Call-center 1411

You are here

Поролон өндірісі

Жоба сипаттамасы

Жоба сауалнамасы

Инвестициялық жобаның мақсаттары:  ОҚО аумағында поролон өндірісі бойынша қойма жұмысын жандандыру үшін айналымға қажетті заттарды сатып алу 
Өнімділік: жылына 52800 дана
Жобаның құны:  7,2 млн. теңге
Жобаның өнімділігі : 2 жыл.

Жобаның тұжырымдамасы

Поролон өндірісін ұйымдастыру идеясы жиһаз нарығының, ойыншық өндірісі, спорттық және майысқақ, жұмсақ материалдарға қажетті басқа да тауарларды өндіруде қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет. 

Поролон жұмсақ жиһаз өндірісінде, жұмсақ ойыншықтарды, көлік орындықтарын, шаруашылық тауарларын өндіруде (ысқыш, шүберектер) пайдаланылады.

Өткізуді ұйымдастыру

Поролон өндірісі қоймасының іс-әрекеті жұмсақ жиһаздың сатыл көлемімен тікелей байланысты. Кірістің негізі қыркүйектен желтоқсанға дейін және ақпаннан сәуірге дейінгі кезеңді қамтиды, себебі, осы кезеңде жұмсақ жиһаз сатылымының жоғарғы көрсеткіші байқалады. Мамыр айынан тамызға дейінгі кезеңде кірістің маусымдық көрсеткіші төмендейді. Ал қаңтар айында жабдықтың техникалық күтімімен айналысу тиімдірек, себебі, бұл айда тапсырыстар өте аз болады. 

Бизнестің табысты дамуы үшін сол саладағы технологиялық жаңалықтарды да әрдайым бақылап отыру қажет. Мысалы, Батыста қарапайым поролонды пайдаланғаннан гөрі, жанбайтын, өртке қауіпсіз пенполиуретандарды пайдалану жиірек кездеседі. Олардың дайындалуына бастапқы шикізатқа арнаулы үстемелер пайдаланылады. 

Поролон өндірісінің технологиясы

Поролон өндірісіне арналған шикізаттарполиолдар және мұнай-химиялық өндірісінде өндірілетін полиизоцианаттар болып табылады, олар изоционатты топтардан және гидроксилқұрамды полифункционалдардан тұрады. 

Көбіктелген полиуретан, яғни поролон полиуретан массасының көбіктенуін қамтамасыз ететін полиуретан синтезінің көмірқышқыл газымен әрекеттесуінің нәтижесінде арнайы есептелген қосымша бөліністің көмегімен алынады. Түрлі тығыздықтағы поролондарды әрекеттесу шарттары мен бастапқы түрлі компонеттерді таңдау арқылы алады: .. Аласа - 5-тен 40 кг / куб.м, ол жұмсақ толтырғыш сияқты пайдаланылады және қаттырағы - 40-тен 80 кг / куб.м, жылу-дыбыс оқшаулағыш материал ретінде пайдалы.
Көп көлемдегі поролон өндірісі үшін (жылына бір-екі мың тоннадан астам) үздіксіз әдіс арқылы поролон өндірісі үшін технологияық желіде пайдаланылады. Егер жылына 500 тоннадан астам шығару жоспарланған болса, онда жүйелі өндіру әдісін мақсатты түрде пайдалану оңайлау.
Қысқасы, ол қоспалауыш арқылы арқылы мөлшерлегіштің бастапқы компонентіне есептелген мөлшерде беріледі, арнайы жүйеде жылдам араластырылады да, алынған қоспа салмалы пішінге құйылып, онда қалыптың барлық көлемі толтырылып, бір мезетте полиуретанды көбіктендіре отырып әрекеттесу негізінде алынады.
15-20 минуттан соң пішін алынады және алынған шикі поролон шығыры осы технологиялық қоймаға арналған химиялық әрекеттесудің аяқталуы мен суытылуы үшін жіберіледі. Әдетте, үш тәулікке дейін тұруы қажет. Содан соң, дайын шығыр таспалардың көмегімен қажетті қалыңдықтағы өлшемдерге кесіледі.
Поролон өндірісі үшін оның компоненттерінің булануы токсинді болып табылатынын ескеру қажет, алайда токсинді заттар ауа мен судың әрекеттесуі арқылы тез залалсыз компоненттерге ауысады. Сондықтан өндіріс орындары су құбырымен, желдеткішпен жабдықталуы тиіс, ол жұмыс респираторларда жүргізілуі тиіс.

Атауы

Құны

1 кв.м, Те ң ге

Поролон өндірісі үшін шикізат

(Полиэфир, Изоцианат, ПАВ, амин катализаторы, қалайы органикалық катализатор, су)

550

Өзіндік құнының барлығы 1 кв.м - 550 теңге

Жобаны іске асыруға кететін шығын мен инвестиция 

Атауы

Саны, дана

Бағасы, Те ң ге

Поролон өндіріс бойынша желі

1

3 000 000

Жылытқыш камерасы

1

1 200 000

Тақтайшаларды айналдыруға арналған қондырғы

1

1 500 000

Қалдықтарды ұнтақтау

1

300 000

Транспорттық шығын, монтаж

1

1 250 000

Барлығы

 

7 250 000

Қаржылық жоспар
1-ші операциялық жылдағы пайда мен шығынның есебі:

Мақала атауы

Барлығы жылына, теңге

Дайын өнімді таратудан түскен табыс

42 240 000

Тікелей шығындар - шикізат және материалдар

29 040 000

Жалпы табыс

13 200 000

Жалпы және әкімшілік шығындар

5 580 000

Әлеуметтік салық

323 592

Операци ялық табыс

7 296 408

Бірлескен кіріс салығы

1 267 200

Таза пайда

6 029 208

Дайын өнімді таратудан түсетін табыс:. Айлық орташа кіріс жабдықтың 50% ғана жүктелуіне есептелген 20 мм енді, 25 кг/м3 тығыздықты поролон өндірісінің шарттарында 1 тақтайшасына көтерме бағамен 800 теңгені құрайды. Жылдық қорытынды: 52 800 дана * 800 теңге = 42 240 000 теңге .

Тікелей шығындар - шикізат пен материалдар 52800 кв.м. . өндіргенде 1кв . м өзіндік құны - 550 теңге, қорытынды: 52 800 кв.м. * 550 теңге = 29 040 000 теңге

Жалпы және әкімшілік шығындар:

Шығындар

айына , Те ң ге

жылына , Те ң ге

Еңбекақы   

270 000

3 240 000

Қойманы жалға алу

150 000

1 800 000

Коммуналдық төлемдер

(Электроэнергия, су, қоқыс шығарылымы)

15 000

180 000

Жарнамаға кететін шығын

10 000

120 000

Басқа да жоспарланбаған шығындар

20 000

240 000

Барлығы:

465 000

5 580 000

Еңбекақыны төлеу кестесі:

Лауазым

Шаттатық бірлік

Айлық жалақы , Те ң ге

Жылдық жалақы , Те ң ге

Жұмысшылар

4

200 000

2 400 000

Ауысым басшысы

1

70 000

840 000

Жұмыскерлер бойынша барлығы

6

270 000

3 240 000

Әлеуметтік салық.  Жобаның құрылтайшысы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық (1 852 теңге АЕК * 2 * 12 айда. + 1 852 теңге ЕАК * 12 жұмыскерге * 12 айда. = 311 136 теңге) төлейді Әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарнасын есептемегендегі айлық жалақының 5% соммасын құрайды (8 760 мың. тенге * (1-10%) * 5% = 394 200 тенге).

Әлеуметтік салық. , тенге

177 792

Әлеуметтік аударым, тенге

145 800

 Бюджетке жіберілетін салықтар мен төлемдер. Корпоративтік табыс салығы жоба шеңберінде (шегінде) оңтайтандырылған салық жүйесі бойынша операциялық табыстың 3% бойынша 900мың теңге (30,0 млн. тенге * 3%) төленетін болады.

Жобаны қаржыландыру мен мемлекеттік қолдау шаралары

Егер сіздің өз меншігіңіздегі қаражатыңыз болмаса, алайда, сіз өз бизнесіңізді ашқыңыз келсе, онда сізге қосымша қаржыны ТАРТУ бойынша бірнеше нұсқалар бар Қаржыландыру нұсқалары: БВУ бойынша несиелендіру Қаржылық есептеулер 14% пайыздық ұтыс көлеміндегі займның қажеттілігін, оны 24 ай көлемінде төлеп бітуді, жарты жылға дейін төлемді кейінге жылжытуға, одан кейін ай сайын үздіксіз төлемдерді төлеуді айқындады. «Бизнестің жол карасы - 2020» бюджеттік бағдарламасы бойынша МСБ несиелендірудің 7% пайыздық мөлшердегі субсидиясы. «Еңбекпен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі несиелендіру ауылдық жергілікті жерлердегі тұрғындардың жеке істерін ұйымдастыру үшін Президентская қаражатын жұмсау көзделген. 

 

Дереккөзі:   www.kasipker.info 

 

15.07.2014