Call-center 1411

You are here

Үй жағдайында шырағдан өндірісі

Жоба сипаттамасы

Жобаның сауалнамасы:

Инвестициялық жоба мақсаты: Сәндік шырағданды тапсырысқа дайындау.

Өнім: кофе шырағданы, лентадан жасалған гүлді шырағдан, ажуралық дизайнмен шырағдан және т.б.

Өнімділігі: 1 800 дана жылына.

Жобаның құны: 200 000 теңге.

Өтелу мерзімі: 3 ай

Жобаның тұжырымдамасы

Үй  интерьеріндегі шырағдан жылы атмосфераны жасайды. Сонымен қатар сәнді  шырағдан – бұл жаңа жылдық және басқада мерекелер үшін жақсы сыйлық. 
Дәстүрлі шаруашылық шырағданнан оның ерекшелігі сәндік шырағданды жасау үшін шығармашылық ыңғай мен фантазия талап етіледі. 
Үй жағдайында шырағдан дайындау үшін мүмкіндігі шектеулі адамдар жұмыс жасай алады. Бұл көп ақша жұмсамай эксперимент жасаудың жақсы мүмкіндігі болып табылады. 

Нарықты талдау және маркетинг жоспары

Жаңа жылдық шырағдан – Жаңа жылдың ажырамас атрибуты. Олар жыл белгісі түрінде, қандайда бір қытайлық күнтізбе бойынша, Аяз Ата және Қаршақыз, Жаңажылдық шырша немесе дәл 12-00 көрсететін сағат  фигурасында ұсынылуы мүмкін. Ресейлік компаниялар классикалық парафинді және стеаринді және жаңа гелді түрлерін жасауға дағдыланған, өкіншке орай, Қазақстан Республикасында шырағдан өндірісі жоқ.
Қазақстанның негізгі шырағдан импортеры Ресей болып табылады, бірақ өз кезегінде Ресей жыл сайын импортайды:

Елдер

%

Қытай

41,84

Польша

11,66

Финляндия

9,36

Германия

6,92

Түркия

6,22

Араб эмиратының бірлестігі

4,69

Эстония

3,31

Швеция

2,87

Литва

2,68

Нидерландия

2,54

Барлық жаңа жылдық тауарлар сияқты шырағдандар Қытайдан Ресейге алып келінеді. Жасанды шырша, шарлар және гриляндтар импортының құрылымынан ерекшелігі екінші орынды Финляндия, емес Польша алады. Сонымен қатар одан кейін Түркия, бірлескен араб эмираты. 

Қазақстанға және Молдавияға сондай-ақ бұрынғы Кеңес Одағының елдеріне жаңа жылдық шырағдандар экспортталады. 

Өндірістің технологиялық үдерісі:

Көп қабатты ерекше шырағданды жасау үшін талап етіледі:

•    әртүрлі диаметрдегі металл сиымдылық;
•    газды немесе  электрлі пеш;
•    парафин;
•    фитиль (жеке сатылады немесе мақта матадан жібінен дайындалады);
•    шырағдан үшін формалар (силиконды, металл, пластмассалы, резеңкелі немесе қолдан жасалған);
•    бояғыш және ароматизатор (эфирлі май мен балауызға алмастыру);
•    саз балшық;
•    шпажкалар немесе тіс тазалағыштар (фитилді орнату үшін).

Егер жабдықтаушылардан парафинді алуға мүмкіндік болмаса, онда оны интернетте тапсырыс беруге болады немесе ескі шаруашылық шырағданды пайдалануға болады. Сондай-ақ олардан фитилді алуға болады.
Шырағданды өндіру үшін парафинді су ваннасында 85 С температурасына  (жылытуды ұқыпты қадағалаңыз, өйткені 200 градуста парафин қауіпті) дейін балқыту қажет. 

Форманы алдын ала күнбағыс майымен майлап, фитилді 5 минут бойында парафинге бұлғап қояды, екінші жағынан  тіс тазалағышпен бекітіп, келесі жағын саз балшық көмегімен бекітеді. Осыдан соң балқыған парафинді формаға қажетті биіктікке дейін құюға болады. Бірінші қабат суығанша басқа түстегі парафинді массаны дайындаймыз, оны суыған бетке үстінен құйылады. Бояуларды және ароматизаторларды кезектестіре отырып, форма толық толғанша жалғастырамыз. Суу барысында бос кеңістік пайда болуы мүмкін, оған қалған парафинді ұқыпты құю қажет. Соңғы суытудан кейін шырағданды алып, (тіреу таяшығын немесе фитилді тарту), үдерісті жеңілдету үшін 8 минутқа мұздатқышқа қоюға болады. Соңғы аяқтау  кезеңінде  фитилді  5 мм дейін кесу және тіреу таяқшасын кесу қажет.

Бизнес мәні – бұл пайдалылықтың артуы, сондықтан потенциалды сатып алушылармен жұмыс өндірістік іс-әрекеттің басында өте маңызды болып табылады. Дайын өнімді мейрамханаларға, кафелерге, жәдігерлік дүкендерге, медициналық орталықтарға ароматерапия ретінде сатуға болады. Сонымен қатар той салондарына тікелей жеткізуге немесе интернет арқылы сатуға болады. Тұрақты клиентті қалыптастыру үшін дайын өндірілген бұйымдарды  арзан сатқан жөн. Бірақ уақыт өте жаңа жыл алдындағы мерекелерде ақылға сиымды бағада сатуға болады.

Бір шырағданның өзіндік құны

Атауы

Саны

Бағасы

(теңге)

Сомасы (теңге)

Парафин (кг)

0,6

550

330

Фитиль (см)

 1

80

80

Бояу және ароматизатор (10 мл)

1

250

250

Бір шырағданның шығындары

 

 

660

Қаржылық жоспар
Пайда және шығындар жөніндегі болжам

Бап атаулары

Жылына барлығы, тенге

Қызметті сату

2 160 000

Өндірістік шығындар

1 188 000

Жалпы пайда

972 000

Барлық операциялық шығындар

166 042

Еңбекақы қорынан бөлінулер

44 448

Жарнама

54 000

Коммуналды қызметтер

67 594

Операциялық табыс

805 958

Корпоративті табыс салығы

64 800

Таза пайда

741 158

Қызметті сату.  Егер айына 150 шығардан өндірілсе және 1200 теңгеден сатылса,  жылына түсім: 150 шырағдан*1 200 теңге*12 ай = 2 160 000 теңге.

Өндірістік шығындар. Бір шырағданның өзіндік құны 660 теңге, айына 150 шырағдан жасалғанда жылына 1 800 дана жасалады, шығындар: 1 800 дананы * 660 теңге = 1 188 000 теңгені құрайды.
Еңбекақы қорынан бөлінулер. Жобаның бастамашысы әлеуметтік салықты екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өзі үшін төлейді: АЕК 1 852 теңге * 2 * 12 ай = 44 448 теңге.

Жарнама:

Жарнама көзі

Айлық құны, теңге

Жылдық құны,

 теңге

Ғаламтордағы жарнама

3000

36000

Газеттегі жарнама

1500

18000

Барлығы

4500

54000

Коммуналды қызметтер:

Коммуналды қызметтер

Саны

Тариф

Бір айдағы сома, теңге

Жылына ,

теңге

Электр

180

16,968

3054,24

36650,88

Су

6

66,71

400,26

4803,12

Газ

95

22,93

2178,35

26140,2

Жылына барлық шығындар:

 

 

5 633

67 594

Салық және  бюджетке төлемдер. Жобаның шеңберінде корпоративті табыс салығы қысқартылған салық жүйесінде 3%-дан түсімнен алынады -  64,8 мың теңге (2,1 млн. теңге * 3%).

Жобаны қаржыландыру

Өзіңіздің жеке қаражатыңыз болмаса да кәсіпкерлікпен айналысуға бел бусаңыз қосымша капиталға қол жеткізудің бірнеше нұсқасын ұсына аламыз. Қаржыландыру көздері:

БВУ-мен қаржыландыру. 18 айға берілетін 14%-дық займ. ОД төлемі бойынша жарты жыл көлемінде жеңілдік беріліп, одан соң ай сайынғы төлем.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде несиелендіру. Бағдарлама ауылдық мекен тұрғындарына өз ісін жүргізуге бюджеттен қаржы бөледі.

 

Дереккөзі: www.kasipker.info 

 

 

27.06.2014