Call-center 1411

You are here

Шлакоблок өндірісі

Жоба сипаттамасы

Жоба анкетасы

Инвестициялық жобаның мақсаты:   Шлакоблок өндіру
Өнім:  Шлакоблок
Өнімділігі:  жылына 180 000 шлакоблок.
Жоба құны: 5 555 000 тенге
Жүзеге асыру мерзімі: 2,8 жыл

Жоба тұжырымдамасы 

Ұсынып отырған инвестициялық жобаны жузеге асыру арқылы бизнесті ұйымдастыру, таңдап алған жұмыс - шлакоблоктар дайындауды жүзеге асырумен негізделеді.

Өнімнің сипаттамасы 

Шлакоблоктар құрылысы қосынды, цемент және судан тұрады, бүгінде барлық құрылыстарда оның шу және жылу өткізбейтін қасиетіне қарай қолданылады, бұл өте сенімді және ынғайлы үлгі. Шлакоблоктарды өндірудің негізгі басылымдылығы оның арзандылығы және құрамындағы заттардың қолжетімділігі болып есептеледі. Сондықтан да, бұл құрылыс материалының бағасы, кірпіш , пенабетон т.б қарағанда, арзан болады.

Нарық сараптамасы және өнімді үлестіру 

Соңғы уақытта, нарықта үй салу үшін жаңа құрылыс материалдары мен технология пайда болды. Тұтынушы негізі құрылыс жұмысы кезінде технологияның қарапайымдылығына және қолжетімді бағасына қарай таңдау жасайды. Шлакоблок нағыз осындай құрылыс материалына жатады, сондықтан да, шлакоблок өндіру бизнесі экономикалық тиімді болып келеді, өйткені дайын өнімге әр дайым сұраныс болады. Тағы бір жайт, дайын шлакоблоктар (вибропішінді құралдар сияқты) міндетті сертификаттауға жатпайды. 

    Шлакоблоктардың негізгі басымдықтары оның бағасы мен құрамындағы заттарының қолжетімділігінде. Әрине, бірінші кезде нарықты жаулап алуға қызмет ету керек, тауардың танымалдылығы да үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, блоктарға фирмалық түс, реңк беруге болады. Бірақ, бұл жағдайда оның құны артады.

Технологиялық үдеріс және жоспар

Бірінші кезең. Бірінші кезеңде цемент, су және қоспадан тұратын жартылай құрғақ бетон қоспасын дайындау қажет. Бұл технология цементті үнемдеуге септігін тигізеді, өйткені мұнда көп су қосудың қажеті жоқ. Пластифицикалық қоспаларды (орта есеппен 1 блокқа 5грамм) қосу міндетті емес, төмендегі қасиеттерге ие болады :
• Блоктарды тез қатаюына әсер етеді (өндіру ауданы тар болса өте өзекті);
• Дайын өнімнің сапасын жақсартады (сынықтарды азайтады);
• Шлакаблоктың аязға төзімді және су өткізбейтін қасиеті жоғарылайды;
. • Өнім өндірудің саны артады
Қоспаны бетонараластырғыштың көмегімен дайындау керек, әйтпесе адамның еңбегімен көп күшті жіберуді талап етеді. Қол еңбегін кіші өнім өндіруге және кіші дірілдіқондырғыларға ғана пайдаланылады.                                                                                                                                                                   

Екінші кезең. Екінші кезеңде жаңа дайындалған қоспаны вибропресс қалыбына (көлемі 390х190х188) салады.
Бұл қалыптар тұтас, немесе бөлек қалталы болады. Қою қоспа діріл мен пуансонның қатты қысымының арқасында қатая түседі. Осыдан кейін қалып алынып, астауда дайын қабырға блогы пайда болады. Дірілді қысым үдерісі 10 және 90 секундка дейін созылады-ол қондырғының нығыздап басуына байланысты. (Қатты немесе жәй). Алынған блок өз пішінін сақтап, кебу кезінде үгітілмеу керек. Бұл қою қоспаны араластыру технологиясының арқасында орындалады, сол үшін құрамындағы қоспалардың мөлшерін қатаң тұрде қадағалау қажет. Қоспа өте сұйық немесе өте қою болмауы керек.

Үшінші кезең. Соңғы кезеңде дайын өнімнің қатаю үдерісі орындалады, ол 36-96 сағат көлемінде болады. Барлық шлакоблоктар тізбектеп жинауға төзімді беріктік алады. Бұл үдерісті қоспаға арнайы қоспалар қосу (фулерон, релаксол және т.б.) арқылы қысқартуға болады. Ауыр жүк көтергіш механизмдер арқылы, оларды үсті-үстіне жинайды, келесі кептіруге көп қабатты стеллаждарды пайдалануға болады. Осының арқасында өнімнің беріктігі артады және қатаю уақыты қысқарады. Тағы бір жағдай, өндіріс алаңы барынша қолданылады. Шлакоблоктардың соңғы қатаюы 18 градустан төменгі бөлме ішінде 20-27 күнге созылады. Дайын өнімнің кебуіне бөлменің ылғалдылы кері әсер етеді.

Бір шлакоблоктың құны

Бір шлакоблоктың шамамен салмағы-20к. Оны дайындаудың ең әйгілі әдісі қоспаның 5 пайызы мен цемент, судың бір бөлігін араластыру болып табылады. Яғни 5 +1 +1 = 7, 20кг / 7 =. 2,85-бір бөліктің салмағы 1кг қоспа (отсев ) 1,2 теңге тұрады 1кг Цемент-18теңге
1дана өнімді дайындаудағы заттар шығыны:

Зат шығыны

Шығын формасы өлш.бір

1 дана құны

Бағасы теңге

Қоспа (отсев)

2,85 кг

1,2

17,1

Цемент

2,85 кг

18

51,3

су

0,95

1,9

барлығы

 

 

70,3

Қоспа: 5 бөлік * 2,85 кг * 1,2 теңге = 17,1 теңге; 
Цемент:. 1 * 2,85 кг * 18теңге = 51,3 теңге  

Су: 0,95 теңге * 2л = 1,9 теңге 
Шығынның барлығы:. 1данаға 70,3 теңге

Жобаны жүзеге асыруға жіберілетін инвестиция мен шығындар

Жобаға жұмсалатын инвестиция көлемі мен бағыттары

Барлығы, теңг Е

Негізгі құрылғылар

     956 000   

3 айға арналған шикізат, заттар мен керек-жарақтар қоры мен басқа материалды-техникалық ресурстарды құру

  2 715 782   

Өндіріс айлағын жалға алу, 300м2 С класс

  1 882 800   

Барлығы

  5 554 582   

Өндіріс айлағы. Пластик терезелерін шығаратын кіші цех ашу үшін 300 кв м көлеміндегі өндіріс айлағы қажет. Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында С класты аймақтың квадрат метрінің құны айына орташа есеппен 523 теңгені құрайды.      Құрылғылар . Шлакоблок өндіру үшін сатып алынатын құрылғы шығындары 
   

Атауы

Саны, дана

Бағасы, теңге

Бағасы, теңге

Бетонараластырғыш (бетонқозғағыш)

2

30 000

60 000

Әмбебап дірілқұрылғысы

2

420 000

840 000

Құрылыс арбасы

4

9 000

36 000

Күректер

10

2 000

20 000

Барлығы

 

 

956 000

Қаржылық жоспар

1-ші жұмыс жылындағы кіріс пен шығындар есебі

Атауы

Жылына барлығы, теңге

Кіріс

19 800 000

Өндірістік шығындар

12 654 000

Вал дық пайда

7 146 000

Жұмыс жүргізу кезіндегі шығынның барлығы

4 708 838

 Жалақы

2 160 000

Айлақты жалға алу

1 882 800

Коммуналды қызметтер

435 494

Еңбек ақысы қорынан бөлінетін қаражат

230 544

Жұмыс жүргізу кезіндегі кіріс

2 437 162

Корпоративті кіріс салығы

594 000

Таза пайда

1 965 394

Сатудан түскен кіріс: . Шлакоблоктарды сату бағасы 110 теңге (аймақтарға қарай) . Жылына орта есеппен 180 000 Шлакоблок сатуға болады  Барлығы: 180 000 дана * 110теңге = 19 800 000 теңе. Шикізат пен материалдар: Бір шлакоблоктың құны 70,3 теңге, яғни, таза есептегенде: 180 000 дана * 70,3 теңге = 12 654 000 теңге . Қызметкерлерге кететін шығындар Шлакоблок өндіру цехына қажетті жұмысшылар саны-4 адам.

Өндіріс жұмысшыларының сипаттамасы

Қызмет

Штат тық бірлік

Жалақы, теңге

Жылдық ақы, теңге

Цех мамандары

2

50 000

1 200 000

Көмекші жұмысшылар

2

40 000

960 000

Барлығы

4

90 000 

2 160 000

. Коммуналда және жылу төлемдері Коммуналды төлемдерге: құрылғыларға жұмсалатын электроэнергиясы, канализация, су, жылу және т.б. және олар жылына 435 494 теңгені құрайды. 

Төлемдер

Шығын көлемі

Өл. бірліг.

Те ң ге /

бірлік

Бағасы, теңге

Электроэнергия

960

кВт / час

16,97

195 494

Жылу

200

м3

100,00

240 000

Барлығы

     

435 494

Айлақты жалға алу. Өндіріс айлағын ұйымдастыру үшін 300 м2 керек (300кв.м * 523 теңге * 12 ай = 1 882 800 теңге). Әлеуметтік салық . Жоба жетекшісі өзіне 2 айлық жалақы көлемінде және әрбір қызметкері үшін бір айлық көлемінде әлеуметтік салық төлейді. ( 1 852 теңге АЖ * 2 * 12 ай + 1 852 теңге АЖ * 4 жұмысшы * 12 ай = 133 344 теңге). Міндетті зейнеткерлік төлемдерден басқа, әлеуметтік төлімдер айлық жалақының 5% тең (2 160 мың. Теңге * (1-10% ) * 5% = 97 200 теңге).

Әлеуметтік салық, теңге

133 344

Әлеуметтік төлемдер, теңге

97 200

Бюджетке түсетін салықтар мен төлемдер . Жоба көлемінде салық төлеудің жеңілдетілген түрі бойынша корпоративті кіріс салығы төленеді, жұмыс жүргізілген уақыттағы кірістердің 3% - 594 мың теңге (19,8 млн теңге * 3%.).

Жобаны қаржыландыру 

БВУ арқылы несиелеу Қаржылық есептер 14% пайыздық есеппен, 72 айға ОД жарты жылдық төлемнен босату, кейін ай сайын үстемесін төлеу жеңілдіктері бар несиені аңықтайды. «Бизнестің жол картасы - 2020». бюджеттік бағдарлама бойынша экономиканың жеке саласын 7%-Бен ШБ несиелеу субсидиясы бар  «Жұмыспен қамту бағдарламасы - 2020». бойынша несиелеу Бағдарлама жеке шаруаны ұйымдастыру үшін бюджеттен ақша бөлуді қарастырған.  «Жұмыспен қамту бағдарламасы - 2020» шарттары: Бағыты: . жеке шаруаны ұйымдастыруды кеңейту, сауда қызметін ұйымдастырудан басқа, айналымдағы капиталды толықтыру Қарыздың ең үлкен мөлшері: . 3 000 000 теңге Үлес деңгейі: жылына 6%, нақты үлес деңгейі - 6,7% көп емес. Несиелеу мерзімі: . 54 айдан көп емес Негізгі қарызды жабу кезеңі: . ай сайын / квартал сайын / жылына 1 рет, жарты жылды 1 рет, несиелеу мерзімінде қарызды толық жабу Негізгі қарызды жабу бойынша жеңілдік кезеңі:  несиелеу мерзімінің үштен бір кезеңі Үстеме ақыны жабу бойынша: . 6 айдан кем емес Қамтамасыз ету: . Қоғамның несие саясатына сәйкес

Дереккөзі:  www.kasipker.info 

 

14.07.2014