Call-center 1411

You are here

Хош иісті сабын өндірісі

Жоба сипаттамасы

Жоба сауалнамасы

Инвестициялық жобаның мақсаттары: иісті сабын өндірісінің кәсіпорны.
Өнім: иісті сабын.    
Өнімділік: жылына 24 000 дана сабын  
Жобаның құны: 2,1 млн. теңге.
Өтімділік мерзімі: 1,7 жыл.

Жоба тұжырымдамасы
Ұсынылып отырған инвестициялық жобаны іске асыру арқылы бизнесті ұйымдастыру жолымен таңдап алынған іс-шараның негіздемесі – иісті сабындарды дайындау, оларды дайындауға кеткен шығындарға байланысты инвестициялық шығындарды толық жабу.

Өнім сипаттамасы

Соңғы кездері сабынды үй жағдайында дайындау оңай болып келеді. Сабынды өз қолымен дайындау үдерісі қызықты, еліктіргіш және көңілді, бұл тез өзіне баурап алады және хоббиіне де айналып кетуі мүмкін.
Жарты сағат уақыттың ішінде нәтижесін көру, сабынның түсін, пішіні мен иісіне қатысты өз ой-қиялыңыз бен арманыңызды іске асыра аласыз. Содан соң, оны өзіңіз пайдалансаңыз да, сыйға берсеңіз де болады.

Технологиялық үдеріс пен жоспар

    Үй жағдайында сабын қайнату үшін желеулер жеткілікті. Қолмен жасалған сабынның экологиялық таза әрі табиғи өнім, пішіні мен құрамы да бірегей болып келеді. Химиялық қосылыстарға толы сабынға қарағанда үйде дайындалғаны теріні құрғатпай, оған күтіммен қарайды.
Сіз өз теріңізге лайықты табиғи қоспаларды қоса аласыз. Ол түрлі-түрлі өсімдік және эфир майлары, әсел, шөп тұнбалары, цитрусты қабқы, табиғи кофе, сұлы жармасын, балдырлар, гүлдер, шоколад асамдарын, люфа және т.б. болуы мүмкін. Сонымен бірге, сіз және сіздің жақындарыңыз үй сабынының тиімділігі мен табиғилығына сенімді бола алады, себебі, ол үй асы секілді сапала азық-түліктермен, жан дүниеңмен жасалған. 
Одан басқа, сабын дайындау – бұл нағыз шығармашылық үдеріс. Үй сабынының пішіні мен құрамы тек сіздің қиялыңызға ғана тәуелді. Бұл иісті сабын түрлі-түсті, әдемі бөлікті болуы немесе ажарлы өнердің туындысы болуы мүмкін.

Сабынды үй жағдайында дайындаудың толық үдерісі

Қолмен жасалған сабын құйма тәсілімен өндіріледі, онда сабын негізі құтыға құйылып, арнайы өлшемде түрлі қоспалар қосылады. Сабын қайнағаннан кейін пішінге немесе үлкен ыдысқа құйылып, суығаннан кейін қолмен майда тілімдерге туралады.
Сабынды дайындау тәртібін сабын қайнатуда көпжылдық тәжірибесі бар шетелдік өндірушілерден үйренуге болады, бірақ бұл арнайы шығындарды қажет етеді.
Сабынның жасалу тәртібін өзіңше әзірлеуге болады, бірақ бұның дайындау жұмыстарына кем дегенде жарты жылдай уақыт пен шикізат тәжірибесіне байланысты да негізгі шығын кетеді.
Сабын өндірісін қолмен жасап шығарудың бірінші кезеңінде айына 600 кг. дайындау үшін 20 түрлі сабын түрін әзірлеу керек.

Жобаны іске асыруға кететін шығындар мен инвестициялар

Жобаның бағыты мен көлеміне салынған инвестиция, теңге

Жобаның бағыты мен көлеміне салынған инвестиция

Барлығы, теңге

Негізгі жабдықтарды алу

590 000

6 айдың ішінде өндірістік шикізат қорын, материалдарды, материалдық емес активтерді және басқа да материалды-техникалық ресурстарды жасап шығару.

1 807 500

Өндірістік қойманы жалға алу, 70м2 (B) санатты қойма

604 800

Барлығы, теңге

3 002 300

Өндірістік қойма.  Иісті сабын өндірісінің шағын қоймасын ашу үшін 70 ш.м. кем емес өлшемдегі өндірістік аумақ қажет болады, ал Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «В» санатты қойманы жалға алудың шаршы метрі статистикалық агенттіктердің есебі бойынша айына орташа есеппен 720 теңгені құрайды.

Қондырғы. Иісті сабынды жасауға қажетті қондырғыларды алуға жұмсалатын шығын:

Қондырғы атауы

Саны, дана

Бағасы, теңге

Соммасы, теңге

Газды-электрлі тақта

1

60 000

60 000

Дайындауға арналған ыдыс

2

40 000

80 000

Желдеткіш  

2

50 000

100 000

Сабынды құюға арналған пішін

500

700

350 000

Барлығы, теңгемен

   

590 000

Шикізат және материалдар қоры. 100 г-нан 24000 мың дана иісті сабынды дайындауға қажетті жиынтықты сатып алуға жұмсалатын шығындар:

Материалға жұмсалатын шығын атауы

Өлшем бірлік

Жылына шикізат

Бағасы, теңге/кг

1 жылға соммасы, теңге

Сабынның базалық майы

л

1 000

1 200

1 200 000

Эфир майы (10 мл)

мл

500

650

325 000

Бояғыштар (10 мл)

мл

500

300

150 000

Қант

г

500

130

65 000

Сабын ерітіндісіне араластыруға арналған жылы сүт

л

500

100

50 000

Арақ, спирт немесе басқа берік алкоголь

л

50

350

17 500

Барлығы

 

3 050

2 730

1 807 500

Қаржылық  жоспар
 1-ші операциялық жылдың пайдасы және шығыны туралы есеп:

Мақаланың атауы

Небәрі жылда, теңгеде

Кіріс

7 200 000

Өндірістік шығындар

1 927 500

Жалпы пайда

5 272 500

Қорытынды операциялық шығындар

3 906 781

Жалақы

2 880 000

Еңбекақы төлеу қорынан аударымдар

262 944

 Ғимаратты жалға алу

604 800

 Коммуналдық қызметтер

100 037

 ОС амортизациясы

59 000

Операциялық табыс

1 365 719

Корпоративтік табыс салығы

216 000

Таза  табыс

1 149 719

Сатудан түскен табыс: Хош иісті сабынның сатылу бағасы  3 000 теңге/кг құрайды.Аймағына байланысты   орта есеппен 200 кг(100 г. 2 000 данаға  дейін) , айына 600 000 теңге(3 000*200*12=7 200 000 теңге) сатуға  болады.Жылына   200 кг*12 ай = 2400 кг ( сабынның 24 000 данасы 100г.)
Тікелей  шығындар. Алғашқы шикізат қоры мен материалдарды, электрэнергиясын алуға жұмсалатын шығындар:

Шығынның атауы

Барлығы, теңге

Газ(м3/с)

120 000

Хош иісті сабындарды дайындау үшін арналған шикізаттар мен материалдар,теңге

1 807 500

Қорытындысы

1 927 500

Қызметкерлерге жұмсалатын шығындар.  Хош иісті сабындарды дайындау бойынша цех  қызметкерлердің тиімді саны -  4адам

Қызметі

Штаттыққ бірлігі

Айлық жалақысы, теңге

Жылдық жалақысы, теңге

Мамандар

2

70 000

1 680 000

Сауда агенті

2

50 000

1 200 000

Қорытындысы

4

 

2 880 000

Әлеуметтік салық. Жобаның бастамашысы әлеуметтік алымды  екі айлық есептік көрсеткіштердің  өлшемінде өзі үшінт және  бір айлық есептік көрсеткіштің өлшемінде әрбір жұмыскер үшін (1 852 тенге МРП * 2 * 12 айына + 1 852 тенге МРП *4 жұмыскерге* 12 ай. = 133 344 тенге) төлем жүргізеді. Әлеуметтік аударымдар  қызметақы сомасынан міндетті зейнетақы жарнасын (2 880 мың. тенге *(1-10%)*5%=129 600 тенге)  минустағанда 5%  тең.

Әлеуметтік салық, теңге

133 344

Әлеуметтік аударым, теңге

129 600

Бюджетке төленетін салықтар және төлемдер. Жобаның аясында  салық төлеудің оңайлатылған жүйесі бойынша 3% операциялық табыстан -  216 мың теңге(7,2 млн теңге. * 3%  ) корпоративтік кіріс салығы төленеді.
Ғимаратты жалға алу. Өндірістік ғимаратты  ұйымдастыру үшін 70 м2 (70 кв.м. *720 теңге*12 айға = 604 800 теңге) қажет.
Коммуналдық шығындар және жылыту. Коммуналды шығындарға электр энергиясына, кәріз жүйесіне, ішілетін таза суға, жылу жүйесіне және жабдықтарға арналған т.б. шығындар жылына 100 037 теңгені құрайды:

Шығындар статьясы

Бір. өлшемі.

Шығын көлемі

Тариф, теңге

Сомасы, теңге

Электр энергиясы

кВт/час

70

  16,97   

  14 255

Сумен қамтамасыз ету

м3

10

131,52   

15 782

Жылу жүйесі

м3

70

200   

70 000

Қорытынды

 

 

 

100 037

 

Негізгі қаражаттардың амортизациясы.Қызмет барысында цехтың негізгі қаражаты  хош иісті сабынды өндірубойынша  (10%), (590 000 * 0,1 = 59 мың. теңге) ескіреді.
Есептің негіздік нұсқасы өнімнің өндірісінің көлемінің өзгерісін көздемейді. Сату жоспарының жоспарлы көрсеткішінің есебінде жасалған  өнімнің жүзеге асуының тіркелген бағалары есептелді.

Жобаны қаржыландыру

Егер өзіңіздің қаражатыңыз болмастан, бірақ өзіңіздің жеке бизнесіңізді ашқыңыз келетін ниетіңіз болса, қосымша капиталды тартуға болатын бірнеше нұсқалар бар. Қаржыландыру нұсқалары:

БВУ арқылы несиелендіру. Қаржыландырудың есебі, өтеу мерзімі 24 айда , 14% пайыздық мөлшерде жарты жылға дейін  % және төлемдердің мерзімін ұзарту ОД бойынша,  ал кейін үздіксіз ай сайынғы төлемдермен төлеуге болатындығын анықтады.Бюджеттің «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша МСБ несиелендірудің пайыздық бағамы 7% субсидияландырылады. 

«Еңбекпен қамту бағдарламасы -2020» іске асыру аясында несиелендіру. Бағдарламамен ауыл халқының жеке өз ісін ашуын ұй»ымдастыру үшін бюджеттік қаражаттан бөлу көзделген.

Дереккөзі:  www.kasipker.info 

 

 

15.07.2014