Call-center 1411

You are here

Кептірілген жемістер өндірісі

Жоба сипаттамасы

Жоба анкетасы

Инвестициялық жоба мақсаттары: ОҚО аймағында өсірілген көкөніс және жеміс-жидектерді қайта өңдеу және дайын өнімді ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу. 
Өнімділігі: Жылына 30 тонна кептірілген жеміс.
Өнім: Жергілікті экологиялы таза кептірілген жемістер, жидектер мен көкөністер.
Жоба құны: 6 млн. тенге.
Өтімділік мерзімі: 1,5 жыл.

Жоба тұжырымдамасы

Көкөністер мен жемістерді кептіру – оларды консервациялаудың арзан әрі оңай жолы. Осындай консервацияланған кептірілген жемістер жақсы сақталады, салқын бөлмені қажет етпейді және де көп орынды қажет етпейді. Кептірілген көкөністер мен жеміс-жидектер тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие. Көп мөлшердегі кептірілген жемістерді көбінесе тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары, мектептер, бала бақшалар, асханалар, кафелер және басқа да қоғамдық тамақтану орындары сатып алады. Мезгіларалық жеміс тапшылығы кезінде тұрғындарды жеміс-жидек өнімдерімен  үздіксіз және уақытылы қамтамасыз етудің және өсімдік шаруашылығы өнімдері нарығын кеңейтудің қажеттілігі туындайды.  

Өнімнің сипаттамасы

Алғашқы кезеңде өнімнің шектеулі ассортименті жоспарланады, өтімді кептірілген жемістер – кептірілген жүзім мен өрік – өндірілетін болады, кейіннен осы ассортимент құрамы кеңейтіледі.
Кептірілген көкөністер мен жеміс-жидектерді өндіру жобасының бәсекелік артықшылығы:
·     дайындаудың жеңілділігі;
·     сақтаудың қолайлылығы;
·     пайдаланудың қарапайымдылығы;
·     экономдылығы (ашылған консервацияланған өнімдерге қарағанда ұзақ уақыт сақталады);
·     технологиясы әртүрлі консерванттар мен қосымшалардың қосылуына жол бермейді.

Маркетингтік талдау және өткізу

Нарықтық мүмкіндіктерді талдау:
-     соңғы 3 жылда көкөніс пен жеміс-жидек өнімдерінің бағасы 20-25%-ға өсті;
-     ішкі нарықтағы импортты алмастыру (2013 жылдың 9 айы бойынша Өзбекістаннан келетін көкөніс пен жеміс-жидек өнімдерінің импорт 2,3 млрд. тенге құрады);
-     жеміс пен жидектерге бөлінген егін алқаптарының көлемі азаюда.

Тауар өткізудің дәстүрлі жолдары:
-     тауарды өткізудің бір бөлігі тауар өткізудің тікелей жолы – өндіруші-соңғы тұтынушы – схемасы бойынша жүзеге асырылады;
-     жанама өткізу жолдары өндіруші-көтерме сатып алушы схемасы бойынша.

Баға стратегиясы нарық бағасына негізделеді. Өнімнің бастапқы бағасы осы секілді өнімдердің қалыптасқан бағаларына орай айқындалады, ішкі нарықтағы осы тауар түріне деген бағаның өзіндік құнын анықтау арқылы. Келешекте баға саясаты жалпыға мәлім критерийлерге сай құрылады. Бағаны анықтау барысында ескеріледі: төлеудің түрі, өткізілетін өнім көлемі.

Бүкіл инвестициялық кезеңге өнімге күтілетін көтерме бағалар  

Өнімнің атауы

ҚҚС сыз баға, тенге

Кептірілген жүзім

800

Кептірілген өрік

850

Технологиялық үдеріс

Сақтау мен кептіру технологиясы. Барлық кептірілген жеміс жидектер арнайы өндеуден өтеді, бұл өнімнің дәмдік сапасының табиғилығын білдіруге, және де барлық қажетті пайдалы қасиеттерін сақтап қалуға көмек береді (дәрумендер мен минаралдар).  
Конвективті тәсіл ең кең таралған. Конвективті технология:
- өнімге жылу жіберген кезде орнатылады, ол ептіргіш агент арқылы (ауа немесе парогазды қоспа) кептіріледі; 
- кемшіліктер – үлкен сыбағалы энергошығындар, до 2,5 кВт*с/кг дейін, қалындығы бойынша кептірудін әркелкілігі, өнімнің қышқылдануы, қалдық микрофлораның бар болуы, дәмі мен түсінің өзгеруі.
Технологиялық үдеріс келесі негізгі операцияларды қамтиды: 
1.     Шикізатты дайындау. Түскен шикізат жуатын машинада жуылуына және механикалық қоспалардың, шірген түйнектер мен жемістердің жоюлуына және майдалануына тап болады.  
2.     Кептірілу арнайы кептіретін камераларда жасалады. 
3.     Дайын өнімнің түсірілуі және буып-түю.

Жемістерді кептірудің технологиялық үдерісінің схемасы: 

 

Кептірілген камерадан дайын өнім тасымалдағыш арқылы буып түетін үстелге беріледі. Өнімді ыдысқа буып түю таразы мөлшерлеуіштің көмегі арқылы жасалынады, ол бір бумадағы өнімнің массасын реттейді.    
Жеміс-жидек өнімін кептіру үшін  жабдықтың құрамы мен мінездемесі
Жүргізілген талдаудың негізінде, қаржылық жабдықтарды алу лизинг жағдайында экономика жағынан тиімді болады. Жоба бойынша жемістерді кептіру үшін таңдалған, конвективті кептіру тәсілінде негізделген  жабдықтың қарапайым құрылғысы бар.   Кептіру үшін алынған жабдық бірнеше сегменттерден тұрады:  
- шикізатты дайындау үшін жабдық, өзіне жуу, алдын-ала өндеу, кесу, булау үшін жабдықты қамтиды; 
- алдын-ала кептіретін жабдық (шартты кептіру);
- соңғы кептірудің жабдығы, арнайы камераларда жүргізілетін, микротолқынды блоктармен жабдықталған 
- буып-түетін жабдық.
Терең қайта өндеу үшін жабдықтың негізгі мінездемесі:
- алынатын материалды өте жоғары сапасы, кептірудің шартты тәсілін қолданғанда көбінде жетеалмайтын. Бұл сапаға кептірудің оңтайлы термикалық үдерісін қолдану арқылы жетеді, әсіресе кептірілетін материалдың ішінен суды бетіне шығару кезінде микротолқынды қуатты қолданудың арқасында жетеді;  
- кептіру кезіндегі қуатты үнемдеу аз шығынға келтіреді. Бұл кептіру тәсілінің оңтайлы нәтижесі болып табылады осы үдерістің түрлі сатысында (алғашқы сатыдағы кептірудің түрлі тәсілі, кептірілетін материал қатты ылғалды болып тұрғанда, және де соңғы сатыда,  кептіру үдерісі баяу өтеді және технологиялық параметрлердің қатал орындалуын талап етеді);
- техникалық инфрақұрылымды оңтайлы қолдану, материалды өндеудің жеке жобаланған комплексін құру үшін     тапсырыс берушіде бар болатын;
- кешенді техникалық шешім шикізатты дайындау үдерісінен инженерлік инфрақұрылымның барлық сегменттерін, кептіру үдерісін оңтайлы орындалуын және өнімді буып-түіндеумен аяқтауын қамтиды;       
Жеміс-жидектерді кептіру үшін жабдық келесі құндылықтарға ие болады: 
-  ең төмен сыбағалы қуатты қолдану 1 кг бұланған ылғалға; 
- 1 кВт. с/кг кем (түрлі кептіретін қондарғалардан екі есе кем); 
- өнімдерді кептіру ең төмен температурада жасалынады -50-600 С; 
- өнімдерді кептіру  ең жоғарғы жылдамдықпен жасалынады -30-200 мин; 
- оңайлық пен сенімділік, төмен баға мен жоғары өтелімділік.
Жабдықты жеткізушінің  түрлі өнімді кептіру және дайындау бойынша  үлкен халықаралық тәжірибесі бар

Жобаны өткізу үшін инвестициялар мен шығындар 

Жобаға инвестициялық салымдардың бағыты мен көлемі, тенге

 Инвестицияның атауы

 Барлығы, тенге

Өндірістік цехті жалдау, 

796 800

Терең өндеу үшін жабдық

1 997 940

Айналым капиталдың қалыптасуы

3 250 000

Барлығы

6 044 740

Өндірістік ғимаратты жалдау.  Кептірілген жемістердің өндірісінің қалыпты қызметі үшін ғимараттың 100 кв.м. қажет.  Статистикалқы агенттігінің мәліметі бойынша ОҚО-да өндірістік ғимараттың бір квадрат метрі 664 тенге тұрады. Өндіруші ғимаратты жалдау үшін жылына  797 мың. тенге жұмсайды. Жабдық.  Кептірілген өнімді өндіру бойынша кіші-кешендердің ішіне жуу, тазалау, кесу, ұнтақтау кіреді.  Дайын өнімді тоғанақтау мен салмақтау мүмкіндігі бар. Бизнесті мүмкінше кеңейтуін ескере отырып, өнеркәсіп жабдық комплектін НПО «Эльф-4М», Рязань қ-сы, алуға болады. Бұл фирма келесі маркалардын жабдық комплектін ұсынады: ИПКС-0604 бағасы 2 млн. тенге. 

Кептірілген өнім бойынша өнімділік, кг/цикл

Шығарылатын өнім (жаңа шикізаттың 1 кг): 

өрік, г 

230

жүзім, г 

235

Орнатылған қуат, кВт

29,3

Қызмет көрсетуші персонал, адам.

3

Қажетті өндірістік аудан, мг

44

Құн, мың. тенге

1 998

Айналым капиталы

Шикізаттың 1 кг кептірілген өнімнің 230 граммын алуға болады. Өнімнің 30 тоннасын алу үшін шикізаттың 130 тоннасын өндеу қажет.  ОҚО статистика Департаментінің мәліметіне сәйкес 1 кг өрік пен жүзімнің  орташа бағасы 100 тенге. Шикізаттың құны 1 жылға 13 млн. тенге болады және істің бастапқысында  25% жеткілікті, яғни 3,250 мың. тенге.

Қаржылық жоспар
Пайдасы мен зияны туралы есеп 1 жылға: 

                Мақала атауы

Барлығы жылына, тенге

Түскен түсімкептірілген өнім

24 750 000

Тікелей шығындар – Шикізат пен материалдар

13 000 000

Жалпы табыс

11 750 000

Жалпы және әкімшілік шығындар

6 350 502

Еңбекақы

1 200 000

Жалгерлік ақы

796 800

Тұрақты әкімшілік шығындар

1 187 000

Тұрақты өндірістік шығыдар

3 023 806

Бюджетке салықтар мен төлемдер

142 896

Операциялық табыс

5 399 498

Корпоративтік табыс салығы

742 500

Таза табыс

4 656 998

Түсім ақша және тікелей шығындар. Жоба аясында кептірілген жемістердің өндірісі болжамданады   –  жүзім және қақ өрік өндірістік қуаты айына 3 тонна, ал жылына 30 тонна 825 тенгеден 24 750 000 тенгедей түсім ақшасымен. Шикізатқа тікелей шығындар 130 тонн 100 000 тенгеден, яғни 13 млн. тенге. 
Персоналға шығындар. Жоба қосымша жұмыс орындарын құруын қарастырып жатыр. Кептірілген жеміс-жидек өнімдерін жасап шығаратын цех үшін персоналдың оңтайлы саны – бес адам, ол кептіретін жабдық үшін екі оператордан, бір қоймашы және екі әр түрлі жұмысты атқаратын адамдардан тұратын болады:

Еңбекақыға жылына кететін шығындар: 100 000 тенге*12 ай.=1 200 000 тенге.

Позиция атауы

саны

Айлық еңбек ақы, тенге

Жылдық еңбек ақы, тенге

Бу қазанының операторы

1

60 000

720 000

әр түрлі жұмысты атқаратын адам

1

40 000

480 000

Барлығы

2

100 000

1 200 000

Жалдама. Жалға алатын жайдың құны жылына 796 800 тенге (100м2*664тг./ай.*12ай).
Тұрақты әкімшілік шығындар – тасымалдауға кететін шығындар  331 347 тенге, амортизациялық аударым – 500 000 тенге және тұрмыстық қызметке кететін шығындар 355 653 тенге.
Электрқуатына кететін тұрақты өндірістік шығындар – 936 312 тенге, технологиялық мақсатқа кететін су – 454 533 және табиғи газ – 1 632 960 тенге.
Әлеуметтік салық. Жобаның бастамашысы екі айлық көрсеткіш көлемінде өзі үшін және бір айлық көрсеткіш  көлемінде әр жұмысшыға әлеуметтік салық төлейді (1 852*2 + 1 852 ЕТЕК *2 жұмысшыға * 12 ай = 88,896 тенге). Әлеуметтік аударым еңбек ақының сомасынан 5 %  міндетті зенетақы жарнасын шегергенде (1,200 тыс. тенге *(1-10%)*5% = 54 000 тенге).
Жеңілдетілген салық салу жүйесі бойынша корпоративтік табыс салығы, Түсім ақшадан 3%-дан -  742 500 тенге.
Жобаны қаржыландыру

Екінші деңгейдегі банк арқылы несиелеу. Қаржылық есептер 14%-дық пайыз мөлшерлемесімен қарыз алу қажет екенін айқындады, 72 ай өтеу мерзімімен, ОД бойынша төлемнің мерзімін ұзатумен және % жарты жылға, сонан соң уақытылы айсайынғы төлемдермен.  «Егіншілік шаруашылықты дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдаралама бойынша ШОБ несиелеуден 7% пайыздық мөлшерлемемен қаражаттандырылады.  
«Жұмысбастылық бағдарламасы - 2020» өткізу аясында несиелеу. Бағдарламамен өз ісін ұйымдастыру үшін бюджеттік қаражат қарастырылған.  
«Жұмысбастылық бағдарламасы - 2020»  шарттары:
Мақсатты арналуы: өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру, сауда саласындағы қызметін атқарудан басқасы.
Қарыз алудың максималды сомасы: 3 000 000 тенге.
Сыйақы мөлшерлемесі: 6 % жылдық, сыйақының тиімді мөлшерлемесі - жалдық 6,7 % астам емес.
Несиелеу мерзімі: 54 айдан астам емес.
Негізгі қарыздың өтеуінің мерзімділігі: айсайын/ тоқсан сайын/ 1 (бір) рет жылына,  несиелеу мерзімі ішінде жарым жарты/толық алдын ала төлеу мүмкіншілігімен.
Сыйақы мөлшерлемесін төлеу мерзімділігі айсайын/ тоқсан сайын/ 1 (бір) рет жарты жылда, нақты қолданған мерзім үшін несиелеу мерзімінің ішінде есептелген сыйақыны өтеу мүмкіншілігімен. 
Негізгі қарыздың өтеу бойынша жеңілдік мерзім:  несиелеу мерзімінің ұзақтығынан үштен бір бөлігінен астам емес.
Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік мерзім:  6 айдан астам емес
Қамтамасыз ету: Қоғамның Кепілзаттық шартына сәйкес.

Дереккөзі:   www.kasipker.info 

03.07.2014