салық

158 400

Операциалық табыс

2 603 600

Корпоративтік табыс салығы

360 750

Таза пайда

2 242 850

Табыстын жүзеге асуы. Күтілетін жоспар бойынша  консерві  өнімін жылына 65 мың банканы  185 тенгеден сатылады. 65 000 * 185тенге = 12 025 000 теңге.
Тікелей шығындар. Тікелей шығындар 109 теңгені құрайды (өзіндік құнынан жоғары) консерві  өнім көлемі  65 мың банка (109 теңге * 65 мың банка = 7,085 мың теңге).

Жалпы және әкімшілік шығындар

Атаулары

Жылына шығындар, тенге

Әкімшілік

Қызметтік көлікке жұмсау

120 000

Канцтоварлар, материалдар

18 000

жалпы заводтық шығындар қорытындысы

138 000

Өндіріс

Жалақы

1 440 000

Электроэнергия және көмір

600 000

Барлығы

2 040 000

Жалпы шығындар

2 178 000

Әлеуметтік салық (Жылдық қызметақы) 1 440 000* (әлеуметтік салық) 11% = 158 400 теңге. 

КПН - (Жалпы табыс) 12 025 000*(оңайтылған салық) 3% = 360 750 тенге.
Есептеудің базалық жолы өнім өндірісі көлемін өзгертуді көздемейді. Сату жоспарының жоспарлы көрсеткіштерін есептеу барасында өндірілген өнімді өткізудің тіркелген бағасы ескерілді. 
Жобаның қайтарымдылық мерзімі – 5 жыл, қайтарымдылық потенциалды тұтынушылар нарығының сыйымдылығына байланысты болады.

Жобаны қаржыландыру

Егер де сіздің өзіңіздің қаражатыңыз болмаса, бірақ та өз ісіңізді ашуға деген қаулауыңыз болса, онда қосымша капитал тартудың бірнеше жолдары бар. Қаржыландыру жолдары:
БВУ арқылы несиелеу. Қаржылық есептеу 14% пайыз мөлшерінде, қайтару мерзімі 60 ай, НҚ бойынша және %-ын жарты жылға төлем мерзімін кері шегеру мүмкіндігімен, ал кейіннен ай сайынғы төлеумен займ алудың қажеттілігін көрсетті. «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасывз ету» бюджеттік бағдарлама бойынша ШОБ несиелеудің 7% пайыздық мөлшерлемесі субсидияланады. 
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру ауқымында несиелеу. Бағдарлама бойынша ауыл өңірінің тұрғындары үшін өз жеке істерін ашуды ұйымдастыруға бюджеттен қаражат бөлінген.   

Дереккөзі:   www.kasipker.info 

15.07.2014