Call-center 1411

You are here

Жұмсақ жиһаз өндірісі

Жоба сипаттамасы

Жобалық сауалнамасы:

Инвестициялық жоба мақсаты: . тапсырыс бойынша жұмсақ жиһаз даярлау Өнім: . диван, Кресло Өнімділік: жылына 300 дана. Жоба құны: 6 296 600 тенге. Іске асу мерзімі: 1,5 жыл.

Жоба тұжырымдамасы:

Жиһаз даярлау «тапсырыс бойынша өндіру» сипатына ие болып келеді. Жұмсақ жиһаз өнімдерін кішігірім, аз мөлшерде өндіру тиімді.
Өндірістегі негізгі жұмыстар қолмен жасалатындықтан қымбат құрылғыларды қажет етпейді. Бизнес сән үлгілері мен тұтынушының талғамына икемді. Егер де фабрика қайта түрлендіру ісіне 3 ай көлемінде уақыт жұмсайтын болса, кіші бизнесте санаулы күндерде өзгеріске түсе алады. Ағаш материалдары, қаптау құрылғылары, экзотикалық түр-түсті таңдау, шебердің талғамдылығы болашақта өндірісті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Маркетингтік жоспар:

Тұтынушылар 3-4 жылда жаңа жиһазға тапсырыс береді. Бағалы жиһаз сатып алушылар импорттық өнімді таңдайтындықтан, отандық өндірістің жартысынан көбі ортаңғы топқа, тек 10%-ы ғана премиум класқа тапсырыс береді.
Өнімдерді бөліп тасымалдаудың қолайсыздығы мен құнының жоғары болуы бәсекелестіктің туындауына себепші болады.
Қазақстандықтар трансфермеленетін механизмді жұмсақ жиһаздарды қалайды (Батыста керісінше, қонақжайға арналған дивандар ашып-жабылмайды). Еурокітапша және дельфин - ең көп тараған трансформер-модельдері.

Жұмсақ жиһаз өндірісінің технологиялық процесі  

Ең көп тараған әрі технологиясы күрделі диван даярлау реті:
1. Цехта фанерлер мен тақтайларды кесіп, жұмсақ жиһаз каркасын даярлайды. Бұл жұмыс төмендегідей кезеңдерден тұрады:
• Торцорлық станокта фанера ұзындығы бойынша бөлінеді;
• Дөңгелек ара станогінде фанера көлденеңінен кесіледі;
• Алынған материал төрт жағынан тегістелген соң түкті станокта түкшелермен құлақшалар тесіледі;
• Электр құрылғы көмегімен литадан ішкі бөлшектер кесіледі (ДВП, ДСП);
• Тасмалдағыш механизмдері бекітіледі (жиналатын дивандарға);
. • Каркас-негіз жинақталады
. 2 . Дайын каркасқа қаптағыш цехта паралон жапсырылып, қапталады Алдымен ағаш негізге арнайы материал -. дарнит жапсырылады . Ол дайын өнімді тасымалдау кезіндегі сырылып кетпес үшін маңызды
. 3 . Жұмсартқыш құрылғылар, ортопедиялық қызмет атқаратын блок серіппелері орнатылады . Блоктар орталық бөлікте және периметрі бойынша біртегі орнатылады
. 4 . Блок периметрін бойлай поролон жапсырылады Паролон қатты каркасты сақтайды .
5. Серіппе аралық материалды зақымдамас үшін серіппелі блоктың жоғарғы жағына бір қабат тығыз материал жапсырылады.
6. Спангон, поролон немесе кокос қабығы аралық материал ретінде пайдаланылады. Спангон мен поролон біршама арзандатылған нұсқа, бір-екі жыл ішінде «отырып», жарамсыз болып қалады . Кокос қабығы - біршама қатты әрі төзімді материал, кемі 7-8 жылға жарайды.
7. Аралық төсеніштен соң тағы бір жұмсартқыш материал - биіктігі 40 мм, тығыздығы 35-42 мм болатын поролон төселедіпоролон мен қаптағыш матераиал аралығына поролонға «тыныс беретін» синтепон төселеді .
8. Тігін цехында табиғи жүннен де, жасанды талшықтардан да жасалған кез-келген матамен жұмыс жасауға қабілетті құрылғылар қолданылады. Мұнда қаптағыш материалдар пішіліп, қабатталады. Жұмсақ жиһаз жастықшаларына, арқалықтарына, орындықтарына қаптамалар тігіліп, каркас-негізге кигізіледі.
9. Жинақталып, безендірілгеннен соң полиэтиленмен, картонмен қапталып, дайын өнім қоймаға жіберіледі.

Бір өнімді даярлау шығыны (жұмсақ диван):

Атауы

Саны  

Бағасы  (Те ң ге)

Барлығы  (Те ң ге)

Фанера, м3

1

450

450

тақтай, м3

0,08

5000

400

ДВП (лист)

2

600

1200

Шеге (кг)

0,7

200

140

Болт

0,5

300

150

Бұранда

0,2

300

60

Гобелен (п.м)

8,4

2200

18480

Жіп (блок)

1

40

40

Желім (кг)

0,2

200

40

Картон (кг)

2

80

160

Полиэтилен (м3)

13

70

910

Поролон

0,3

600

180

Ватин (п.м)

4

250

1000

Фурнитура

1

400

400

Жастықша

6

450

2700

Мата (м)

1

650

650

Барлығы

 

 

26 960

Өндірістік цех жұмысына төмендегідей құрылғылар қажет:

атауы

Саны

Бағасы

(Тенге)

Барлығы

(Тенге)

Ағашты өңдейтін станок

1

2 500 000

2 500 000

Көпаралы кесетін станок

1

1 000 000

1 000 000

Токарлық станок

1

120 000

120 000

Торцорлық станок

1

400 000

400 000

Дөңгелек аралы станок

1

120 000

120 000

Шлифтегіш (төртжақты) станок

1

210 000

210 000

Түкті кареткалы фрезерлі станок

1

130 000

130 000

Пневматикалық вайм

3

20 000

60 000

Қол электрлік құрылғы (дрель, перфоратор, бұрандашы)

3

17 000

51 000

Жайма столы (2 дана) 

2

20 000

40 000

Тігін машинкасы

1

30 000

30 000

Кескіш құрылғы (қайшы, пышақ)

1

20 000

20000

Барлығы

 

 

4 681 000

1 жыл ішіндегі кіріс-шығыс есебі

Атауы

Жылына  Те ң ге Мен

Көрсетілген қызметтен түскені

18 000 000

Нақты шығын

8 088 000

Валдық кіріс

9 912 000

Шығын

5 071 968

Жалақы  

3 120 000

 Еңбек төлемі қорына (5%)

295 968

 Жалға алу

1 200 000

 Жарнама

120 000

Шаруашылық төлем ( жарық, су, қоқысты шығару )

300 000

Өзге де шығын түрлері

36 000

Операци ялық кіріс

4 840 032

Корпоративті төлем салығы

540 000

Таза кіріс

4 300 032

Көрсетілген қызмет пайдасы: . жылына құны 60000 тенге тұратын 300 Дана жұмсақ жиһаз шығару жоспарланады Жылдық қорытынды: 300 дана * 60 000 тенге = 18 000 000 тенге. Тікелей шығын: . Диванның өзіндік құны - 26 960 тенге Егер 26 960 тенгеден 300 дана өндіргенде = 8 088 000 тенге.

Операциялық шығын:

Шығын

айына

жылына

Жалақы   

210 000

2 520 000

Жалға алу

100 000

1 200 000

 Еңбек төлемі қорына (5%)

10 500

126 000

Шаруашылық төлем ( жарық, су, қоқысты шығару )

25 000

300 000

Жарнама шығыны

10 000

120 000

Өзге де шығындар

3 000

36 000

Барлығы :

358 500

4 302 000

Еңбек жалақысы:

Қызметі

саны

айына

(Тенге)

жылына

(Тенге)

Кесіп-пішуші

1

50 000

600 000

Тұтыну менеджері

1

60 000

720 000

Жұмысшылар

3

50 000

1 800 000

Қызмет құрамы бойынша барлығы

5

 

3 120 000

Әлеуметтік салық. Жоба басқарушысы өзіне екі жалақы көлемінде, әр жұмысшы үшін бір айлық көлемінде әлеуметтік салық төлейді (1 852 * 2 * 12 ай + 1 852 МРП * 5 жұмысшы * 12 ай = 155 568 тенге). Әлеуметтік төленімдер міндетті зейнетақылық төленімдерді алып тастағанда айлық көрсеткіштің 5%-ы (3 120 мың тенге * (1-10%) * 5% = 140 400 тенге).

Әлеуметтік салық, тенге

155 568

Әлеуметтік төленім, тенге

140 400

. Бюджеттегі салық пен төленім Жоба көлемінде қарапайымдалған жүйеге сай, қолға тиетін жалақының 3%-ынан корпортативті салық төленеді - 540 мың тенге (18,0 млн тенге * 3%.).

Жобаны қаржыландыру
. Өзіңіздің жеке қаражатыңыз болмаса да кәсіпкерлікпен айналысуға БЕЛ бусаңыз қосымша капиталға қол жеткізудің бірнеше нұсқасын ұсына аламыз Қаржыландыру көздері: . БВУ-мен қаржыландыру 18 айға берілетін 14%-дық займ. ОД төлемі бойынша жарты жыл көлемінде жеңілдік беріліп, одан соң ай сайынғы төлем. «Жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 7%-ға дейін сыйақы белгіленген. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде несиелендіру.  Бағдарлама ауылдық мекен тұрғындарына өз ісін жүргізуге бюджеттен қаржы бөледі. 
 

Дереккөзі:  www.kasipker.info 

 

14.07.2014