Call-center 1411

You are here

Көбікті бетон өндірісі

Жоба сипаттамасы

Жоба сауалнамасы

Инвестициялық жобаның мақсаттары: Пенодлок өндірісі бойынша кәсіпорынның іс-әрекетін ұйымдастыру
Өнім:  пеноблок    
Өнімділік:  жылына 2 800 куб
Жобаның құны: 8,8млн теңге
Өтімділік мерзімі: 2,5 жыл

Жобаның тұжырымдамасы

Ұсынылып отырған инвестициялық жобаны іске асыру жолдарын ұйымдастыру, таңдап алынған іс-әрекет түрі көрінісінің тиімділігіне негізделген пенодлок дайындау өндірісі - пенодлокты дайындау бойынша алынған жабдықтармен байланысты толық инвестициялық шығындарды жабу. 

Пеноблок - саяжай үйлерді, коттедждерді, түрлі жапсаржайларды, сонымен қатар бар бөлмелерді қайта жоспарлауда және жылытуда құрылыс материалы ретінде ең қажеттілерінің бірі. Пенодлок - бұл цементтің, судың және пеноконцентраттардың қоспасының өатқан түрі, жеңіл, берік және экономикалық тұрғыдан тиімді жылуөткізгіштік қасиеті бар материал.

Нарық талдауы және өнімді өткізу 

Пеноблок құрылыс Материалы ретінде СНИП -. 2-3-79 әрекетке енуінен кейін үлкен мәлімділікке ие болды . Қыш құрылысының жаңа шамалары бойынша экономикалық тұрғыдан тиімді болды, пеноблок ішкі және сыртқы қабырғаларды қалауға өте жақсы ыңғайландырылған Бұл құрылыс материалына сұраныс қарыштап өсіп келеді. 

. Қазіргі таңда пенодлок нарығы белсенді даму үстінде Іскери қарым-қатынастар лояльды биік деңгеймен ерекшеленеді:
• Егер тұтынушылардың 60% пайызына жуығына жоғары сапалы, бірақ бағасы төмен материалды сол бағада ұсынса, көптеген тұтынушылар жеткізіп берушілерді ауыстыруға әзір;
• Келісімшарта көрсетілген жеткізіп беру мерзімін орындамаса, олардың 30% пайызы жаңа жеткізіп берушілерді іздейді (таңқаларлық жағдай емес, себебі, бұған құрылыс қарқыны мен обьектіні ұсыну мерзімі тікелей байланысты болады).
• Олардың 10% пайызы бір өндірушімен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа тұруға ниетті.

Технологиялық үдеріс

1. Шикізат дайындау. 

Пенодлок өндірісі үшін көбіктендіргіш, М 500 маркалы цемент, ұнтақталмаған майда құм, +25 ° С температураға дейінгі су пайдаланылады. Алынатын пеодлоктың тәуліктік рецептурасы мен маркасына байланысты қатыруды үдеткіш, талшықты, керамзит және тағы басқа секілді арнайы дайын өнімдерді де пайдаланады (+30- дан жоғары немесе +15- тен төмен температурадағы пенодлок өндірісі үшін).

2. Көбікті дайындау

Алдын Ала сумен араластырылып дайындалған пеноконцентрат көбіктендіргіш блокқа сіңеді. Мұнда ол қысымдағы ауаның ықпалымен көбіктенеді және компрессор қысымының көмегімен құбыр арқылы қоспалауышқа шығарылады. Көбіктің негізін жабық құбырдан (0,1 мм аз) бастап, берік алуан шұраларға дейін арнаулы бұрандалар арқылы реттеуге болады. 

3 . Пеноблок қоспасының өндірісі

Қоспалауышқа құм, цемент салынады, одан кейін қоспа ұқыпты араластырылады (пеноблоктың сапасы құм мен цементтің біртегіс жайылуына байланысты). Содан соң, қоспаға су құйылады, бірыңғай иілімді күйде болғанша араластырылады. Көбік қозғалтқышынан құбыр арқылы қоспалауышқа көбік қосылып, 2-3 минут цементті-құмды субстанциялы түрде сапырылыстыра отырып белсенді араластырады.

4. Пеноблоктарды қалыптау.

Пеноблоктарды пішінге құюдан алдын майлап шығады (арнайы қалыптау майымен немесе «Эмусол Био» сынды жағармайымен). Одан кейін пенобетон қоспасы құйылып, 12 сағатқа қалдырылады.

5. Пеноблокты кептіру.

Қалып ажыратылып, блоктар поддоннан суырылып алынады және толық кепкенге дейін ылғалдылық деңгейі бақылауда болатын қоймаға . жіберіледі . Кебу уақыты қойманың температурасына байланысты +22 Температурада пеноблок 2 күн ішінде 65-70% маркалы тығыздыққа ие болады (жіберілетін ықтимал тығыздық - 70-80%). +50 Температурада 8 сағат көлемінде кебеді.

 

Жобаны іске асыруға кететін шығын мен инвестиция

Жобаға инвестициялық салымның көлемі мен бағыты

Барлығы , Те ң ге.

Негізгі жабдықтарды алу

5 300 000

1 айға өндірістік шикізат, материалдар, материалдық емес активтер және басқа да материалды-техникалық ресурстар қорын құру.

2 069 083

(С) класты 2 30м2 өндірістік қойманы жалға алу

1 443 480

Барлығы

8 812 563

Өндірістік қойма. Пеноблок өндірісінің шағын қоймасын ашу үшін 230 ш.м. кем емес өлшемдегі өндірістік аумақ қажет болады, ал Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «С» класты қойманы жалға алудың шаршы метрі статистикалық агенттіктердің есебі бойынша айына орташа есеппен 523 теңгені құрайды.

Пеноблок дайындауға арналған жабдықтарды алуға кететін шығындар:

Атауы

Саны , дана

Бағасы , тг

Соммасы , Те ң ге

Суды автожеткізу қызметі (қоспа, көбіктендіргіш негізінде жұмыс істейтін көбікқозғалтқышына орнатылған байланыстыратын құбырлар, жүктеу қақпасы, суды мөлшерлеп беру қондырғысы)

1

1 800 000

1 800 000

Компрессор (производительностью минимум 0,5 м 3 / минуныа кем дегендегі өнімділігі және 6 атм қысымынан)

1

300 000

300 000

Пеноблокты құюға арналған жоғарыағысты қалып 500 * 300 * 200

20

110 000

2 200 000

Жүктеуші (2 тоннаға) б / қ

1

1 000 000

1 000 000

Барлығы

   

5 300 000

1 м куб дайындауға арналған шикізат шығыны:

Атауы

Шығын материалдары , кг

Баға , Те ң ге / кг

С оммасы, Те ң ге

Цемент м 500

310

20

 6 200

Құм

210

5

1050

Ақуызды көбіктендіргіш

2

200

400

Қалыпқа арналған жақпамай

1,2

220

264

Қатайтырғыш

1

400

400

Барлығы

   

8 314

1 м.куб өзіндік құны - 8 314теңге.

Қаржыландыру жоспары

1-ші операциялық жылға арналған пайда және шығын есебі:

Мақала атауы

Жылына барлығы , Те ң ге

Ұсынылатын қызмет

36 400 000

Өндірістік шығындар

24 121 100

Жалпы пайда

12 278 900

Операциялық шығындардың барлығы

7 615 512

      Еңбекақы

5 280 000

      Еңбекті төлеу қорынан аудару

437 616

      Қойманы жалға алу

264 000

      Коммунал дық қызметтер

1 443 480

      ОС өтелімі

190 416

Операци ялық пайда

4 663 388

Корпоративті кіріс салығы

1 092 000

Таза пайда

3 571 388

Сатылымнан түсетін пайда: Пеноблоктың сатылым бағасы кубына 13000 теңгені құрайды. Орташа есеппен жылына 2800 куб пеноблок сатуға болады. Жылына барлығы: 13 000 теңге * 2 800 куб = 36 400 000 теңге.

Жылына 2800 куб пенобетонға кететін тікелей шығындар: 

Атауы

Барлығы , Те ң ге

Электрқуаты

841 900

Шикізат пен материалға кететін шығын (8 314теңге * 2 800 куб)

23 279 200

Барлығы , Те ң ге

24 121 100

Қызметкерлерге жұмсалатын шығындар: Пенобетон дайындайтын қойма қызметкерлерінің қажетті саны - 7 адам. 

Өндірістік қызметкерлердің сипаттамасы:

Лауазым

Штаттық бірлік

Айлық жалақы , Те ң ге

Жылдық жалақы , Те ң ге

Қойма мамандары

2

70 000

1 680 000

Көмекшілер

5

60 000

3 600 000

Барлығы

7

 

5 280 000

Әлеуметтік салық.  Жобаның құрылтайшысы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық (1 852 теңге АЕК * 2 * 12 айда. + 1 852 теңге ЕАК * 7 жұмыскерге * 12 айда. = 200 016 теңге) төлейді Әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарнасын есептемегендегі айлық жалақының 5% соммасын құрайды (8 760 мың. тенге * (1-10%) * 5% = 237 600 теңге).

Әлеуметтік салық. , тенге

200 016

Әлеуметтік аударым, тенге

237 600

Бюджетке жіберілетін салықтар мен төлемдер. Корпоративтік табыс салығы жоба шеңберінде (шегінде) оңтайтандырылған салық жүйесі бойынша операциялық табыстың 3% бойынша 1 092 мың теңге (36,4 млн. теңге * 3%) төленетін болады.  Бөлмені жалға алу. Өндірістік ұйым үшін 230 м2 бөлме қажет (230 м2 * 523 теңгесі * 12 айдың = 1 443 480 теңге). Коммуналдық шығындар және жылу. Коммуналдық шығындарға әлеуметтік ғимараттардың электрқуатына және т.б. ғимараттар үшін, кәріз, ауыз су, жылу және т.б. жұмсалатыны жылына 130037 теңгені құрайды.

Шығындар

Өлшем бірлік

Айына жұмсалатын шығын

Тариф, Те ң ге

С оммасы , жылына теңгемен

Электрқуаты

кВт / сағ

400

16,97

6 788

Сумен қамтамасыз ету

м 3

40

102

4 080

Жылу

м 3

200

100

20 000

Барлығы , Те ң ге

     

190 416

Коммуналдық шығындардың есебі:. Айына 70 кВт / сағ Көлемінде есептегенде * 16,97 теңге тарифпен * 12 айға = 14 255 теңге, сәйкесінше, сумен қамтамасыз ету жылу 5 айға есептеледі.
Негізгі ақының амортизациясы. Қойманың негізгі ақылары іс-әрекет барысында ПВХ өндірісінде тозады (20%) (4 112 530 * 0,2 = 822 5 мың теңге).

Жобаны қаржыландыру
Егер сіздің өз меншігіңіздегі қаражатыңыз болмаса, алайда, сіз өз бизнесіңізді ашқыңыз келсе, онда сізге қосымша қаржыны тарту бойынша бірнеше нұсқалар бар. Қаржыландыру нұсқалары: 

БВУ бойынша несиелендіру Қаржылық есептеулер 14% пайыздық ұтыс көлеміндегі займның қажеттілігін, оны 24 ай көлемінде төлеп бітуді, жарты жылға дейін төлемді кейінге жылжытуға, одан кейін ай сайын үздіксіз төлемдерді төлеуді айқындады. «Бизнестің жол карасы - 2020» бюджеттік бағдарламасы бойынша МСБ несиелендірудің 7 % пайыздық мөлшердегі субсидиясы.

«Еңбекпен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі несиелендіру ауылдық жергілікті жерлердегі тұрғындардың жеке істерін ұйымдастыру үшін бюджет қаражатын жұмсау көзделген. 

Дереккөзі:   www.kasipker.info 

15.07.2014